05072015

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№126 (28604) 5 ШІЛДЕ ЖЕКСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Жан жадыратќан жеті саєаттыќ жїздесу 3-бет Єибратты єўмыр таєылымы 5-6-беттер Заман жəне Кґшбасшы 8-бет Кґне кент 9-бет

«Ќазаќстан барысы» жїлдегерлерін аныќтады

Кґк тудыѕ желбірегені Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Атамекен» этно-мемориалды кешені алаңында жыл сайынғы дəстүр бойынша Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рəсіміне қатысты. Рəсім аясында Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы елдің жоғары əскери оқу орындарының түлектеріне офицерлік шен тапсырды. Қазақстан Президентінің қолынан 12 түлек – Қорғаныс министрлігі Құрлық əскерлері əскери институтын, Ішкі істер министрлігі Ұлттық гвардиясының əскери институтын, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери институтын үздік бітірушілер погон алды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Ең алдымен, Мемлекет күзет қызметі үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Мемлекеттік ту əкелініп, ел Əнұраны шырқалды. Бұдан кейін

шараға қатысушыларға арнаған сөзінде Қа зақстан Президенті Мемлекеттік ту көтеріліп, Əнұран орындалған сайын əрбір қазақстандықтың айрықша се зімге бөленетінін айтты. «Бұл – бəріміздің ортақ табысымызға, тəуелсіз елдің батыл қадамына деген мақтаныш.

Бүгінде бүкіл əлем үшін бұл байрақ – табысты мемлекеттің жəне біздің ұлттық бірлігіміздің символы. Қазақстанның туында алтын күн бейнеленген, сол күн мен мəңгілік аспан астында ұлан-байтақ даламыз көсіліп жатыр. Таяуда осы байрақ дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесінің ажарын ашатын болады. Ту көтеру арқылы алдағы Олимпия ойындары мен өзге де спорт жарыстарында еліміздің əлі талай жеңістері əспеттелетініне сенімдімін. Байрақ мемлекеттілігімізді сақтау, оны нығайту керектігін күн сайын есімізге салып тұрады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Телефон арќылы сґйлесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Телефон арқылы сөйлесуге БҰҰ Бас хатшысының кеңсесі бастамашылық етті. Тараптар Қазақстан мен Ұйым арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың ахуалы мен болашағын талқылады. Мемлекет басшысы Ұйымның бейбітшілік пен қауіпсіздікті, орнықты дамуды жəне халықаралық қоғамдастық

мүшелері арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етудегі жетекші рөлін атап айтты, сондай-ақ, еліміздің БҰҰ міндеттері мен мақсаттарына адал екеніне сендірді. Пан Ги Мун Қазақстанның халықаралық саясаттың күн тəртібіндегі өзекті мəселелерді қарастыру жəне шешуге қосып отырған үлесін жоғары бағалады.

 Президент поштасынан

Аќ тілектер аєыны

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне байланысты шетелдік мемлекеттер мен үкіметтер басшыларынан құттықтаулар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда ғана емес, сыртқы əлемде де зор құрмет пен беделге ие екені атап өтілген. «Сіз президенттік лауазымда жұмыс істеген жылдары елдегі татулық пен келісімді қамтамасыз етіп, заманауи демократиялық мемлекет құра алдыңыз. Сіздің басшылығыңызбен республика əлеуметтікэкономикалық жəне ғылыми-техникалық прогресс жолымен сенімді жүріп келеді, өзекті халықаралық мəселелерді шешуге белсене қатысады», – делінген құттықтауда. В.Путин екі елдің арасындағы одақтастық қарым-қатынастарды жəне стратегиялық серіктестікті дамытуға Қазақстан Президентінің қосқан жеке үлесі баршаға мəлім екенін атап айтты. «Сіз үшін мерейтой жылында Еуразиялық экономикалық одақ туралы идеяңыздың іс жүзіне асқанына шынайы қуаныштымын. Осынау ауқымды жобаны одан əрі жүзеге асыру көпжақты ынтымақ тастықты, бүкіл Еуразия кеңістігіндегі тату көршілестікті жəне өзара түсіністікті нығайтуға септігін тигізетініне сенімдімін. Біздің достық, сындарлы қатынастарымызды жоғары бағалаймын жəне Сізбен бірлескен жұмыс жалғасады деп үміттенемін», – деп атап өтті Ресей Президенті. Соңында В.Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт, сарқылмас қуат жəне Қазақстан халқының игілігі үшін жаңа биіктерге жетуін тіледі.

*** Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытай қарымқатынастары соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқанына назар аударған. «Елдеріміздің арасындағы саяси сенім де тереңдей түсіп, ынтымақтастықтың түрлі салаларында елеулі нəтижелер үшін жағдай туғызып отыр. Сізбен бірлесіп мемлекеттеріміздің тұрақты байланысын қамтамасыз етуге, қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты стратегиялық серіктестікті екі елдің халқының игілігі жолында кеңейтуге əзір екенімді білдіремін», – делінген құттықтауда. Си Цзиньпин, сондай-ақ, ШЫҰ-ның Уфада өтетін алдағы саммитіндегі кездесуді тағатсыздана күтетінін атап өткен. ҚХР Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық пен бақ-береке тіледі. *** АҚШ Президенті Барак Обама Америка халқының атынан Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтады. «Осы айрықша оқиғаны отбасыңыз бен достарыңыздың ортасында атап өтіп жатқан күні Сізді мынаған сендіргім келеді: мен екі елдің маңызды қарымқатынастары біздің халықтарымыздың игілігі үшін одан əрі дами беретініне күмəн келтірмеймін», – делінген құттықтауда. Б.Обама Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық жəне бақыт тіледі. (Соңы 5-бетте).

(Соңы 2-бетте).

 Мерей

Кеше Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен дəстүрлі «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің финалдық бəсекесі мəреге жетті. Онда еліміздің барлық аймақтарында, Астана жəне Алматы қалаларында үш кезең бойынша өткен іріктеу сынақтарында озып шыққан атлеттер күш сынасты. Сөйтіп, əрбір өңірдің намысын қорғаған екі спортшы мен былтырғы жылғы жеңімпазды қосқанда, барлығы 33 балуан бес сағатқа созылған ақтық бəсекеде жүлделерді сарапқа салды. Биыл бесінші рет жалауын желбіретіп отырған жарыстың көрер мендері арасында Елбасының өзі де болды. Мемлекет басшы сы сайыс соңында сөз сөйлеп, турнирге қатысушыларды құттықтады. Ол өз сөзінде халқымызбен бірге жасасып келе жатқан қазақ күресінің кешегісі, бүгінгісі жəне ертеңгісі жайлы айта келіп, оның жастарымызды отансүйгіштік, жауынгерлік рухта тəрбиелеуге қосатын үлесі мол екеніне тоқталып өтті. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

– Қазақ күресі біздің республикамыз тəуелсіздікке қол жеткізгелі бері дамудың жаңа даңғыл жолына түсті. Атабабаларымыздың көзіндей болып бүгінгі күнге дейін жеткен бұл күрес – біздің ұлттық дəстүріміз. Ал оны қайта қолға

алып, жаңаша өркендете бастауымыз біздің ата-баба дəстүріне беріктігімізді танытады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. – Ауылдағы балалар ежелден күреспен шұғылданып, ұдайы өз шеберліктерін жетілдіріп отырған. Əкелер өз балаларына оның айла-тəсілдерін үйреткен. Ұлттық күресті осылай айрықша қастерлеген халқымыз оның сайыстарында озып шыққан балуандарға тайтұяқ алтын сыйлаған. Бізде халқымыздың даңқын

арттыра білген атақты күрес шеберлері де жеткілікті болды. Олардың қатарынан біз Қажымұқан, Балуан Шолақ секілді көптеген тұлғаларды көрер едік. – Қазіргі кезде қазақ күресінің даңқын арттырып, атағын айдай əлемге тарату жолында көптеген шаралар жасалып жатыр, – деді Нұрсұлтан Əбішұлы бұдан əрі. (Соңы 2-бетте).

Елбасытану эпопеясы

«Президент» жинаєын зиялы ќауым осылай баєалады Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Астана күні мерекесіне тартылған айтулы сыйлықтардың қатарына «Президент» атты 783 беттік көлемді жинақты да қосуға болады. Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы қызметі туралы 2010-2015 жылдар аралығында «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген алуан түрлі мақалалар, талдамалық толғаныстар, репортаждар, публицистикалық пайымдар, естеліктер мен арнау өлең дердің жинағы. Оны «Егемен Қазақстан» газеті» республикалық газеті» акционерлік қоғамы газет тігінділерінің сарғайған парақтарында қалдырмай теріп алып, осындай

жинақ етіп шығарып отыр. Кітап «Егемен Қазақстан» газетінің бұған дейінгі жылдары шығарған «Елбасы», «Тəуелсіздік», «Салтанат», «Астана» жəне «Дінтұтқа» жинақтарымен бір серияны құрайды. Мазмұн жағынан ол Президент туралы 1990-2010 жылдар аралығындағы газет жарияланымдарын қамтыған «Елбасы» кітабының заңды жалғасы іспеттес. Алдыңғы күні қазақ баспасөзінің қара шаңырағында осы жинақтың тұсаукесер рəсімі болды. Оған бір топ мемлекет жəне қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, ақын-жазушылар, жинаққа енген мақалалардың авторлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Тұсаукесерді акционерлік

қоғам президенті Сауытбек Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды. Алдымен ол 2-3 күн нен кейін Астана күні мерекесі атап өтілетінін айтып, жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады. Елбасының ел үшін жасаған ерен еңбектері көп. Солардың ішіндегі ерекше айтатынымыз ерке Есілдің бойына ел қондырып, қазақтың туын Арқа төсіне əкеліп тіккендігі. Соңғы жылдарда кейбір мемлекеттерде болып жатқан түрлі-түрлі оқиғаларды ойға алған кезде астананы Алатаудың бауырынан Арқаның төсіне ауыстыру батыл, терең, орынды шешім ғана емес, шын мəнінде ұлы шешім екендігіне көзіміз жете түсті. (Соңы 7-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.