05072013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Дарқандықпен дараланған даналық 4-бет Өткен күнде белгі көп 5-бет Сапа бар жерде өсу де бар 6-бет Ғалымдарға айтар ой 7-бет

№164 (28103) 5 ШІЛДЕ ЖҰМА 2013 ЖЫЛ

АЛЄА, «АСТАНА»!

 Елімен етене Елбасы

«ОСЫДАН АРТЫЌ БАЌЫТ БАР МА?» Сауытбек АБДРАХМАНОВ.

Көптен бері айтылып жүрген «Астана» президенттік кəсіпқой клубының елордадағы ашылу рəсімі осы идеяны ұсынушы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті. Онда Президент жиналған жұртты ел өміріндегі осынау маңызды оқиғамен құттықтады. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өзінің сөзінде спорт клубының тұсаукесері еліміздің бас қаласының 15 жылдығы қарсаңында өтіп отырғанына айрықша салмақ сала сөйледі. – Біздің халық ежелден сəйгүлік жаратып, бəйгеге шапқан. Бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елімізді қорғап, намысын ешкімге бермеген. Сондықтан біз ата-баба жолымен жүріп, əрқашан дені сау ұрпақ тəрбиелеп, халықаралық аренада да намысты қолдан бермеуіміз керек, – деп бастады өз сөзін Елбасы. – Астана – Қазақстан дамуының шамшырағы. Еліміз тек экономикада ғана емес, спортта да зор жетістіктерге қол жеткізді. Бұған Лондон Олимпиадасында 7 алтын медаль, 205 елдің ішінен 12 орын алғанымыз дəлел. Біз бүгін спорттың барлық түрін жан-жақты дамытуға ден қойып отырмыз. Əсіресе, бұқаралық спортты, жалпы спорт индустриясын ілгерілету басты назарымызда тұр. Бүгінгі шара – мемлекеттің осы салаға қамқорлығының айшықты айғағы, – деп түйіндеп өтті Мемлекет басшысы осы сөздің орайында.

Келесі кезекте Нұрсұлтан Назарбаев клубтың Қазақстанның бас қаласымен аттас болуында өзіндік нышан бар екеніне назар аударды. Мұны ол жаңа клуб мақсатының елордада бұрыннан үрдіске айналған саламатты өмір салтына үндес келетіндігімен түсіндірді. Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясына табысты болашағымыздың негізі ұлт денсаулығы екенін атап өткен еді. Демек, «Астана» кəсіби спорт клубының құрылуы да осы мүддемен орайлас болмақ. – Бұл жобамыз əлемнің жетекші сарапшыларынан қолдау тапты, – деді Қазақстан Президенті келесі кезекте. Мемлекет басшысы, сонымен бірге, «Астана» клубының қызметі барысында екі қағидатты міндетті түрде шешуі қажеттігіне тоқталды. – Біріншіден, Қазақстан əлемдік деңгейдегі спорттық державаға айналуға тиіс. Елімізде ең жоғары дəрежедегі жарыстарда ел намысын қорғайтын клубтар құрылды. Өз жеңістерімен еліміздің атын шығарған тамаша спортшылар шоғыры пайда болды. Бірақ біз онымен тоқтап қалмақ емеспіз. Ресурстарды жұмылдырып, спортты жоғары кəсіби негізде басқаруға көшуіміз

қажет. Бұл – жаңа биіктерді бағындыру үшін баспалдақ. Біздің чемпиондарымыз да Қазақстанның жетістігі сияқты, Отанымыздың жаңа елордасы сияқты – Қазақстанның ұлттық бренді. Спорттағы табыстар елімізді танытып қана қоймай, əлемге бізді жақсы қырымыздан көрсетеді. Қазақстанды жеңімпаз ұлт ретінде білулері керек. Алматыда Қысқы Универсиаданы өткізгеннен кейін, біз оңтүстік астанада Қысқы Олимпиаданы өткізуге əрекет еткіміз келеді. Бұл үшін бізде барлық жағдай жасалған жəне қолдауға ие боламыз деген үміттеміз, – деді ол. Президент өзінің сөзінде қазіргі заманғы спортта жоғары жетістіктерге жетудің экономикамен қатар, жаhандық бəсекеге қабілеттіліктің де нышаны болып табылатынын ашып айтты. Осы ретте Елбасы жаңа клубтың алдында бұқаралық спортты дамыту секілді екінші бір міндеттің де тұрғанын пысықтап өтті. – Қазір еліміздің барлық өңірлерінде балалардың спорт алаңдары мен спортпен шұғылдануларына арналған өзге де нысандар салынып жатыр. Біз бұл жұмысты одан əрі жалғастырамыз. Ұлттың денсаулығы – біздің маңызды басымдығымыз. Отанымыздың талантты жастарын жүйелі негізде тəрбиелеп, өзіміздің жасөспірімдерді спортқа мейлінше көптеп тарту қажет. Бұл үшін ең заманауи жəне қолжетімді

 Өңір өмірі

Кґмегі кґлдей кґрші кґѕілі

Астана жəне Қарағанды! Жаратқан көрші болуға жазған қос қаланың тамырласқан тынысы жылдар тереңіне із салса, Тəуелсіздік таңы атқан шақтағы құшақтары бір-біріне тіптен жазылып, жаңаша жарасым табуы тағдырлас тілеулестіктің бағын жандырғандай болады да тұрады. Егіз қозыдай тел өсіп келе жатқан шаһарлардың мəртебесі де, жолы да үлкенінің бұл күндегі мерейлі мерекесін өз төл тойындай көруші Қарағандының шаттығы, əсіресе, өзгеше. Өйткені, Астананың асқақтаған бейнесіне ерекше үлес қосуын мақтан тұта алады. Кеше Теміртауда Елбасының еңбектес серіктері, жергілікті жұртшылық өкілдері қатысуымен өткен «Астананың дамуы мен қалыптасуында Қарағанды облысының рөлі мен орны» мерекелік форум өрелі істерге куə етті. Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ел тарихында орны бір бөлек Теміртаудың өзгермес өзіндік сүйкімділігі, тартымдылығы бар ма дерсің. Əрдайым жайнаған, жап-жас қалпында əсемденіп, оны өңкей бағылан жүздер одан сайын балғындатып тұратындай ма екен, əйтеуір, қашан көрсең, қалай қарасаң баурап, таңырқатады.

Тынысына сіңісті ерен еңбек екпіні, келбетіне келісті жалын жігер алғашқы қада қағылған, тұңғыш шойын қорытылған кезіндегідей жаңғырық атып жатуы тағдырлары ұқсас, мақсаттары үндес толқындарға бірдей ыстықтығымен үйіреді. Елбасы еңбек жолын бастаған, ардақ тұтар тұлғалардың ұлағатты өрен өмірі өрілген ордалы өндіріс ошағының орталығы тап іргесінде

шаңырақ көтерген бас шаһардың шарықтай өсіп-өркендеуімен өзі де қайраты қайралып, əлеуеті əлденуіне мерейлі, қазір. Форум алдында еліміздің белді басылымдар басшылары қала өмірімен танысуды Тұңғыш Президент тарихи-мəдени орталығында болып, аралаудан бастады. Елбасының жауапты қызметтерге өсу жолын баян ететін, үлкен өндірісте қоян-қолтықтаса жұмыс істе ген əріптестері, Қазақстан Магниткасындағы елеулі оқиғалар туралы сыр шертетін, елдің экономи калық-əлеуметтік дамуы барысын, қол жеткізілген табыстарды алға тартатын «Тəуелсіз Қазақстан», «Өз заманының перзенті», «Тұлғаның ерен қабілеті», «Қазақстанның құрыш келбеті», «Уақыт ағымы» жəне «Қазақстан жолы» экспозициялық залдарына қойылған жəдігерлер мен құжаттар қызыға көрілді. (Соңы 2-бетте).

инфрақұрылым қажеттігі туындайды, – деді Мемлекет басшысы. Елбасы аталған бұл екі міндет бір-бірімен өте тығыз байланысты екеніне де мəн бере сөйледі. – Спорт жұлдыздарының тамаша ойын өрнегі жəне олардың жеңістері жарысқа деген рухты оятудың ең жақсы тəсілі болып саналады. Қазақстанның ұлдары мен қыздарын стадионға шақырып, олардың жаттығуға деген қызығушылығын оятып, жеңіске деген сенімін арттырудан артық ештеңе жоқ. Бұқаралық спорт өз кезегінде чемпиондар мен рекордшылар шығатын қолайлы ортаны қалыптастырады. Осылайша, біз жарыс тұғырындағы орнымызды жəне қоғамымыздағы саламатты өмір салты дəстүрін қамтамасыз ету тетіктерін іске қосамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Президент бұдан əрі жаңа спорт клубының өзіне жүктеліп отырған осы миссияны абыроймен орындап шыға алатынына сенім білдірді. – Клуб қазірдің өзінде əлемдік аренада өздерін танытқан командалардың басын біріктіріп отыр, – деді ол. – Оған жоғары нəтижелерге қол жеткізген атлеттер мүше болды. Гегель айтқандай, «Егер күштілер бірігетін болса, онда олар жеңімпазға айналады». Спорттық менеджменттегі озық технологиялар əлеуетімізді арттыруға жəне шекарамыз аясын кеңейтуге ықпал ететініне сенемін. Сөзінің соңында Елбасы жаңа клуб атауының өзі оның

мүшелері үшін зор жауапкершілік жүктейтініне, оның аясында өнер көрсететіндердің өз табыстары арқылы елорданың, бүкіл еліміздің даңқын шығаруға тиіс екеніне ерекше екпін берді. Шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның үздік спорт клубтарын өз бренді аясына біріктірген «Астана» президенттік клубының Құрметті президенті атағына ие болды. Ондай командалар арасында «Pro Team Astana» велокомандасы, баскетбол мен футбол клубтары, «Барыс» хоккей клубы, «Астана Дакар Тим» авторалли командасы, «Astana Arlans» боксшылары, су жəне ат спорты бойынша командалар, «Қазақстан барысы» ұлттық күресті дамыту секілді бірегей жобалар бар. «Астана» кəсіби клубының туы астында осы жиынға қатысушы ауыр атлет, екі мəрте Олимпиада чемпионы Илья Ильин, мəнерлеп сырғанаудан əлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен бəсекеге түспек. Салтанатты шараға 2011-2013 жылдарғы «Қазақстан барысы» атанған балуандар Ұлан Рысқұл, Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров, Олимпиада чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ыбырайымов, Бақтияр Артаев, Серік Сəпиев, кəсіпқой бокстан əлем чемпионы Геннадий Головкин жəне басқа да белгілі спортшылар қатысты.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Теміртаудағы Металлургтер сарайында əдемі бір жиын өтті дəл кеше, 4 шілдеде. «Астананың қалыптасуы мен дамуындағы Қарағанды облысының рөлі жəне орны» атты ол форум жайында бүгінгі газетте меншікті тілшіміздің репортажы жарияланып жатқандықтан онда айтылған əңгімені қайталамайақ қоялық. Əйтсе де, облыс əкімі Бауыржан Əбдішевтің форумда сөйлеген қысқа да нұсқа сөзінде Теміртаудың, Қарағанды облысының Астананың қаз басып, қалыптасуына, қарқынды дамуына қосқан қомақты үлесі айшықты айтылғанын атамай кете алмаймыз. Дегенмен, бұл өңірдің Астанаға қосқан басты үлесі басқа. Теміртауға бір барғанында Нұрсұлтан Назарбаев: «Егер де менің өмірімде Магнитка мен Теміртау болмағанда, мен ешқашан да Президент болмаған болар едім» деген екен. Біз дайындап жүрген сұхбат кітабының бір тарауында Елбасының: «Мен Магнитканың тарихын, Теміртаудың тарихын, ондағы адамдардың тағдырын өз тағдырымнан бөлек қарай алмаймын. Азамат ретіндегі алтын бесігім Теміртау дейтінім сондықтан» деп айтқаны да бар. Айналып келгенде, Елбасының жұмыскер, қайраткер, саясаткер ретіндегі шыңдалған көрігі болып, оның азаматтық алтын бесігіне айналған Теміртау халқымыздың болашақ тағдырын айқындаған аяулы мекен ретінде қалай ардақтауға да лайықты. Түс əлетінде Президенттің Теміртауда қатарласа, қанаттаса жұмыс істеген бір топ достарымен араласып-құраласып қалдық. Сөздің негізгі арнасы, əрине, ертеңгі Астана мерейтойына ауыса берді. Сонда бір жайға таңдандық. Əңгімеге араласқан алты адамның алтауы да Президенттің астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы ойын əуел баста қолдамағандарын, ол ойдың дұрыстығына уақыт өте келе ғана көз жеткізгендерін айтты. Былайша қарасаңыз, жастайынан бірге жүрген, бірге тұрған адамдар ел басқарып отырған достың ең жақын жақтаушылары ретінде оның осы қиын шешімін жұрттан бұрын қостай, қолдай кетуге тиіс сияқты. Олай болмаған.

Əйтсе де, бұл олардың кінəсі де емес, кемшілігі де емес. Басқаларымыздың да бүгінде «Ойпырмай, сол кезде осылай болатынын неге білмедік, неге бірден құлай түсіп, қуаттай кетпедік» деп қысылып-қымтырылатын жөніміз жоқ. Бұл біздің де кінəміз де емес, кемшілігіміз де емес. Басты себеп басқада. Басты себеп адамзат тарихындағы ұлы бастамалардың талайы салған беттен жұрт біткеннің жүрегіне жаппай жол таба қоймайтынында, ондай идеялардың уақыттан оза туатынында, соншалықты тосын, соншалықты батыл ұсыныстардың орындылығына, өміршеңдігіне олардың жүзеге асуы ғана түпкілікті көз жеткізетінінде. Бірден түсінуге болса, бірден ұғынықты болса, бірден қолдау таба кетсе, оның несі ұлы идея? Нұрсұлтан Назарбаевтың астана ауыстыру идеясы – сондай, шын мəніндегі ұлы идея. Президенттің бұл бастамасының біздің баршамыз үшін ең бір бағалы қасиеті тарихтың талмау тұсында, заман ауысып, қоғам алмасып, адам адасып, жүйе жаңғырып жатқан шақта түптің түбінде ел көңілін орнықтырумен, тарихтың аса ұзақ бір белесін түйіндеумен тынатын шешімге алып келгендігінде. Елбасының сөздерінде қозғалған жайларды ой елегiнен өткiзiп, санаға сiңiруге əдетте бiраз уақыт керек. Қазiрше бiз бiр ғана тұжырымға назар аударалық. «Қазақ елі» монументін ашарда Президент былай деген болатын: «Қазақ этносы қалыптасқан Дештi Қыпшақтың ежелгi жерiнiң қақ жүрегiнде орналасқан ел астанасы бүгiнде номадтардың санғасырлық тарихи көшiнiң дiттеген жерiне келiп тоқтауы, ұлттың кеңiстiктарихи ұйытқысының орнықты өлшемдерiн анықтау сынды əсер етедi». Бұл сөз ненi бiлдiредi? Тағы да қайталай айтайықшы. Бұл сөз, егер бiз отырықшылдықты орнықтылықтың бiр баламасы дейтiн болсақ, отырықшылдық қазақты мойынсерiктiкке, артельге, колхозға, совхозға бiрiктiрумен де, сызықпен көше тартып, екi жағына үйлер салумен де, ауыл, село, кент, тiптi қала тұрғызумен де түбегейлi түйiнделе қалмайтынын бiлдiредi. (Соңы 4-бетте).

 Өзгеріс өлшемі – өндіріс

Жаѕа зауыттыѕ ќадасы ќаєылды

Кеше Астанада Премьер-Министр Серік Ахметов «GEVO» локомотивтерінің дизельді қозғалтқыштарын жасайтын зауыттың құрылысы жүріп жатқан алаңдағы ескерткіш плитаның ашылу салтанатына қатысты. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Шарада сөйлеген С.Ахметов Мемлекет басшысының бастамасы бойынша ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жаңа көліктік машина жасау саласы құрылғанын атап айтты. «Жаңа зауыттың құрылысы өндірістік саланы дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, еңбек өнімділігін арттыруға қосымша серпін беретініне сенімдімін», деді ПремьерМинистр. С.Ахметов сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының темір жол машиналарын жасау саласын дамытуда осы саладағы Дженерал Электрик, Альстом, Тальго, Сименс сияқты əлем дік көшбасшылармен бірлесіп жұмыс істеп келе

жатқандығын атап өтті. Қазақстан бұдан əрі де бизнес-орта мен инвестициялық ахуал үшін қолайлы жағдай жасау саясатын жалғастыра береді, деді. Премьер-министр ел экономикасын индустрияландыру аясында темір жол саласында бірнеше ірі кəсіпорындардың ашылып, жұмыс істеп келе жатқандығына кеңінен тоқталды. – Бүгін біз жаңа өндірістің алғашқы тасын қалау рəсіміне жиналып отырмыз. Мемлекет бас шысы еліміздегі көлік инфрақұрылымының дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Соның нəтижесінде темір жол құрылысын қаржыландыру жылдан-жылға өсіп келеді, – деп сөзін қайырды Үкімет басшысы. (Соңы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.