05042014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№66 (28290) 5 СƏУІР СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Жўмылєан аєайындай жеті баєыт 2-бет Еѕбек деген байлыќ бар, ерінбеген жетеді 4-бет Бəсеке бəсі – білікті білім 5-бет Сау барды. Мїгедек болып ќайтты 7-бет

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына сəйкес: Бақытжан Əбдірұлы Сағынтаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары; Гүлшара Наушақызы Əбдіқалықова – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; Əсет Өрентайұлы Исекешев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі; Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі; Берік Мəжитұлы Имашев – Қазақстан Республикасының Əділет министрі; Аслан Бəкенұлы Сəрінжіпов – Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрі; Салидат Зекенқызы Қайырбекова – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі; Тамара Босымбекқызы Дүйсенова – Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі; Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасының Көлік жəне коммуникация министрі;

Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров – Қазақстан Республикасының Қоршаған орта жəне су ресурстары министрі; Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мəдениет министрі; Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин – Қазақстан Республикасының Мұнай жəне газ министрі; Болат Бидахметұлы Жəмішев – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі; Ерлан Əбілфайызұлы Ыдырысов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі; Владимир Карпович Божко – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі; Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі; Ерболат Асқарбекұлы Досаев – Қазақстан Республикасының Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі; Жанар Сейдахметқызы Айтжанова – Қазақстан Рес публикасының Экономикалық интеграция істері министрі; Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 4 сəуір. №787

Əріптестікке ќашыќтыќ кедергі келтірмейді Ақордада Мемлекеттік хатшы Əділбек Жақсыбеков СьерраЛеоне, Мальта, Португалия, Хорватия, Кипр жəне Чад Республикаларының елшілерінен Сенім грамоталарын қабылдады. Екіжақты кездесулер барысында мемлекетаралық қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Елшілер алдында сөз алған Əділбек Жақсыбеков жаһандану жағдайында саяси-экономикалық, сауда, ғылым, мəдениет жəне өзге де салалардағы ынтымақтастықты дамыту мемлекеттердің ұлттық мүдделеріне сай келетінін жеткізді. Сондықтан, тараптар кең ауқымды мəселелер бойынша өзара байланыстарды кеңейтуге айрықша мүдделі екендіктерін атап өтіп, сан түрлі бағыттар бойынша ықпалдастықты жандандыру жайын талқыға салды. Мəселен, олардың қатарында халықаралық жəне өңірлік қауіпсіздік, өзара инвестиция жəне сауда, энергияның балама көздері мен агроөнеркəсіп кешені, білім жəне ғылым, туризм жəне басқа да перспективалы салалар бар. Мемлекеттік хатшы өз кезегінде аталған мемлекеттердің Төтенше жəне өкілетті елшілерінің қызметтері Қазақстанмен арадағы ынтымақтастық əлеуетін нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Сенім грамотасы тапсырылғаннан кейін Төтенше жəне өкілетті елшілер журналистердің алдына шығып, өз ой-пікірлерін жеткізді. Мəселен, Мемлекеттік хатшыға Сенім грамотасын табыс еткен Джон Сар Фрэнсис Ямбасу – Атлант мұхитының батыс жағалауында орналасқан, халқының саны 6 млн. адамды құрайтын Сьерра-Леоне мемлекетінің Төтенше жəне өкілетті елшісі. Джон Сар Фрэнсис Ямбасу Қазақстанға, оның ішінде Астанаға шақырылғанына ризашылығын білдіре келе, алдағы уақытта екіжақты əріптестікті дамытуда сенім үдесінен шығуға күш салатынын жеткізді. Ол – «Біз Еуропалық Одақтың бір бөлшегіміз. Сондайақ, бірқатар өңірлік ұйымдардың белді мүшесіміз. Еліміз пайдалы қазба байлықтың мол қорына ие. Бізде 20 млрд. тоннадан астам темір кені бар», дей келе болашақта Қазақстан мен Сьерра-Леоне арасында тығыз ынтымақтастық орнайтынына сенімділік танытты. Сөзінің соңында елші Қазақстан халқын, олардың тұрғындарын

Атлант мұхитының жағалауында орналасқан елге турист ретінде келуге, екіжақты кəсіпкерлікті дамытуға шақырды. Мальтаның Төтенше жəне өкілетті елшісі Джон Дебоно да өзінің əріптесі секілді Қазақстанға шақырылғаны үшін алғысын білдірді. «Мен Мальта деп аталатын шағын мемлекеттен келдім. Болашақта біздің мемлекеттеріміз арасында тығыз байланыстар орнайды деген үмітім бар. Біз екі ел арасын жалғайтын əріптестікті туризм саласынан бастау қажет деп есептейміз. Мальта – Еуропалық Одақтың жəне басқа да өңірлік ұйымдардың мүшесі. Бұған қоса, еліміз Африка құрлығының солтүстік бөлігімен шектесетіндіктен, осы елдермен тығыз байланыс орнатқан. Сондықтан, дəл осындай ынтымақтастық Қазақстанмен де нығая түседі деп ойлаймыз», деді Джон Дебоно. Оның пікірінше, əріптестік байланыс екі елдің дамуына оң ықпал ететін болады. Португалия Республикасының Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Марио Годиньо де Матуш: «Мен бүгінде Ресей жерінде тұрамын. Ал Астанада біздің елшіліктің арнайы офисі бар. Оны менің əріптесім басқарады.

(Соңы 2-бетте).

Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХІ сессиясының қарсаңына орай əзірленген материалдарды 3-беттен оқисыздар.

Палатаныѕ кїн тəртібі ќаралды Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың басқаруымен палата бюросы өтті. Онда алдағы өтетін депутаттардың жалпы отырысында қаралатын мəселелер нақтыланды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Депутаттардың талқылауына Қылмыстық кодекс жобасы ілеспе түзетулерімен екінші оқы лымға шығарылатын болды. Пала таның салалық комитетінің мəлімдеуінше, Кодекстің жаңа редакциясы Қазақстан Президентінің тап сырмасымен 2012 жылғы 6 қаңтарда 20102020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұ жы рым дамасының ережелерін, жəне де мемлекеттердің халық ара лық міндеттемелерін іске асыру қажеттілігін ескере отырып жасалған. Бұл актінің іске асырылатын тұжырым дамалық бағыттары, бір жағынан, бірінші рет жасалған немесе əлеуметтік əлсіз тұлғалар жасаған қылмыстарға қатысты тағаттылық тəсілдерін кеңейтеді, екінші жағынан, ауыр қылмыстарға, қылмыстың қайталануына,

● VII Астана экономикалық форумы қарсаңында

«Жасыл» экономика жолында Соңғы жеті жыл көлемінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласында əлемдік экономикалық форум өткізу дəстүрге айналды. Осы қалыптасқан дəстүр бойынша, биылғы мамыр айының 21-і мен 23-і аралығында елордада VII Астана экономикалық форумы жəне осы жаһандық жиын аясында ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция ұйымдастырылатын болады. VII Астана экономикалық форумында Елбасы ұсынған «Жасыл көпір» жобасы кеңінен талқыланбақ. «Жасыл көпір» жобасы ауқымындағы шара барысында «ЭКСПО-2017 – тұрақты даму қуаты» атты конференция ұйымдастырылмақ. Осынау жиын ұйымдастырушыларының бірі болып табылатын «жасыл» экономика үшін жəне G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі (ЗТБ) басқарма төрайымы Салтанат РАҚЫМБЕКОВАНЫ əңгімеге тартқан едік. – Салтанат Темірқұлқызы, VII Астана экономикалық форумы аясында қарапайым шараларды саралап берсеңіз... – Биылғы жылдың 21-23 мамыры аралығында қаламызда VII Астана экономикалық форумы жəне II Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция өткізілетіні белгілі. Əлемдік пікірсайыс алаңына айналған форум төңірегінде Давос экономикалық форумының көшпелі сессиясы, Бреттон-Вудс келісімінің 70 жылдық мерейтойы жəне ЮНКТАД-тың 50 жылдық мерейтойы шаралары өтетін болады. Жыл сайын Астана экономикалық форумы əлемнің түкпір-түкпірінен шақырылатын ең беделді мемлекет басшыларының, саяси жəне қоғам қайраткерлерінің, Нобель сыйлығы лауреаттарының, танымал экономистердің,

халықаралық ұйымдар басқарушыларының жəне басқа əлемдік сарапшылардың басын қосады. Өзіңізге белгілі, əлемде санаулы халықаралық экономикалық алаңдар бар, солардың қатарында Давос форумын, Санкт-Петербург жəне Боао Азиялық экономикалық форумдарын атап өтуге болады. Əлемнің танымал ғалымдары мен саяси тұлғаларының мойындауымен халықаралық деңгейде аталмыш алаңдармен дəрежесі теңесіп үлгерген, елордамыз Астанада соңғы кезде дəстүрлі түрде өтіп келе жатқан экономикалық форумды мақтаныш тұтуға əбден болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Астана экономикалық форумы қазіргі таңда халықаралық экономикалық

деңгейде шын мəнінде маңызды орын ала бастады. Астана экономикалық форумы ел экономикасына инвестиция тарту үшін таптырмас орта, сонымен бірге, туризм мен кəсіпкерліктің дамуына зор ықпалын тигізеді. – «Жасыл» экономика тұжырымдамасы ұлттық экономиканың барлық салаларына табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін «жасыл» принциптерді кіріктіруді көздейді. Осы тұрғыда бүгінгі күнге дейін не атқарылды? – Негізінен, «жасыл» экономика үшін жəне G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ «жасыл» экономика мен əлеуметтік инновациялар бойынша келісілген үкіметтік емес ұлттық қоғамдық ұйым болып табылады. Ерекше атап өтерлік мəселе, бұл əлемдегі «жасыл» экономика бойынша өзінөзі қаржыландыратын жалғыз қоғамдық бірлестік. Коалицияның басты міндеті «жасыл» өсім қағидаларын енгізуге көмек көрсету үшін, экожүйелік тəсіл негізінде өңірлердің кешенді дамуы мен «жасыл» инновациялық инфрақұрылым үшін, «жасыл» экономикаға өту үшін құқықтық жəне институционалдық негіз қалыптастыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес, ғылым мен билік органдарының мүмкіндіктері мен күш-жігерін жұмылдыру болып табылады. (Соңы 2-бетте).

ұйымдасқан қыл мыс керлікке жəне сот төрелігіне ке дергі жасауға ден қоюды қатаңдатады. Бюро мүшелері, солармен бірге, Əлеуметтік-мəдени даму комитетінің Солтүстік Қазақстан облысында көшпелі отырысын өткізу туралы (2014 жылғы 14-15 сəуір) ұсыныстарын да қолдады. Сондай-ақ, отырыста алдағы мамыр айында болатын «Экономика салалары үшін техникалық жəне кəсіптік, жоғары білім беру жүйесінде кадрлар даярлаудың сапасы мен перспективалары туралы» парламенттік тыңдаудың ұйымдастырылу мəселелері де қарастырылды. Мəжіліс Төрағасы Қ.Жақыпов салалық комитеттерге жалпы отырысқа шығарылатын заң жобасына əзірлікті жанжақты жүргізуді тапсырды.

Сарапшы тїйген ой

Кеше БҰҰ-ның Астанадағы офисінде осы Ұйымның Дін мен сенім бостандығы бой ын ша арнайы баяндамашысы Хайнер Би лефельдт журналистермен баспасөз мəслихатын өткізді.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

2010 жылдың 1 тамызынан бері БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы болып тағайындалған сарапшы, профессор Хайнер Билефельдт елімізде наурыздың 25-інен сəуірдің 5-іне дейінгі аралықта Алматы, Қарағанды, Астана қалаларындағы түрлі діни бірлестіктердің өкілдерімен, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерімен жүздесіп, сапары аяқталар сəтінде журналистермен басқосуды ұйғарыпты. – Қазақстан Үкіметінің шақыртуы бойынша келдім, мен де жəне менің командам да қазақстандықтардың бізді өте жылы рəуіште қарсы алған, қонақжай пейіліне ризашылығымызды білдіреміз,– деп сөз бастады сарапшы. – Мұны баяндаманың түбегейлі қорытылмаған, алдын ала нұсқасы деп қабылдағандарыңыз жөн, келешекте сапардан түйген ойлар мен жинақталған материалдар тыңғылықты зерделеуден өтіп барып, тек жылдың аяғында ғана нақтысы БҰҰ-ға тапсырылады. (Соңы 2-бетте).

АҚПАРАТТАР аєыны

● Биылғы эпидемиологиялық кезеңге, оның ішінде кенелерге қарсы күреске республикалық бюджеттен 614 млн.теңге бөлінді. Ресми дерекке жүгінсек, елде Hyalomma атты кене түрі кең тараған екен. Ол қауіпті ауруларды тасушы болып саналады. Негізінен бұл кене Жамбыл, Қызылорда жəне Оңтүстік Қазақстан облысында кездеседі. ● Елордадан Қарағанды облысының Көкпекті ауылы тұрғындарына құны 10 млн. теңгеден асатын гуманитарлық жүк жөнелтілді. Астана қаласы əкімдігінің дерегіне жү гін сек, азық-түлік пен материалдық тауарлардың жалпы салмағы 20 тоннаны құрайды. ● Алматы қаласында Қазақстан мен Ресей елінің бірлескен «Гем» медициналық зертханасы ашылды. Жаңа зертханада биохимия, гормондар, микробиология, цитология, онкомаркерлер сынды 1000-нан аса бағытқа диагностика жасау қызметтері көрсетіледі. Мамандардың айтуы бойынша, бұл орталық сырқаттың алдын алуға мүмкіндік береді. ● Шығыс Қазақстан облысында «Мейірім» атты қайрымдылық акциясы негізінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 151 жасөспірімге өткен жылы пəтер кілті табыс етілді. Ал келер жылдың соңына дейін осындай санаттағы 260тан аса бала ларды баспанамен қамту жоспарланған. Аталмыш қайырымдылық акциясы 3 жылдан бері жалғасын тауып келеді. ● Петропавл қаласында «Саламатты Қазақстан» тақырыбында көрме-жəрмеңке өтті. Онда мүмкіндігі шектеулі балалардың қолөнер туындылары қойылды. Көрмеге келушілер балғындардың қолынан шыққан дүниелерді сатып алды. ● Батыс Қазақстан облысында 1 мамырдан бастап Ұлы Отан соғысы ардагерлері коммуналдық төлемдерден босатылады. Қазіргі кезде жергілікті жерде 232 соғыс ардагері есепте тұр. Бұл тұста соғыс жылдарында тұтқында болғандар мен қоршауда қалғандарды қоса есептегенде, барлығы 259 адам жоғарыда аталған мүмкіндікті пайдаланады. ● Атырау облысында келер жылы қуаттылығы 2 мың тоннаға жететін құс фабрикасы іске қосылады. Ал қазірге кезде Жылыой ауданында бір құс фабрикасы жұмыс істеп тұр. Осы арқылы жергілікті өңірде тауық еті мен жұмыртқа көлемін ұлғайту көзделіп отыр. BNews.kz, Nur.kz, Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.