Бїгінгі нґмірде:
№109 (28333) 5 МАУСЫМ БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Астана – елдіѕ байтаєы 3-бет Ыќпалдастыќ – ынтымаќ ырысы 4-5-беттер Тўтынушылар ќўќыќтары басты назарда 6-бет Хабарсыз кетті демеѕіз... 10-бет
Тїркітілдес, тїгел бол!
Газетімізде бұдан бұрын хабарланғанындай, Түркияның Бодрум қаласында Түркітілдес мемлекеттер басшыларының төртінші саммиті өтпек. Саммитке қатысуға келген Қазақстан мемлекетінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше, яғни саммит қарсаңында Əзербайжан Президенті Ильхам Əлиевпен кездесті. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан» – Бодрум (Түркия).
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басымдыққа ие бағыттарын, сондай-ақ халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелерді талқылады. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Əлиев саудаэкономика, мұнай-газ жəне көліклогистика салаларындағы қарымқатынасты күшейту перспективаларына тоқталды. Бұл ретте тараптар экономикалық əлеуетті жүзеге асыру мақсатында өзара сауда көлемін ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті. Бұдан бөлек, екі ел басшылары халықаралық жəне өңірлік ұйымдардың, Түркітіл дес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының аясындағы өзара ісқимыл барысын қарастырды. Кездесу барысында Мемлекет басшылары алдағы төртінші
саммиттің күн тəртібіндегі негізгі мəселелерді талқылады, сондай-ақ халықаралық жəне өңірлік құрылымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың басты бағыттары жөнінде пікір алмасты. Жалпы, Қазақстан-Əзер байжан қатынастарының тарихынан əңгіме қозғайтын болсақ, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдың 27 тамызында орнағандығын еске аламыз. Көпжақты форматта тараптар халықаралық жəне аймақтық ұйымдар аясында (БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЭЫҰ, ИЫҰ, АӨСШК, ТМД, ТҮРКСОЙ, ТМЫК жəне тағы басқа) белсенді түрде өзара əрекеттесуде. Жалпы, Қазақстан мен Əзербайжан арасында жоғары деңгейдегі кездесулер мен келіссөздер үнемі өткізіліп тұрады. Соның ішінде, əсіресе, Елбасының 2005 жылғы мамырда Бакуге жасаған ресми сапарының маңызы зор болғандығын атап көрсете
кетсек артық болмас. Осы сапар қорытындысында қол қойылған Стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар туралы шарт ынтымақтастықтың мұнан кейінгі даму аясын айқындап берген болатын. Содан кейін 2009 жыл ғы 2-3 қазанда Қазақстан Рес пуб ликасының Президенті Н.Назарбаевтың Əзербайжан Республикасына ресми сапары болып өтті. 2009 жылғы 3 қазанда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Нахчыван қаласында (Əзербайжан Республикасы) Түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысты. 2010 жылғы 18-19 қарашада Президент Н.Назарбаев Баку қаласында өткен Каспий жағалауы мемлекеттері үшінші саммитінің жұмысына қатысты. 2011 жылғы 19-21 қазанда Əзербайжан Президенті И.Əлиевтің Қазақстанға ресми жауап сапары өтті. Сапар шеңберінде Əзербайжан басшысы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бірінші саммитінің жұмысына қатысты. 2013 жылғы 16 тамызда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Габала қаласында (Əзербайжан Республикасы) өткен Түркітілдес мемлекеттер ынты мақ тастық
кеңе сінің үшінші сам митінің жұмысына қатысты. Сауда-экономикалық қа тынастар жайына келетін болсақ, 2012 жылы өзара сауда көлемі 390 млн. 662,1 мың АҚШ долларын құраса, 2013 жылғы қаңтарқыркүйек айларында Қазақстан мен Əзербайжан арасындағы сыртқы сауда айналымының көле мі 325,7 млн. долларды құрап (экспорт – 275,2 млн. доллар, импорт – 50,5 млн. доллар), 2012 жылдың осы кезеңіндегі көрсет кішпен салыстырғанда 3,9 пайызға өсе түсті. Қазақстаннан Əзербайжанға экспортқа шығарылып жатқан негізгі заттар – минералды ресурс тар (мұнай жəне газ), химия лық шикізат, бидай, арпа, темекі өнімдері, көміртекті болат прокаты, электр жабдықтары. Əзербайжаннан Қазақстанға битумдық материалдардан алынған мұнай өнімдері, этилен полимерлері, машиналар жəне механизмдердің қосалқы бөлшектері, құрама құрылыс конструкциялары импортталуда. Экономика саласындағы екіжақты қатынастардың дамуына Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Əзербайжан үкіметаралық комиссия сының
жұмыс істеуі қолайлы мүмкіндіктер туғызуда. Қазақстанның Мұнай жəне газ министрі Ұ.Караба лин мен Əзербайжанның Энергетика министрі Н.Əлиев осы комиссияның тең төрағалары болып табылады. Үкіметаралық комиссияның оныншы кезекті отырысы 2013 жылғы 10-11 желтоқсанда Баку қаласында өткен болатын. Оты рыс барысында энергетика, тасымалдау мен көлік жүйелері, ауыл шаруашылығы, білім мен туризм салаларындағы қарым-қатынастарды жəне инвестициялық байланыстарды кеңейту бағытындағы екіжақты ынтымақтастық туралы мəселелер талқыланды. Қазіргі таңда мұнай-газ саласында ірі жобалар – Транскаспий бағыты бойынша қазақ мұнайын əлемдік рыноктарға тасымалдау мүмкіндіктерін жақсартуды көздейді. Ал ауыл шаруашылығы саласында қазақ бидайын қабылдау жəне одан əрі жөнелтуге арналған «Баку астық терминалы» Қазақстан-Əзербайжан бірлескен кəсіпорны базасындағы жобалар іске асырылуда. Азаматтық авиация саласындағы ын тымақтастық тұрақты даму үстінде. Баку қаласында
Бірќатар заѕ жобалары маќўлданды Кеше Мəжіліс депутаттары палата Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен жалпы отырыста Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылап, Сенатқа жолдады.
Еркін елдің ертеңі Ұлттық бірыңғай тестілеудің келесі күнінде алғашқы күннің жетістігін қайталаған, яғни 125 балл жинаған тағы бір түлектің атыжөні мəлім болды. Ол – Алматы қаласындағы № 159 лицейдің оқушысы Əсия Жандосқызы Марат. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Адамның болашағына ашыл ған алғашқы жол сияқты өмір сынағынан кімнің сүрініп, қапы қалғысы келеді дейсің? Мəреге əркімнің де бəрінен бұрын жетуге талпынуы заңды нəрсе. Мамандығың – өмір бойғы серігің. Дəл қазір сынақ пен сұраққа тағдырыңның өзі көп тəуелді болып тұр. Лүпілдеген жүректер, арманға қол созған өрендер болашақ үшін жанұшырып, жандарын сала жарысқа түскен. «Бақ шаба ма, бап шаба ма?» демекші, маусымның 3-і күнгі сынаққа
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Сыртқы сұраныстың төмендеуіне қарамастан, қазақстандық экспорттан тұрақты табысты қамтамасыз ететін шикізатқа əлемдік бағаның салыстырмалы жоғары деңгейі экономиканың өсіміне ықпал ететін
сыртқы фактор болды. 2013 жылы Қазақстанның негізгі экспорттық тауары – мұнайға орташа баға баррелі үшін 108,9 доллар деңгейінде бекіді, бұл бюджетті қалыптастыру кезіндегі болжамды бағадан 2,6 долларға жоғары. Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстары 2013 жылы 3,0 %-ға ұлғайды
Ў Б Т : екінші кїн
түскен 17351 түлектің дүбірлі додасы еліміздегі басты білім сынағы жоғары деңгейде ұйымдастырылып отырғанын көр се тіп берді. Алдын ала сынақ талаптарына ла йықталып əзірленген 60 тест тапсыру пунктіндегі маңдайдан тер тамшылап, арқаны намыс қамшылаған білім сыны ҰБТ мəдениетіне біздің де жастарымыздың ой-өресі төселіп келе жатқанын байқатты. Биылғы көрсеткіш бойынша 2 012 түлектің (11,6%) 100-ден астам балл жинауы осы айтылғандарды растай түсетін айғақ. Өйткені, бұл сан өткен жылғымен салыстырғанда білімге бетбұрыстың біршама жақсара бастағанын аңғартады. Мысал үшін айтатын болсақ, былтыр мұндай нəтижеге 1 837 (8,4%) талапкер
қол жеткізген болатын. Екінші күнгі ҰБТ балының орта есеппен алғанда 75,7-ні құрауы жылдан-жылға сынаққа дайындық деңгейінің өсіп келе жатқанын аңғартатын тағы бір дəлел. Ресми деректерге сүйенсек, былтырғы орташа көрсеткіш 73,9 балға тірелген еді. Білім сапасын айқындайтын келесі бір өлшемнің жөн-жосығы қашанда бөлек əңгімеге арқау болып жататыны рас. Ол – көшке ілесе алмай, шаң қауып артта қалып қоятындар жайы. Мұндайлар да былтырғыға қарағанда біршама кеміген, мəселен, 2013 жылы ондайлар 6 895 (31,7%) адамды құраса, ең төменгі 50 балдық межеден биыл 3 883 (22,4%) өрен өте алмай қалған. (Соңы 10-бетте).
жəне 674,9 мың теңгені құрады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің алдын ала деректері бойынша, 2013 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,2 %-ға төмендеді (2012 жылы – 5,3%), жұмыспен қамтылғандар саны 8 526,7 мың адамнан 8 590,7 мың адамға ұлғайды. (Соңы 2-бетте).
Бакуді Астана, Алматы, Ақтау жəне Атыраумен байланыстыратын тұрақты əуе рейстерін жасайтын қазақстандық «Эйр Астана» жəне «Скат» əуе компанияларының өкілдіктері жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, Баку-Ақтау-Баку бағыты бойынша паром байланысы орнатылған. Ақтау мен Баку халықаралық порттары арасындағы қарым-қатынас жолға қойылған. Мəдени-гуманитарлық ынты мақтастық саласында Ба ку қаласында Қазақстан мен Əзербайжанның мемлекет қайраткерлері мен белгілі өнер қайраткерлерінен тұратын «Əзербайжан-Қазақстан» достық қоғамы 1994 жылдан бері белсенді қызмет етуде. Бұл қоғам биылғы жылы өзінің 20 жылдығын атап өтпек. Сондай-ақ, Ақтау қаласында жыл сайын өткізілетін «Каспий – достық теңізі» халықаралық фестиваліне Əзербайжанның мəдениет жəне өнер қайраткерлері, спорттық делегациялары тұрақты қатысып келеді. Баку қаласында Г.Алиев қорының қолдауымен жыл сайын өткізілетін балалар үйі мен интернат тəрбиеленушілерінің «Дан улдузу» көркемөнер шығармашылығы халықаралық фестиваліне Қазақстаннан (Алматы, Ақтау, Тараз,
АҚПАРАТТАР аєыны
● «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» өңірлерге арзан бағамен 156 мың тонна астық жөнелтті. Акционерлік қоғам мемлекеттік сатылу ресурстарынан нан мен ұн бағаларын тұрақтандыру үшін астықтың тоннасын 28 300 теңгеден бөлді. Сонымен қатар, облыстарға коммерциялық бағамен 17 мың тонна астық жіберілді. ● Қазақстанда 20 млн. долларға «жасыл» мектептер мен ауруханалар салынады. Бұл жұмыстар Қазақстан мен Орталық Азиядағы Бүкiлəлемдiк банктің энергия тиiмдiлiгі жобасы бойынша жүзеге асырылады. Жоба 2017 жылға қарай аяқталады деп көзделіп отыр. ● Қарағанды облысында биыл 3,9 млрд. теңгеге 16 жобаны жүзеге асыру көзделді. Олар 2012-2020 жылдары Жезқазған, Сəтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын əлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыруға бағытталған. ● Өскеменде Қазақстан мен Ресей тарихшылары өңірдің өткені мен келешегі жайын талқылады. «Тоталитарлық билік жəне XX ғасырдың 20-50ші жылдарындағы халық» деген тақырыппен өткен халықаралық
Орал қалаларындағы) балалар үйлерінің тəрбиеленушілері белсенді қатысады. 2010 жылы 11 мамырда Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атын дағы Еуразия ұлт тық универ си тетінде Баку мем ле кеттік университетінің (БМУ) 90 жылдығын мерекелеудің шеңберінде Əзербайжанның бұрынғы президенті Г.Алиевке кабинет ашылды. 2011 жылы 13 мамырда Баку мемлекеттік университетінде Абай атындағы қазақ тілі, тарихы мен мəдениеті орталығының ресми ашылу рəсімі болды. 2011 жылғы 1 желтоқсанда Баку қаласының 7-шағын ауданында Абай Құнанбаев атындағы көшенің салтанатты ашылу рəсімі өтті. 2012 жылдың 29 наурызы мен 3 сəуірі аралығында Баку қаласында Қазақстан киносының күндері өтсе, 2012 жылдың 6-9 маусым аралығында Астана мен Алматы қалаларында Əзербайжанның Қазақстандағы мəдениет күндері болып өтті. Ал 2012 жылдың 18-21 қарашасы аралығында Баку қаласында Қазақстанның Əзербайжандағы мəдениет күндері ұйымдастырылды. (Соңы 2-бетте).
ғылыми-тəжірибелік конференцияда тарих сабақтарынан қорытынды шығару туралы айтылды. Жиынды жүргізген Шығыс Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Нұрлыбек Шерубаев басқосудың алға қойған мақсатын толық орындағанын мəлім етті. ● Үстіміздегі жылы 22 467 қызылордалық оқушы жазғы тынығу лагерьлеріне жолдама алды. Бұл жайында сөз еткен қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев бұдан бөлек, 10 сыныпты бітірген 2 145 оқушының жазғы еңбек бригадаларына 10 күндік жұмысқа, 7 500 оқушының көпқабатты тұрғын үйлер ауласындағы 177 спорт алаңы мен мектептер секцияларына баратынын айтты. ● Астананың «Барыс» хоккей клубы өзінің фирмалық ауызсуын шығарды. Клуб баспасөз қызметі хабарлағандай, ауызсу жақын күндері еліміздегі барлық сауда орындарында сатылады. Бір айтатын жайт, бұл «Барыстың» бірінші жеке өнімі емес. Клуб биылғы наурыздан «Шайба» жəне «Біздің жеңіс» атты балмұздақтар шығара бастады. «ҚазАқпарат», BNews.kz, «Қазақстан жаңалықтары», Аltaynews.kz, Egemen.kz агенттіктері мен «Знамя труда» газетінің сайттары деректері бойынша дайындалды.