Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесіп, келіссөз жүргізді.
№227 (28166) 5 ҚАЗАН СЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Ежелгі дос айырылмас
Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
2012 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Беларусь Республикасына ресми сапармен барып, келіссөз жүргізген. Сапар аясында бірнеше екіжақты құжаттар ға қол қойылған, соның ішіндегі ең маңыздысы – Мемлекет басшыларының Бірлескен мəлімдемесі. Беларусь Президентінің кеше бізге келуі соған жауапты сапар болды. Беларусь – Қазақстанның ең жақын əріптестерінің бірі. Екі ел арасындағы қарым-қатынас
екіжақты жəне көпжақты пішіндерде дамып келеді. Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы Қазақстанмен бірлесіп Кеден одағын, одан Біртұтас экономикалық кеңістік құрғаны белгілі. Осы құрылымдар жəне екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық-келісімдік базасы бүгінге дейін 70тен астам құжатты құрайды. Соның ішіндегі екіжақты қарымқатынастағы ең маңыздылары – Достық пен ынтымақтастық туралы жəне 2009-2016 жылдарға ар налған ұзақмерзімді экономикалық ынтымақтастық туралы келісімдер.
Үкімет басшылары деңгейіндегі ресми сапарлар да былтырғы жылдың аяғы мен үстіміздегі жыл дың басында жүзеге асты. Қазақстан Премьер-Министрі Се рік Ахметов сəуір айында Белоруссияға ресми сапармен барып, əріптесі Михаил Мясниковичпен келіссөз жүргізген. Қазақстан Беларусьтің саудаэкономикалық əріптестері арасында ТМД шеңбері бойынша Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады. 2012 жылдың қорытындысы бойынша екі елдің арасындағы сауда айналымы 766,2 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл – 2011 жылғы көрсеткіштен 5,4 пайызға артық.
Абылай: кґне шындыќќа жаѕа кґзќарас Абылай ханның бүгінгі ұрпақтары дегенде ауызға алдымен ілігер атағы зор көрнекті қоғам қайраткері, еліміздің еңбек сіңірген сəулетшісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Мемлекеттік Елтаңбамыздың авторы, айдыны мен айбыны зор бабасы арман еткен азат Алаш елінің «Парасат» һəм «Құрмет» ордендерінің иегері Шот-Аман Уəлихан екені əмбеге аян. Тəуелсіздіктің елең-алаңында, 1991 жылы Абылай ханның 280 жылдығы ең алғаш Көкшетауда елдігіміздің нышанды мерекесіндей болып мемлекеттік дəрежеде тойланған кезде осы кісінің ерекше толқи сөйлеп, бөлекше тебіренгені де есімізде. Одан беріде өткен 20 жылдан астам уақытта Шот-Аман Ыдырысұлы алып тұлғаны жан-жақты зерттеп, зерделеумен келеді. Сонымен бірге, Абылай ханның халықаралық қорын құрып, осы ретте де тəуелсіздігіміз бен мемлекетіміздің мерейін асыратын нешеме игі істерге мұрындық болып жүр. Біз Абылай ханның атап өтілгелі жатқан 300 жылдығына орай осынау қадірменді аға, қайраткер азаматқа жолығып əңгімелескен едік. – Құрметті Шот-Аман Ыдырысұлы, хан бабаның өлгенді тірілтіп, өшкенді жандырғандай сол бір Көкшетауда өткен 280 жылдық тойының тағылымы, əдемі əсерлері есіңізде шығар? – Ол күндер қалай ұмытылсын! Сол уақыттарда қадірменді Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Абылай ханның 280 жылдық мүшелтойын атап өту туралы шешімін бүкіл халық, зиялы қауым үлкен ілтипатпен қарсы алып еді. Абылай хан бір-ақ күнде ел ұранына айналып шыға келген. Хан ордасының қасиетті мекені Көкшетау «Аруағыңнан айналайын Абылай!» деп шаттана тербетіліп тұрғаны əлі көз алдымда. Ал енді, бұған дейінгі кеңестік кезеңнің 70 жылында қазақ тарихы ханталапайға түсіп, жабық ұсталды емес пе. Басын бəйгеге тігіп, қан төгіп, жерін, елін қорғаған, жағалай жау тыныштық бермей көз алартқан кезде халқының тағдырын ойлап, жаны жара болған, зерделі ойын, көреген саясатын елдің игілігіне жұмсаған Абылайды өз халқына
қарсы қоюшылық болғанына не істерсіз! Бұдан артық əділетсіздік бола қояр ма екен?! Осы жерде арқалы ақын Ғафу Қайырбековтің мына бір өлең жолдары еріксіз еске түседі. Əлі күнге бір сұрақ – мен аңғарман, Сұрап келем ақылды адамдардан. Өзге жұрттың хандары жақсы болып, Біздің хандар қалайша жаман болған?! Бұл сұрақтың жауабы оңай. Империялық амбициядан туған тарих əдетте отар елдің мүддесінен алшақ жатады. Ондай тарихтың көп-көп беттері жыртылып, сарғайып, өшкен қалпында жетті. Ал адамдардың тартқан азабы қаншама десеңізші. Абылайханов, Уəлиханов, Қасымханов, Кенесарин болғаны үшін жазықсыз қудаланған, түрмеге отырған, атылған ата, əке, ағаларымыздың ақ жарқын, бейкүнə келбеті көз алдымыздан кетпейді. (Соңы 6-бетте).
Бїгінгі нґмірде: Салыќ салмаєы кімдерге тїседі? 2-бет
Жыраулар поэзиясындаєы басты бейне 7-бет
Еліѕе адал ќызмет ет, əкім 10-бет
Екіжақты сауда-экономикалық байланыс тарды жандандыруда 1996 жылы құрылған Үкіметаралық комиссияның атқарып келе жатқан рөлі зор. Қазақстан жағынан оның тең төрағасы болып Тө тенше жағдайлар министрі В.Божко, ал Беларусь жағынан ПремьерМинистрдің орынбасары М.Русый тағайындалған. Осы ко миссияның 10-шы отырысы үстіміздегі жылдың 28-30 тамызында Белоруссияның Гродно қаласында болып өтті. Соңғы кездері Қазақстан мен Беларусь арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық жақсы қарқынмен дамып келеді.
Беларусьтің «Белавиа» авиакомпаниясы Астана – Минск – Астана бағытында аптасына 3 рет, Қостанай – Минск – Қостанай бағы тында 2 рет, Қарағанды – Минск – Қарағанды жəне Павлодар – Минск – Павлодар бағытында бір рет қатынайды. Қазақстан мен Беларусь арасындағы аймақаралық ынтымақтастық та жақсы жолға қойылған. 2013 жылдың алғашқы жартыжылдығында-ақ Павлодар, Қостанай, Қарағанды жəне Атырау об лыстарының делегация лары Беларусь Республикасында болып, екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту мəселелері бойынша келіссөз жүргізді.
Жылдың аяғына дейін Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарының делегациялары да Беларусь қалаларына бармақшы. Екі елдің арасындағы мəденигуманитарлық байланыстар да жылдан-жылға арта түсуде. Беларусьтің Ұлттық техникалық университетінде Қазақ тілі, тарихы жəне мəдениетінің Абай атындағы орталығы жұмыс істейді. Ал біз дің Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Беларусь тілі мен мəдениетінің орталығы бар. Екі елдің көптеген жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары
арасында ғылым-білім консорциумдары ұйымдастырылып, бірлескен жобалар іске асырылуда. Сондай-ақ С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетте инженер кадрларын даярлау жəне қайта даярлау жөніндегі Қазақстан-Беларусь оқу-өндірістік орталығы ашылған. Қазақстанның белоруссиялық достары клубының ашылуы да екі ел халықтарының бір-біріне жақындап, мəдени байланыстарды тереңдете түсуге ұмтылуын көрсетеді. (Соңы 2-бетте).
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
6 қазан – Мұғалімдер күні
Киелі мамандыќ
Жалғанда ұстаз көрмеген, я мұғалімнің алдында оқушы болмаған тұлға кемде-кем шығар. Ал осынау мамандықтың ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген абзал жандарға деген алғыс-ризашылық шексіз. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы», –
деген Ғафу Қайырбековтің өлең жолдары соған дəлел болса керек. Біз де мұғалім болып көктен түсе салмадық. Бізді де ұстаздар барын беріп, нəрін татқызып баулыды, өмір жолына салды. Ондай асыл жанды тұлғаларды əсте ұмытуға бола ма?! Жоқ! (Соңы 8-бетте).
Кешенді дамуєа бетбўрыс
Кеше Астанада Орталық коммуникациялар қызметі Павлодар облысының əкімі Ерлан Арынмен республикалық бұқаралық ақпарат құралдары журналистерінің кездесуін өткізді. Орталық коммуникациялар қызметінің өкілі Алтай Əбибуллаевтың атап көрсеткеніндей, мұндай баспасөз мəслихаты дəстүрлі сипатқа ие болып отыр. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар облысы еліміздегі өнеркəсібі дамыған индустриялы өңірлердің бірінен саналады. Мұнда халықтың төрттен бір бөлігі нақ осы өнеркəсіп өндірісінде қызмет істейді. Облыстағы 15 жүйе құраушы ірі кəсіпорын өңірдің өнеркəсіптік өнімдерінің 80 пайызын өндіреді. Облыс минералды шикізат көздеріне өте бай. Республика көмір қорының 36 пайызы, никельдің 16 пайызы, алтынның 5 пайызы, мыстың 4 пайызы осы өңірде шоғырланған. Сонымен қатар, қазақ ұлтының қаймағын құрайтын өнер мен мəдениеттің, ғылымның көрнекті өкілдерінің шыққан ортасы да осы – Баянауыл өңірі болып табылады. Павлодар облысының ерекше ліктерін білдіріп, өңір төлқұ жатында тіркелетін осындай маңызды деректерден кейін облыс əкімі Ерлан Арын журналистерді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаевтың тапсырмаларына сəйкес жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен, облыстың əлеуметтік-экономикалық дамуының 2013
жылғы қаңтар-тамыз айлары аралығындағы қорытын дыларымен таныстырып өтті. Облыс басшысының атап көрсеткеніндей, жыл басынан бастап халықтың
нақты табысы 8,9 пайызға (62760 теңге), орташа айлық жалақы 9,3 пайызға (89663 теңге) артқан. Негізгі капиталға салынатын инвестициялардың көлемі 144,1 миллиард теңгені (100,3 пайыз) құраған.
----------------------------------------------------Павлодар облысына арналған айқарма бет материалдарын 4-5-беттерден оқисыздар.