05092014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№173 (28396) 5 ҚЫРКҮЙЕК ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

ЖАНАРМАЙ Жырєа айналуыныѕ сыры неде? 4-бет Айтары бар Айталы 7-бет Ґндірісі ґрге ґрлеген компания 8-9-беттер Асхана бар, аспазшы жоќ 14-бет

Ауыл шаруашылыєы саласына мемлекеттік ќолдау жалєасады Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев Солтїстік Ќазаќстан облысына жўмыс сапары барысында осылай деді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың теріскей өңірлерге жұмыс сапары кеше Солтүстік Қазақстан облысында жалғасып, онда агроқұрылым жетекшілерімен агроөнеркəсіп саласын жаңғырту, халықтың əлеуметтік жағдайын жақсарту жөнінде салиқалы əңгімелер қозғалды. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Бүгінде Қызылжар өңірінде егін орағының нағыз қызған шағы. Диқандар қауымының барлық күшжігері мен мақсат-мүддесі ел ризығын шашпай-төкпей жинап алуға ауған. Жаз маусымының күрделілігіне қарамастан, солтүстікқазақстандық егіншілер биыл 4,3 миллион гектар алқапқа ауылшаруашылық дақылдарын ойдағыдай өсіре білді. Былтыр күздің жаңбырлы ауа райы іске қолбайлау болып, адымды

аштырмаса, осы жолы оң қабағын беріпақ тұр. Қандай қиын кезде болса да, алдымен өздерінің көп жылғы қалыптасқан іс-тəжірибесіне, екіншіден, мемлекет тарапынан беріліп жатқан қомақты демеу қаржыға сүйенген солтүстікқазақстандық егіншілер жіті ұйымшылдық үлгісін көрсету арқылы Отан қамбасын қызыл дəнге толтыруды басты мұрат еткен. Тек биылдың өзінде ғана ауыл шаруашылығы саласына 17 миллиард теңге субсидия бөлініп, 24 миллиард теңге инвестиция құйылған.

Жўмыс жїйелілік пен жауапкершілікке негізделуі тиіс Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен кеше палатаның төртінші сессиядағы алғашқы жалпы отырысы болып өтті. Онда Төраға əуелі Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасының сессияны ашардағы сөйлеген сөзінің маңызына тоқталды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сессияның ашылуында сөйлеген сөзінде жаһандық экономикада қалыптасып отырған сынқатерлерге жан-жақты тоқталып, биліктің барлық тармақтарына «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруға бағытталған нақты тапсырмалар жүктеді», деді Қ.Тоқаев. Мемлекет басшысының шешіміне сəйкес мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған əкімшілік реформа жүзеге асырылуда. Жəне де мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы арнайы Жарлық жарияланса, соны іске асыруға бағытталған заң жобасын Президент жедел түрде қарауды тапсырып отыр. Осы орайда, біз əлемдік озық тəжірибеге сүйене отырып, дей келіп, палата Төрағасы бұл үшін құрылымдық өзгерістерге қажетті жаңа сападағы құқықтық негіз қалау қажеттігіне назар аудартты. Сонымен қатар, жаңа буындағы Кəсіпкерлік жəне Азаматтық процессуалдық кодекстерді қабылдау,

халықаралық стандарттарға сай келетін отандық арбитражды дамыту жөнінде нақты міндеттер айқындалғандығы да тілге тиек етілді. «Біздің алдымызда ел азаматтарының күнделікті тіршілігіне тікелей қатысты рұқсат беру жүйесін түбегейлі қарастырып, осы салада заңнаманы қайта қарау жəне кəсіпкерлерді тексерулерді мейлінше қысқарту міндеті тұр», деп сөзін сабақтады ҚасымЖомарт Кемелұлы. Сенат Төрағасы бұл орайда Мемлекет басшысы Парламент қарауына енгізілетін басқа да заң жобалары бойынша атқарылатын жұмыстардың нақты мерзімдерін белгілеп бергендігін, алдағы көзделген стратегиялық мақсаттар Парламент пен Үкіметтің бірлесіп, жоғары жауапкершілікпен үйлесімді жұмыс істеуін талап ететіндігін де атап көрсетті. «Баршамызды алда жүйелі түрде жүргізілетін жұмыстар күтуде. Сондықтан біз алдымызда тұрған зор жауапкершілікті терең түсініп, осы бағытта белсенді жұмыс істеуге тиіспіз», деп аяқтады сөзін Сенат Төрағасы. (Соңы 2-бетте).

Сыйымдылығы 6,2 миллион тонна болатын элеваторлар астық қабылдауға əзір. Осы айда 300 мың тонналық 7 элеватор пайдалануға беріледі. Майлы дақылдар алқаптарының молаюына байланысты 20 миллиард теңге инвестициялық қаржыға əрқайсысының жылдық қуаты 650 мың жəне 70 мың тонналық екі зауыт тұрғызылды. Тікұшақпен Айыртау ауданына қонған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдымен Қанат Ер бо лов жетекшілік ететін «Кутузовка-Əліби» ЖШС егістік алқаптарына барды. Сары түске боялып, масаты кілемдей құлпырған егіндік аялай соққан желмен ақырын ғана толқи тербеледі. Президентпен кездесуге бұл аймақтың таңдап алынуы тектен-тек емес. Айыртау–табиғи қазбаларға бай, уранның, қалайының, вольфрамның, əрлеу гранитінің, құрылыс материалдарының

мол қоры шоғырланған аймақ. Өңірдің өн бойы тұнған тарих! Мұнда орналасқан Ботай, Ақ ирек тарихи қоныстары əлем ғалымдарының назарын көптен бері аударып келеді. Оның ішінде Ботай қазбалары неолит дəуірінің баға жетпес ғажайып ескерткіші саналады. Жоңғарларға қарсы азаттық ұрыста тізе қоса қимылдап, асқан ерліктің үлгісін көрсеткен Қарасай мен Ағынтай батырлар Құлшынбай төбесі деп аталатын шоқының басындағы қорымға қатар жерленген. Қазір бұл жерде қос батырдың мемориалдық кешені орнатылған. Мазар биіктігі 16 метр екі күмбезден тұрады. Кесененің сырт жағында Қарасай батырдың ұлдары мəңгі тыныстап жатқан зират орналасқан. Сырымбет қонысы Шоқанның тарихиэтнографиялық мұражайы орналасуымен қымбат болса, қоныстың ордасы

саналатын Айғанымның өз қолымен салдыртқан үйі де аса ыстық. Бəрінен де Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Сəкен, Кəкімбек ақын секілді дүлдүлдер əнге қосқан аймақтың сұлу табиғатын айтсаңшы! Ауданда соңғы жылдары Қазақстанның туристік индустриясын дамытуға бағытталған салалық бағдарлама аясында Шалқар көліндегі «Жемчужина» демалыс базасы, Ботай қонысындағы ашық аспан астындағы мұражай, Арықбалықтағы туристіксауықтыру базасының жобалары жүзеге асты. Енді «Солнечный ВИП» демалыс аймағы базасында маралдың мүйізімен емдеу орны ашылып отыр. Мекеме күніне 40-45 науқасты қабылдай алады. Бұл мақсат үшін 300 миллион теңге инвестиция тартылған. Елбасы егіндік алқапты аралағаннан кейін серіктестік басшысын əңгімеге

Винченцо НИБАЛИ:

«Астана» айбынын асќаќтата береміз» Атақты «Тур де Франс» көпкүндік жарысының үстіміздегі жылғы жеңімпазы, «Астана» командасының капитаны Винченцо Нибали таяуда Астанаға келіп қайтты. Сол күндері Спорт жəне денешынықтыру істері комитеті баспасөз қызметінің қолдауымен біз одан жедел сұхбат алып үлгерген едік.

АҚПАРАТТАР аєыны

● Алматы облысында дамудың негізгі 16 бағыты қолға алынады. Аймақ басшысы Амандық Баталовтың айтуынша, бұл бағыттар таяуда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жетісу өңірінде жұмыс сапарымен болған кезде айқындалған. Оларды жүзеге асыру барысында жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етілу, шығынсыз өнім жинау, алдағы жылу маусымына тыңғылықты дайындалу секілді əлеуметтік маңызды мəселелерге ерекше ден қойылады. ● Астана қаласында қазір 7 көкөніс қоймасы салынып жатыр. Олардың сыйымдылығы 22146 тонна болмақ. Биыл бұлардың үшеуі пайдалануға беріледі. Қалғандары келер жылы кезең-кезеңімен қатарға қосылады. ● Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында отбасылық

(Соңы 2-бетте).

 Жағымды жаңалық

 Сəті түскен сұхбат

– Винченцо, ең алдымен сізді «Тур де Франстағы» үлкен жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл бір шын мəнінде де айды аспаннан бір-ақ шығарғандай зор табыс болды. 2010 жылы бізге Альберто Кантадор осындай жеңісті алып

тартты. Қ.Ерболов 21 мың гектар алқапқа дəнді дақылдар егілгенін, бүгінгі күні гектар берекелігі 22 центнерден айналып отырғанын, кей танаптардың өнімділігі 31 центнерді құрайтынын, техника, адам күші жеткілікті екенін жеткізді. Үстіміздегі жылы ауданда дəнді дақылдар көлемі 429 мың гектарды құраса, астық өндірісін əртараптандыру арқасында майлы дақылдар үлесі біршама артқаны байқалады. «Баянтай» ЖШС «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде бөлінген 300 миллион теңгеге 10 мың тоннаға шақталған элеваторды пайдалануға берсе, Сырымбет қалайы кенін игеруге 10 миллиард теңге жұмсалмақ. Сонда жылына 6 мың тонна өнім өндіруге мүмкіндік туады.

бергенде де айран-асыр қуанып едік. Ал сіздің өзіңіз сол сəтте қандай сезімде болдыңыз? – Төбем көкке сəл-ақ жетпей тұрды десем, артық айтпаған болар едім. Көкірегім жарылардай болып қуанып тұрғаным ешқашан ұмытылмайды. Мен

дəрігерлік амбулатория ашылды. Ауданның Жетіарал ауылында бой көтерген нысанның ашылу жиынында сөйлеген сөзінде облыс əкімі Бердібек Сапарбаев бұл саладағы игілікті істердің мұнымен бітпейтінін айтып, биылғы жылы ғана аймақта тағы 14 ауылдық амбулаторияның құрылысы жүріп жатқанын мысалға келтірді. ● Қызылорда қаласында «Мұнайшы» атты жаңа шағын аудан салынады. Бұл туралы баяндаған аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев жаңа мекен Сырдария өзенінің сол жағалауына қанат жаятынын жеткізді. Қазір оның инженерлік инфрақұрылымына қажетті құжаттар дайындалу үстінде. ● Қостанай облысының кəсіпкерлері ресейлік бизнесмендермен 11 түрлі келісім жасасты. Бұл туралы айтқан облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов мұның аймақта машина жасау, ауыл шаруашылығы жəне

үшін бұл жеңістің мəні де, мазмұны да ерекше еді. Себебі, осы арқылы мен ең алдымен өзімді өзім жеңе білдім, өзімнің алдыма қойған үлкен бір мақсатыма қол жеткіздім. Бұл – бір. Екіншіден, осы жеңісімнің арқасында əлемдегі ең беделді саналатын үш көпкүндіктің үшеуінің де ең биік тұғырына табан тіредім. Осы жеңісіммен дүниедегі осы үш жарыстың да жеңімпазы атана білген санаулы ғана саңлақтардың қатарына қосылдым. (Соңы 6-бетте).

білім салалары бойынша бірлескен жобалардың қолға алынуына жол ашып беретінін мəлімдеді. ● Орал қаласында алып шахмат алаңы пайдалануға берілді. Ол Жайық өзені жағасындағы əсем саябақтан орын алды. Енді мұнда кез келген жастағы адамдар арнайы келіп, бос уақыттарын көңілді өткізе алады. ● Кеше Ақтаудағы №6 орта мектепте «Денсаулық сабағы» өткізілді. Ол Маңғыстау облысында 1-7 қыркүйек аралығында жүріп жатқан «Туберкулез тоқтатылсын!» атты акцияның аясында ұйымдастырылды. Аталмыш дəрістер маман дəрігерлердің қатысуларымен жүріп жатыр. Хабарлар «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», BNews.kz, alau.kz, egemen.kz, «Тумба» агенттіктері мен Қызылорда облысы əкімдігінің сайттары деректері бойынша дайындалды.

835 153

Астана халќыныѕ саны осынша адамєа жетті Елорда тұрғындарының саны 2014 жылғы 1 шілдеде 835 153 адамға жетті. Олардың 375 938 (45%) Алматы ауданында, 119 929 (14,3%) Есіл ауданында, 339 286 (40,6%) Сарыарқа ауданында тіркелген. Бұл туралы Астана қаласы əкімі аппаратының баспасөз қызметіне қаланың статистика департаментінен хабарлады. 2014 жылдың алғашқы айымен салыстырғанда, Астана қаласындағы халықтың жалпы саны 20 718 адамға, оның ішінде Алматы ауданы бойынша – 7 957 адамға, Есіл ауданы бойынша – 6 127 адамға, Сарыарқа ауданы бойынша 6 668 адамға көбейген. 2014 жылғы қаңтар-маусымда халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 10,3%-ға көтеріліп, 9 831 адамды құраса, көші-қон есебінен өсім 10 887 адамды құрады. 2014 жылғы қаңтар-маусымда Астана қаласы бойынша 11 621 сəби дүниеге келген. Бұл – өткен жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға артық. Елорда халқының жылдан жылға көбеюіне байланысты астаналықтарды əлеуметтік қамсыздандыру мəселесі өзекті болып қала бермек. Атап өту керек, мектеп жасындағы барлық балаларға білім беруді қамтамасыз ету үшін жəне қолданыстағы мектептердегі оқушы сыйымдылығының шектен аспауы үшін жыл соңына дейін əрқайсысы 1200 орындық 8 жаңа мектепті ашу жоспарланған (биылғы 1 қыркүйекте 5 мектеп пайдалануға берілді, 3 мектеп жыл соңына дейін ашылады). Бұл мектептердің барлығы жаңадан бой көтерген ықшам аудандарда салынғандықтан балалар өздері тұратын үйдің жанында білім алуға мүмкіндік алып, басқа мектептерде қалыптасқан орын тапшылығын шешуге қолайлы əсер етеді, деп хабарлады Астана қаласы əкімі аппаратының баспасөз қызметі.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
05092014 by Egemen - Issuu