04122015

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№233 (28711) 4 ЖЕЛТОҚСАН ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

Тәуелсіздік тірегі – шынайы тарих 3-бет Шаңғы теуіп шынықты 6-бет Абыралы: айтылмаған ақиқат 7-бет Бекзаттар мен бойжеткендер 12-бет

● Жолдау жолдары

 Ел тынысы: мың бір мысал

НАҚТЫ АХУАЛҒА НАҚТЫ ЖАУАП Арманымыз – асқақ, болашағымыз – баянды Əли БЕКТАЕВ,

Парламент Сенатының депутаты, «Ауыл» демократиялықпатриоттық партиясының төрағасы

Самғау сападан басталады Иван САУЭР, «Родина» агрофирмасы» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері.

«Родина» жəне оның басшысы Иван Адамович жайлы кез келген тақырыпта қалам тербеуге болады. Жуырда біздің тілшілер қосынына Ақмол ауылынан жаңа босанған ана хабарласып, И.Сауэрдің қолма-қол 940 мың теңге бөліп, сəбиі екеуін аман алып қалғанын хабарлаған еді. Бұл бір ғана мысал. Ауылдағы үйлену тойы

мен сəби туғандағы дəстүрлі базарлық 100 000 теңгені құрайды. Ұжым мүшелері 13ші жалақы алады. «Жыл оқушысы» мен «Алтын белгі» иегерлері 150 000 теңгені иемденеді. Жеңіс мейрамында соғыс ардагерлері С.Глушко мен П.Богатыревқа «ВАЗ-2167» автокөлігі мінгізілді. Жалпы, агрофирманың əлеуметтік бағыттағы жыл сайынғы ақшалай үлесі 554,5 миллион теңгені құрайды. Қарашаның басында Иван Сауэрге «Алтын жүрек» жүлдесі тапсырылды. Мұның өзі еліміздегі мəртебелі

● Президент поштасынан

Ертеңгі күнге сенім нық Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Астана қаласының тұрғыны Айгүл Пірменовадан хат келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Елорда тұрғыны А.Пірменова бұрыннан үш баласы бар өз отбасында үшемнің дүниеге келуіне байланысты биылғы маусым айында Мемлекет басшысынан баспана алуға көмектесуді сұраған болатын. Бұл жолғы хатында ол өзіне пəтер берілгенін айтып, қиын күндерде жəрдемдескені үшін

Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын жолдаған. Осы орайда, ол өзіне бұл қолдаудың күш бергенін, ертеңгі күнге деген сенімінің нығая түскенін атап өткен. Сондай-ақ, балаларын Қазақстанның лайықты азаматтары етіп тəрбиелеуге бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізген.

Отырыс аясындағы екіжақты кездесулер

Парламент Мəжілісінің Төрағасы Қ.Жақыпов Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының кезекті VI пленарлық отырысы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, елдер арасындағы ынтымақтастықты одан əрі тереңдетудің өзекті мəселелерін талқылады, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

Мəселен, Əзербайжан Милли Меджлисінің Төрағасы О.Асадовпен жүздесу барысында əріптесін Əзербайжанда парламенттік сайлаудың табысты өтуімен жəне Парламент Төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтаған Мəжіліс Спикері Қазақстан мен Əзербайжан арасындағы бірлескен іс-қимылды одан əрі тереңдету

маңыздылығына тоқталды. Қ.Жақыпов пен О.Асадовтың пікірінше,екі ел басшыларының сындарлы саясатының нəтижесінде қос мемлекет арасындағы өзара түсіністік пен ықпалдастық жыл сайын жоғары деңгейге көтеріліп келеді. (Соңы 2-бетте).

● Серпінділік стратегиясы

Көкейкесті көгілдір отын

«ҚазТрансГаз» ел тарихындағы ірі халықаралық газ тасымалдау жобасын іске қосты Осы аптада ел экономикасындағы ең маңызды оқиғалардың қатарына ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ «Қазақстан – Қытай» магистралды газ құбырының «С» желісін пайдалануға бергенін қосуға болады. Бұл оқиға энергетикалық жəне өңірлік əріптестік саласындағы ірі халықаралық жобаның қорытындылаушы кезеңі еді. Осылайша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақстан тарихында ірі газ тасымалдау жобасы жүзеге асты. (Соңы 6-бетте).

байқаулардың жиынтық белгісі іспетті. «Алтын сапа» да осы игі қадамдардан өрбитіні анық. Биыл «Родина» аталған жүлдеден үшінші рет үміткер болып отыр. Бұл жөнінде Еңбек Ерінің өзінің таратып айтуын өтінген едік. *** Бəрі де еңбек пен еңбек адамдарының уақыт сынындағы жігер-қайратын бағалаудан басталмақ. Тəуелсіз Қазақстанымыздың Тұңғыш Президенті біздің шаруашылыққа бірнеше рет атбасын бұрды. Бұл жоғары жауапкершілік жүктейтін

үлкен құрмет. Біз сенім тұғырынан түспеуді абыройлы міндет санаймыз. Осы жуырда Миландағы халықаралық көрме аясында отандық «Халық маркасы» байқауының жеңімпазы атандық. Жүлденің бəрі жақсы. Əйткенмен, алдағы желтоқсанның ортасында Дүниежүзілік сауда ұйымына заңды түрде мүше болып енуіміздің қарсаңында «Халық маркасын» алу біздің ғана емес, өзге əріптестеріміздің де бəсекелестікке төтеп бере алатындығын көрсетеді. (Соңы 6-бетте).

● Туыстық туы

Қазақстан – Түркі дүниесінің қарашаңырағы

Елордадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында Парламент Мəжілісі жəне Түркі академиясы халықаралық ұйымы бірлесіп, «Ұлы Даладағы мемлекеттілік жəне парламентаризм» тақырыбында халықаралық конференция өткізді. Ол Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының қызметі аясында ұйымдастырылды. Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Алқалы жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Қабибол ла Жақыпов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова, Əзербайжан Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадов, Түрік Республикасы Ұлы Ұлттық Мəжілісі Төрағасының орынбасары Ахмет Айдын, Мажарстан Парламентінің вице-спикері Марта Матраи жəне депутаттар, халықаралық ұйымдардың басшылары, елшілер мен көрнекті ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Конференция басталмас бұрын көпшілікке Халықаралық Түркі академиясы ұйымы тарапынан көне түркілердің «Шивээт улаан» ғұрыптық кешеніндегі (Моңғолия)

ру-тайпалардың таңбасы қашалған таңбатастың ғылыми көшірмесі таныстырылды. «Мəңгітас» деп аталатын бұл көшірме-таңбатастың биіктігі 2 метрден асады екен. Оның елордаға əкелінуіне Халықаралық Түркі академиясы ұйымы мұрындық болыпты. «Мəңгітастың» ашылу рəсі мінде бірінші кезекте белгiлi түрколог-ғалым Мырзатай Жолдасбековке сөз берілді. Шешен өз сөзінде тастың орнатылуының түбi бiр түркi əлемi үшiн маңыздылығын айта келіп, түркітілдес елдердің ынтымағы, бірлігі жөніндегі ой-толғамдарын жеткізді. Сондай-ақ, ғалым кешегі бабалар өміріне терең бойлап, арғы-бергі тарихымызды тануда осындай игі істердің пайдасы зор екенін атап өтті. (Соңы 2-бетте).

Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды Кеше «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ жəне «РосатомМеждународная сеть» халықаралық өңірлік атом энергоөнеркəсіптік кешені желісімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы меморандум аясында алдағы ынтымақтастық бағдарларын айқындайтын арнаулы жұмыс тобы құрылды. Тараптар арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рəсіміне «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов жəне «Росатом-Международная сеть» халықаралық өңірлік атом энергоөнеркəсіптік кешені желісінің президенті Александр Мартин қатысты. «Мемлекет басшысы алдағы жұмысымызда ұлттық компаниялардың да, сонымен бірге, трансұлттық компаниялардың да əлеуетін пайдалану қажеттігін атап көрсетті.

Сондықтан халықаралық белгілі компаниямен ынтымақтастық туралы келісім жасау біздің шешуші міндеттеріміздің бірі. Бұл алдағы уақытта ЭКСПО-2017 көрмесінің сапалы да сенімді өткізілуіне ықпал жасамақ», деді А.Есімов қол қою рəсіміндегі сөзінде. «Росатом-Международная сеть» кешенінің президенті Александр Мартин өз кезегінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясымен ынтымақтастық жасау, халықаралық сахнада көрме беделінің артуына əсер ететіндігін атап көрсетті. «Егемен-ақпарат».

● Оймақтай ой Үш-ақ нəрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай ҚҰНАНБАЕВ.

Елбасының Жолдауын қазақстандықтар жыл сайын үлкен үмітпен күтеді. Өйткені, Мемлекет бас шысының əрбір Жолдауы еліміз дің дамуына тың серпін беретін, халықтың хал-ахуалын жақсартып, əлеуетін арттыруға септігін тигізетін маңызды бағдарға айналған. Ең бастысы – Жолдауда айтылған еліміздің 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясынан бастап, дəл осы күнге дейінгі белгіленген меженің барлығы орындалып келеді. Дамыған 50 елдің қатарына қосылу арман болатын. Аллаға шүкір, сол арманымызға да жеттік. Елбасы Жолдаулары қазақстандықтарға сенім ұялатты, еңсесін көтеріп, жаңашыл өмір сүруге жетеледі. Алар асулардың əлі алда екендігін айтып, Президентіміз «Қазақстан-2050» Стратегиясымен бірге дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу межесін белгіледі, «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын жариялады. Əлемдегі көптеген елдер қаржы дағдарысынан есін жинай алмай жатқанда, Нұрсұлтан Назарбаев инфрақұрылымдарды дамытуға Ұлттық қордан қаржы бөліп, Қазақстан экономикасын өрістетудің тың жəне серпінді жолдарын анықтап берді. Өмірдегі кездесетін қиын дықтарға қарсы тұруға Қазақстан

əбден машықтанды. Ең қиын уақыттарда Астана салынды, Азия дағдарысы кезінде Қазақстанда индустрия дамыды, кəсіпкерлік өрістеп, жаңа жұмыс орындары ашылды. Əлемдік дағдарыстың болатынын, оның əсері Қазақстанға да тимей қоймайтынын алдын ала болжаған Елбасының тапсырмасымен Астанадан өңірлерге қарай күн сəулесіндей таратылған күре жолдар салына бастады, тұрғын үйлер көтеріліп, ел игілігіне берілуде. Тек осы жобалардың төңірегінде 70 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Дүниежүзіндегі алпауыт елдердің қақтығысы тоқтаудың орнына өршіп барады, соғыс өрті шарпыған үлкенді-кішілі мемлекеттер саны көбейді, босқындардың проблемасы Еуропа елдерінің шынында да бас ауруына айналды. Осының бəрі дүниежүзіндегі геосаяси жүйені түбегейлі өзгерту қаупін тудырып отыр. Жаһандық проблеманы алдын ала ескерген Елбасы Қазақстанның мемлекеттік құрылымы мен экономикасын жаңа сатыға көтерудің бес институттық реформасын жариялады, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын бекітті. Осы реформалардың жүзеге асуына жағдай жасау мақсатында 80ге жуық заңға өзгеріс енгізіліп, қайта қабылданды. Үкімет пен Парламент Президент тапсырмаларын жүзеге асыру жолында сүбелі еңбек етті деп айтуға болады. (Соңы 4-бетте).

● Сүйінші

Айтыс – адамзат аспанында!

Қазақ халқының осы қастерлі өнері ЮНЕСКО тізіміне енгізілді Бұл күндері Намибияның Виндхук қаласында ЮНЕСКО-ның материалдық емес мəдени мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитетінің сессиясы өтіп жатыр. Оның жұмысы барысында Қазақстан мен Қырғызстан бірлесіп жолдаған «Айтыс – импровизация өнері» атты номинациясы Адамзаттың материалдық емес мəдени мұрасының көрнекі тізіміне енгізілді. Бұл шараға Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жəне ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның өкілдері жəне Мəдениет жəне спорт министрлігінің қолдауымен елімізге белгілі айтыс керлер Б.Имашев пен А.Тұрсынбаева қатысуда. Айтыскерлердің сессияның отырысында сөз етіп отырған асыл өнердің таныстырылымын көрсетуі жоспарланған.

Еске сала кетейік комиссияның былтырғы отырысында елімізден ЮНЕСКО тізіміне «Қазақтың дəстүрлі домбыра күй өнері» жəне Қырғызстанмен бірлесіп ұсынған «Киіз үйді жасаудың дəстүрлі білімдері мен дағдылары» атты номинациялар енген болатын, деп хабарлады Мəдениет жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметі.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.