05072014

Page 1

Осыдан дəл 20 жыл бұрын ел астанасын ауыстыру туралы тарихи шешім қабылданған еді. 6 шілде – елорданың туған күні. 6 шілде – Елбасының да туған күні. Елорда мен Елбасы егіз ұғым дейтініміз сондықтан. Туған күнің құтты болсын, аяулы елорда! Туған күніңіз құтты болсын, ардақты Елбасы!

ЕЛОРДА МЕН ЕЛБАСЫ - ЕГІЗ ЎЄЫМ №131 (28355) 5 ШІЛДЕ СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Елдіктіѕ еѕселі символы Астана кїніне орай Мемлекеттік туды кґтеру рəсімі ґткізілді

қолдарындағы мерекелік жалаушалардың желбіреуі осыны анық аңғартты. Астаналықтар мен қала қонақтары тамашалауға келген салтанатты рəсімге Мемлекеттік күзет қызметінің Құрмет қарауылы ротасы, Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауылы ротасы жəне Ішкі істер министрлігі Ішкі əскерлерінің Ұлттық ұланы ротасы да қатысты. Елбасы – Қару лы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ə.Назарбаев шараның басталуына бірер минут қалғанда келді. Жиналған қауымға бет алған Елбасын əскери оркестр «Елім менің» əнімен, ал жиналған қауым қолдарына ұстаған жалаушаларын жоғары көтеру арқылы ерекше құрметпен қошемет көрсетіп қарсы алды. (Соңы 7-бетте).

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Кеше Астана күні қарсаңында «Атамекен» этномемориалдық кешені жанындағы Мемлекеттік ту тігілген алаңда Тұңғыш Президенттің Мемлекеттік туды көтеру, еліміздің əскери оқу орындарының үздік бітірушілеріне офицерлік погон табыстау жəне мерекелік шараларды іске қосу салтанатты рəсімі болып өтті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекеттік туды салтанатты жағдайда көтеру рəсімі – тұрақты дəстүрге айналған үлгілі үдеріс. Оның үстіне бұл Астана мерекесінің ресми басталуының көрінісі де. Қала тұрғындары мен қонақтарын елорда күнін мерекелеуге шақырған аталған шара хаттамалық-салтанатымен қатар, тəуелсіздік пен мемлекетшілдік идеясын азаматтар санасына сіңіретін терең идеологиялық мəні барлығымен де ерек. Сондайақ, əр жылы Астана күнін атап өту арқылы еліміз өзінің жетістіктерін

паш етіп, Қазақстанның жаңа астанасы тарихының кезекті баспалдаққа қадам басқандығына куə болып келеді. Міне, осындай мəні терең шараны тамашалауға келушілер биыл да аса көптігімен ерекшеленді. Шағын ғана алаңға сыйма ған астаналықтар мен қала қонақ тарының кейбірі айтулы шараны алыстан да тамашалап тұрды. Əскери оркестрдің ойнауы жəне Астанаға арналған əндердің шырқалуы шараның салтанатына ерекше реңк берді. Мұның өзі онсыз да мерекелік көңілкүй ді одан сайын бір көтеріп тас тады. Жиналған қауымның

Кеѕеске ќатысушылармен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев тұрақсыз геосаяси ахуал мен əлемдік экономиканың аумалы-төкпелі жағдайында Қазақстан көрші елдермен тығыз əскери ынтымақтастыққа мүдделі екеніне назар аударды. – Бізде ҰҚШҰ аясында одақтастық қарым-қатынастар, өзара қорғау, əуе шабуылына қарсы ортақ сыртқы қорғаныс қалыптасты. Бізге осы қатынастарды жəне бір-бірімізге деген сенімді сақтау қажет, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті қорға ныс жəне əскери-техникалық ын тымақтастықты бұдан əрі

Сауытбек АБДРАХМАНОВ.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Марриотт» қонақүй-əкімшілік кешенінде болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ыќпалдастыќќа – ыќылас

Таєайындаулар

Кездесу барысында Мемлекет басшысы ТМД елдерінің қорғаныс ведомстволары басшыларының тұрақты кездесулерінің маңыздылығын атап өтті. – Біздің мемлекеттеріміздің бірлескен тəжірибесі, адами байланыстар, ортақ білім берудің əскери саланы да қамтыған ортақ үрдісі, қару-жарақтың бірыңғай түрімен жабдықтау, сондай-ақ, сыртқы шекараларды қорғаудың ортақ кеңістігі – осының бəрі тығыз байланыстарды бұдан əрі де сақтау қажеттігін білдіреді, – деді Қазақстан Президенті.

Əлемге əйгілі Айтматовтың «Қызыл алма» атты əңгімесі бар. Шығарма жазушының досы Зейнолла Қабдоловқа арналған. Əңгіме «Жұлдыз» журналына алғаш жарияланғанда (1964, N 3) қысқа ғана алғысөз берілген еді. Онда жазушы, сол туынды досының өтініші бойынша жазылғанын «Бул жаны аңгемемди Зейнулла Кабдоловго арнаганым тегинден эмес. Биринчиден, Зейнулла менин эң көңүлдөш досторумдун бири, экинчиден, «Кызыл алманы» жазууга Зейнулла себепкер болду, бул аңгимени бойго жеткирген анын «көз акысы» бар» деп айта келіп, былай дейді: «китеп окуучулар чыгарманын түйүну кандайча басталат, чыгарма кандайча туулат деп көп сурашат. Анын жолу өтө көп, өтө татаал. Кээде болсо, мына ушул сыяктуу, достуңдун тилектиштиги аркылуу чыгарма жаралат экен. Буга менин өзүмдүн да таңым бар...». Сол айтқандай, журналистиканың жолы да қиыр-шиыр. Газет материалының қолға қалай түсетінін кейде біліп болмайды. Кейкейде мақала деген редакция қоржынына өзіңнің қай жиынға шақырылуыңа, онда қандай əңгіме тыңдауыңа, тіпті сол жиында қай жерде отыруыңа байланысты түсуі де əбден мүмкін екен. Бұған менің де таңым бар... 19 мамырда Түркі академиясы елордада Түркі жазуының күніне байланысты алқалы жиын өткізді. Сол жиында Қырғызстан Ұлттық академиясының корреспондент-мүшесі Осмонақын Ибрайымов тамаша сөз сөйледі. Қырғыз елінің бірқатар мемлекеттердегі Төтенше жəне өкілетті елшісі, Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы қызметтерін атқарған бауырымыз өз сөзінде түркі дүниесін зерттеудің көкейкесті мəселелерін қозғаумен қатар біздің елордамыз – Астана туралы да көркем тілмен төгілдіре айтты, ордалы ойларын ортаға салды. Маған, əсіресе, қонағымыздың Астана архитектурасынан болашақтың бейнесі көрінеді, ұлттың келер күндерге ұмтылысы танылады деген толғамы өте ұнады. Екеуіміздің орнымыз қатар екен. Сөйлеп болысымен сөзіне разылығымды білдіріп, «Осы айтқаныңызды қағазға түсіріп, шағын мақалаға айналдырып берсеңіз, газетке ықыласпен жариялар едік, бұл біздің Алатаудың арғы жағындағы ағайынымыздың Астана туралы ақтарылған ақ тілегі болып шығар еді», дедім. Электронды пошта адресін жазып бердім. Осмонақын бауырымыз ол өтінішімді аз күннің аясында-ақ əдемілеп орындап, мақаласын салып жіберді. Осыдан қырық күндей бұрын қолға тиген сол материалды сары майдай сақтап келіп, Елорда күнінде тұтас бетке, безендіре жариялауды жөн көріп отырмыз. Бəз біреулерге артық болмас деп, мақаланың тақырыбындағы «супрематизм» латынның «supremus», яғни ең жоғары деген сөзінен шыққанын, ХХ ғасырдың басында осы стильдің негізін салушы Казимир Малевич геометриялық фигуралардың астасқан комбинациясын өнердің ең жоғары түрі деп танығанын, бағыттың аты содан шыққанын қоса айта кетейік. Автордың «Астана – кеңестік идеялық-саяси дəстүршілдікті еңсеру, тарихтың өн бойында біздің бəріміздің еңсемізді езіп келген көптеген отаршылдық ұғымдарының дағдыға айнала бастаған ауыр балластынан босану, ертедегі жəне таяудағы өткен күнімізбен ат құйрығын кесіспей тұрыпақ рухани, мемлекеттік, тілдік басымдықтардың жаңа алаңына аяқ басу» деген терең мағыналы сөздері мақалаға «Астанаға философтың көзімен қарағанда» деп тақырыпша қосып жазуға мүмкіндік беріп тұр. Мақалаға «Мемлекет мерейі» айдары қойылды. Иə, осыдан дəл 20 жыл бұрын Елбасының ел үшін еткен ерен ерлігінің бірі де бірегейі – елорда эпопеясы басталған еді. Бүгінде алысты да, жақынды да тамсандырып, Шығысты да, Батысты да таңдандырып тұрған ару қала Астана шын мəнінде мемлекетіміздің мерейі. Ұлттық мақтанышымыз.

Ќонаќїй кешенінде болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

дамытудың маңыздылығын да айтты. – Біз қазір өзге мемлекеттермен бірлесіп жүзеге асыру үшін əскери техниканың бірқатар құрамдастарының өндірісін Қазақстанға əкелуді ойластырудамыз. Осыған байланысты біз бірлескен кəсіпорын құруды жанжақты қолдаймыз. Көрші елдердің экономикалық жəне ішкі саяси ахуалдары Қазақстанға əсер етеді, сондықтан біз көршілерімізде, одақтастарымызда, соның ішінде Достастық аясында бəрі жақсы болуына шынайы тілектеспіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында Мемлекет басшысы Кеңеске қатысушыларға табысты əрі жемісті жұмыс тіледі.

(Астанаєа философтыѕ кґзімен ќараєанда)

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Мақаланы 11-беттен оқисыздар.

Елбасы Астана қаласының ірі инвестициялық нысандарының бірі саналатын кешеннің жаңа ғимаратын аралап көрді. «4+» санатындағы қонақүй құрылысы 2010 жылдың маусымында басталған болатын. Ғимараттың жалпы алаңы 43 мың шаршы метрден асады, ал қонақүйдің нөмірлер қоры 283 бөлмеден тұрады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Супрематикалыќ силуэттер сґзі

*** Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды; Асқар Ахметұлы Мусинов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды; Əбдірашит Төлегенұлы Жүкенов Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Хроника

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Айбар Жиреншеұлы Боданов Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадор сыртқы істер министрі Рикардо Армандо Патиньо Ароканы қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаев Эквадордың сыртқы саясат ведомствосы басшысының сапары екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін атап өтті. Ол Қазақстан Парламентінің Эквадор Ұлттық Жиналысымен тығыз қарым-қатынас орнатуға ықыласты екенін атап өтіп, эквадорлық парламентшілерді

Астанаға келуге шақырды. Қазақстан Сенатының басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуына орай біздің еліміздің кандидатурасын Эквадордың қолдайтынына сенім білдірді, сондай-ақ, эквадорлық компанияларды халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды.

Кґкке ґрле, кґк байраќ!

Арқаның құба жонында, Арыстан ойнар шарқ ұрып... Шалкиіз жырау. Үзілмеген ғасырлар үміт əнім, Кенесары көшесін кесіп өтіп, Зар заманды мен қалай ұмытамын... Абылай мен Абайға ат шалдырдым!.. Солтүстіктің суығын енді міне, Тəуелсіздік отымен жылытамын! Еркіндіктің Есілде айт өлеңін, Жұлдызды түн сыр ашса, Жүректерде қалды ғой сыздап елес... қайтер едің?.. Мұзбалақтар асады мұзда белес!.. Ойың менен бойыңды түзетеді, Бостан елдің бораны күш береді – Темірқазық жердегі – Бəйтерегім! Желтоқсанның баяғы ызғары емес!.. Ұлттық сана ұғым бол санатты Дүбірімен дүлдүлдің жарыс көрген, ерге, Шабытының бірі едім шабысқа ерген. Найза болсын намысы қанатты елге. Азат буын ақыны қалай қалар, Қыспағында заманның қияға ұшар, Қазақ туын көтерген Намысты ерден! Қараөткелім айналсын дара өткелге... Ірі ел болу үшін де іргеміз кең, Күтер үлес халқымыз күнде бізден. Бабаларым, баһадүр, өткір едің, Ақ жол тілеп алыстан мен де келдім, Аңсап күнім Азаттық өтті менің... Арыстары Алаштың жүрген ізбен!.. Көк байрақты көргенде Ақордадан, Көкке мəңгі өрлесін деп тіледім! Тереңіне өткеннің батсаң мың күн, Келешекте – ордасы бақшаң гүлдің. Қазыбек ИСА.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
05072014 by Egemen - Issuu