05092013

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№204 (28143) 5 ҚЫРКҮЙЕК БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ауыл ахуалы қашан жақсарады? 2-бет Тежеулі істердің тетігін іздестіру 4-бет МАХАМБЕТ: белгілі, беймəлім беттер 5-бет Отбасы – Отанның ошағы 6-бет

 Мемлекет мерейі

ЕЛІМІЗ ЕЛУЛІККЕ ЕНДІ! Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан G-20 (Үлкен жиырмалық елдері) алаңшасындағы Орталық коммуникациялар қызметі көшпелі брифингінің барысында осы құрылымның ресми өкілі журналистерді Қазақстанда үстіміздегі аптада болған ең маңызды оқиғалармен таныстырды. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Серіктестік əлеуеті серпін ќосылєанда артады Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Словакияның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Петер Юзадан, Грузияның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Зураб Патарадзеден, Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Жагир Сухээден, Қытайдың Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Лэ Юйчэннен жəне Финляндияның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Илкка Унто Калерво Райсаненнен Сенім грамоталарын қабылдады. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтап, олардың қызметтері сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға, екіжақты ынтымақтастық əлеуетін барынша арттыруға бағытталатынына сенім білдірді. «Біздің еліміз бүгінгі тəуелсіз дамудың маңызды жəне жауапты кезеңін бастан өткізіп

отыр. Өткен жылғы желтоқсанда Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы қабылданды. Елімізде халықаралық маңызы бар бірқатар ауқымды жобалар іске асып жатқаны мəлім. Қазақ станның түрлі құрлықтағы се ріктестерінің бірлесіп күш салуымен елімізде ірі «Қашаған» мұнай-газ кен орны өндірісі ен гізілейін деп отыр. «Қорғас – Жетіген» темір жолы іске қосылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистральдік дəлізі

жү зеге асырылуда. Еліміздің Ре сеймен жəне Беларусьпен Кеден одағына жəне Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше болуының арқасында Қазақстан нарығының мүмкіндіктері арта түсуде. Жаңартылған жəне баламалы энергия көздерін дамыту үшін елімізде озық технологиялар мəселесі қолға алынып жатыр. Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуінің жаңа тұжырымдамасы бекітілді. Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін болады», деді өз сөзінде Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Елбасы Қазақстандағы ауқымды жаңалықтар экономикалық қана емес, саяси өлшемдерді де қамтитынын, бұл ретте Қазақстан өңірлік жəне əлемдік кезекті проблема ларды шешуге белсене қатысып

Елбасы ќабылдады

отырғанын жеткізді. «Оған біздің ЕҚЫҰ-ға, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына, Еуразия экономикалық қоғамдастығына, Шанхай ынтымақтастық ұйымы на, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына жəне Түркі кеңесіне төрағалық еткені дəлел. Біздің еліміз Ауғанстанды қалпына келтіру ісінде əлемдік қоғамдастыққа көмек көрсетіп келеді, сондай-ақ, Иранның ядролық проблемасын шешуіне де үлес қосуда. Биылғы жылдың көктемінде Алматыда Иран мəселесі бойынша халықаралық келіссөздер өткізілді. Қазақстан алдағы уақытта да халықаралық ілгерішіл бастамаларды қолдап, жаһандық жəне өңірлік қауіпсіздікке өз үлесін қоса беретін болады», деді Н.Назарбаев.

Ресми өкіл А.Əбибуллаевтың атап көрсеткеніндей, Бүкілəлемдік экономикалық форум 2013 жылдың 4 қыркүйегі күні 2013-2014 жылдарға жаһандық бəсе ке лес тік туралы жылдық есебін жариялаған. Осы есеп бойынша Қазақстан өткен жылғы көрсеткішінен бір сатыға алға басып, 148 елдің арасынан 50-ші орынды иеленген. Бұл рейтингтік орын Қазақстанның 2005 жылдан бастап осы есепке алынғаннан бергі бүкіл тарихындағы ең үздік нəтижесі болып табылады. Мұның өзі ел басшылығы алға қойған міндетке сəйкес, еліміздің əлемдегі ең үздік елу елдің арасына кіргендігін білдіреді. Енді осы оқиғаның жуықтағы тарихына назар аударып, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер тарапынан болатын бағалаулардың мұның алдындағы кейбір нəтижелері жайында сөз ете кетейік.

Халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер қалыптастыратын əртүрлі əлемдік рейтингтік көрсеткіштер ұлттық экономиканың бəсекелестік қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді. Осы жағдайға байланысты Қазақстанның халықаралық рейтингі жасақталды. Мəселен, бəсекелестік қабілеттілікті анықтау жөнінде неғұрлым беделді деп табылатын рейтингтер бойынша Қазақстан төмендегідей орындарға ие болған. Бүкілəлемдік экономикалық форумның 2012 жылғы бəсеке лестіктің жаһандық индексін анықтау жөніндегі рейтингі бойынша Қазақстан Республикасы 144 мемлекеттің арасында 51-ші орынды иеленді. Мұның сыртында Менед ж ментті дамыту халықаралық институтының 2013 жылғы бəсекелестікке қабілеттіліктің əлемдік индексін анықтау бойынша біздің еліміз 60 елдің ішінде 34-ші орынға табан тіреді. Сонымен қатар, Бүкілəлемдік

банктің бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі Doing Business индексі бойынша Қазақстан əлемнің 185 елі арасында 49-шы орынға ие болды. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы 2012 жылғы адам əлеуетінің даму индексін анықтау рейтингінде Қазақстанға 187 елдің арасынан 69-шы орынды белгілеген. Міне, осы рейтингтік көрсеткіштердің бəрі біздің еліміздің өмірдің əр саласы бойынша жылдан-жылға алға басып келе жатқандығын көрсетеді. Біз осы мақаланы жазу барысында Қазақстанның халықаралық рейтингіне қатысты тағы бір жағым ды жаңалыққа тап болдық. Бү кілəлемдік банктің бизнесті жүргізу жөніндегі 2013 жылғы Doing Business есебі бойынша Қазақстан енді 49-шы орынды иеленген екен. Бұл осы ұйымның 2011 жылғы есебінен тағы да 7 орынға алға жылжығанымызды көрсетеді. Сөйтіп, Қазақстан жаңа есеп бойынша Қытайды (91-ші орын), Түркияны (71-ші орын), Польшаны (55-ші орын), Ресейді (112-ші орын), Белоруссияны (58-ші орын), Қырғызстанды (70-ші орын) артқа тастаған. (Соңы 2-бетте).

Конкурс нəтижесімен танысты

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесі кешенінің эскиз-идеясын таңдау жөніндегі архитектуралық конкурстың нəтижесімен танысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қазақстан Президентіне көрменің өлшемдеріне анағұрлым сай келетін жобалар өз параметрлері бойынша ұсынылды. Нұрсұлтан Назарбаев таңдап алынған эскизидеяларды қарап шығып, олардың əрқайсының

жақсы жақтарын атап өтті. Елімізде «жасыл экономиканы» дамыту жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруға қатысты қарастырылған жобалардың перспективасының жайы бөлек талқыланды. ЭКСПО-2017 көрмесі кешенінің үздік эскиз-идеясы туралы шешім кейін жария етіледі.

(Соңы 2-бетте).

Таєайындау

Мемлекет басшысының Өкімімен Қайрат Айтмұ хам бетұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасы Пре зидентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы болып тағайындалды.

Оймақтай ой Жақсы басталған іс – жартысы біткен іс. ПЛАТОН.

Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

И.Тасмағамбетов Мемлекет басшысын Астананың əлеуметтік-экономикалық дамуы мен елорданың бас жоспары аясындағы перспективалары туралы хабардар етті.

Астана əкімі қалада негізгі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жəне кезекті жылыту маусымына дайындық барысы туралы да баяндады.

 Президент поштасынан

Халыќ їшін жасалєан еѕбектіѕ ќайтарымы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Тараз қаласында тұратын Тəжібаевтар отбасынан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Өз хатында авторлар Мемлекет басшысына қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін жақсарта түскен тиімді саясаты үшін алғыс білдірген. «Атап айтқанда, Сіздің идеяңыздың бірі – Астана қаласы Қазақстан Республикасының əкімшілік орталығына айналып қана қоймай, озық технологиялар, ғылым мен медицина орталығына

да айналды. Біз бүкіл отбасымызбен Сіздің еңбегіңіздің куəсі болдық», – делінген хатта. Сондай-ақ, Тəжібаевтар отбасы хатта 2013 жылы шілдеде Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта жүрек ауруы диагнозы қойылған Ардақ Сериеваға операция сəтті жасалғанын мəлімдеген. Бұл ауруды ең заманауи медициналық жабдықтардың болуы мен хирургтің

араласуы арқылы ғана емдеуге болатын. Авторлар Орталық ұжымының, операция жасаған дəрігерлер Ю.Пя мен Д.Бикташеваның еңбегін ерекше атап өткен. «Орталықта болған бірнеше күн ішінде біз көптеген адамның қуанышты жүзін көрдік. Ұжым бір күнде бірнеше операция жасайды екен жəне оның бəрі де сəтті өтуде. Қазақстан Республикасының азаматтарына квота бойынша тегін емделу қарастырылғаны үшін Сізге тағы да алғыс айтамыз», – делінген хатта. Соңында Тəжібаевтар отбасы Мемлекет басшысына денсаулық жəне Қазақстан халқының игілігі жолындағы еңбегіне мол табыс тілеген.

Парасат парќы – патриотизм «Патриоттық – ұлы ұғым» – алдыңғы күні Астанадағы №64 мектеплицейде оқушыларға дəріс оқыған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты. Ел телеарналары арқылы көрсетіліп, ел газеті арқылы халыққа жеткізілген сол əңгімеде Пре зидент өз дəрісінің алтын арқауы етіп отаншылдықты алды. «Биылдан бастап мектептерге «Қазақ елі» деген пəн енгізіледі. Соның бірінші сабағын мен өткізіп отырмын. Бұл патриоттыққа тəрбиелейтін пəн», деді Президент. Нұрсұлтан Назарбаев ол сабақты мектеп оқушыларына арнап өткізді. Сондықтан да баланың бойына сыя тындай, ойына құйылатындай қарапайым сөздермен өрбітті əңгімесін. «Нағыз патриоттық тəрбие үйден, өз отбасыңнан бастау алады. Ата-ананы, іні-қарындасты, туған-туыстың баршасын жақсы көру патриоттық сезім қалыптастырады. Солардың қамын ойлау арқылы Отанға жақсылық жасайсың», деді Нұрсұлтан Əбішұлы. Адамның өз Отанына, туған еліне,

оның тіліне, салт-дəстүрі мен мəдениетіне деген сүйіспеншілік сезімін сыйдыратын патриотизм ұғымы адамзат қоғамында мемлекет құрылған кезеңнен бері қалыптасып келе жатыр. Тарихтың ұзына бойында патриотизмнің сан түрі көрініс тапты. Полистік патриотизм антик дəуіріндегі қала-мемлекеттерде бой көтерсе, империялық патриотизм империяға адал берілуді əуезе етті, этностық патриотизмнің бүйрегі бəрінен бұрын өзінің сүйегіне бұрылса, мемлекеттік патриотизм алдымен мемлекеттің мүддесін ойлауды, туған елге деген перзенттік сүйіспеншілікті ту етіп ұстады. Мектеп шəкірттерінің алдында Елбасымыз осы мемлекеттік патриотизмді əспеттеудің əдемі үлгісін көрсетті. Адам парасатының парқы ең алдымен оның патриотизмінен танылатынын дəйекті дəлелдеді. Дəл бүгінгі газет нөмірінде Қазақстанның экономиканың бəсекеге қабілеттілігі бойынша əлемдегі елулікке енгені жөніндегі жақсы жаңалықты желпіне жазып отырмыз.

Біз бұл жарқын жеңіске ең алдымен қазақстандық отаншылдықтың арқасында жеткеніміз анық. Отаншылдық тəрбиесі – Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді басқарған бірінші күнінен ауыздан түсірмей, аялай айтатын тақырыбы. Елбасымыздың баяндамаларында, сөздерінде, сұхбаттарында, кітаптарында отаншылдық туралы терең мəнді толғаныстар, айшықты өрнектер мол. Олардың бірқатары жақында саясат ғылымдарының докторы, профессор Махмұт Қасымбековтің жетекшілігімен құрастырылған «Жылдар мен ойлар» атты кітапта топтастырылған. Біз бүгін газетіміздің 3-бетінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отаншылдық туралы ойларын оқырман назарына ұсынып отырмыз. Елбасымыздың жан-жүрегін жарып шыққан бұл сөздер бөлек сақтап қоюға, жаңа оқу жылында басталатын «Қазақ елі» пəнінде ұстаздардың пайдалануына ыңғайлы болуы үшін арнайы бетке орналастырылды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
05092013 by Egemen - Issuu