Кеше Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев жўмыс сапарымен Аќмола облысында болып, ґѕірдегі əлеуметтікэкономикалыќ реформалардыѕ жїзеге асырылу барысымен танысты.
№267 (28206) 4 ЖЕЛТОҚСАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Асулардан асќан агрофирма Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше жұмыс бабындағы сапармен Целиноград ауданындағы «Родина» агрофирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, е л і м і з д е гі оз ық шар уашы лықтың əлеуметтікэкономикалық даму барысымен танысты. Мемлекет басшысын родиналықтар ашық-жарқын құшақпен қарсы алып, күні кеше атап өтілген Тұңғыш Президент күнімен көзбе-көз құттықтау мүмкіндігі туғанына ризашылық сезімдерін білдірді.
Қазақстан Республикасының Заңы
«2013 – 2015 жылдарєа арналєан республикалыќ бюджет туралы» Ќазаќстан Республикасыныѕ Заѕына ґзгерістер енгізу туралы
Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».
Елбасы Н.Назарбаев пен оның жанындағы ресми адамдар алдымен агрофирманың мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде бой көтерген сүт зауытына атбасын тіреді. Серіктестікте 2007 жылы қанатқақты жоба негізінде сүт-мал шаруашылығы кешені құрылып, жаңадан 20 жұмыс орны ашылды. Осы жылы Канададан 752 бас Голштейнфриз тұқымды ірі қара мал сатып алынды. Қазір оның саны 2500 басқа жетіп, асыл тұқымды зауыттағы əр сиырдан алынатын жылдық өнім 7200 литрге жеткен. Түбінде шаруашылықтағы барлық мал осы тектес сиырлардан құралатын болады.
Селекциялық сұрыптау жұмыстары, малды өз төлі есебінен өсіру қадамдары бұл мақсаттың орындалатынына шəк келтірмейтіндей. Ин новациялық технологияны ұстанатын кешендегі бүкіл жабдық Германиядан алдырылса, өндірісті автоматтандыру,
компьютерлік басқару мен бақылау жұмыс өнімділігін арттырып отыр. Мəселен, «Карусель» тектес айналмалы қондырғы 12 минутта 50 сиырды сауып шығуға мүмкіндік береді. Жалпы, мұнда өндіріске инвестиция құю бірінші кезектегі мəселе саналып, қаржыны орынсыз қысып қалу
қайтарымды əлсіретеді деген ұғым қалыптасқан. Яғни, тиімді бизнес арқылы кəсіпорынды дамытудың стратегиялық бағдарламасы болашақтың өскелең талабынан өзек тартады деуімізге болады. (Соңы 2-бетте).
1-бап. «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 18-19, 118-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 12, 60-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 1, 2 жəне 20-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. 2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 жəне 3-қосымшаларға сəйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер – 5 152 711 777 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер бойынша – 3 511 723 367 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша – 88 890 504 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 7 700 000 мың теңге; трансферттер түсiмдерi бойынша – 1 544 397 906 мың теңге; 2) шығындар – 5 743 716 813 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу – 40 831 419 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттiк кредиттер – 122 125 013 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу – 81 293 594 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар
бойынша сальдо – 158 721 629 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерiн сатып алу – 167 531 629 мың теңге; мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 8 810 000 мың теңге; 5) тапшылық – -790 558 084 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 2,3 пайызы; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 790 558 084 мың теңге. 2-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 17 480 000 мың теңге сомасында жəне əскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 767 472 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.»; «20-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылға арналған резервi 46 024 637 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.»; 2) көрсетілген Заңға 1 жəне 4-қосымшалар осы Заңға 1 жəне 2-қосымшаларға сəйкес редакцияда жазылсын. 2-бап. Осы Заң 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 29 қараша. № 146-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Заңы
Ќазаќстан Республикасыныѕ Ўлттыќ ќорынан 2014 – 2016 жылдарєа арналєан кепілдендірілген трансферт туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін: 2014 жыл – 1 380 000 000 мың теңге; 2015 жыл – 1 380 000 000 мың теңге; 2016 жыл – 1 380 000 000 мың теңге. 2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі 1. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
енгізіледі. 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 – 2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2012 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 17, 113-құжат) күші жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2013 жылғы 29 қараша. № 147-V ҚРЗ
Инвесторлар Алматыда бас ќосты Алматы қаласында отандық жəне халықаралық бизнес қауымдастықтың өкілдері мен банкирлер, қаржыэкономика саласының білгір мамандары бас қосқан І Алматы инвестициялық форумы өз жұмысын бастады. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан».
Алқалы жиынға ел Үкіметінің басшысы Серік Ахметов арнайы қатысып, форум қонақтарының
алдында Қазақстанның экономикалық ахуалы мен қол жеткізген табыстары, инвестор тартуға жасалып отырған толымды бағдарламалары туралы айтып берді. Сондай-ақ, бұл
форум Қазақстанның, оның ішінде Алматы қаласының инвестициялық ахуалын жақсартуға үлкен үлес қосатындығын айта келе, бүгінгі таңда елімізде жинақталған тікелей шетел инвестициясы көлемінің жан басына шаққанда 6,5 мың АҚШ долларын құрап отырғанын мəлімдеді. (Соңы 2-бетте).
Елімен етене Елбасы
Сауытбек АБДРАХМАНОВ. «Жазушы есебінде маған, əрине, мыңдаған жылдық ұзақ тарихы бар əдебиеттің артықшылығы, жақындығы сөзсіз. Сан ғасырлар, талай таланттар адамның əлемді көркем сөз арқылы бейнелеу қабілетін ғажап мүмкіндіктерге жеткізді. Ал өнер атаулының ең жасы – кино əдебиетпен салыстырғанда соншама балаңдығына қарамай, осы аз ғұмырында-ақ өмірдің өзгермелі құбылыстарын қалтқысыз көрсетуде таңқаларлық икемділік танытып үлгерді. Бір кезде заттардың қимылын ғана көрсетіп, ермектік қызмет атқарумен шектелген жартылай фотографиялық аңғырт сурет бүгінде адам жанының жықпыл ормандарына, сезім тұңғиығына еркін тереңдейтін, тарихи оқиғаларға, əлеуметтік құбылыстарға өзіндік баға беріп, қоғамдық ой-пікірге елеулі əсер ете алатын үлкен тəрбиелік күші бар қуатты құралға айналып отыр. Бұл жағынан ол əдетте баяу өзгеретін өнерді емес, күн сайын бір жаңалық ашылып, сағат санап дамып отырған атомдық физика, электроника, космонавтика секілді ғылымның соңғы салаларын еске салады. Əдебиеттің, театрдың, музыканың, көркемсуреттің бай тəжірибесін өз бойына сіңіріп, олардың ең асыл қасиеттерін дұрыс іріктей білу арқылы кинематограф адамның жан дүниесіне айрықша эмоциямен əсер ете алатын көркемдік қуатқа ие болды. Өмірдің сан қырлы көріністерін бар қимыл-қозғалысымен жанды күйде жеткізуде өнердің өзге түрлерінен киноның артықшылығы бұл күнде талас тудырмаса керек. Биік кино өнері жоқ кез келген ұлттық мəдениет, өзге саладағы табыстарына қарамай-ақ олқы соғып, кем қалып жатады дер едім».
ЕР ЖОЛЫ – ЕЛ ЖОЛЫ
Дəл отыз сегіз жыл бұрын, 1975 жылдың 26 қарашасында сол кездегі «Лениншіл жаста» «Қайткенде адам қалады адам болып» деген тақырыппен жарияланған сұхбатта заманымыздың заңғары Шыңғыс Айтматов бізге осылай айтқан еді. Атақты қаламгердің: «Биік кино өнері жоқ кез келген ұлттық мəдениет, өзге саладағы табыстарына қарамай-ақ олқы соғып, кем соғып жатады» дегені университетті жаңа бітірген, сол кездегі Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеті сценарий алқасының деректі фильмдер бойынша редакторы деген салақұлаш қызмет лауазымы бар жас журналистің жадында жатталып, санасында сақталып қалған болатын. 1 желтоқсанда – Тұңғыш Президент күнінде Астанадағы «Қазақстан» кино-концерт залында Нұрсұлтан Назарбаев өмірінің бел-белестеріне арналған «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Отты өзен» жəне «Темір тау» атты екінші жəне үшінші тараулары көрсетілді. Фильмнен кейін Шыңғыс ағаның сол сұхбатын тағы бір қайталап оқыдық. Сөйтсек, жазушының кинематографтың таза өнер тұрғысындағы қасиеттерімен қатар, оның «тарихи оқиғаларға, əлеуметтік құ былыстарға өзіндік баға беріп, қоғамдық ой-пікірге елеулі əсер ете алатын» мүмкіндігін де қамти айтқаны дəл осы шығарманың табиғатын тануға дəп септеседі екен. Айтматов сұхбатында айтылған «үлкен тəрбиелік күші бар қуатты құралға айналып отыр» деген сөздердің мағынасы жайында да ойға қалдық. Неге? (Соңы 3-бетте).