05062013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Елорда – Елбасының ерлігі 3-бет 4,5 мың адамға жалғыз газет тасушы 4-бет

№141 (28080) 5 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Уəли

5-бет

Оқ атқан кім?

7-бет

Ќазаќстан – 15 мыѕ босќынєа пана

Кеше Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Антонио Гутерришпен кездесу өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде Қазақстанның Босқын дар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасымен ынтымақтастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ, Қазақстанда босқындар құқығын қорғауды қамтамасыз ету мəселесі қаралды. Талқылау барысында

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасына жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті. – Көші-қон мəселелерін реттеу Қазақстан үшін маңызды болып саналады. Осы жылдары біздің еліміз он бес мың

босқынға баспана тауып берді. Біз Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы тарапынан осы бағыттағы Үкімет қызметіне жақсы баға бергені үшін ризашылығымызды білдіреміз. Осы саладағы жұмыс өзекті күйінде қалуда, өйткені, əлемде көші-қон үдерістері арта түсуде, босқындар саны жыл сайын ұлғайып келеді, – деді Мемлекет басшысы. А.Гутерриш Қазақстан

Үкі метіне БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасымен жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді. – Сіздің Қазақстанның саяси да, экономикалық та салалардағы көптеген халықаралық бастамаларын ілгерілетуге жеке зор үлес қосқаныңызды білеміз. Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, экологияны қорғау, қаржы дағ да рысымен күрес саласында ай тарлықтай табыстар бар. Бірқатар халықаралық форумдар мен конференциялар табысты өткізілді. Осы орайда Қазақстанның Алматыда БҰҰ орталығын құру туралы бастамасы да маңызды, – деді БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары. Тараптар көші-қон үдерістерін тиімді басқару саласындағы, соның ішінде Қазақстан бастама ретінде көтерген «Алматы процесі» аясындағы ұсыныстарды іске асыру жолдарын да талқылады. Аталған шаралар біздің еліміздің Орталық Азия өңірі үшін көші-қон саясаты саласындағы модельді мемлекет ретінде қалыптасуына септігін тигізетін болады.

Президент поштасынан

Бўл бренд бїгінде əлемге танымал

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Олимпиада чемпионы, «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровтан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

А.Винокуров өз хатында Нұрсұлтан Назарбаевты жəне барша қазақстандықтарды «Астана» велокомандасының «Джиро д`Италия» Гранд-Турындағы жеңісімен құттықтады.

«Бұл зор жетістік Қазақстанның əлемдік спорт қоғамдастығының лайықты мүшесі болып табылатынын тағы дəлелдеді», делінген хатта. Автор, сондай-ақ, бүгінде «Астана» əлемдегі ең мықты команданың

бірі болып табылатынын жəне Италиядағы көпкүндіктегі жеңіс осы ған айқын дəлел екенін атап өткен. «Астана» бренді бүгінде əлемге кеңінен танымал. Біз елімізді жəне жас елордамызды əлемге лайықты түрде танытуда Қазақстан велошабандоздары өз үлесін қосып жүргенін мақтан етеміз», деп жазады А.Винокуров. Хат соңында А.Винокуров Мемлекет басшысын ортақ табыспен тағы да құттықтап, жаңа жеңістерге жету жолында шығармашылық күшқуат тілейді.

Химия ґнеркəсібі ґркендей тїспек Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында ҮИИДМБ шеңберінде химиялық өндіріс саласын дамыту мəселелері қаралып, сала бойынша əзірленген мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысы талқыланды. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Тақырыпқа орай, баяндама жасаған Үкімет басшысының орынба сары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев химия өндірісі еліміздегі өркендеп дамып келе жатқан саланың бірі екенін айтып, арнайы жасалған бағдарламаның 2010-2014 жылдардағы негізгі даму ба ғыттарына тоқталды. Мұнымен бірге, саладағы инновациялық жобаларды жүзеге асыру барысы мен өндіріс орындарындағы отандық өнімдердің үлесі туралы əңгімеледі. Жобалардың құрылысын салу кезеңдерінде 20 мыңнан астам адам жұмысқа тартылып, бағдарлама толық жүзеге асып болатын 2020 жылы 15 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады екен.

Өкініштісі, химиялық өндіріс саласында жұмыс істейтін мамандар тапшы. Қазіргі уақытта білікті мамандар жетіспейді. Осылайша, 2020 жылға қарай химия саласындағы нақты жобаларды жүзеге асыру үшін əртүрлі біліктіліктегі 15 мыңға жуық жұмысшы қажет болады. Оның ішінде, жоғары білімді 3 мыңнан, орташа техникалық білімі бар 2 мыңнан астам адам керек, сондай-ақ т.б. кəсіби білімі бар 10 мың білікті маман қажет, деді Ə.Исекешев. Білікті мамандар дайындауға Назарбаев Университеті мен ƏлФараби атындағы ҚазҰУ, Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты мен Сокольский атындағы органикалық катализ бен электрохимия институтын жəне ҚБТУ сияқты Қазақстандағы химия саласы бойынша жетекші ҒЗИ мен жоғары

оқу орындарын біріктіру арқылы қол жеткізуге болады, деді вицепремьер. Осы тақырып бойынша Біріккен химия компаниясының басшысы Д.Ердебай, Джуронг компаниясының вице-президенті Т.Леон, ЭлДжи Кэм компаниясының бас директоры Ч.Нам, Қазфосфат ЖШС бас директоры М.Искандеров баяндама жасады. Əр баяндаманы талқылауға салып отырған ПремьерМинистр саладағы маман дайындау ісіне баса назар аударды. Əрбір ірі кəсіпорындар жанынан оқу-өндіріс орталықтарын ашу керектігін қадап айтты. Химиялық өндіріс ошақтарында жұмыс істеудің күрделі екендігіне тоқталып, дайындалатын мамандарға еңбек қауіпсіздігін жете оқыту қажеттігіне көңіл аударды. Елімізде химиялық өнім шығару көлемі 2 есеге артып, оны экспорттау оң қарқын алған. Нəтижесінде, жаңа жұмыс орындары көптеп ашылуда. (Соңы 2-бетте).

Алыстағы ағайын

«Ќазаќ ќайда жїрсе де ќазаќ» Жанболат ƏЛИХАНҰЛЫ (Аупбаев), «Егемен Қазақстан».

Тəуелсіздік таңы атқаннан бергі 22 жыл ішінде шетелдерде тұратын қандастарымызбен қауышу жиілей бастағаны белгілі. Оны еліміздің Алматы, Түркістан, Астана секілді ірі қалаларында өткен əлем қазақтарының 1992, 2002, 2005 жəне 2011 жылдардағы 4 құрылтайынан анық байқауға болады. Бұған қоса соңғы 8 жылдан бері Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының тікелей қолға алып ұйымдастыруымен өтіп келе жатқан кіші құрылтайлар тағы бар. Бұл, əсіресе, Еуропадағы қан дас тарымыздан қызу қолдау тау ып отыр. Өзара келіскен ортақ ұйғарыммен Шве цияның

Вестерос, Германияның Берлин, Нор вегияның Осло қалаларында өтіп келе жатқан Батыстағы қазақ диас поралары басқосуларының мұндағы қордаланып қалған өмірлік мəселелердің кейбір түйінді тұстарын шешуді дөп басқан іс-шара көзі деп айтуға болады. Еуропа қазақтарының осындай кезекті кіші құрылтайы биыл Франция астанасы Парижде өтетін болғандықтан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев бастаған қазақстандық делегация 17 мамыр күні осындағы Шарль де Голль əуежайына келіп атбасын тіреді. Құрамында академик, сенатор Ғарифолла Есім, Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Мақсат Ысқақов, Білім

жəне ғылым министрлігі Философия, саясаттану жəне дінтану институты директорының орынбасары, профессор Серік Нұрмұратов, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының бас редакторы, жазушы Дидар Амантай, Астана мемлекеттік филармониясының əншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева мен эстрадалық «Кеш You» тобы жəне Дəнеш Рақышев атындағы республикалық конкурстың лауреаты, əнші Захан Уатхан мен күйші Ерген Еркін сияқты белгілі адамдар бар топ осындағы кəсіпкер қандасымыз Құрбанəлі Гүлен бастаған Үйлестіру кеңесі мүшелерінің құшақ жая қарсы алуынан кейін, бірден автобусқа беттеді. (Соңы 6-бетте).

Ќоєамдыќ келісімніѕ керемет їлгісі Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Қазақстан Республикасындағы Орыс православие шіркеуінің митрополиттік округінің басшысы – Астана жəне Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан- мəселесіне ерекше назар аударылды. дағы этносаралық жəне кон фесКездесудің қорытындысында сияаралық тұрақтылық мəселелері, Астана жəне Қазақстан мит родіни бірлестіктердің татулық пен политі Александр бұл оқиғаның келісімді сақтаудағы рөлі талқы- елімізде Əлемдік жəне дəстүрлі дінланды. дер көшбасшыларының алғашқы Əсіресе, Қазақстанда мит- съезі өткізілуінің 10 жылдығымен ро политтік округ құрылуының тұстас келетініне тоқталып өтті. алдағы 10 жылдығын Орыс пра«Біздің топырағымызда рухавославие шіркеуінің мерекелеуі нилықтың тірегі екеу – дəстүрлі

ислам жəне православие христиандығы. Президентіміз халықтың татулықта, өзара ізгі адами түсіністік пен келісімде өмір сүруі үшін осыған арқа сүйейді», – деді Астана жəне Қазақстан митрополиті Александр. Сонымен қатар, ол Қазақстанның бүгінде Мемлекет басшысы жүргізіп келе жатқан саясаты арқасында жарасымды даму мен қоғамдық келісімнің өнегелі үлгісі болып отырғанын атап өтті. ––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

«Меніѕ Ќазаќстаным!» Атырауда Ел патриоттарыныѕ VI форумы ґтті

Дəл бұл күн – барша қазақстандықтардың ет-жүрегін елжірететін, мақтаныш сезімін оятатын күн. Жыл сайын дəл осы күні тəуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рəміздері күні аталып өтеді. Дəл осы мерекеге орай кеше Атырауда Ел патриоттарының «Менің Қазақстаным!» атты VI форумы өтті. Кең байтақ Қазақстанның əр өңірінен отаншыл азаматтардың басын қосқан бұл форумға Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед қатысты. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Ауқымды шара барысында министр Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел патриоттарына жолдаған құттықтауын оқып берді. Онда былай делінген: «Қазақстанның барша өңірінің өкілдерін Атырауға жинап отырған форумға қатысушыларды шын жүректен құттықтаймын. Бүгін бүкіл елімізде Мемлекеттік рəміздер күні салтанатты түрде аталып өтуде. Мемлекеттік рəміздеріміз – Ту, Елтаңба жəне Əнұран – Тəуелсіздігімізді əйгілейтін, барша қазақстандықтардың бірлігін танытатын қасиетті де маңызы зор бейне-нышандар. Шынайы патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік оның мемлекеттік рəміздерін қастерлеуден басталады.

Ежелгі заманнан бері Отанына адал ұлдардың айбынды ерліктері, Атамекенге деген шексіз ықыласы кейінгі ұрпаққа елі мен жерін сүюдің жарқын үлгісін көрсетіп берді. Форум жастар бастамасына серпін беріп, ұлы мұраттарға ұмтылған Қазақстан қоғамын біріктірер айтулы оқиға ретінде өтеді деп сенемін. Барлық қазақстандықтарға ашық аспан, əл-ауқатты өмір мен бақ-береке тілеймін». КӨКБАЙРАҚТЫҢ ҚҰДІРЕТІ, ƏНҰРАННЫҢ ҚУАТЫ. Кеше ерке Жайықтың толқыны тербетіп, кəрі Каспийдің самалы желпіген Атырау қаласының көшелері ерекше құлпырып тұрды. Əсіресе, Ақжайық қонақ үйі алдындағы алаңқайда сап түзеген жастардың қолындағы көк байрақ айналаға айрықша реңк беріп, əрлі-берлі өткен

жүргіншілердің көңіліне мақтаныш сезімін ұялатқаны даусыз шыңдық. Дəл осы жерден жергілікті уақытпен сағат 9.30-да рəміздер шеруі басталды. Шерудің бұл жерден бастау алуының нышандық мəні бар. Өйткені, қонақ үй алдындағы айналма жол Азаттық даңғылының қақ ортасында тұр. Бабалар аңсаған азаттық атауын алған даңғылдың орта тұсынан басталған шеру қала орталығын қос жағалауға қақ бөліп, еркелей аққан Жайық өзені үстіндегі көпірмен көктей өтіп, Сəтбаев даңғылы бойындағы Исатай-Махамбет алаңына қарай бағыт түзеді. Қазақтың қос қанатына балайтын тұлпарына мінген өңірдің айтулы азаматтары бастаған рəміздер шеруін жалғастырған өңір жастары еліміздің ең үлкен Көк байрағы мен Елтаңбасын желбірете алып жүрді. Бір ерекшелігі, рəміздер шеруіне еліміздің əр облысынан Атыраудағы патриоттар форумына келген делегациялар да қатысты. Шерушілер соңын автожүргізушілер мен байкерлер, велосипедшілер жалғастырып, көк байрақты желбірете түсті. Шеруге қатысушылар Исатай-Махамбет алаңына табан тіреген сəтте алаңда жиналған атыраулықтар ел рəміздерін ықыластана тосып тұр еді. (Соңы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.