05032014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: ЎМТЫЛЫС ФАРИЗА №44 (28268) 5 НАУРЫЗ СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

ОНЛАЙН ОЗБЫРЛЫЌ

4-бет 5-бет

7-бет ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ЕКЕУ 8-бет

«ОРДАБАСЫ ЌЎС» ґнімін шетелге шыєарып жатыр

Оралхан ДƏУІТ,

Елбасы ќабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Əңгімелесу барысында елдің алдағы кезеңдегі сыртқы саяси басымдықтары жəне халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелер талқыланды. – Украинадағы жағдай елдердің ТМД аясындағы өзара

қарым-қатынастарына тікелей əсер етеді жəне Кеден одағы мемлекеттеріне жанама қатысы бар. Мен ең таяу уақытта байсалды пікір алмасып, қазіргі жағдайдағы қауіпті үдерістердің белең алуына жол бермеу жөніндегі шараларды

Телефон арќылы сґйлесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Əңгімелесу барысында Украинадағы жағдай талқыланды. Сонымен қатар, мемлекет басшылары Мəскеуде Жоғары

Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында өтетін алдағы кездесулердің өзекті мəселелерін қозғады.

Ўлттыќ комиссияныѕ отырысы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ақордада Президент Əкімшілігінің Басшысы Кəрім Мəсімовтің төрағалығымен өткен Ұлттық комиссия отырысында «А» корпусының кадр резервіне іріктеу тетіктерін жетілдіру мəселелері қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «А» корпусының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралды, тест тапсырмалары

лауазымдарға байланысты дифференцияланды. Қазіргі уақытта қосымша қажеттіліктің бар екендігін ескере отырып, Ұлттық комиссия «А» корпусының резервіне тағы 100 адамды іріктеуден өткізу жөнінде шешім қабылдады. Іріктеу туралы тиісті хабарландыру келесі аптада бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Бизнеске береке берер баєдарлама болуы тиіс

Премьер-Министр Серік Ахметов индустрияландыру жоспарларына сəйкес «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жандандыру қажет деп санайды. Осыған орай ол кеше аталмыш бағдарламаның жүзеге асырылу барысы қаралған Үкімет отырысында Өңірлік даму министрлігіне тапсырма берді. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Үкімет отырысында бағдарламаның бүгінгі жай-жапсарын Өңірлік даму министрі Болат Жəмішев баяндаған болатын. Министрдің мəліметтеріне сүйенсек, 2010 жылдан 2013 жылға дейін «Бизнестің жол картасын» орындауға республикалық бюджеттен 132,1 млрд. теңге бөлінсе, оның 53,3 млрд. теңгесі 2013

жылға қарастырылған болатын. «Бүгінгі күнге бағдарлама шеңберінде 77 763 кəсіпкер қолдаудың барлық түрлерімен қамтылған. Нəтижесінде 229 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, қолдауға ие болды. Қазір экономикадағы əрбір бесінші жаңа жұмыс орны бағдарлама шеңберінде құрылған», деп атап өтті Б.Жəмішев. (Соңы 2-бетте).

Келісімшарт жобасы талќылануда

Астанада өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі отырысының бүгін соңғы күні. Кеңес жұмысы бұрнағы күні басталған болатын. Оған Қазақстан тарапынан ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысуда. Динара БІТІКОВА, «Бүгінгі таңда біз Еуразия эко«Егемен Қазақстан». номикалық одағы туралы келісімшарттың негізгі бағыттары бойын«Кеңесіп пішкен тон келте бол- ша кезеңдік жəне өзара тиімді мас» дегендей, үш күнге ұласқан экономикалық ынтымақтастық кеңес отырысында негізінен Еу- негізінде интеграциялық проразия экономикалық одағын құру цестерді дамыту қажеттігі туралы туралы келісімшарт жобасы тал- жалпы түсінік бар деп айта алақылануда. Бұл жөнінде кеше жур- мыз», деді Б.Сағынтаев. налистермен өткізген брифингте (Соңы 2-бетте). Бақытжан Сағынтаев мəлімдеді.

талқылайтын кездесу өткізу туралы ұсыныс енгіздім, – деді Қазақстан Президенті. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мəселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Таєайындау

Мемлекет басшысының Жарлығымен Аслан Есболайұлы Мусин Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

«Ордабасы Құс» ЖШС-нің тұсауы осыдан төрт жылдай бұрын Елбасымен болған тікелей телекөпірде кесілген болатын. Бұл құс кешені 2010 жылы үдемелі ин дустриялық-инновациялық да му бағдарламасы арқасында тірлігін өрістетті. Қазіргі таңда, «Ордабасы Құс» ЖШС 30 түрлі өнім ассортиментін шығарып отыр. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 100-ге дейін жеткізу жоспарлары бар. Шығарылатын өнім Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда облыстары мен Алматы, Астана қалаларына сатылады. Сондайақ, өнімнің 20 пайызы Ресей Федерациясына экспортталады. Бұл, əрине, Кеден одағына мүше елдермен аймақаралық ынтымақтастықты дамыту арқасында мүмкін болып отыр. Жаңа құс кешенінің бірінші сатыдағы өндірістік қуаты шама ме н ж ы л ы н а 4 8 0 0 т о н н а күркетауық етін шығару болған. Болашақта өндіріс қуатын 2 есе арттыру мүмкіндігі бар жəне ол еліміздің агроөнеркəсіп кешенін дамыту идеясына толығымен сай. Инвестициялық жоба құны 1728,9 млн. теңгені құрап, өткен жылы өндіріс көлемін ұлғайту бойынша «Тірі салмақты күркетауық еті көлемін жылына 8110 тоннаға жеткізу» жобасы

жүзеге асырылды. Аталған серіктестікте қолданылып отырған озық технологиялардың арқа сында жылына 150 мың балапан өсірілуде. Алдағы жылдары мұнда өсіріліп жат қан балапандардың санын 1 млн.-ға жеткізу көзделуде. Өңірі мізде құс шаруашылығы өндірі сін өркендету мақсатында серіктестік басшылығы 5 жылдық даму бағдарламасын да əзірлеген. Жалпы алғанда, бұл кəсіпорын ның болашағы зор. «Ордабасы Құс» ЖШС Ұлыбританияның Оксфорд қаласында Еуропалық сапа сертификатын, Париж қаласында Тəуелсіз қоғамдық сапа жөніндегі

Суреттерді түсірген Арман ƏБДІРАШҰЛЫ.

«Егемен Қазақстан».

бірлестіктің алтын медалін алды. «Қазақстанның үздік тауары» деген номинацияға лайық деп табылып, қатарынан екі жыл жеңімпаз болды. Мұның барлығы, əрине,

бұл кəсіп орынның шығарған өнімінің сапасына берілген баға екені анық. Оңтүстік Қазақстан облысы.

● Тілшіге тығыз тапсырма

САЌТАНСАЅ – САЌТАЙДЫ Газетіміздің кешегі нөмірінде «Тасқын қаупі. Өңірлер дайындығы қалай?» деген тақырыппен топтама материал жарық көрген еді. Онда меншікті тілшілеріміз республикамыздың бірқатар облыстарындағы қар еруінен болатын көктемгі аласапырандар ықтималдығы туралы баяндаған болатын. Бүгін біз осы тақырыпты қайта жалғастырып, оқырмандарымызды еліміздің қалған өңірлеріндегі жүргізіліп жатқан сақтық шараларынан хабардар етіп отырмыз.

Ќауіп əлі сейілген жоќ Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарындағы қардың мөлшерін анықтау мақсатында өткен аптада тікұшақпен шолу жасалды. Облыс əкімінің орынбасары, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасы Сəкен Қаныбеков пен осы өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Уəлихан Ережепов тасқын қаупі бар аймақтарды бағдарлап қайтты.

Осы сапар барысында Төле би, Түлкібас аудандарының таулы аймақтарын толығымен қар басып жатқаны анықталды. Сондай-ақ, Бəйдібек жəне Созақ өңірлерінің асуларын да қар басып қалған. Облыстың таулы аймақтарында қардың көп болуына байланысты су тасқын қаупі əлі сейілген жоқ. Яғни ауа райы күрт жылынып, жауыншашын орын алған жағдайда, аймақтың барлық аудандарында еріген қардың салдарынан қиындық болуы ықтимал. Қазіргі таңда су тасқынының

алдын алу мақсатында аудан, қала, ауыл əкімдіктері бірқатар іс-шаралар атқаруда. Сырдария өзеніндегі жағдайға келер болсақ, Отырар ауданының Маяқұм ауылынан бастап Балтакөл елді мекеніне дейінгі өзеннің арнасына толығымен мұз қатқан. Бірақ, мұздың əр жерден еріп, ағып жатқаны көрінуде. Сондайақ, өзен суының деңгейі төмен түскен. Жағаға шығып жатқан су жоқ. Қазіргі таңда Сырдария өзенінде жағдай тұрақты. Оңтүстік Қазақстан облысы.

12 ауыл ерекше назарда Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өңірде көктемде су тасқыны аса қауіп төндірмейді деп сендіруде. Жергілікті «Қазгидрометтің» мəліметтері бойынша, биыл мұндағы қардың қалыңдығы 16 сантиметр, яғни нормадан 2 сантиметрге төмендейді. Ал былтыр 25-ке жеткен екен. Қазір ауылдардан қар шығарылуда. Жалпы, су тасқынының алдын алуға облыста 28 672,5 тонна жанар-жағармай, 6 750 тонна құм, қиыршықтас, 121 мыңнан аса қап сатып алыныпты. Техника да дайын. Қыс ай ларында ауыл-қалалардан

443 мың текше метр қар шыға рылыпты. Облыстық қосал қы қордан 232 миллион теңге бөлінбекші. Өңірдің су өтінде отырған Кенжекөл, Теңдік, Қараащы Көкдомбақ, Жаңа жол, Шолақсор сияқты 12 ауылы төтенше жағдайлар департаментінің жіті назарында. Жуантөбе, Ақши ауылдарын Баянауыл өңірінің Қызылтау бөктерінен ағатын қар суы əбігерге салуы мүмкін, деп отыр мамандар. Сонымен қатар, Лебяжідегі Аққу, Жамбыл жəне Широкое ауылдарына, Павлодар ауданына қарасты Мичурин елді мекендерінде сақтық шаралары жүргізілуде. Ленин, Мойылды ауылдарында бөгеттер биіктетіліп, су өткізетін құбырлар орнатылды. Ақтоғай

ауданындағы Шолақсор ауылында су өткізу құрылғылары қалпына келтіріліпті. Осылайша, дейді төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, Сілеті өзенінен осы ауылдарға келетін тасқын қаупі сейілді. Облыс орталығында да қарбалас жұмыс. Қала көшелерін қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Аудан орта лықтары мен ауылдардағы ғимарат шатырлары қардан тазартылуда. Облыс əкімі Қанат Бозымбаевтың тапсырмасына орай қалалар мен аудандардың əкімдері, мекемелер басшылары көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмыстарын жедел қолға алуда. Павлодар облысы.

Су ќоймасы алаѕдатады Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Былтыр сай-саланы қуалай аққан қарғын судың салдарынан 200-ден астам баспана, 27 автөлік жолдары зардап шеккен болатын. Биыл мамандар тасқын судың төндіретін қауіп-қатері бұдан зор болмаса кем соқпайды деп жобалап отыр. Оның басты себебі, қардың нормадағыдан көп түсуі болса, екіншіден, кей жерлерде дайындық жұмыстарының талапқа сай жүргізілмеуі. Биыл тасқын судың алдын алу мақсатымен 14 жедел топтары құрылып, арнайы техникалармен, құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Елді мекендерден 300 мың текше метр қар шығарылып, 4300 қума метр канализация жүйелері тазартылған. 30 мың тонна инертті материалдар қауіпсіз жерлерге жеткізіліп, 150 тонна жанар-жағармай қоры жасақталған. Бұл шаралар үшін жергілікті бюджеттен 337

миллион теңге қаражат бөлінген. Жалпы сыйымдылығы 693 миллион текше метрді құрайтын Сергеевка су қоймасы жылдағыдай ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Еріген қарға көктемгі жауын-шашын қосылса, су мөлшері арнасынан асып жығылып, 2-3 есеге дейін артуы мүмкін. Көктемгі су тасқыны шегіне жеткен жағдайда 8 мың адам тұратын 38 елді мекен, 302 шақырым автомобиль жолдары, 22 көпір, 2022 су жіберетін құбырлар зардап көруі ықтимал. Облыс аумағында орналасқан 33 гидротехникалық құрылыстардың бəрі сақадай-сай емес. Мəселен, Шарық гидрожүйесі күрделі жөндеуді қажет етеді. Сол сияқты иесіз қалған су плотиналарын мемлекет иелігіне алу мəселесі түпкілікті шешілмеген. Облыстық əкімдіктің кезекті мəжілісінде аталған олқылықтар атап көрсетіліп, сыннан қорытынды шығару міндеттелді. Солтүстік Қазақстан облысы.

(Осы тақырыптағы топтаманың соңын 6-беттен оқи аласыздар).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
05032014 by Egemen - Issuu