04122014

Page 1

Оѕтїстік Ќазаќстан облысына келді №238 (28461) 4 ЖЕЛТОҚСАН БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Ќазаќстан Парсы шыєанаєына шыќты

Кеше Иран аумағында, осыдан көп ғасыр бұрын шығыстың шайырлары жырға қосқан Гүлстан провинциясы жерінде Орталық Азия халықтары үшін маңызы зор дүбірлі оқиға болып өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани, Түрікменстан Республикасының Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов Иран мен Түрікменстан шекарасында бас түйістіріп, салынуы 2008 жылдан бастау алып, құрылысы жуықта ғана аяқталған Өзен-Қызылқия-БерекетЭтрек-Горган (Қазақстан-Түрікменстан-Иран) теміржол желісін ресми түрде ашты. Сөйтіп, Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет біздің экономикамыз үшін аса маңызды өңір болып табылатын Парсы шығанағына теміржол арқылы тікелей шығу мүмкіндігіне ие болды. Бұл жол бізді Еуропаға 600 шақырымға жақындата түсті. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан» – Горганнан (Иран).

Кґптен кїткен кїн

Үш мемлекеттің басшылары Түрікменстанның Иранмен шекараласатын тұсындағы «Акъяла» стансасында кездесіп, осы жерде «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» теміржолының түрікмениран бөлігінің ашылу салтанатына қатысты. Осы арада үш мемлекеттің басшысы жиналған жұртшылықтың алдында сөз сөйледі. Қазақстан мемлекетінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз басында Иран Пре зидентін

«алтылықпен» табысты келіссөздер өткізуімен құттықтады. Өйткені, Иранның төңірегіндегі санкциялар алынатын болса, қазақ-иран сауда-саттығы ұлғая түсер еді. «Қазіргі алмағайып заманда үш елдің арасындағы қарымқатынас біздің қауіпсіздігімізге ықпалын тигізеді. Көріп отырғандарыңыздай, лаңкестік, нашақор лық мəселелер туындауда», деген Қазақстан Президенті үш ел аумағын басып өтетін жолдың аталған сын-қатерлермен күреске ықпал ететіндігін баса айтты. «Осы мүмкіншілікті пайдалана отырып, Рухани мырзаны «ал ты лықпен» өте тиімді, жақсы өткізген келіссөздерімен

құттықтаймын», деді Қазақстан Президенті. Сөз соңында Елбасы Түрікменстанға ресми сапармен келгендігін атап өтіп, Президент Гурбангулы Бердымұхамедовке достық көңілді пейілі үшін рахметін жеткізді. «Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов пен Иран Ислам Рес публикасының Президенті Хасан Рухани мырза мен сіздерді осы мерекеде көргеніме қуаныштымын. Ең біріншіден, біздің елдердің теміржолшыларын, құрылысшыларын бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Біз көптен күткен теміржолдың құрылысы бүгін бітті. Қазір біз мұнда осы мəселе үшін жиналып отырмыз», деді Елбасы шара барысында. Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан мен Түрікменстанның құрлықтың ортасында орналасқанын, теңізге шығатын жолы жоқ екендігін атап өтті. Дегенмен, Қазақстан Түрікменстан жəне Иран мем лекеттерінің Каспий теңі зі арқылы да бұрыннан қарым-қатынас жасап келгендігін еске салды. «Қазіргі істің тарихи мəні бар. Біріншіден, үш елдің халқы үшін жолдың бойында неше түрлі елді мекендер пайда болып, халық жұмыспен қамтылады,

қарым-қатынас жанданады. Екіншіден, үш мемлекеттің арасындағы сауда-саттық ұлғаяды. Биылғы жылдың басында біз Түрік менстан мен Қазақстан арасындағы жолды іске қосқанбыз. Осы аз уақыттың ішінде сауда-саттық 40 пайызға өсті. Енді, міне, теміржол арқылы өзара саудасаттық ісіне үш мемлекет қатынасатын болды. Үшіншіден, бұл жол біздің төңірегіміздегі барлық көршілерімізге өз ық па лын тигізеді», деді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан Қытайдан Каспий теңізіне дейін тікелей теміржол салғанын атап өтті. «Мына жол сол жолға қосылады. Демек Қытайға ғана емес, Қытай арқылы Тынық мұхитына шығар мүмкіндік бар», деген Елбасы бұл жолдың ұзындығы бұрынғы жолдың ұзындығынан үш есе кеми түскендігін, осы арқылы жүк тасымалын жеделдетуге болатындығын атап көрсетті. Түрікменстан мен Иран президенттері де өз сөздерінде ашылып отырған жаңа теміржол желісінің маңызына тоқталып, бұл жолдың халықтарды бір-біріне жақындата түсетіндігін атап көрсетті. Сонан кейін Мемлекет басшылары жаңа теміржолмен жүретін пойызға отырып, екі мемлекеттің

қиылысар нүктесіне келді. Осы арада теміржолдың соңғы рельстері төселіп, Иран мен Түрікменстан жолдары бір-бірімен жалғанды. Бұл жолдарды үш мемлекет басшысы өз қолдарымен жалғады. Сөйтіп, Қазақстаннан Парсы шығанағына дейінгі аралықта қан тамыры секілді тіршіліктің жаңа бір артериясы өмірге келді. Осы оқиғадан кейін жаңа теміржол желісімен «Қазақстан темір жолы» АҚ-тың астық тиеген пойызы Иранға қарай жүріп өтті. Бұл оқиға Иранның Гүлстан провинциясының

орталығы Горган қаласынан жүз шақырымдай жерде гі жаңадан салынған Инче-Бурун стансасының тұсында болды. Мемлекет басшылары оқиғаны жариялауға жиналған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, баспасөз мəлімдемесін жасады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл күннің ерекше оқиға болып табылатындығын, біздің еліміздің бұл күнді көптен бері күткендігін атап көрсетті. (Соңы 2-бетте).

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүс тік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Сапар барысында Елбасының бірқатар нысандарда болып, өңірдің жұртшылық өкілдерімен кездесуі жоспарланған.

АҚПАРАТТАР аєыны ● Ұлттық банктің алтынвалюталық резервтері біршама өсті. Банктің баспасөз қыз меті таратқан мəліметке қарағанда, жыл басынан бергі өсім 3,9 млрд. АҚШ долларға, яғни 15,8 пайызға жеткен. ● Елімізде жұмыссыз жүрген жастардың қатары азайып келеді. Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіповтің айтуынша, үстіміздегі жылы жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайызды құраған. Айта кетейік, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының шеңберінде 14 мыңнан астам жас маман ауылдық аймақтарға барған. ● Астаналық медицина саласының 33 қызметкері сырт елдерде оқып келді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, шетелдік емханалардың қатысуымен 15 шеберлік сыныбы өткізіліп, 30-дан астам бірлескен ота жасалған. Бұл жұмыстар жергілікті бюджет есебінен жүргізілген. ● Алматыда көлік инфрақұрылымын дамытуға 49,8 млрд. теңге жұмсалды. Қалалық автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Меренков мəлім еткендей, бөлінген қаржының игерілуі нəтижесінде биыл ұзындығы 131,4 шақырым болатын 201 көше орташа жөндеуден өткен. ● Сарыағашта Индустрияландыру картасы аясында құны 8927,0 млн. теңгенің 12 жобасы мақұлданды. Оңтүстік Қазақстан облыс əкімдігінің баспасөз қызметі атап көрсеткендей, үстіміздегі жылы аудан өнеркəсіп саласында 19467,3 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Ал шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілернің саны 25 628-ге жеткен. Бұл салада 36 532 адам еңбек етеді. ● Қызылорда жастары Президентпен қызметтес болған аға буын өкілдерімен кездесті. «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен басқосуда көпшілік Елбасының еңбектері туралы жазылған кітаптар көрмесімен танысты. Сондай-ақ, жиында Мемлекет басшысының өнегелі өмір жолынан мол мағлұмат берген емен-жарқын əңгіме болды. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.

● Заманмен үндес заңғар басылым

Кїн тəртібі талќыланды Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Бюрода Мəжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді. Экономикалық саясат, инновациялық даму жəне кəсіпкерлік комитеті «2004 жыл ғы 19 қаң тар дағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіме тінің арасындағы Халықаралық автомо биль қатынасы туралы келісімге өзгеріс тер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Халық аралық теңіз ұйымының аудитінен өту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында мемлекеттік жастар саясаты, Еңбек кодексі, Ұлттық ұлан мəселелеріне қатысты бірқатар маңызды заң жобалары бірінші оқылымда мақұлданды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Күн тəртібіне шығарылған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасын қараған депутаттар оны бірінші оқылымда

туралы» заң жобаларын одан əрі пысықтау үшін бас комитет болып белгіленді. Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитеті «Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Бюро отырысында Сенаттың 2014 жылғы 11 желтоқсанда болатын отырысының күн тəртібі белгіленді. (Соңы 5-бетте)

Ќарым-ќатынастар ныєая тїспек Кеше Премьер-Министр Кəрім Мəсімов Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шэнкуньді қа был дады, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризмге, есірткі мен экстремизмге қарсы тұру саласындағы екі елдің əріптестігін нығайту мəселелері талқыланды. Тараптар аталмыш салада Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

ЗАЅ ЖОБАЛАРЫ бірінші оќылымда ќолдау тапты мақұлдады. Заң жобасының мақсаты мемлекеттік жастар саясаты субъектілерінің жұмыс істеуі үшін құқықтық негіз құру. Сон дай-ақ, жастармен тиімді жұ мыс істеу тетіктерін жасау жəне олардың құқықтарын арттыру. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы да бірінші оқылымда қолдау тапты. Бұл ретте он сегіз жасқа толмағандарды жұмысқа қабылдау кезінде сынақ мерзімін алып тастау

қарастырылған. Жəне де жұмысқа алғаш кірген жас маманмен еңбек шартын жасасу мерзімін айқындау да назардан тыс қалмапты. Заң жобасында «жастар» ұғымы 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтарға ғана қатысты етіп қалдырылыпты. Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов заң жобасы бойынша жұмысқа алғаш кірген жас маманға екі жылдан кем болмайтын мерзімге еңбек шартын жасау туралы норма енгізілгендігін ерекше атап кетті. «Он сегіз жасқа толмаған жастарға, сонымен бірге,

техникалық жəне кəсіби орта, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім бағдарламаларын игерген, оларды бітірген күннен бастап 1 жылдан кешіктірмей алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін мамандарға сынақ мерзімі бекітілмейді. Осылайша, заң жобасы жастардың еңбек саласындағы құқықтарын қорғауға бағытталады», деді министр. Бұдан басқа депутаттар «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» жəне оған ілеспе заңдық құжаттарды талқылай келіп, оларды бірінші оқылымда қолдау керек деп шешті. (Соңы 5-бетте)

Сґзі салмаќты, ойы орныќты «Егемен Қазақстан» – еліміздің ең басты газеті. Бұл – сөзі салмақты, ойы орнықты басылым. Оның таралымы да, оқырманы да көп. Осы газетті ондаған жылдар бойы үзбей оқып келемін. Күн сайын жұмысқа сағат 8-15-те келіп, əуелі «Егемен Қазақстан» газетін қолға аламын. 10-да басталатын жалпы отырысқа барғанда, əріптестеріме «Бүгінгі «Егеменде» мынадай материалдар шығыпты», деп айтамын. Өзара пікір алмасамыз. Кейбір əріптестерімнің мақаласы жарық көрсе, ұтымды ұсыныстары мен көтерген мəселелері жөнінде ой қозғаймыз. Газет барлық тақырыпты қамтиды десем, артық айтқаным болмас. Айталық, еліміздің саяси, экономикалық, экологиялық, қоғамдық, тарихи, əлеуметтік, танымдық, əдеби-мəдени жаңалықтарын тұрақты беріп келеді. Сонымен бірге, əлемдік, халықаралық саясат, экономика мен қаржы мəселелері де жиі жазылады. Бүгінгі таңда баспасөз үшін ақпарат айдынында өзінің беделін ұстап тұру, əрбір оқырманын жоғалтып алмау – ең маңызды істің бірі. Осы орайда, біздің «Егемен» өз оқырмандарының жоғары бағасына, үлкен сеніміне ие болған даусыз бас басылым! «Егемен Қазақстан» газеті Президент Жарлығын, сөйлеген сөздері мен үндеулерін, Үкіметтің қаулысын жəне Парламенттің қабылдаған заңдарын дер кезінде халыққа жеткізіп отырса, ал ел

тұрғындарының өтініш-тілектерін, көкейкесті ойларын да газет бетінде жариялау арқылы олардың мұқтаж мəселелері мен нақты ұсыныстарын мемлекеттік билікке жеткізіп келеді. Газет Мемлекет басшысының сарабдал саясатын жүргізуде отандық БАҚ-қа үлгі көрсетіп келеді. Елбасымен болған сұхбаттарды, оқырманға ой салатын мақалаларды өзім құнды материалдар деп есептеймін. Үкімет пен Парламент қызметін көрсететін арнайы беттер шығып тұрады. Заң шығару органында қандай мəселе көтеріліп жатыр, қандай заңдар талқыға салынуда, «Егемен» соның бəрін халыққа жеткізіп келеді. Сонымен қатар, апта сайын өтетін Мəжілістің жалпы отырысы ғана емес, комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстары, онда талқыға салынып жатқан

маңызды заң жобалары туралы жиі жазылса, əрине, жақсы болар еді. Сонда заң шығару процесіндегі депутаттардың еңбегі де айқын көрінетіні сөзсіз. Тарихи дүниелерімізді қастерлеу, ұлттық құндылықтарды қорғау мəселелері, əдебиеттің асыл қазыналары «Етжеңді Егеменнен» орын алып келеді. Қазақ елі, ұлт бірлігі, Қазақ хандығының 550 жылдығы туралы көлемді тарихи материалдарды оқырмандар сүйсініп оқитыны белгілі. Бүгінгі таңда бұл газетті ғаламтордағы сайты (www.egemen.kz) арқылы шетелдің қай қиырында жүрсең де оқи алатындай мүмкіндік туып тұр. Əрі шетелдегі бауырларымыз үшін латын қарпімен жəне төте жазумен де беріледі. Сондайақ қазір жаңалықты ғаламтордан жедел іздейтін оқырмандар Twitter (Твиттер), Facebook (Фейсбук) сияқты əлеуметтік желілер арқылы да газет материалдарымен танысуға қол жеткізіп отыр. 95 жыл бойы оқырмандарын ру хани байлықпен сусындатып келе жатқан газет ұжымына шығармашылық табыс, берекелі істер тілеймін. Əрқашанда оқырманның талап-тілегінен шыға берсін. Сейітсұлтан ƏЙІМБЕТОВ, Парламент Мəжілісінің Экономикалық реформа жəне өңірлік даму комитетінің төрағасы. АСТАНА.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.