05052014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Интеграция – елдер їшін игілік 4-бет Телаєыс 5-бет Майдангерлер ўрпаќтарымыз 6-бет Бас жїлде ќостанайлыќ əншіге бўйырды 8-бет

№86 (28310) 5 МАМЫР ДҮЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

ЌАЗАЌСТАН АЗИЯ ДАМУ БАНКІМЕН ЫНТЫМАЌТАСТЫЌТЫ ДАМЫТА БЕРМЕК Бұдан бұрын газетімізде хабарланғандай, Астанада Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің биылғы жылғы 47-ші мəжілісі өтуде. Мұндай халықаралық үлкен жиын 2013 жылы дəл осы уақытта Үндістанның астанасы Дели қаласында өткен болатын. Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің Қазақстандағы 47-ші мəжілісінің ресми түрде ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйледі. Қазақстан басшысы өз сөзінде мəжілісті өткізуге біздің елімізді таңдап, зор сенім білдіргендері үшін Азия даму банкінің барлық мүше-мемлекеттеріне алғыс сезімін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылы Қазақстанның Азия даму банкімен (АДБ) серіктестік қарым-қатынас орнатқанына 20 жыл толатындығын да атап көрсетті.

Президент тапсырмалары ерекше баќылауєа алынсын «Қазақстан-2050» Стратегиясы міндеттерін тиімді жүзеге асыру жəне басты мақсат – əлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына ену үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі тарапынан Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бақылауды күшейту жəне саяси қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру бойынша жұмыстардың жаңа пішіні енгізілді. Президент Əкімшілігінің құры лымдық бөлімшелерінде сараптамалық топтар құрылып, Мемлекет басшысы тапсыр маларының сапалы жəне уақтылы орындалуын бақылау бойынша жаңа жүйе жасалды. Үстіміздегі жылдың сəуірінен бастап Мемлекет басшысының акті лері мен тапсырмаларын орын дау бойынша жүргізіліп жат қан жұмыстар туралы Премьер-Министр Кеңсесі басшылығының, министрлердің орынбасарларының, жауапты хатшылардың, облыс əкімдері орынбасарларының, ұлттық компаниялар жетекшілерінің есептері тыңдалатын апта сайынғы кеңес тəжірибесі енгізілді. Кеңес қорытындылары бойынша Президент Əкімшілігі Үкіметке Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы жəне уақтылы жүзеге асыру бойынша, қажет болған жағдайда орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдардың саяси мемлекеттік қызметкерлерін жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдамалар жолдайды.

Бірінші кеңестің қорытындылары бойынша Үкіметке Мемлекет басшысының орындалу мерзімі есептік кезеңге сəйкес келген 33 тапсырмасының жүзеге асырылу барысы туралы ұсынымдамалар жолданды. Үкімет енгізілген ұсынымдамалар мен ұсыныстарды орындау бойынша жедел түрде шаралар қабылдады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің осы өкімінің негізінде Үкіметтің 2014 жылға арналған заң жобалау жұмыстарын орындау жоспарының мерзімін бұзғаны үшін Қаржы вице-министрі Р. Дəленов пен Экономика жəне бюджеттік жоспарлау вицеминистрі М. Əбілқасымоваға, Моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға бақылауды əлсіреткені үшін Өңірлік даму вице-министрі С. Жұманғаринге ескертулер жарияланды. Президент Əкімшілігі мен Үкіметтің Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақтылы жəне сапалы орындау бойынша бірлескен жұмысы жалғастырылатын болады.

Телефон арќылы сґйлесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Разакпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан».

Осы жылдар ішінде Банк біздің елімізге 3,5 миллиард доллар инвестиция салды. Өткен жылдан бастап Қазақстан Банктің доноры атанды. Біздің еліміз Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасына белсенді қатысады. Осы жұмыстың шеңберінде Банкпен бірлесе отырып, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дəлізін қайта құру мақсатындағы маңызды жоба іс жүзіне асырылады, деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті біздің еліміздің жəне АДБ-ның бірлескен қызметі жалпы азиялық өңірдің экономикалық өсімін қамтамасыз етуге бағытталғандығын атап көрсетті. Қазақстан өзара инвестицияны қорғау туралы Азияның 14 мемлекетімен келісім жасалған. Азиялық инвестиция 2013 жылы жалпы құрылымда 17 пайызға жетті. Азия даму банкі Орталық Азия, Таяу Шығыс жəне ОңтүстікШығыс Азия елдеріндегі ұзақ мерзімдік инвестиция тартудың маңызды көзі болып табылады. Оның үстіне Банк беделі АзияТынық мұхиты өңірінің шеңберінен асып кетеді, оған АҚШ, Канада, Германия сияқты əлемнің дамыған елдерінің қатысуы дəлел болады. Банктің инклюзивтік жəне тұрақты өсімді ынталандыру жөніндегі нақты стратегиясы, сонымен бірге, интеграцияны дамытуды қолдауы əлемдегі көптеген адамдарға өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Тек соңғы ондаған жылдың ішінде ғана АДБ-ның қолдауымен миллиондаған жастар сапалы білім алуға, миллиондаған үй шаруашылықтары сапалы ауыз су жəне электр қуатына қолжетімділікке, өңірдің миллиондаған тұрғындары əлеуметтік қызмет стандарттарын арттыруға мүмкіндік алды, деп атап көрсетті Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев 47-ші

мəжілістің «Жаңа Жібек жолы: Азияны өзгерістегі əлеммен ұштастыру» атты негізгі тақырыбы біздің еліміздің тарихымен ерекше үндесетіндігіне назар аударды. Бүгін біз Ұлы Жібек жо лын жаңғыртудың жаңа дəуірі нің басталғанына куə болып отырмыз. Оның Азияны дамыту жолында жаңа дəуір болатын дығына сенімдімін. Оның бірқатар алғышарттары бар. Бұл – Қытай, Үндістан, Жапония, Корея жəне басқа да бірқатар мемлекеттерді біріктіретін ең серпінді түрде дамушы өңір. Бұл ең ірі тұтынушылық сұраныстың негізін қалыптастыратын əлемнің адамдар ең көп қоныстанған өңірі болып табылады. Сарапшылардың пікірі бойынша, 2050 жылға таман əлемдік сауданың, инвестицияның жəне ІЖӨ-нің жартысынан астамы Азияда шоғырланатын болады. Бұл үрдістерге өндірістік қуаттардың өсуі, ірі агломерациялардың құрылуы, урбанизация қарқынының артуы ерекше қолдау көрсететін болады. Мұндай сценарий өңірдің жаңадан өркендеу кезеңінің жəне «Азия ғасырының» басталғандығын паш етеді, деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті өңір экономикасын дағдарыстан кейін қалпына келтіру өте өзекті міндет болып отырғандығын атап өтті. Дамушы рыногы бар көп теген елдер үшін кедейшілікті төмендету, шағын жəне орта бизнес, жекеменшік секторды одан əрі дамыту үшін елеулі құрылымдық өзгерістер жасауға тура келеді. Нұрсұлтан Назарбаев Азия мемлекеттерінің арасында, сондай-ақ, басқа да интеграциялық бірлестіктер арасында ынтымақтастық шекарасын кеңейту қажеттігі туралы пікірін білдірді. Ашықтық, теңдік жəне өзара тиімділік үдерістеріне негізделген өңірлік интеграция жемісті дамудың сенімді тетігі болып табылады. Бүгін біз Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі ішкі өңірлік интеграцияның күшейгендігіне көз жеткізіп отырмыз. ОңтүстікШығыс Азияда экономикалық интеграция саласы белсенді

түрде кеңейіп келеді. Қазақстан Ресеймен жəне Белоруссиямен Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі үлкен жұмысты жалғастыруда. Біз қазірдің өзінде Кеден одағы шеңберінде интеграцияға кірдік, біз бұл үрдісті одан əрі тереңдету жəне өзара ықпалдастығымызды кеңейтуге мүдделіміз. Сонымен бірге, біз ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер үдерісін аяқтап келеміз жəне биылғы жылы бұл ұйымға толық мүше боламыз деген үміттеміз, деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті жалпы интеграциялық үдерістерді Ұлы Жібек жолын жаңғырту мақсаты төңірегінде құру мүмкіндігін атап өтті. Жібек жолының бүгінгі күнгі аумағында қоныстанған елдердің рыногы өзінің ауқымы жəне əлеуеті жөнінде баламасыз болып табылады. Мұнда үш миллиардтан астам адам өмір сүреді. Бұл ретте негізгі идея дəліздік сауда тасқынын дамыту ғана емес, сонымен бірге, мəдени байланыстарды жəне көп тарапты ынтымақтастықты нығайту, өңірде қолайлы іскерлік ахуалды қалыптастыру, қаржы рыногын интеграциялау, қосымша құнның жаңа жүйелерін қалыптастыру болып табылады, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасы шеңберінде өңірдің 10 мемлекетінің серіктестікті дамыту жөніндегі жемісті тəжірибесін еске салды. Осы игі тəжірибенің нəти жесінде ортақ экономикалық жəне көліктік инфрақұрылым қалыптасуда. Азияның барлық мемлекеттері арасындағы іскерлік, мəдени, энергетикалық, көлік, экономикалық жəне сауда байланыстарын нығайту жəне интеграциялық үдерістер шекарасын кеңейту арқылы бұл бастаманы жан-жақты қолдау жəне кеңейту қажет. Қазақстан осындай қарымқатынастарды дамытуға толық мүдделі. Еуропа жəне Азияның өзара тоғысқан жеріндегі Орталық Азияның өте қолайлы

жерінде орналасқан біздің еліміз өңірлердің байланысын нығайта отырып, мұндай интеграция үшін қажетті барлық жағдайларды жасауға дайын. Осы өңірдің ең ірі экономикасы жəне ең қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде Қазақстан өзінің тəжірибесі жəне ресурстары арқылы көмек көрсете алады, деді Мемлекет басшысы. Сөзін қорытындылай келе, Нұрсұлтан Назарбаев Басқарушылар кеңесінің мəжілісі жалпы əлемдік экономиканы дамытуға жаңа серпін беретіндігіне сенім білдірді. Азия даму банкі адамдардың өмірін жақсарту, сол арқылы Азия өңірін жəне барлық əлемді біріктіру мақсатында маңызды рөл атқарады. Өз кезегінде біз АДБ-мен жемісті ынтымақтастығымызды жалғастырамыз жəне Банктің игілікті миссиясын іс жүзіне асыруға қолдау көрсетуге дайынбыз, деді Қазақстан Президенті. Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің Қазақстандағы 47-ші мəжілісінің ресми түрде ашылу салтанатына арналған мəжілісте сөз алған АДБ-ның президенті Такехико Накао Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бүгінгі шараға қатысқаны үшін зор алғыс сезімін білдірді. Одан əрі Банк президенті Такехико Накао «Өңірде қызмет көрсету сапасын жақсарту жəне мемлекеттерде жүргізілетін операциялардың тиімділігін арттыру мақсатында АДБның жұмысын реформалау» деген тақырыпта баяндама жасады. Мен бүгін осы мəжіліс аясында Қазақстан жəне Азия даму банкі жаңа Шектік келісімге қол қоятындығын қанағаттанғандық сезіммен атап өткім келеді, деді ол өз сөзінде. Осы Шектік келісім негізінде Қазақстанның Ұлттық қоры жəне АДБ Қазақстанның инклюзивтік өсімі, тұрақты дамуы жəне экономиканы əртараптандыруды қаржыландыру бағытында бірлесе жұмыс істейтін болады. Сонымен бірге, баяндамашы Азия-Тынық мұхиты өңірінде кедейшілікті

азайту жəне экономикалық өсімге қол жеткізу мақсатында бірқатар жетістіктерге қол жеткендігін атап көрсетті. Сонымен бірге, баяндамашы Азия-Тынық мұхиты өңірінің дамуындағы бірқатар экономикалық болжамдарына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, 2013 жылы бұл өңірдегі ІЖӨ 6,1 пайызға өскен. Болжам бойынша 2014 жылы бұл көрсеткіш 6,2 пайызды, ал 2015 жылы 6,4 пайызды құрайтын болады. Бұл ретте бірқатар өңірлік экономикалардың өсімінің төмендеуі де мүмкін. Қалай болғанда да, дамушы Азия бүгінгі күні бұрынғыға қарағанда, қандай да бір қатерлерге сенімді түрде қарсы тұруға дайын. Өткен жылы Дели қаласында уəде еткенімдей, біз АДБ-ның ұзақ мерзімді стратегиясы – Стратегия-2020-ға кешенді шолу жасадық. Бұл шолу біздің соңғы 5 жыл ішінде атқарған қызметімізге баға береді, деді баяндамашы. Осы шолуда атап көрсетілгендей, өңірдегі кедейшілік ауқымы негізгі қатерлердің бірі болып табылады. 700 миллионнан астам адам тəулігіне бар болғаны 1,25 доллар қаржы тұтынатын кедейшілік шегінде өмір сүруде. Бұл Азиядағы барлық халықтың 20 пайызын құраса, əлемдегі кедейшілікте өмір сүретін тұрғындардың 60 пайызын құрайды. Алайда Азия соңғы кезде кедейшілік деңгейін төмендетуде бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. 1,25 доллар тұтыну деңгейі осыдан 10 жыл бұрын белгіленген деңгей болатын. Бүгін бұл меже Азия-Тынық мұхиты өңірінде орналасқан адамдардың үмітін ақтауға кепіл бола алмайды. Бүгінде бұл меже азиялық көптеген елдердегі ең төменгі тұрмыс деңгейін ұстап тұруға да жетпейді. Мəселен, осыдан біраз жыл бұрын ұялы телефон барлықтың белгісі болса, бүгінде бірінші кезектегі қажеттілік болып қалды. Бүгінгі таңда 1,6 миллиард адам тəулігіне 2 доллар ғана тұтынатын сұраныс деңгейінде өмір сүруде. (Соңы 2-3-беттерде).

Малайзия тарапының бастамасымен өткен əңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың ахуалы мен перспективалары, сондай-ақ, халықаралық күн

тəртібіндегі өзекті мəселелер талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия Премьер-министрін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Таєайындау

Мемлекет басшысының Өкімімен Серік Салауатұлы Қожаниязов Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды.

Хроника

Мемлекет басшысының Өкімімен Рзақұл Сəденұлы Нұртаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды.

Президент поштасынан

Ќазаќстан їшін ќызмет етуге дайын

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Астана қаласындағы №2 мектеп-гимназия оқушысы Александр Влизькодан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Өз хатын қазақ тілінде жазған 6 «Г» сынып оқушысы А.Влизько елорданы Астанаға көшіргені үшін Мемлекет басшысына алғысын білдіріп, соның арқасында көптеген оқу орындары ашылғанын, онда түрлі ұлттардың өкілдері оқитынын айтқан. Автор өз хатын кең-байтақ қазақ даласының миллиондаған қазақстандық балалардың атынан жазып отырғанын атап өткен. «Рас, менің тегім сəл басқа. Мен украин ұлтының өкілімін. Бірақ мен өзімді бала күнімнен

қазақпын деп сезінемін. Қазақпын деп есептеймін. Себебі, мен бірлігі мен татулығы, достығы мен туыстығы жарасқан Қазақстанда өсіп келемін», дейді А.Влизько. Ол Қазақстанның болашағына сенетінін, осы ел үшін қызмет етуге дайын екенін жеткізген. «Бұл жер – менің əкемнің кіндік қаны тамған мекен. Бұл жер – менің анамның өмірге келген қонысы. Менің сүйегім де, етім де қазақ. Мен қазақ жерінде туғанымды мақтаныш етемін», делінген хатта.

Ўшќыштар ќўрамымен кездесті Қорғаныс министрі Серік Ахметов 7 мамырда «Қазақ елі» алаңында өтетін əскери парадқа дайындық жəне оны өткізу барысы аясында Қарағанды гарнизонында болды. Министр Қарағанды маңында шоғырланған авиациялық бөлімге барды. С.Ахметов жеке құраммен кездесуде оларғ а Астанада өтетін əскери парадта кəсіби шеберліктері мен жоғары деңгейдегі үйлесімділік

көрсету туралы тапсырма қойды. Ол, сондай-ақ, белгіленген ұшу сағаттарын орындаған ұш қыштарды сыныптық біліктілікпен марапаттады. «Егемен-ақпарат».


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.