ДЕРЕК пен дəйек 158 000 000 000 Өткен жылы қала бойынша негізгі капиталға осыншама теңге көлемінде инвестиция тартылды
№80 (28019) 5 НАУРЫЗ СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Бұл қаржы алдыңғы жылғымен салыстырғанда үш есе көп. Мұның өзі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын кеңейтуге жағдай жасады. Қазіргі таңда қаланың индустриаландыру картасы аясында жалпы құны 18,5 млрд. теңге болатын 38 жоба жүзеге асырылуда. Қалада 2,3 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Мұнымен бірге, өткен жылы жалпы көлемі 2 млрд. теңге болатын 10 нысан іске қосылып, осының негізінде 300 жаңа жұмыс орны құрылғантын. Сондай-ақ, қалада шағын жəне орта бизнесті қолдаудың арқасында кəсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Өндірілген өнім мен көрсетілетін қызметтің басым бөлігі кəсіпкерлердің үлесіне тиесілі. Ал бюджетке түсетін салық түсімдерінің 39 пайызын қала кəсіпкерлері қамтамасыз етті. Бөлшек сауда айналымы қалада 38,1 пайызға ұлғайды.
Ақтөбе облысы.
28 000 000 000
Қызылорда қаласының былтырғы бюджеті осынша теңгені құрады Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Өткен жылы əлеуметтік салаға 10 миллиардтан астам теңге қаржы жұмсалған. Тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығына да осындай көлемде ақша бөлінген. 2012 жылы 3 257,6 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілсе, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға көп. Диқандар еңбегінің арқасында 11 мың тонна картоп, 11 мың тонна көкөніс, 8 мың тонна бақша өнімдері жиналған. Төрт түліктің барлық түрлерінен өсім бар. Өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында барлығы 212 бас аналық сиыр мен 19 асыл тұқымды бұқа сатып алынған. Халықты баспанамен қамту бағытында атқарылған жұмыс та аз емес. Былтыр барлығы 414 пəтер өз иелерін тапса, «Жұмыс пен қамту-2020» бағдарламасы аясында екі тұрғын үй мен 47 орындық жатақханасы бар «Жастар үйінің» құрылысы аяқталды. ҚЫЗЫЛОРДА.
32 000 000
Қағаз шығаратын кіші өндіріс орнына осыншама теңге қаражат жұмсалды Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Кеншілер қаласы – Ақсайда ашылған кіші зауытта бірінші кезекте қайталама шикізат көздері есебінен əжетхана қағазын шығару қолға алынған. Бұған қоса таяуда картон қораптар шығаруды өндіріске енгізу көзделіп отыр. Жаңа шағын зауытта өндірілген жергілікті өнім бағасы респуб ликаның өзге өңірлерінен жəне Ресейден жеткізілген осы тектес өнімдермен салыстырғанда біршама төмен. Қазір мұнда небəрі 12 адам жұмысқа тартылғанымен, қағаз шығару өндірісін ұлғайту жөніндегі іс-шараларға сəйкес, көп кешікпей олардың саны 2-3 есе өседі деп күтілуде. – Аталған жоба моноқалаларды дамыту жөніндегі республикада қабылданған арнайы бағ дарлама шеңберінде іске қосылды, – деді газет тілшісіне Батыс Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Алтай Көлгінов. ОРАЛ.
Елбасы ќабылдады Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министрі Болат Жəмішевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Б.Жəмішев биылғы жылы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндады, министрліктің орындап жатқан жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған қызметінің негізгі бағыттары туралы айтты. Қаржы министрі қазіргі уақытта салықтық жəне кедендік əкімшілендіру жөніндегі жұмыстарды
жандандыру, атап айтқанда, фискалдық өкілеттікті кеден органдарынан алып, салық комитетіне беру жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу жəне республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жүйесі жетілдірілуде. Мемлекет басшысы салықтық əкімшілендіруді одан əрі жетілдіру,
соның ішінде арнайы салықтық режімдердің жұмысындағы проблемалық мəселелерді шешу қажеттігін атап көрсетті. Сонымен қатар, Б.Жəмішев бюджеттік жоспарлау мəселелерін Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігінің құзыретіне беруге байланысты барлық ресімдер толық аяқталғанын хабардар етті. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Жаңа Жібек жолы
Алысты жаќындататын жоба
Сенат бюросыныѕ отырысы Кеше Сенат Төрағасы Қайрат Мəмидің төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды. Бюрода Парламент Мəжілісінде мақұлданған заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттері мен аппаратына берілді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Отырыста Қаржы жəне бюджет комитеті «1993 жылғы 24 желтоқсандағы Əртүрлі мем лекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тəртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын пысықтау
жөніндегі бас комитет болып белгіленді. Экономикалық даму жəне кəсіпкерлік комитеті «Қазақстан Рес публикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай жəне мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы»
Мəжіліс Төрағасының орынбасары Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен кеше «Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрақты экономикалық өсуді жəне жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін дағдарысқа ден қою шаралары» деген тақырыпта Үкімет сағаты өтті.
Əлеуметтік міндеттеме орындалуымен маѕызды Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
«Стратегиялық жəне бюджеттік жоспарлау, салық жəне бюджет саясатын, сондай-ақ, кеден ісі, мемлекеттік жəне мемлекет кепілдік берген қарыздар мен борыштар, халықаралық эко номикалық жəне қаржылық қатынастар саласындағы саясатты қалыптастыру – осы министрліктің негізгі міндеттерінің бірі», деп Үкімет сағатын бастаған вице-спикер сөз кезегін Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевқа берді. Министрдің мəлімдеуінше, ішкі жалпы өнімнің нақты өсімі 5%-ды құрады. Əлем экономикасының нашарлауы бізге де əсерін тигізіп, өсу қарқыны жоспарланған параметрлерден бірқатар төмен болған. Оған сыртқы сұраныстың қысқаруы, сондай-ақ, өсімдік ша руашылығының жалпы өнім өндірісінің 27,7%-ға төмендеуі жəне мұнай өндірудің
жоспарланған 81 млн. тоннадан 79,2 млн. тоннаға дейін азаюы негізгі себеп болған. Қазақстандық экспорттық өнімдерге сұраныстың қысқаруы аясында, экономика өсуінің негізгі факторы жоғары тұтынушылық сұраныс пен елдегі инвестициялық белсенділіктің айқын жандануы болды. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 3,8%-ға өсті. Құрылыс өсуінің қарқыны 2,9%-ды құрады. Əлемдік сұраныстың бə сеңдеуіне қарамастан, елдің сыртқы тауар айналымы 9,8%-ға жоғарылады. Экономиканың өсуіне макроэкономикалық жағдайдың тұрақтылығы оң ықпал етті. 2012 жылы инфляция 6,0%-ды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 1,4 пайыздық тармаққа төмен (7,4%). «Ел азаматтарының əлеуметтік жағдайы да жақсарып келеді. 2012 жылы халықтың нақты ақшалай табысы 6,8%-ға өсті, нақты жалақы 6,9%-ға жоғарылады. (Соңы 2-бетте).
Хроника
Мемлекет басшысының Өкімімен Бексұлтан Сəрсекұлы Сəрсеков Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы пилоттық фазасының директоры қызметінен босатылды.
АҚПАРАТТАР аєыны Шымкентте наурыздың төрт күні ішінде тұңғыш рет бүйрек ауыстырудың үш операциясы жасалды. Олар қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында Оңтүстік Кореяның «Анам» университеті госпиталі трансплантолог мамандарының қатысуларымен жүзеге асты. Қазір барлық пациенттердің операциядан кейінгі жағдайлары қалыпты. Алдағы айдан Тобыл-Көкшетау-Астана газ құбырының құрылысы басталады. Жалпы, үстіміздегі жылы Елбасының тапсырмасы бойынша еңбек нарығы мен экономика өсіміне қосымша əсер ететін ірі индустриялық жəне инфрақұрылымдық жобаларға қаржы бөлінгелі тұр. Бұл ретте Балқаш ЖЭС-і, Атырау облысындағы газ-химия кешенінің 1-2-фазасы секілді жобалар да қолға алынды. Павлодарда жас музыканттардың 47-ші облыстық фестивалі мəреге жетті. Бұл сайыста
балалар музыка мектептерінің жас пианистері мен хор ұжымдары өз өнерлерін сынға салды. Оған облыс қалалары мен аудандарынан 249 музыкант қатысты. Нəтижесінде, жас пианистер, екібастұздық Никита Абеков, дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаттың оқушысы Владислав Бгашев жəне Павлодардағы № 1 музыкалық мектептің оқушысы Ардақ Қапар бас жүлдені жеңіп алды. Алматыда Орталық Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жəрмеңкесі ашылды. ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында қанат жайған бұл дəстүрлі шара «Бəйшешектер гүлдегенде» деп аталады. Оған биыл Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан жəне Ресей елдерінің 150-ге жуық қолөнер шеберлері келген. Кеше Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыстағы су тасқыны қаупіне орай жиын өткізді. Өскеменде өзекті мəселені талқылаған басқосуда министр Владимир Божко ведомоствоның қолдан келгеннің бəрін жасайтынын айтты. Осы екі арада облыс орталығында
заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Осы комитет «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкі меті арасындағы Қазақстан Респуб ликасына мұнай жəне мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша да бас комитет болды. Бюрода, сондай-ақ, Сенаттың 2013 жылғы 7 наурызда болатын кезекті жалпы отырысының күн тəртібі талқыланды.
Инвестфорум: игілікке бастар жол Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Жұмыр жердің 15 мемлекетінен 90-ға жуық азамат Қызылордаға келді. Неге? «Байқоңыр» І-ші инвестициялық форумына қатыспаққа. Олардың қатарында Ресей, Ук раина, Жапония, Голландия, Швейцария, Түркия, Канада, Польша, Австрия, Белгия, Қытай секілді елдер бар. Сонымен қатар, Еуропалық Даму банкінің, Еуразия лық қайта құру жəне даму банкінің, өзіміздің «Самұрық-Қазына» əл-ауқат қорының өкілдері де болды. Инвестициялық форумға Премьер-министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев қатысты. Форумды ашқан аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев оны өткізудегі мақсатты түсіндірді. Негізгі мұрат – облыстың инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру, тиімді іскерлік қатынастарды дамытып өлкедегі өндіріс саласы мен кəсіпкерлікті өркендетудің өзекті мəселелерін талқылау. Сондай-ақ, оларды шешу жолдарын ортаға салу екенін айтты. Қырымбек Елеуұлы аймақта өңдеу өнеркəсібін, металлургия саласын, көлік логистикасын, құрылыс индустриясын, агроөнеркəсіп пен балық шаруашылығын жəне басқа да салаларды дамыту міндеті тұрғанын жеткізді. (Соңы 8-бетте).
алғашқы су басу жағдайлары тіркеле бастады. Қардан аққан жылғамен келген суға Красин кентінің тұрғындары өз күштерімен төтеп бере алмады. Ақтауда атом электр стансасы салынып қалуы ықтимал. Мұны «Қазатомөнеркəсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ инновациялық жобалар бойынша басқарушы директоры Валерий Шевелев айтты. Оның сөзіне қарағанда, станса сенімді реакторлардың базасында салынбақ. Солтүстік Қазақстан полицейлері «Контрафакт» операциясының үш күнінде 4 мыңнан аса пираттық дискіні тəркіледі. Тəртіп сақшылары бұл орайда əділет департаментінің мамандарымен бірге 30-ға жуық сауда нүктесін тексерді. Құқық қорғау органдары қызметкерлері дискілерден бөлек пираттық ойындар мен фильмдер сақталған ноутбук пен процессорды жинап алды. ҚазАқпарат, СА-NEWS (kz), Bnews.kz агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.
Ақтөбе өңірінде ел экономикасына елеулі үлес қосатындай ірі жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі де бірегейі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дəлізінің құрылысы. «Ғасыр жобасы» атанып отырған осы халықаралық магистральдің 628 шақырымы облыс аумағымен өтеді. Соның 356 шақырымы осы жоба бойынша салынуда. Облыстық автокөлік жолдары департаментінің директоры Бағлан Баймағамбетовпен əңгімеміз əлемдік деңгейдегі ірі жобаның қалай бастау алғанына, күре жолдың бойында атқарылып жатқан жұмыстардың бүгінгі жай-күйіне ойысты. – Бағлан Əуелбекұлы, осы жобаға тереңірек тоқталып өтсеңіз. – Шынында, бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Ғасыр жобасы» екені сөзсіз. Мұның өзі «Жаңа Жібек жолы» ретінде де маңызы бар. Бастапқыда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев пен Татарстанның сол кездегі Президенті Минтемир Шаймиев арасында Қазақстан мен Қазанның арасындағы жол қатынасын
жақсарту туралы əңгіме болып, Нұрсұлтан Əбішұлы «Батыс Еуропа мен Батыс Қытайды» жалғастырудың тиімділігін алға тартса керек. Міне, бұл жоба осылай дүниеге келіп, қолдау тауып, өзінің өміршеңдігін дəлелдеген бастама ретінде де баянды болды. Елбасы осы жобаны жүзеге асыру үшін Еуропа мен Азияның беделді банктерінен қаражат алуға қол жеткізді жəне қалған 30 пайызы бюджеттен бөлінді.
Бұл жоба құрылысы ең бірінші біздің облыстың аумағында басталды. «Самара-Шымкент» тас жолының 1025 шақырымынан 1240 шақырымға дейінгі аралықта қарқынды жұмыс жүргізілді. Ұлғайсын елді мекенінен Ырғыздың үстімен Қызылорда облы сының шекарасына дейінгі 215 шақырым жолға асфальт төсеудің өзіндік ерекшеліктері бол ды. Бұл жерлерде сорлар, бар қан құмдар көп кездеседі. Сондай-ақ, қиыршық тас, басқа да материалдар жеткізуге шалғайлау еді. Қиыршық тас Қарабұтақ өңірінен жеткізілді. 2010 жылғы аптап ыстық та қиындық келтірді. Осыншама жолдың 107 шақырымының құрылысын «Иврус» компаниясы, ал 108 шақырымының құрылысын «Дэнарахсас Қазақстан» компаниясы салды. Жоға ры дағыдай қиындықтарға қарамастан жұмыс белгілінген мерзімде атқарылды. (Соңы 4-бетте).
Əлемдік ўстаным – жасыл экономика Кеше Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Əбибуллаев брифинг өткізді. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Осы аптада біз басты мерекелердің бірі – 8 наурыз – халықаралық əйелдер күнін атап өткелі отырмыз, деген ресми өкіл көктем шуағымен бірге келетін ең əсем мереке – 8 наурыз халықаралық əйелдер күні қарсаңында, 7 наурызда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның əйелдер қауымы өкілдерімен жыл сайынғы дəстүрлі кездесуі өтетінін хабарлады. Ресми өкіл журналистерге осы аптада ел Үкіметі қарастырып отырған маңызды əлеуметтік-экономикалық мəсе лелерді журналистер назарына салды. Айталық, 5 наурыз күні Премьер-Министр Серік Ах метовтің төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің отырысы өткізіліп, онда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық
партиясының «Қазақстан. 2017 жылға дейінгі мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасының орындалу барысын қарастыру көзделіпті. Сонымен қатар, С.Ахметов Экономиканы жетілдіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын жəне еліміздің əлеуметтік-эко номикалық дамуы мəселелері бойынша бірқатар отырыстар өткізеді екен. Бұған қоса брифингте Үкімет басшысы орынбасарларының да апта ішіндегі маңызды жұмыс сапарлары жайында айтылды. 6 наурызда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың Алматы облысына жұмыс сапары жоспарланса, 6-7 наурызда Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев басқарған
қазақ стандық делегацияның Фран цияға жұмыс сапары бо латын көрінеді. Сапар аясында Ə.Исекешевтің төрағалығымен Қазақстан мен Франция үкіметтері арасындағы комиссияның оныншы отырысы өтіп, Қазақстан-Франция Іскерлік кеңесінің отырысы мен қазақстандық делегацияның Франция іскер топтары өкілдерімен кездесулері жоспарланыпты. Бұл ретте, өткен аптада Франция Сыртқы істер министрі Лоран Фабиустің Қазақстанға ресми сапарының сəтті өткендігін атап өткім келеді, деген ресми өкіл Франция Сыртқы істер министрінің Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болғанын, кездесуде екіжақты қарым-қатынастардың деңгейіне жоғары баға беріліп, Франция Президенті Қазақстанға тұңғыш ресми сапармен келетіні жайлы айтылғаны қаперге салынды. (Соңы 2-бетте).
Бїгінгі нґмірде: Лаѕкестік – зўлымдыќтыѕ жабайы тїрі 4-бет
Ўлт ґнерініѕ маќтанышы 5-бет
Арылу 6-бет