05032015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны

№43 (28521) 5 НАУРЫЗ БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Заѕ жобалары маєыналы болєанда ўтымды Кеше Парламент Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, онда бірнеше жаңа заң жобасы қаралып, тұтастай мақұлданды. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Бірќатар наќты тапсырма берді

Заѕдылыќты саќтау – маѕызы зор іс

Н.Қаппаров Мемлекет басшысына компанияның трансформация бағдарламасы аясында жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндады, сондай-ақ, оның жаңартылған даму стратегиясын таныстырды. Қазақстан Президенті уран өнеркəсібі еліміздегі негізгі салалардың бірі екеніне жəне əлемдік нарықта елеулі орынға ие болып отырғанына тоқталды. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев уран өндірісін тиімді бақылауды қамтамасыз ету қажеттігіне, шетелдік жетекші компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастық орнатудың жəне бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды.

Кездесу барысында А.Дауылбаев Мемлекет басшысына құ қық қорғау органдарының қызметі, сондай-ақ, халықтың əлеу меттік əлсіз топтары мен кəсіпкерлерді қорғауды күшейту жөніндегі тапсырманың орындалу барысы туралы баяндады. Елбасы президенттік сайлауға əзірлік пен оны өткізу кезеңінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордан экономиканы қолдауға бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қадаға лау ды одан əрі күшейтудің маңыздылығын атап көрсетті. Мемлекет басшысы бизнес субъектілерін заңсыз тексерулердің саны 6 есе қысқарғанына тоқталды жəне кəсіпкерлер құқығының мүлтіксіз сақталуын бақылауды одан əрі қамтамасыз етуді тапсырды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаровты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Н.Қаппаров қазіргі кезде Қазақстан жалпы əлемдік көлемдегі уран өндірісінің 40 пайызын қамтамасыз етіп отырғанын айтты. Компанияның алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі ядролық отын жеткізу саласындағы көшбасшылардың біріне айналу болып отыр. «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы компанияның жаңартылған даму стратегиясы халықаралық консультанттардың атсалысуымен əзірленгенін, инвестициялық жəне операциялық қызметтің тиімділігін, сондайақ, еңбек өнімділігін арттыруды көздейтінін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Хроника

Мемлекет басшысының Өкімімен Мұхтар Абрарұлы ҚұлМұхаммед Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Асхат Дауылбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

ЎЛЫСТЫ ЎЛЫ ІСТЕРГЕ ЎЙЫСТЫРАТЫН САЙЛАУ

Кезектен тыс президенттік сайлау аса маѕызды конституциялыќ жəне патриоттыќ актіге айналатын болады

● Президент поштасынан

Ґз болашаєымызды Сізбен байланыстырамыз – дейді ќазаќстандыќтар Елбасына жазєан хаттары мен жеделхаттарында

Президент сайлауын өткізу туралы шешімге қолдау білдірген жəне Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылуын өтінген хаттар мен жеделхаттар легі келуін жалғастыруда, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы атына түрлі кəсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшыларынан, денсаулық сақтау жəне білім беру мекемелерінің ұжымдарынан, студент жастардан, ел азаматтарынан Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы сайлауға қатысуын өтінген хаттар легі толассыз келіп түсуде. Қарағанды облысының қала

құраушы кəсіпорындарының басшылары, сондай-ақ, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері, ұстаздары мен ғалымдары Мемлекет басшысының алдағы прези денттік сайлауға қатысуын өтініп, хат жазыпты. «Əлемдік экономикадағы созылмалы дағдарыс жағ дайында тиісті шара қолдану қажет

болғанда Сіз елдің инфра құрылымын дамытуға бағытталған маңызды стратегиялық міндеттерді дер кезінде алға тарттыңыз. Біз Қазақстан халқы Ассамблеясының сайлау өткізу туралы бастамасын қолдаймыз жəне Қазақстан халқының алдындағы осы күрделі кезеңде Сіздің басшылығыңызбен жаһандық сынақтардан табысты өту үшін көпұлтты елдің Елбасының төңірегінде тұтаса түсуі қажет деп санаймыз», – делінген хатта. Қызылорда қаласынан «ПетроҚазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ жұмысшылары президенттік сайлау өткізу туралы шешімді толық мақұлдайды жəне оған Мемлекет басшысының өзі қатысқанын қалайды. (Соңы 4-бетте).

● Жүрекжарды

Жеѕіске жететініѕізге сенеміз! «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Президент Жарлығы шыққалы бүкіл еліміз бөлекше бір өрлеу үстінде. Барша халық қазіргідей күрделі кезеңнің ерекшелігін ескеруден, мемлекеттің еңселі ертеңін қамдаудан туған бұл шешімнің əрі уақтылы, əрі ұтымды екенін айтып та, жазып та жатыр. Ел жұртшылығы, бір жағынан, Елбасымыздың Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысын қолдаған тоқтамына қуануда, екінші жағынан, алдағы сайлауға халық бағына туған перзенттің – Нұрсұлтан Назарбаевтың түсуін қалаған көңілдерін ақ тілектер ағыны ретінде ақтарып салуда. Жан жүрегін жарып шыққан тілегін өлең өрнегімен өріп те, қара сөзбен теріп те жеткізушілер бар. Солардың бірі

– белгілі ақын Ауыт МҰҚИБЕК. Ол Президент Жарлығы баспасөзде жариялан ған кү ні-ақ жүрегінен төгіліп түскен «Дана шешім» атты өлеңін «Егемен Қазақстанға» жолдап, ақын жыры сол күні шығып бара жатқан нөмірде (27 ақпан) жедеғабыл жарияланған болатын. Біз бүгін автордың Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған хатын оқырман назарына ұсынып отырмыз. Бұл хатты Тəуелсіздік жылдарында Президент қамқорлығымен Отанына оралған жүздеген мың ағайындардың ғана емес, қазақ жеріне бет алған ұлы көштің ұлғая түсуін тосып, сəт сағатын күткен қандастарымыздың да ортақ ой-тілегі деп қарауға болады. (Соңы 3-бетте).

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті азаматтардың еңбек құқығын, əсіресе, еңбекақы төлемдеріне қатысты құқықты қорғау қажеттігін айтты. Бас прокурор республиканың барлық өңірінде сотқа дейінгі тергеудің Бірыңғай реестрі іске қосылып, жұмыс істеп жатқаны туралы баяндады. Онда қылмыстық құқық бұзу белгілері бар əрекеттер туралы арыздар мен хабарлар тіркеледі. А.Дауылбаев, сондай-ақ, бюджетті толтыруға жəне пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға бағытталған шаралар туралы баяндап, қадағалау қызметінің өзге де өзекті мəселелері туралы айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Күн тəртібіне сəйкес Мəжіліс алдымен Марат Сəрсембаев пен Владимир Фоосты Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындады. «Сайлау туралы» Заңға сəйкес, Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін Мəжіліс тағайындайды. Осы мəселе бойынша баяндама жасаған Заңнама жəне сотқұқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев екі үміткердің өмірбаяны мен еңбек жолы туралы айтып берді. Үлкен еңбек жолынан өткен екеуі де қазір Орталық сайлау комиссиясында жұмыс істейді. Депутаттар екеуінің де кандидатураларына қарсылық білдірмей, оларды ОСК мүшесі қызметіне бірауыздан тағайындады. Сондай-ақ, жалпы отырыста «Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенция туралы» заң жобасымен жұмысты жалғастыру қолдау тауып, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы үкіметтерінің арасындағы реадмиссия туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Вьет нам Социалистік

Республи касының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау жəне салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімдерді ратификациялау туралы заң жобалары талқыланып, мақұлданды. Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель баяндап, бұл заң жобасы да ешқандай кедергісіз мақұлдануға тиісті еді. Алайда, осы жерде депутат Омархан Өксікбаев орынды сұрақ қойып, баяндаушыны да, басқаларды да біршама тосылдырып тастады. Мəселе заң жобасының қазақ тіліндегі атауының орыс тіліндегі түпнұсқадан дəл аударылмағандығынан туындаған еді. Орыс тіліндегі «О ратификации Договора между Республикой Казахстан и Венгрией о выдаче» деген тақырып қазақшаға «Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау» болып аударылған. (Соңы 4-бетте).

Назар аударыѕыз! 2015 жылғы 26 сəуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына түсетін кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын орналастыруға байланысты «Егемен Қазақстан» газетінің ақпараттық хабарламасын 3-беттен оқи аласыздар.

Арнайы уəкілдіѕ Литваєа сапары 3-4 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Арнайы уəкілі, Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Литвада болды жəне 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі лауазымына Қазақстанды ілгерілету жөніндегі біздің еліміздің өтініші аясында Литваның Сыртқы істер министрі Линас Линкявичюспен, Сейм төрағасының бірінші орынбасары Видас Гедвиласпен, Үкімет

канцлері Альминас Мачюлиспен жəне Көлік жəне коммуникациялар министрі Римантас Синкявичюспен кездесті. Сыртқы саясат ведомствосы басшысымен кездесу барысында И.Адырбеков Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 20172018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болу жөніндегі Қазақстанның өтінішін қолдау бойынша Литва Республикасының Президенті Д.Грибаускайтеге арналған жолдауын табыс етті.

Жүздесуде саяси жəне экономикалық салалардағы екіжақты қатынастар дамуының келешегі де талқыланды. Сауда жəне инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету барысында екі елдің əлеуетін ескеру қажеттігі атап өтілді. И.Адырбеков Видас Гед виласпен кездесуінде екі ел арасындағы өзара қатынастарды, оның ішінде парламентаралық байланыстарды ұлғайту мəселелері туралы пікір алмасты, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

● «ҚазАгро» холдингі еліміздегі құс шаруашылығын лай ықты қаржыландырып келеді. Бүгінде аталған құрылым құс фабрикаларының құры лысына қатысты 26 жоба ға қолдау білдірген. Айта ке тейік, қазіргі таңда өндірістік құс шаруашылығымен 56 фабрика айналысады. Оның 37-сі жұмыртқа, 19-ы бройлер бағытында. ● Былтыр 417 мыңнан астам адам баланың өмірге əкелінуіне байланысты бір реттік жəрдемақы алды. Денсаулық сақ тау жəне əлеуметтік даму министрлігінің мəліметінше, атал ған мақсатқа республикалық бюджеттен 26,1 млрд. теңге жұмсалған. Ал биыл бұл бағытқа 28,4 млрд. теңге қарастырылған. ● Астаналық этномəдени бірлестіктердің ашық есік күндері өтіп жатыр. Қазақ стан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып отырған шара 7 наурызға дейін жалғасады. Оның аясында қала тұрғындары мен қонақтары түрлі ұлттар мен ұлыстардың мəдениетімен жете таныса алады. ● Қарағанды облысында көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жүргі зілуде. Өңірдегі елді мекендер мен инфрақұрылым үшін тіке лей қауіп төндіретін 49 гидротехникалық құрылғы бар. Қазір ауылдарды су тасқынынан қорғауға байланысты арнайы штабтар құрылуда. ● Оңтүстік Қазақстанда заманауи нан зауыты іске қосылды. Түлкібас ауда нында ҮИИД мемлекеттік бағдар ламасы аясында жұмысын бастаған «Түлкібас нан» ЖШС кəсіпорнында жылына 5 мың тонна нан өнімдері шығарылатын бо лады. Мұнда 34 жергілікті тұр ғын жұмыспен қамтылған. Оның алғашқы өнімі ауданның барлық аумағындағы дүкендерге өткізілді. ● Атыраудағы «Теңіз» кенішінде 20 мың жұмыс орны ашылады. Əлемдік нарықтағы мұнай бағасының арзандағанына қарамастан, «Теңізшевройл» компаниясы ел экономикасына салынатын инвестиция көлемін кемітпейді. Құрылым мұнай құрамындағы ілеспе газ, күкірт секілді қоспаларды тазартуға арналған жаңа зауыт салуды жоспарлауда. Жоба жүзеге асқан жағдайда компания жылдық мұнай өндірісін қазіргі 24 млн.нан 36 млн. тоннаға жеткізуді көздейді. ● Жамбыл облысындағы Хантау цемент зауыты толық күшіне енеді. Былтыр іске қосылған зауыт 2014 жылдың соңына қарай жоспарланған 30 мың тонна клинкерді ғана емес, сонымен қатар, қосымша 3 мың тонна жоғары сапалы цемент өндірді. Мойынқұм ауданында орналасқан кəсіпорынның қуаттылығы жылына 500 мың тонна цементті құрайды. Еске сала кетейік, 2007 жылы «ACIG» АҚ Хантау зауытының құрылысы үшін Қазақстан даму банкінің инвестициясын тартты. ● Өскемендегі зауыт тəулігіне 75 тонна сүт өнімдерін шығаруға ниетті. Қалада «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы ірі сүт кластері өркендеп келеді. Өңірдегі «Шығыс сүт» зауыты тұрғындарды сапалы өнімдерімен қамтып отыр. Зауыт толықтай автоматтандырылған. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.

Артыќшылыєы – Ќазаќстанда жасалєан! Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

«АгромашХолдинг» пен «СарыАрқаАвтоПром» зауыттарының өндіріс алаңында Қазақстандағы машина жасау ісі нің кезекті бір салтанаты өткен дей əсер қалды. Елбасы Нұрсұл тан Назарбаевтың бастамасы мен өмірге жолдама алған «Қазақстанда жасалған» акциясы отандық өндірістегі өнімдерді қолдау жəне қарқынды дамытуды мұрат тұтқан болатын. Акцияға республика Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов, Алматы қаласы əкімінің орынбасары Юрий Ильин, Инвестициялар жəне даму министрлігі мен Қаржы министрлігінің, Алматы қаласы ішкі істер департаменті, Ақмола, Алматы жəне Қостанай облыстары əкімдіктерінің, сонымен қатар, ірі бизнес құрылымдарының өкілдері қатысты. «А г ромашХ олди нг » жəн е «СарыАрқаАвтоПром» зауыттар ындағы əлемдік брендтер Ssang Yong пен Toyoto жүрдек авто мобильдері, IVEGO жүк машинасы құрастырылып жатқан цехтар ды аралап көрудің өзі туризм қы зығынан кем емес.

Тазалығынан шыбын тайып жығылатын цехтарда машина құрастырушылар зергерлердей жұмыс істеп жатыр. Зауыттар басшылары Алек сей Сидоренко мен Андрей Лаврентьев атшаптырым цехтарды қонақтарға аралата жүріп, толық

өндірістік үдеріс, соның ішінде бəрі дерлік роботталған автомобиль шанағын дəнекерлеу жəне бояу, шанақ пен раманы жалғау үде рісі, барлық кезеңдер мен əрбір желі жұмысының нəтижесі ретінде кəсіпорынның дайын өнімін акцияға қатысушылардың

назарына ұсынды. Бүгінгі күні «АгромашХолдинг» пен «СарыАрқаАвтоПром» өндірістік алаңдарында өндірілген автомобильдердің барлық модельдер қатары 7 брендтің 43 үлгісін құрайды. (Соңы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.