Бүгінгі нөмірде: Үкімет
№100 (28039) 5 СƏУІР ЖҰМА 2013 ЖЫЛ
3-4-беттер Жылжымалы, қалдықсыз қасапхана 5-бет Қаламен іргелес қонса да... 6-бет Дөңгеленген дүние үйіңізде 9-бет
Маѕызды мəселелер ќозєалєан кездесулер
Индустрия игілігі
Жергілікті жерлерде заңдардың орындалу барысын қадағалау, аймақ тұрғындарын толғандыратын мəселелерді білу жəне олардың сұрақтарына жауап беру, сондай-ақ өздері атқарып жүрген заң шығару қызметтері туралы баяндау мақсатында Парламент Мəжілісінің депутаттары аймақтарға аттанған болатын. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Осы мақсатта Маңғыстау облысына Парламент Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин келді. Мəжіліс Төрағасы алдымен Жаңаөзен қаласына барып, «Өзенмұнайгаз» кəсіпорнының еңбек ұжымымен жүздесті.
Ел тынысын байқау үшін келген ресми өкілге мұнай өндіру саласындағы қалыпты ырғақты таныстыру үшін кездесу жер асты қондырғыларын жөндеу жəне диагностикалаумен айналысатын жаңа цехта өтті. Кəсіпорынның экологиялық жəне өндірістік қауіпсіздігін нығайтып, жаңа қондырғыларды
сатып алуға кететін шығындарды қысқартатын цехта 300-ден астам адамға жұмыс табылатын болады. Мұнай саласының қызметкерлерімен кездесуінде қазіргі таңда Мəжіліс депутаттары қолға алып жатқан маңызды заң жобалары туралы баяндаған Н.Нығматулин жер қойнауын пайдалану барысында отандық заңнамаларды жетілдіру тақырыбына айрықша тоқталды. Сондай-ақ, əлеуметтікэкономикалық мəселелер мен кəсіподақ қызметін дамыту маңыздылығына назар аударды. (Соңы 2-бетте).
Ќазаќстан-Украина:
Алєа адымдаєан «Азия-Авто» Өткен жыл еліміздегі автомобиль өндірісінің тұңғышы – «Азия-Авто» акционерлік қоғамы үшін жемісті жыл болды. Жыл көлемінде 16513 қазақстандық үлгідегі жеңіл көліктердің 19 түрі шығарылды. Оның ішінде 14998 көлік иелерін тапты. Өскемендегі көлік зауыты өнім өндіруді бірнеше есе арттырды. Бұл табыстың өздігінен келмегені белгілі. Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ал биылғы жыл былтырғыдан да табысты болатын түрі бар. Жақында зауытта «KIA Cerato-2014» седан көлігі шығарыла бастады. Қазақстандық зауыт бұл көлікті жасауды қолға алған алғашқы кəсіпорын. Аталмыш седан кореялық компанияның ең табысты əрі белгілі үлгісі саналады. Əлем бойынша бұл көліктің 2,5 миллионы тіркелген. Айта кету керек, көліктің бұл түрін зауыт 2010 жылдан бастап
шығарып жатыр. Үш жылда жаңа көлік елімізде ең көп сатылатын тұлпардың ішінде үштікке кіріп үлгерген. Ең басты мəселе – сапа. Сапалы көлік шығару үшін ізденіс пен ілкімділік керек. Біз құрастырушы мамандардың біліктілігін арттыруға назар аударамыз. Мамандар шетелдерде білімдерін жетілдіреді. Бір ай бұрын көліктің тағы бір жаңа түрі – «KIA SIТ» хечбекті өндірісте құрастыра бастадық. Оған сұраныс көп. Ал бір апта бұрын көлік тің жаңа эксклюзивті түрі
АҚПАРАТТАР аєыны Кеше елордада энергоаудит жəне энергиялық менеджмент мəселелері талқыланды. Шараға Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жəне құрылыс ұлттық палатасы, сондай-ақ БҰҰ Даму бағдарламасы қолдау білдірді. Онда аталмыш жүйені енгізудің қазақстандық моделінің кең ауқымды жол картасы жайында да əңгіме қозғалды. Шымкенттегі «Химфарм» АҚ үш жылда дəрідəрмек экспортын 30 пайызға ұлғайтады. Бұған алдағы қараша айында зауыттың жаңа ампулалықинфузиялық цехы құрылысы аяқталғаннан кейін жол ашылады. Бұл кезде ампула өндіру көлемі 35-50 миллионға дейін ұлғаяды. Қазіргі 32 дəрі-дəрмек түрі 90-нан асырылады. Елордада өтетін бос орын жəрмеңкесі мыңнан аса орын ұсынады. Сəуірдің 23-і күні өтетін акцияны қала əкімдігі ұйымдастырып отыр. Мұнда мектеп бітірушілер сұранысқа ие мамандықтармен жəне жоғары оқу орындарымен таныса алады. Көрмеде 30-дан астам кəсіп түрі болады. Астана мен Үрімші арасында жолаушылар
– ау қатты адамдар тұтынатын «KIA KUORIS» көлігі өмірге жолдама алды. Оның бағасы 7085 мың АҚШ доллары көлемінде. Ал шетелдерде ол отыз пайыз қымбатырақ. Үстіміздегі үш айда ғана біздің зауыттан 6685 көлік шығарылды. Екі айда көліктердің 3249-ы сатылып кетті. Сенесіз бе, ел экономикасының қарыштап алға басуынан болар, Өскеменде құрастырылатын көліктерге сұраныс күшейіп барады, тіпті қажет көліктерін сатып алуға жарты жылға дейін кезекке тұратындар кездеседі. Демек, көлік сапасы автоəуесқойлар көңілінен шықты деуге негіз бар. Жыл аяғына дейін былтырғы көрсеткіштен асып түсуге мүмкіндік толық, дейді «Азия-Авто» АҚ президенті Ержан Мандиев. Осыдан бір жыл бұрын
пойызы қатынайды. Алдағы 6 сəуір күні бағытын бастайтын екі топтық халықаралық №54 жолаушылар пойызының жолда жүру уақыты 39 сағат 12 минутқа созылады. Пойыз Қарағанды, Ағадыр, Мойынты, Балқаш-2, Саяқ, Ақтоғай, Достық стансаларында аялдайды. «Ақтөбе» жүрдек пойызына тағы 8 қосымша вагон қосылды. Осыған орай жаңартылған составқа жалпы жолаушылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бір-бірден «гранд санатты» бөлек вагондар, 1 вагон-конвертер, 2 «бизнес санатты» жəне 3 «турист» вагондары тіркелді. Осы арқылы жаңартылған құрам 19-дан 27 вагонға дейін көбейтілді. Қызылордада «Балапан» бағдарламасы табысты жүзеге асып келеді. Бүгінгі таңда облыс орталығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 99-ға жетті. Оның ішінде 20 мемлекеттік жəне 41 жеке меншік балабақша, 38 мектепке дейінгі шағын орталықтар жұмыс жасауда. Оларда 9881 бала тəрбиеленуде.
Ресейдегі алып кəсіпорын «АвтоВАЗ» компаниясы Үкімет басшыларының араласуымен өскемендік «Азия-Авто» зауытымен келісімге келіп, бірлесіп көліктердің жаңа түрін шығару, экономикалық қарым-қатынас орнату жөнінде меморандумға қол қойған. Келешекте көлікке қажет қосалқы бөлшектерді құрастыру, шанақтарын жасау жергілікті жерде жүзеге аспақ. Облыстық əкімдік жаңа зауыт құрылысына мыңдаған гектар жер телімін берді. Отандық өндіріс дамыған жерде ел экономикасы да қарыштап алға баса бермек. ӨСКЕМЕН. -----------------------------Суретте: «Азия-Автода» шығарылған жаңа көлік. Суретті түсірген автор.
Байланыстар беки тїспек Кеше еліміздің ПремьерМинистрі Серік Ахметов Украина астанасы Киев қаласына ресми сапармен келді. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан» – Киевтен.
Сапар негізінен екі күнге жоспарланған. Оның алғашқы күнінде Қазақстан ПремьерМинистрі өзінің украиналық əріптесі Николай Азаровпен кездесті. Алдымен шағын құрамда екеуара кездескен Үкімет басшылары екі ел арасындағы қарымқатынасты одан əрі дамыту жайында сөз қозғады. Екіжақты жəне көпжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мəселелерін талқылап, халықаралық мəселелер бойынша пікір алмасты. Өз кезегінде С.Ахметов бұл сапардың маңыздылығына тоқталып, ресми кездесу екі елдің игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты одан əрі
Мемлекет мақтанышы
Жерлестері əлем чемпионын кїтіп алды Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».
Қостанайлықтар конькимен сырғанаудан əлем чемпионы Денис Кузинді темір жол вокзалынан мерекелік шерумен күтіп алды. Өзі оқыған мектептің ұстаздары, оқушылары, жанкүйерлері чемпионның құшағын гүлге толтырды. – Сочиде өткен əлем чемпионатында 1000 метрге сырғанаудан бірінші келіп, жеңіс тұғырында еліміздің көк Туын желбіреткен Денис Кузин КСРО кезеңінен бері қарай, жалпы, Қазақстан тарихында конькимен сырғанаудан тұңғыш əлем чемпионы болып табылады. Денис – тек Қостанайдың ғана емес, еліміздің мақтанышы. Əлемге Қазақстанның атын тағы бір паш етті. Міне, енді, əлем чемпионы ортамызда! – деді облыс əкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов. Мұнан кейін Денис Кузин темір жол вокзалының күту залында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспасөз мəслихатын өткізді. Чемпион мен оның жаттықтырушысы Петр
ҚазАқпарат, Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.
Айтайын дегенім...
Газеттер сіреспеден ќашан ќўтылады? Көпшілікке жақсы мəлім мына жайтты мемлекеттің бас газеті арқылы тағы да депутаттардың есіне салуды жөн көрдім. Бүгінде мысалы, біздің облыстың аудандық газеттерін түрлі нормативтікқұқықтық актілер «көміп жатыр». Мысалы, біздің аудандық «Жайық таңы» газетіне барлығы 700 беттік мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің алды түсе бастады. Барлық аудандық газеттер өзінің беттерін көбейтіп, содан «құтылуды» көздегенмен, бұған мүмкіндік жоқ. Өйткені, бет санын көбейтуге қаржы керек емес пе? Ал бұл қаржы əлденеше миллион теңге болып шығады, оны табуға аудандардың мүмкіндігі жоқ. Мəселен, əлгі 700 беттік дүниені
жариялауға қосымша беттер үшін «Жайық таңына» 7 миллион теңге керек екен. Егер мұндай ақшаны қағаз үшін жұмсаса, ауданға барып тұрған обал болатыны да əбден белгілі нəрсе. Ал Əділет департаменті «заң солай, жариялануы керек» дейді. Жарияланғанда да, екі тілде міндетті түрде басылуы қажет. Міне, біз жұрт оқитын газет шығарамыз ба, əлде, халық қолына алғанда толған цифр, диаграмма, көпшілік түсіне бермейтін шұбатылған актілер шығарамыз ба? Қысқасы, нормативтікқұқықтық актілерді жариялау жөнінде тиісті заңнамаға бұл таңда Интернеттің де бұқаралық ақпарат құралдарына жататыны жайында
қағида тездетіп тиянақталмаса, аудандық газеттер тұйыққа тірелетіні кəміл. Қазір газеттің əр жаңа санын алған оқырман қауым «мұнда оқитын ештеңе жоқ қой!» деп, пұшайман күй кешуде. Бұл – тек аудандық емес, қалалық, облыстық, тіпті республикалық басылымдардың да басында бар мəселе. Көпшілікке емес, негізінен белгілі бір салаға қатысы бар, құжатты ұсынушы органның немесе басылымның сайтында жариялаумен шектеліп, осы арқылы қыруар қаржы үнемдеуге болатын мəселені неге халық қалаулылары ескермейді? Газеттер нормативтікқұқықтық актілермен тола берсе, қызғылықты, өміршең мақалаларға орын қалмай, оқырмандарын жоғалтатыны ақиқат... Болат ЕСҚАЛИЕВ, журналист. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы.
нығайтуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ, елдер арасындағы əріптестікті бұдан əрі де жетілдіріп, ынтымақтастықты қарқынды дамыта түсу қажеттігін атап өтті. «Қазақстан мен Украинада əлемдік қаржы дағдарысын
еңсеретін мүмкіндік, əлеует жəне ұмтылыс бар. Сонымен қатар, дағдарысқа қарамастан елдеріміздің арасындағы тауар айналымы елеулі түрде артып, өткен жылы 5,5 млрд. АҚШ долларын құрады», деді С.Ахметов. (Соңы 2-бетте).
Пастушенко журналистердің көптеген сұрақтарына жауап берді. – Мен жарақат алуыма байланысты спортпен қош айтысатын шығармын деп ойлаған едім. Жаттықтырушыларым осы чемпионатқа қатысуымды сұрап, мүмкіндігімнің мол екенін айтты. Бұл маусым мен үшін жаман басталғанымен, өте жақсы аяқталды. Бұл жеңістің алдағы жауапкершілігі мен үшін тіпті ересен болатынын да білемін. Енді, тек жаттығу, тек қана жаттығу керек. Еңбек еткенде ғана жеңіс туралы сенімді ойлауға болады, – деді Д.Кузин. – Əлем чемпионатын қалт еткізбей қарап отырдым. Денис бірінші келгенде көз жасымды тыя алмадым, – деді оның алғашқы жаттықтырушысы Петр Пастушенко. Əлем чемпионын облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов қабылдап, жерлесімізді үлкен жеңісімен құттықтады. Еліміздің көк байрағын желбіреткен спортшы жеңісінің сүйіншісіне Қостанай қаласынан екі бөлмелі пəтердің кілтін ұстатып, тағы да ақшалай сый-сияпат жасады. Ал Д.Кузиннің жаттықтырушысы П.Пастушенкоға «Қостанай қаласының құрметті азаматы» атағы берілді жəне 1,5 миллион теңге ақшалай сыйлық табыс етілді. ҚОСТАНАЙ.
Жазылған жайдың жалғасы
Айлыќта айырмашылыќ болмайды Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
«Егеменнің» 16 наурыздағы №88 санында «Ауылдағының аузы сасық па?» деген мақала жазып едік. Мұнай компанияларындағы еңбек əділетсіздігі туралы.
Мысалы, қазақстандық азамат пен шетелдік маманның атқаратын жұмысы бір болса да, жалақысында он еселік айырмашылық бар. Жер мен көктей. Бірі үш жүз мың теңгеге жегілсе, екіншісі шырт түкіріп үш милллион теңге алады. Айтқан сөзіміз айдалаға
кетпеді. Қызылорда облысының əкімі Қырымбек Көшербаев осы мəселеге қатысты ке ңейтілген мəжіліс өткізді. Оған шетелдік компанияның басшылары, құзырлы орындардың қызметкерлері қатысты. Мəжілісте Бақылау жəне əлеуметтік қорғау департаментінің
директоры Нұрлыбек Жолдасбеков баяндама жасады. Департамент директоры ешнəрсені жасырып қалмады. Бəрін баян етті. Тыңғылықты тексерудің нəтижесін мəлім қылды. Ал аймақ басшысы еңбек əділетсіздігін тоқтату керек дегенді баса айтты. (Соңы 5-бетте).