АҚПАРАТТАР аєыны №147 (28625) 5 ТАМЫЗ СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Отандыќ ґндіріс їлесі
Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Ресей Федерациясыныѕ Їкіметі арасындаєы реадмиссия туралы келісімді жəне Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Ресей Федерациясыныѕ Їкіметі арасындаєы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тəртібі туралы атќару хаттамасын ратификациялау туралы 2012 жылғы 7 маусымда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісім жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тəртібі туралы атқару хаттамасы ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 2 тамыз. №344-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Литва Республикасыныѕ Їкіметі арасындаєы Адамдардыѕ реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы 2011 жылғы 6 қазанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 2 тамыз. № 345-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылєы 29 мамырдаєы Еуразиялыќ экономикалыќ одаќ туралы шартќа Ќырєыз Республикасыныѕ ќосылуы туралы шартты, 2014 жылєы 29 мамырдаєы Еуразиялыќ экономикалыќ одаќ туралы шартќа Ќырєыз Республикасыныѕ ќосылуына байланысты 2014 жылєы 29 мамырдаєы Еуразиялыќ экономикалыќ одаќ туралы шартќа жəне Еуразиялыќ экономикалыќ одаќтыѕ ќўќыєына кіретін жекелеген халыќаралыќ шарттарєа ґзгерістер енгізу туралы хаттаманы, сондайаќ 2014 жылєы 29 мамырдаєы Еуразиялыќ экономикалыќ одаќ туралы шартќа Ќырєыз Республикасыныѕ ќосылуына байланысты Ќырєыз Республикасыныѕ 2014 жылєы 29 мамырдаєы Еуразиялыќ экономикалыќ одаќ туралы шартты, Еуразиялыќ экономикалыќ одаќтыѕ ќўќыєына кіретін жекелеген халыќаралыќ шарттарды жəне Еуразиялыќ экономикалыќ одаќ органдарыныѕ актілерін ќолдануы жґніндегі жаєдайлар мен ґтпелі ережелер туралы хаттаманы ратификациялау туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда Мəскеуде жасалған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шарт, 2015 жылғы 8 мамырда Мəскеуде жасалған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа жəне Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарға өзгерістер енгізу туралы хаттама, сондай-ақ 2015 жылғы 8 мамырда Мəскеуде жасалған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды жəне Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы хаттама ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 2 тамыз. № 346-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылєы 29 мамырдаєы Еуразиялыќ экономикалыќ одаќ туралы шартќа Ќырєыз Республикасыныѕ ќосылуы туралы 2014 жылєы 23 желтоќсанда ќол ќойылєан шартќа Армения Республикасыныѕ ќосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2015 жылғы 8 мамырда Мəскеуде жасалған хаттама ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 2 тамыз. № 347-V ҚРЗ
«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі нысандарының құрылысына бүгінгі күні 101 қазақстандық кəсіпорын тартылған. Жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 88 млрд. теңгені құрап отыр. Елбасының көрме құрылысына жəне оны дайындау ісіне аймақтық бизнесті тарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізетін отандық кəсіпорындармен ынтымақ тастықты кешенді өрістетуде. Қазіргі күні Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік
Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының əкімдіктерімен жəне Астана қаласының əкімдігімен бірқатар меморандумдарға қол қойылған. Осы меморандумдар шеңберінде жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша, 83 кəсіпорынмен 87 млрд. теңге жұмыс көлемі жөніндегі келісімшарттарға қол қойылды. Олардың ішінде 65 компания Астанадан (іргетастың қазықтары, бетон, қиыршық тас, құрылысқа арналған ерітінділер, анкерлік бұрандамалар, ағаштан жасалған қалып, газ блоктары, дизельдік отын, химиялық қоспалар, сэндвич-панельдер, сорғыш жабдық жəне т.б.),
1 компания Солтүстік Қазақстан облысынан (металл құрылмалары, монтаж), 12 компания Қарағанды облысынан (металл бұйымы, металл құрамаларын шығару, темірбетонды бұйымдар, іргетастың қазықтары, арнаулы жұмыс киімі, радиаторлар, құбырлар жəне полипропиленнен жасалған фитингтер), 2 компания Павлодар облысынан (металл бұйымы (арматура), кабельдік өнім), 2 кəсіпорын Оңтүстік Қазақстан облысынан (трансформаторлық жабдықты шығару жəне жеткізу) жəне 1 компания Шығыс Қазақстан облысынан (минералмақталық тақтайлар) қатысып отыр.
Тянь-Шанныѕ бір шыѕы
● Қазақстанда ауқымды мал бордақылау алаңдарын салу бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингінің мəліметіне сүйенсек, еліміздің бірнеше облыстарында 3 мың бас ірі қара малын бордақылау алаңының құрылысы жүргізілмек. ● Биылғы шілде айында еліміздегі инфляция 0,1 пайызды құрады. Ал азықтүлік тауарларының бағасы 0,3 пайызға төмендесе, ақылы қызметтер 0,5 пайызға өскен. Сондай-ақ, тұрғын үйкоммуналдық қызметтер саласында тарифтер 7 пайыздың шамасында қымбаттаған. ● Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланына қарасты 5573-əскери бөліміндегі жауынгерлер жаңа киім үлгісіне көшті. Əскерилердің жаңа формасы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында жүзеге асырылды. Айта кетейік, еліміз бойынша 5 мың сарбаз патрульдік полицейлермен бірлесіп қоғамдық тəртіпті қадағалап келеді. ● Астанада 2015-2016 оқу жылына орай жаңадан үш мектеп бой көтерді. Олар – Есіл ауданының Орынбор көшесінде орналасқан №77 мектеп-гимназиясы, Комсомол тұрғын алабындағы №79 мектеп-гимназиясы жəне Батығай тұрғын алабында қоныс тепкен дарынды балаларға арналған «Astana English school» мектебі. Əр мектеп 1200 орынға лайықталған. ● Алматыда «Самал» шағын ауданын абаттандыру барысында 3 шақырымдық веложол салынады. Ол – Достық даңғылы, Сəтбаев, Фурманов жəне Жолдасбеков көшелері арқылы ұзындығы 3 мың метрлік жол. Сондайақ, қала əкімінің тапсырмасы бойынша даниялық сəулеткер Ян Гейлдің тұжырымдамасы аясында ауданды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. ● Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласына жылына 1 миллионға жуық турист келеді. Қала əкімі Əліпбек Өсербаевтың айтуынша, мұнда туризм қарқынды дамыған. 2013 жылы Қ.А.Ясауи кесенесіне 700 мыңнан астам турист келсе, 2014 жылы бұл цифр 1 млн.-ға артқан. Ал биылғы бірінші жартыжылдықта 600 мыңға жуық адам қалаға саяхат жасаған екен. ● Қызылорда облысында бірінші жартыжылдықта 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Мұның басым бөлігі құрылыс саласына тиесілі. Облыс əкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, аймақта жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құраған. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.
(Соңы 3-бетте).
● Үйренетін үрдіс
ФОРЕЛЬ
«Ќазаќстан халќы Ассамблеясы» атауына ие болады Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Жақында Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркінде «Бұл – біздің таулар» деп аталатын фестиваль өтті. Біздің таулар деп кеудені мақтаныш керіп, ауыз толтырып айтатындай бар. Жоғарыда аспанмен амандасқан, басын сіреу мұз басқан, қары ерімейтін алып тау, етегі ит тұмсығы батпас қалың ну, көкке өрлеген қарағай, ішкі сарайыңды ашқан арша, таудан құлап аққан, жолындағыны жаңқадай жұлып əкететін арынды өзен, тамылжыған табиғат осылай дегізеді.
Теңіз деңгейінен 1500 метрдей биіктегі алаңқайда Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараны ұйымдастыру жұмыстарына Оңтүстік Қазақстан облысының əкімдігі, Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, Оңтүстік Қазақстан облысы кəсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму жəне туризм басқармасы, «Нұр Отан» партиясының «Жас отан» жастар қанаты, Төле би аудандық əкімдігі, Сай рамӨгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, облыс əкімі жанындағы спорттық-экологиялық туризмді
дамыту жəне эко ло гиялық тəрбие жөніндегі қоғамдық кеңесі қатысты. Сайрам-Өгем шатқалының шығыс жағында биіктігі 3535 метр, адам аяғы баспаған шың бар. Осы шыңға тəжірибелі тау нұсқаушысы Шамиль Рафиков бастаған альпинистер шығып, еліміздің Көк байрағы мен Ассамблея туын тігіп, атау бермек. Салтанатты жиында Парламент Мəжілісінің депутаты Розақұл Халмұрадов сөз сөйледі. Қазақ жерінің тұтастығы, ел тəуелсіздігі үшін күрескен Абылай ханның дүниеден өтер кездегі айтқан армандарын атай келіп, бүгінде соның бəрі Елбасының сындарлы саясаты арқасында мүмкін болғандығын, Қазақстанның əлемдік саясатта орны ерек орнықты мемлекет екендігін атап өтті. Осының бəрі Қазақстан халқының бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай татулығының арқасында жүзеге асқандығын айта келіп, жаңа шыңды бағындырушыларға сəт сапар тіледі. Облыс əкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов биылғы жылы мемлекеттік деңгейде аталып өтетін мерекелердің мəнін тарқатып, Қазақстан хал қы Ассамблеясы жылына лайықты тарту жасамаққа бекінген ерікті топқа сəттілік тіледі. (Соңы 3-бетте).
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Биыл Зайсан ауданының Қарабұлақ ауылында форель шаруашылығы қолға алынды. Аудан əкімі Алмас Оңдақановпен əңгімелескенімізде, Зайсан көлінің оңтүстік-шығысында орналасқан шағын тоғанда ағымдағы жылы тұңғыш рет жоғары сұранысқа ие форель балығы өсіріліп жатқанын айтқан еді. «Жақсыны көрмекке» дейді. Тың кəсіпті дөңгелетіп отырған шаруашылықты көру үшін
Қарабұлақ ауылын бетке алдық. Ауыл əкімі Қамбар Шилібаев «Зайсан-холдинг» компаниясының директоры Ернар Мұратханұлымен таныстырды. Тосын кəсіппен аталған компания айналысып жатыр екен. Жалпы, форель балығын бахтах немесе кішкене қызыл шұбар балық деп те атайды. Көпшіліктің көкейіне қонатыны – форель. Қызыл балық тұқымдастарға жататын оның бəсі биік, нарықта сұраныс жоғары. (Соңы 3-бетте).
Бїгінгі нґмірде: Жүздеріңді мұң шалмасын, жеткіншек! 4-бет
Абай тойы – халық тойы 5-бет