АҚПАРАТТАР аєыны №169 (28647) 5 ҚЫРКҮЙЕК СЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Орақ – 2015
Əлем жəне Қазақстан
Сырдыѕ аќ кїріші – елдіѕ баќ-ырысы
Кеше Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев Елбасының мемлекеттік сапарының қорытындысына орай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жүздесіп, сапардың нəтижесі туралы айтып берді.
Деѕгейі биік ќабылдау
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Соңғы екі жыл бойына тəуелсіздік жылдарындағы мол өнімін жинап, рекорд орнатқан Сыр диқандары биылғы көктемде шаруаға белсене кірісіп кеткен еді. Биыл аймақ бойынша 164 мың гектарға егін егілсе, соның 84 мың ға жуығы күрішке тиесілі бола тын. Мамандар жұмыстың меже ден көп орындалғанын айтуда. Жұмыстың жоғары болғаны жақсы ғой. Дегенмен, мұның да өз қиыншылықтары бар. Мысалы, осы жылы су тапшылығы байқалды. Бірақ тиісті шешімдердің дер кезінде қабылдануының арқасында төккен тер еш кеткен жоқ. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбас үшін ауыл шаруашылығының өзін əртараптандыруға көшу керек шығар. Айталық, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын көбейту арқылы мұндай қиындықтан шығуға болады. Бұрнағы күні Жалағаш ауданына қарасты «Ер-Əлі» шаруашылығында облыс диқандарының күріш ору науқаны салтанатты түрде басталып, ашық аспан астында «Дала күні-2015» семинары өтті. Шараға облыс əкімі Қырымбек Көшербаев жəне ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысты. Алдымен шаруа қожалықтары осы жерде бір-біріне тың əдісте рін айтып, тəжірибелерімен бөлісті. Мəселен, «Ер-Əлі» шаруа қожалығы өткен жылдан бастап жерді тегістеп барып, күріш тұқымын сеуіп жатыр. Осының арқасында өнімнің өнімділігі байқалады. Былтыр егіс алқабының 30-40 пайызы осындай тың əдіспен егілгеннің өзінде орташа есеппен əр гектардан 65 центнерден өнім алған. Биыл егіс алқапты толықтай тегістеп, күріш екті. Өнімнің
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан» – Бейжіңнен.
қаншалықты мол болатынын салыстырмалы түрде бағамдай беріңіз. Мамандар жердің тегіс болуы жаңа технологияның жұмыс істеуіне ыңғайлы екендігін айтып отыр. Сондай-ақ, күріштің шығымдылығына да пайдасы мол. Шетелдік тəжірибеде осындай жерді тегістеп еккен шаруаларға ғана субсидия төленеді екен. Субсидия демекші, облыс əкімінің орынбасары Серік Қожаниязов министрлікке күріштің
гектарына емес, алған өнімділігіне қарай төлеу қажеттігін ұсынғанын жеткізді. Расында, бұл механизм іске асса, жаңашылдық енгізіп, мол өнім алғандар ұтатыны анық. Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тұқымын биыл облыстың 40 шаруашылығы егіпті. Сонымен қатар, сорттың 17 түрі сынамадан өтуде. – Ауыл шаруашылығы саласы бойынша облыста ірі жобалар жүзеге асып жатыр. Бұл
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ќ.І.Аќсаќаловты Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ Əкімшілігі Басшысыныѕ орынбасары ќызметіне таєайындау туралы
«Біріншіден, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары өте жоғары деңгейде өткенін жəне нəтижелі болғанын ерекше атап көрсету керек. Өздеріңіз куə болғандай, Қытайдағы əскери шеруге отызға жуық мемлекеттен өкіл қатысты, қатарларында мемлекет басшылары, үкімет басшылары, парламент төрағалары болды. Ал солардың ішінде Қазақ стан Президенті ғана дəл осы үлкен шараның қарсаңында Қытайға мемлекеттік сапармен келді. Дипломатиялық тұрғыдан алған да, бұл қабылдаудың ең биік деңгейін білдіреді», – деді елші. Сондай-ақ, ол Қытай астанасы – Бейжіңнің нағыз орталық алаңында Елбасына арнайы қабылдау рəсімі ұйымдас тырылғанын, Қазақстан Президентінің келу құрметіне зеңбіректен оқ атылып, салтанатты қарсы алудың барлық дəстүр-жоралғысы жасалғанын қабылдаудың ең жоғары дəрежесі деп бағалады. «Екіншіден, əрине, сапардың нəтижесін айрықша атап өтуіміз қажет. Бұл өте жемісті сапар болды. Барлығы 33 құжатқа қол қойылды. Президенттер екі ел арасындағы бірлескен декларацияға қол қойды. Бұл декларация жан-жақты стратегиялық əріптестіктің жаңа кезеңінің бастауы болып табылады. Бұған дейін Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастық көбінесе шикізат мəселелеріне байланысты болса, қазір бұл саладағы ынтымақтастық
жұмыстарды жалғастыруымыз керек. Күріштен сапалы өнім алудың оңтайлы тұсын қарастырғанымыз жөн. Бұл бағытта Краснодар аймағымен тығыз байланыстамыз. Облыста егілетін күріш тұқымының 70 пайызын ресейлік сорттар құрайды. Сондықтан ғалымдарымыз əлі де еңбектене түсуі қажет. Бүгін облыста күрішке орақ салынды. Қыркүйектің соңына дейін егінді жинап болуымыз қажет. Оған толық мүмкіндік бар. Алдын ала болжам бойынша өнімділік соңғы екі жылдың көрсеткішінен төмен болмайды деп пайымдап отырмыз,– деді Қырымбек Елеуұлы. Басқосу соңында ауыл шаруашылығы саласының мамандарына облыс əкімі «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдарын табыстады. Қызылорда облысы.
Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы Сот төрағаларының оныншы кеңесі өтуде. Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мəми бастаған қазақстандық делегация қатысуда.
Кїн тəртібі наќтыланды
Өзара түсіністік пен сындарлы пікір алмасу жағдайында өтіп жатқан кездесуде тараптар судьялардың біліктілігін арттыру саласындағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер сот органдарының тəжірибе алмасуы,
Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтіп, алда болатын жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Депутаттар назарына бірқатар ратификациялық заң жобалары ұсынылып отыр. Олар: Иран Ислам Республикасымен жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы үкіметаралық жəне Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Алматы
қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ның медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімдерді, сондай-ақ, 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қырғыз Республикасымен Халықаралық автомобиль қатынасы туралы
Сұңғат ƏЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Б.Сағынтаевтың айтуынша, мұндай шешім отандық рынокта бензин тапшылығын болдырмас үшін туындап отыр. Өйткені,
рынокты Аи-92/93 бензиндерімен қамтуда елеулі қиындықтар пайда болуда. «Бүгін Үкіметтің отырысы өтті. Онда кейбір жанаржағармай түр леріне бағаны мемлекеттік реттеу ден бас
Тыныќ мўхит елдерініѕ ќызыєушылыєы
тартуға байланыс ты мəселе қаралды. Осы жөнінде Энергетика министрлігінің баян дамасы тыңдалып, соның есебінен Үкіметтің тиісті шешімі қабылданды. Бұл шешім қазіргі сəттен бастап күшіне еніп отыр. Мəсе лен, сіздер осы баспасөз мəслихатынан шыққан бетте-ақ кейбір жанармай стансаларында Аи 92/93 бензиндерінің бағалары өзгергендігін байқауларыңыз əбден мүмкін », деді ол. (Соңы 2-бетте).
(Соңы 2-бетте).
Їкімет Аи-92/93 бензиндерініѕ баєасын реттеуден бас тартќандыєын мəлімдеді
Кеше Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мəслихатында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің Аи-92/93 бензинінің бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартқандығын мəлім етті. (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұл жөніндегі №556, 557 бұйрықтары газеттің 6-бетінде жарияланып отыр).
адам саудасымен байланысты қылмыстық істер бойынша ШЫҰ-ға мүше елдер соттарының тəжірибесі, ар-намысты, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғау туралы дауларды шешудің, ақпараттық
Фиджи Республикасындағы Тынық мұхит аралдарын дамыту форумы көшбасшыларының (PIDF) ІІІ саммитіне қатысу шаралары шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Тынық мұхит мемлекеттерінің басшыларымен жəне жоғары лауазымды өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, сыртқы саясат ведомствосының басшысы Фиджи Президенті Рату Эпели Наилатикаумен, Фиджи Премьер-министрі Хосая Воренге Байнимарамамен, сыртқы істер министрі Рату Иноке Кубуаболамен, Соломон аралдарының Премьер-министрі Манассех Согаваремен, Тувалу Премьер-министрі Энели Сапоагамен, Тонга Премьерминистрі Акилиси Похивамен, Кирибати Президенті Аноте Тонгпен, Маршалл аралдарының сыртқы істер министрі Тони де Бруммен жəне Шығыс Тимор елшісі Еабел Гутереспен кездесті.
Жанармай тапшылыєын болдырмау їшін
(Соңы 2-бетте).
Жоєарєы Сот тґраєаларыныѕ кезекті кеѕесі
Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 4 қыркүйек. № 82 келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға қатысты. Сонымен қатар, жалпы отырыста мəжілісмендер «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» жəне «20162018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобалары бойынша, сондайақ, Сербиямен инвестицияларды өзара көтермелеу жəне қорғау туралы үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты қорытынды əзірлеу мерзімін тағайындайды.
жаңа кезеңге өтіп отыр. Яғни, біздің мемлекетіміздің ішкі бағдарламаларына, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатына, индустрияландыру бағдарламаларына сəйкес, Қазақстанда жаңа кəсіпорындар, жаңа жұмыс орындары ашылатын уағдаластықтарға қол жеткізілді. Қол қойылған құжаттардың ішінде 29-ының тікелей сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қатысы бар. Қол қойылған бұл құжаттардың жалпы сомасы 23,5 млрд. долларды құрайды», – деді Ш.Нұрышев. Елшінің айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасында индустрияландыру бойынша ынтымақтастықтың 45 нысаны туралы уағдаластық бар екен. Соның ішінде, осы жолғы сапардың аясында 25 жобаны іске асыру туралы келісімге қол жеткізіліпті. Олар жақын арада іске қосылатын болады. Бұл нақты инвестициялар тартылады, Қазақстанда жаңа кəсіпорындар ашылады дегенді білдіреді. Келіссөздердің аясында Елбасы бұл кəсіпорындардың барлығы біздің Қазақстанның талаптарына сай болуы керектігіне, оның ішінде жоғары технология, заманауи талаптарға сай болуы керектігіне жəне де біздің экологиялық талаптарымызға сай болуы қажеттігіне баса назар аударыпты. Осылай деген Ш.Нұрышев бұл келісімдердің нəтижесінде елімізде жаңа жұмыс орындары ашылатынын, ал жаңа кəсіпорындар елімізге салықтар төлеп, соның арқасында еліміздің əлеуметтік ахуалы көтерілетінін баса айтты.
технологияларды қолдана отырып, құқықтық көмек көрсету шараларының өзекті мəселелерін талқылады. Өзінің құттықтау сөзінде Қ.Мəми ШЫҰ жұмысының тиімділігін жоғары бағалады. «Жыл сайын Шанхай ынтымақтастық ұйымы ықпалды халықаралық ұйым ретінде өзінің беделін арттырып келеді. (Соңы 9-бетте).
Қазақстанда жергілікті қамту бойынша 1,4 трлн. теңгенің 928 меморандумына қол қойылды. Меморандумдарды жүзеге асыру негізінде отандық өндірушілермен 1 трлн. теңгенің 7 946 келісімшарты жүзеге асырылды, орындалу деңгейі 71,8 пайызды құрайды. Халықаралық консультативтік кеңес Қазақстанға ЭКСПО-2017 көрмесін ілгерілетуге қолдау көрсетеді. Бұл туралы олар «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесу барысында мəлімдеді. Қазақстан құрамасы каратэ-до шотоканнан өткен əлем чемпионатында 17 алтын ұтып алды. Ел құрамасына бірнеше жас категориясындағы спортшылар енген болатын. Үш күндік жарыс қорытындылары бойынша олар 17 алтын, 9 күміс, 2 қола медальға ие болды. Астанада 2015 жылдың 3 қыркүйегіндегі жағдай бойынша жалпы сомасы 12 867 188 мың теңгені құрайтын 3024 нысан заңдастырылды. Қаланың мемлекеттік кірістер департаментінің ақпары бойынша, қаражатын заңдастыру құқығын пайдаланған азаматтар заңдастыратын ақшасының 10 пайызын үнемдеп қалуға мүмкіндік алады. Алматыда студенттер мен зейнеткерлерге жол жүру картасы 1 желтоқсанға дейін тегін таратылады. Айта кетейік, қалада 1 қазаннан бастап қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу жүйесі ауыстырылады, жолаушылар арнайы жол жүру картасын сатып алулары тиіс. Оңтүстік Қазақстан облысында бағаларды өсірмеу туралы 500-ге жуық меморандумға қол қойылды. Базар, сауда орталығы жəне дəріхана басшыларымен 458 меморандум жасалса, құрылыс материалдарын сату нүктелерінің иелерімен 37 меморандумға қол қойылған. Қызылорда облысында соңғы төрт жылда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға 26,6 млрд. теңге бөлінді. Биыл өңірде 9500 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр, 1 тамыздағы мəлімет бойынша, алты мыңнан аса жұмыс орны құрылып қойған. Маңғыстау облысында мұнай-сервистік кластерін жасақтау жобасын жүзеге асыру басталды. Аймақ басшысы жобалық компанияларды Қазақстан аумағында филиалдарын ашуға жəне бірлескен кəсіпорындар құруға міндеттеуді ұсынды. Бұл жергілікті компанияларға өндірісті құру процесіне қатысуға мүмкіндік береді. Биыл Ақтөбе облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 60 жоба жүзеге асырылды. Жалпы, бағдарлама аясында өңірлік үйлестіру кеңесінде барлығы 700 жоба қаралып, мақұлданды. 2015 жылы оларды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 3,8 миллиард теңге бөлінді. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.
Бəрекелді!
«Союз-ТМА-18М» Халыќаралыќ єарыш стансасымен сəтті тїйісті Кеше Астана уақыты бойынша сағат 13:39-да «Союз-ТМА-18М» басқарылатын ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасымен ойдағыдай түйісті. «Роскосмостың» баспасөз қызметінің хабарлауынша, түйісу алдын ала белгіленген уақытта жүзеге асқан. Еске сала кетейік, «Союз ТМА-18М» 2 қыркүйекте Астана уақытымен 10:37-де Байқоңырдан ұшырылған болатын. Бұл – «Гагарин алаңынан» ұшырылған 500-ші ұшырылым. Тағы бір айтатын жайт, ғарыш кемесінің жолында 1989 жылы ұшырылған жапон зымыран тасығышының фрагменті, яғни қалдықтары кезіккен. Бірақ соқтығысу болған жоқ. Оны болдырмау үшін ұшу траекториясын дəл анықтау керек еді. Сондықтан Ресейдің ҰБО баллистиктері Халықаралық ғарыш стансасымен түйісу мүмкіндігін жасау үшін америкалық əріптестері – НАСА мамандары бірлесіп жұмыс жасады. Маневр Мəскеу уақыты бойынша сағат 08:40та, ал нысандарды қауіпсіз ажырату жұмыстары 11:30-11:40-та жүргізілді. Кеме мен Халықаралық ғарыш стансасының өтпелі люктері ашылғаннан кейін құрамында 9 адам бар экипаж жұмысын жалғастырады. Олар – командир Геннадий Падалка, бортинженерлер – «Роскосмос» ғарышкерлері Михаил Корниенко, Олег Кононенко, Сергей Волков, «Қазғарыш»
ғарышкері Айдын Айымбетов, НАСА астронавтары Скотт Келли мен Челл Линдгрен, сондайақ ДжАКСА астронавты Кимии Юи мен ЕҒА астронавты Андреас Могенсен. Халықаралық ғарыш стансасы ұшуларының бағдарламасы бойынша, 12 қыркүйекте «Союз ТМА-16М» стансадан ажыратылып, құрамында Геннадий Падалка, Андреас Могенсен жəне Айдын Айымбетов бар экипаж Жерге оралады. «Егемен-ақпарат».