Бїгінгі нґмірде:
№150 (28374) 5 ТАМЫЗ СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Жалаќы ќарыздары ќысќаруда
● Ел тынысы: мың бір мысал
ЖАЅА КЕМЕ
Жайыќ ґзені арќылы Каспий теѕізіне бет тїзеді
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Орал қаласындағы «Зенит» зауыты жыл сайын тың, жаңа
жобаларға жол ашып келеді. Өткен шілде айында кəсіпорын конвейерінен Шаған өзеніне суға түсіріліп, одан əрі Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне
бет түзеген «Қарағанды» күзет кемесі осы пікіріміздің айқын дəлелі. Бұған дейін жүзеге асырылған «Айбар» жəне «Бүркіт» жобаларының одан əрі
Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың Юньнань провинциясындағы Чжаотун қаласында зілзала салдарынан көп адамның қаза болуына байланысты ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхатта қайғылы жағдай туралы суық хабарды Қазақстан халқы зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Мемлекет басшысы барша қазақстандықтардың жəне жеке өз атынан Си Цзиньпинге, сондай-ақ қаза болғандардың туғантуыстары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас ауыр қайғыларына ортақтастығын білдірді. «Қытай халқына басына түскен қасіретті көтеретін күшқуат тілеймін. Қабылданып жатқан шаралар табиғи апаттың салдарын еңсеруге мүмкіндік береді деп сенемін», – делінген жеделхатта.
АҚПАРАТТАР аєыны ● Үстіміздегі жылдың соңына дейін Қазақстанда 295 кəсіпорын бəсекелі ортаға беріледі. Бұл туралы мəлімдеген Қаржы вице-министрі Руслан Дəленов олардың 2013 жылдың қорытындысындағы жеке капиталы 1,5 трлн. теңгеден астам қаржы болғанын айтты. Оның мəліметі бойынша, аталған тізімдегі 94 кəсіпорынның жалпы сомасы 25 млрд. теңге болып отыр. ● Елімізде келесі жылы ғылымның басты салаларын дамытуға 43 млрд. теңге қаржы бөлінеді. Білім жəне ғылым министрлігінен хабарланғандай, аталған соманың 16 млрд. теңгесі бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға, 21,6 млрд. теңгесі грантты қаржыландыруға, 5,4 млрд. теңгесі базалық жұмыстарға жұмсалады. ● Астанада жыл соңына дейін тағы 8 мектеп ашылады. Бұл туралы кеше қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Сенғазиев айтты. «Мектептердің əрбірі 1200 орындық болады,
барлығын қосқанда, 8 мың орынға жетеді. Ал қазіргі мектеп орындарының тапшылығы 23 мыңды құрайды», – деп атап өтті ол. ● Қазақстанда жаңа жол белгісі қатарға қосылады. «Біз Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, бірыңғай «Бейнебақылау жүргізілуде» деген белгіні ойластырып жатырмыз, оны көрген жүргізуші бейнетаспаға түсіріп жатқанын біледі де, тəртіп бұзбауға тырысады, бұл тəртіп бұзушылықтың алдын алуға жақсы», деді «Астана Innovations» мекемесі басқарма төрағасының орынбасары Досжан Досымқұлов. ● Шығыс Қазақстан мен Австрия арасында экономикалық ықпалдастық қалыптасуда. Бұл мəселе облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың Авс трияға сапарында Штирия федеральдық жері үкіметі басшысының орынбасары Христиан Бухманмен кездесуі кезінде талқыланды. Тараптар соның ішінде екі өңірдің ғылыми-зерттеу орталықтары өзара тиімді байланыс орната алатыны ерекше атап өтілді. Ал экономиканың нақты
жаңғыртылып жетілдірілген түрі. – Бүгінде Каспий теңізіне жеткізілген айрықша кеме тəуелсіз еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соның ішінде
шекара күзетін нығайтуға өз үлесін қосатыны анық. Осы орайда тапсырысты көрсетілген мерзімде сапалы орындаған «Зенит» зауытының конструкторлары мен инженер-техник қызметкерлеріне ризашылығымыз мол, – деді газет тілшісіне ҚР ҰҚК шекара қызметі директорының орынбасары Кеген Тұрсынбаев. Иə, «Қарағанды» теңіз айдынында жүзу жылдамдығы мен басқару тетігі, тұрақтылығы мен дербестілігі бойынша жоғары көрсеткішке ие. Сондай-ақ, күзет кемесінде қашықтықтан басқарылатын жауынгерлік қарулар да орнатылған. Жағалау күзетінің қолбасшысы I дəрежелі капитан Қыдыржан Мұқановтың айтуынша, жауынгерлік су көлігі жаңа жобаның жарқын жемісі. Оған жаңадан арнайы суатқыш қозғалтқыш қойылған. Ал жылдамдығына келер болсақ, сағатына 100 шақырымға дейін жетеді. Бұл судағы заңсыздықтардың алдын алу барысындағы мəсе лелерді шешуге үлкен көмегін тигізбек. Келешекте «Зенит» зауы тының ұжымы «Қазақстан инжиниринг» АҚ-пен бірлесе отырып «Теңіздік кеме жасауды дамыту» инвестициялық жобасы аясында құрғақ салмағы шамамен 600 тон налық мамандандырылған кемелер мен жүзу құралдарын шығаруды жоспарлап отыр. ОРАЛ. –––––––––––––––
● Жағымды жаңалық
Ґнім кґлемі арта тїсті
Биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларында облыстың өнеркəсіп кəсіпорындары 107,5 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».
Бұл өткен жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда 103,6 пайызды құрайды. Өндірістің өсуі Көкшетау қаласы мен Астрахан, Сандықтау аудандарынан басқа өңірлерде байқалды. Ағымдағы кезеңде барлық өнімнің 74,4 пайызын ірі жəне орта өнеркəсіп кəсіпорындары өндірсе, 12 пайызы шағын, ал, 8,9 пайызы
салаларында ынтымақтастық орнату үшін делегациялар алмасу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. ● Шымкент қаласының аулаларын абаттандыру үшін 339 млн. теңге қаралды. Осының арқасында 52 аула көріктендіріліп, 24 балалар ойын алаңы салынады. Облыс əкімінің орынбасары Бақыт Мелдебековтің айтуынша, барлық жұмыстар тамыз айының соңында аяқталады. Бұдан басқа, қаланың барлық саябақтары мен саяжайларында 6 жаттығу алаңын жасақтау жоспарда бар. ● Алматы облысында 780 ірі қара малына арналған тауарлық сүт кешені пайдалануға берілгелі тұр. Аймақтың Қарасай ауданындағы Іргелі ауылында бой көтерген нысанды «Медеу Коммерц» ЖШС 2,3 млн. теңгеге салып бітірді. Ол Үкіметтің агроөнеркəсіп кешенін индустриялы дамыту бағдарламасы мен Алматы қаласының маңында азық-түлік белдеуін жасау жобасы аясында мүмкін болды. ● Қостанайда мал шаруашылығы техни ка ла ры ның ірі көрмесі өтеді. Ол 7 тамыз күні Қарасу ауданы «Восток»
Білімдініѕ бəсі биік 2-бет Жекешелендіру бəсекелестікті дамытады 3-бет Жегіќўрт 5-бет 1818 жылы жасалєан кґне мылтыќ тапсырылды 14-бет
қосалқы өндірістің үлесіне тиеді. Өнеркəсіптік өндіріс көлемінің 15 пайызын құрайтын кен өндіру өнеркəсібі мен жер қойнауын пайдаланушылар осы мерзімде 16,1 миллиард теңгенің өнімін өндіре алды. Бұл өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 7,5 пайыз жоғары. 2014 жылдың бес айында өңдеуші өнеркəсіп саласында 72,5 миллиард теңгенің өнімі (тауарлар, қызметтер) өндірілді. Ақмола облысы.
ауылында қанат жаяды. Негізінен асыл тұқымды малдарды сатуға арналған «KARASU Farm-2014» аукционының соңы мал шаруашылығына қажетті құ ралжабдық пен техниканың көрмесіне ұласады. ● Қызылордада республикалық «Мектепке жол» акциясы басталды. Мониторинг көрсеткендей, бастауыш сыныптағыларды жаңа оқу жылына дайындауға – 14-16,4 мың, ортаңғы сынып оқу шыларына – 19-21 мың, жоғарғы сынып оқушыларына 23 мың теңгеден керек. Былтыр аймақта 24 мыңға жуық балаға жалпы сомасы 141 млн. теңгенің көмегі көрсетілген еді. ● Ақтауда жыл басынан бері 244 адам жұмысқа орналасты. Бұл барлық өтініш бергендердің 23 пайызына тең. Қала əкімдігінен хабарлағандай, 2014 жылдың осы мезгіліне дейін барлығы 1060 адам көмекке жүгінген. Хабарлар «ҚазАқпарат», BNews.kz, YK-news.kz, Alau.kz, Egemen.kz, агенттіктері мен облыстық əкімдіктер сайттарының деректері бойынша əзірленді.
Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ.
Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев селекторлық режімде əлеуметтік серіктестік пен əлеуметтік жəне еңбек қарым-қатынастарын реттеу бойынша республикалық үшжақты комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Комиссия жұмысына орталық мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдардың, өңірлік кəсіпкерлер палатасының жəне кəсіподақ өкілдері қатысты. Республика өңірлеріндегі еңбек қарым-қатынастарының жағдайы туралы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова баяндады. Оның мəліметінше, ағымдағы жылдың басынан бері 10 еңбек дауы, оның ішінде Маңғыстау облысында – 4, бір-бірден – Астана қаласында, ШҚО, СҚО, ОҚО, Алматы жəне Атырау облыстарында орын алған. Еңбек дауларының негізгі шығу себебі жалақыны уақытылы төлемеу жəне жұмысшылардың оны көтеруін талап етуі болып отыр. Министрдің айтуынша, барлық даулар мемлекеттік органдардың қатысуымен құқықтық
жауап қайтару арқылы дер кезінде реттелді. Еліміздегі жалақы бойынша қарыз үстіміздегі жылдың ақпанынан бастап шілдесіне дейін шамамен үш есеге қысқарып, 253 млн. теңгені құрады. Сондай-ақ, РҮК отырысында Еңбек күнін өткізуді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспа ры мақұлданып, Үкімет, республикалық жұмысшылар мен жұмыс берушілердің бірлестігі арасында 2015-2017 жылдарға арналған Бас келісім жобасы қаралды. Кеңесті қорытындылай келе, Б.Сағынтаев жұмысшылар мен жұмыс берушілердің серіктестік қарым-қатынасы саласындағы құқықтық білім мен мəдениет деңгейін арттыру қажеттігін атап өтіп, сондай-ақ қарыздарды өтеу бойынша жұмысты жандандыруды жəне жалпы жалақы төлеу мəселелерін шешуді тапсырды.
Байќау басталды 4 тамызда Қазақстанда ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің нышанына дауыс беру кезеңі басталды. Дауыс беріп, таңдау нəтижелерімен танысу үшін ақпараттарды тамыздың 4-і мен 18-і аралығында https://www.expo2017mascot.kz сайтынан анықтауға болады. ЭКСПО-2017 көрмесінің үздік маскот дизайны бойынша халықаралық байқаудың іріктеу кезеңі 2014 жылдың 20 мамыры мен маусымның 20сы аралығында өтті. Барлығы жарысқа 80-нен астам жоба түскен. Өздерінің дизайн-жобаларын Бразилия, Мексика, Венесуэла, Португалия, АҚШ, Германия, Швейцария, Ұлыбритания, Испания, Босния жəне Герцеговина, Бельгия, Литва, Румыния, Польша, Украина, Израиль, Үндістан, Индонезия, Ресей, Қазақстан, тағы басқа да елдердің дизайнерлері жолдаған. Байқауға түскен жобалардың басты талабы «Болашақ энергиясы» көрме тақырыбына сай келуі тиіс. Сонымен қатар, қа был даушы ел – Қазақстан Респуб ликасы мəдениетінің
ерекшеліктерін айғақтауы шарт. Бірінші кезең қорытындысы бойынша Байқау комиссиясы Көрме талисманы құқына таласатын 7 қатысушының жұмысын іріктеп алды. Олардың қатарына Қазақстан мен Украинадан əртүрлі жарнама агенттіктері мен жеке дизайнерлер жолдаған талисмандар кірді. Байқау шарттарына сай, жеңімпаздар 2014 жылғы тамыз айының 4-і мен 18-і аралығында өтетін халықтық дауыс беру арқылы анықталады. Көп дауыс жинаған үш жобаның ішінен біреуі жеңімпаз болып танылады. Байқау нəтижесі 19 қыркүйекте жарияланады. Жеңімпаз атанған автор лайықты марапатпен қатар, көрменің Маскот брендбугын жасау туралы
келісімшартқа қол қояды. Дауыс беруге қатысу үшін Facebook, Vkontakte, Твиттер немесе Мой Мир əлеуметтік желілерінде тіркелу қажет, немесе электронды пошта арқылы арнайы код алып қана дауыс беруге болады. Тіркелген пайдаланушы жеті дизайнның біреуіне ғана дауысын бере алады. Жобалармен танысып, ұнатқан дизайнға дауыс беруді ке лесі сілтеме бойынша білу ге болады: https://www. expo2017mascot.kz. «Қатысушылардың барлығына алғысымызды біл діреміз. Біз ұсынылған жобалардың креативтігіне жəне қамтылған географиялық аума ғына таң қалдық. Бүгін ел назарына үздіктерін ұсынамыз. Маскот барша əлемге танымал бола тын көрменің бейнесіне айналып, өздеріңіз таңдаған тұмар Қазақ станға сəттілік əкеледі, деп се немін», деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Маркетинг жəне жұрт шылықпен байла ныс жөнін дегі департамент директоры Əсел Қожақова. «Егемен-ақпарат».
Оќырман назарына!
Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.