АҚПАРАТТАР аєыны №216 (28439) 5 ҚАРАША СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Өмірдің өзегі – өндіріс
Елімен етене Елбасы
Елорда энергиясы
Жаѕа кəсіпорынныѕ жаѕаша жўмысы
Қалалардың да адамдар сияқ ты, өз тағдыры бар. Н.Ə.НАЗАРБАЕВ.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Екібастұзда аяқ басқан жерің тас-көмір, кенге толы. Таңғалуға болмайды. Бұған дəлел біз көрген Əлкей Марғұлан атындағы ауылға жақын «Аяқ-Қожан» деп аталатын кен орнында да тағы бір зауыт бой көтеріпті. Өңіріміздің индустриясы тағы бір жаңа өндіріспен толықты деген сөз. Түсті металлургияның тынысы кеңеюде. Жұмыс орындарының көбеюіне ықпал етеді. Өндіріс энергияны аз қажет ететін, яғни металлургиялық əдісті айналып өтетін жаңа технологиямен жұмыс жасайды. Кəсіпорын еліміздің Индустрия ландыру картасына енді. Жалпы, индустрияландыру бағдарламасы аясында бұл күндері өңірде құны 1 триллион теңге тұратын 85 жоба іске асырылуда. Біздің «Аяқ-Қожан» кен орнының қоры 6 жылға жететін көрінеді. Шикізатын «Eurasia Copper Operating» серіктестігінің өзі, екіншісі – «Fonet Er-Tai AK Mining» ЖШС кен-байыту фабрикасы пайдаланады. Соңғысы қараша айында іске қосылмақ. Зауыт іске қосылғанда 300 жұмыс орны ашылады. Талай жыл үнсіз жатқан «АяқҚожан» кен орны енді екі зауыттың ашылуына себепкер болды. Өнімдер зауыттан Шідерті стансасына дейін көлікпен жеткізіледі. Екі арадағы 100 шақырымдай жолдың тозғаны, əрине, тасымалға бөгет. Сондықтан кəсіпорын енді жолды жөндемекші. Жаңа зауыт жылына 3 миллион тонна катодты мыс шығарады. Өндіріске 2,1 млрд. теңге инвестиция құйылды. Тауардың
Қандай да бір дəуірдің даму негізі кездейсоқ құбылыс па, жоқ, əлде оларға ықпал ете білген ерекше тұлғалар ма деген сұрақ адамзатты ойландырғалы қашан?! Адамзат тарихында оқиғалардың қалыпты тəртібін өзгерте білетін тұлғалар бар. Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі.
ҚАЛАЛАР МЕН АДАМДАР Олар өз замандастарынан бірнеше қадам алға болжай білетін, өз ісіне жан дүниесімен құлай берілген тұлғалар. Олар қасаң қалыптарды өзгертуге жүрек сінбейді, олардың жүрек жылуы адамдардың жүрегіне жол тауып, олардың дамуға деген құлшынысын оятады. Міне, тарихты жасайтын да, соңынан ертетін де осылар. Əлем тарихы бізге қашанда жаратылыспен байланысты керемет құбылыстар арқылы танылған. Қиратушы, сол сияқты жаратушы – батырлар да бар, біреулер қалаларды қиратса, енді біреулер ғасырдан ғасырға өздері туралы мəңгілік естелік қалдыра отырып, сол қалалардың құрылысын салады. Нəтижесінде, батырлық іс-қимылдардың арқасында адамзат тарихында шешуші рөл атқаратын тарихи қалалар – өркениет орталықтары бой көтереді. Өркениеттің алғашқы қадамдары қалалардан басталған. Ал, қалалардың бой көтеру тарихы алуан түрлі. Олардың кейбіреуі керуендер өтетін жолдардың айрығында орналасса, енді біреуі адам аяғын баспаған ен даладан бой көтерген. Олардың қатарында қамал-қалалар, өзенді кемежайлар немесе теңіз порттарының,
əр тоннасының құны 7-7,2 мың АҚШ доллары шамасында. Яғни, «Eurasia Copper Operating» серіктестігі жер қойнауында жатқан мысты өңдейді, таза катодты мыс шығарады. Өндірістің ерекшелігі өзгелердей мыс шығаруда металлургиялық тəсіл қолданылмайды. Экологиялық тұрғыдан тиімді, түтіндетіп, ауаны ластамайды. – Біздің зауыт – қалдықсыз өндіріс. Күкірт қышқылы төменге түседі. Əрбір алаңның түбі берік. Өйткені, күкірт қышқылын жоғалту тиімсіз. Сондықтан онда бірде-бір саңылау болмауы керек, – дейді «Eurasia Copper Operating» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Асхат Майлин. (Соңы 2-бетте).
Ќазаќ хандыєыныѕ мерейтойы мемлекеттік деѕгейде мерекеленеді
Кеше Үкімет отырысында алдағы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту шаралары жəне елімізде адам капиталын дамыту мəселелері талқыланды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен отырыстың қорытынды брифингінде мəлім етіледі. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылатын шаралар жайында брифингте Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы баяндады. «2015 жылы біздің еліміздегі елеулі оқиғалар ауқымды түрде өткізілетін ерекше жыл болады. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы, сонымен қатар, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қамтылмақ. Атап айтқанда,
алдағы жылдағы үлкен шара Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына байланысты болады», деді министр. Оның сөзіне қарағанда, Елбасының тапсырмасы бойынша министрлік қазіргі кезде үлкен тұжырымдама жасап, кешегі Үкімет отырысында осы құжат кеңінен талқылаудан өтті. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегіне сүйене отырып, бүкіл ғалымдар бір тұжырымға келді. Яғни, осыған сəйкес, 1465 жылы Қазақ хандығының алғаш құрылған кезі атап өтіледі. «Қазақ хандығына байланысты ғылыми конференциялар
ұйымдастырылып, деректі жəне көркем фильмдер шығады. Оның ішінде Елбасының тапсырмасымен Қазақ хандығына арналған 20 cериялы үлкен телехикая түсіріледі. Қазіргі кезде біздің ғалымдарымыздың анықтауымен тарихымыз айқын жолға түскен кезде, əрине, біз оны көркемдік белеске шығаруымыз керек», деп қосты министр. Осы орайда ол бұл бағытта тиісті жұмыстар басталғанын айта келе, «2015 жылдың қаңтарынан бастап аталмыш сериалдарды түсіруді іске асырамыз», деді.
Əлеуметтік саясат еліміздің даму стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады. «Əлеуметтік жаңғырту бүкіл қоғамның, əрбір қазақстандық отбасы мен əрбір қазақстандықтың өміріне шынайы сезінерліктей оң өзгерістер əкелуге бағытталған нақты қадамдарды талап етеді. Əлеуметтік жаңғырту «жалпы мемлекет» үшін жасалмайды, ол əрбір нақты азаматқа қызмет етіп, пайда əкелуі тиіс», – деп
Мемлекет басшысы өзінің 2012 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында атап өткен болатын. Қазақстанда бүгінгі күні мемлекет, жұмыс беруші жəне қызметкер арасындағы жауапкершілікті бөлісе отырып, əлеуметтік қамтамасыз етудің көпдеңгейлі жүйесі жұмыс істейді. Базалық деңгейде мемлекет барлық зейнеткер жасына толған адамға (еңбек өтіліне жəне бұрынғы табысына қарамастан) базалық зейнетақы; мүгедектерге, асыраушысы нан айырылған адамдарға, зейнеткерлік жасқа толған, бірақ
кїрделі жґндеуден соѕ ќайта ашылды Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Бұған дейін газетімізде «Орал əуежайы азып тұр» деген сараптамалық материал жарияланып, онда 1972 жылдан бері ұшып-қону
жолағына күрделі жөндеу жүргізілмегені жөнінде мəселе көтерілген еді. Бұған қоса, осының салдарынан кейбір əуе компаниялары Орал əуежайына ұшақтарын қондырудан бас тартқандары да баяндалды. Əрине, газет көтерген мəселе дер кезінде жоғары
(Соңы 2-бетте).
еңбек өтілі жоқ адамдарға – мүгедек тiгi бой ын ша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жəне жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк əлеуметтiк жəрдемақылар төлеуге кепілдік береді. Міндетті ынтымақты деңгейде ынтымақты (еңбек) зейнетақы қа лыптастырылады жəне төленеді; міндетті жинақтаушы деңгейде – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жəне əлеуметтік аударымдар есебінен қалыптастырылған Мемлекеттiк əлеуметтiк сақтандыру қорынан (МƏСҚ) əлеуметтік төлемдер төленеді. (Соңы 2-бетте).
Оймақтай ой Ең қиын іс – өзіңді өзің тану, ең оңай іс – басқаға ақыл айту. ФАЛЕС.
(Соңы 3-бетте).
Əуежай
Президент бастамалары – жаѕа ќаєидаттардыѕ ќозєаушы кїші Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Əлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.
Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.
Газет көтерген мəселе
Əлеуметтік қолдаудың əлеуеті
Данияр АҚЫШЕВ,
шіркеулердің, фабрика немесе базарлардың маңында, адамзат рухының күштілігін білдіретін табиғат құбылыстарына қайшылықпен салынған қалалар бар. Сол сияқты, өз бейнесін ғасырдан ғасырға өзгертпей алып келе жатқан, бүгінгі таңға дейін ел таңданар орталықтарға айналған қалалар да жеткілікті. Уақыт пен кеңістікті ажырату қиын. Алайда, олардың түйі су орындары бар. Олар – астана-қалалар. Астаналықтың ерекшелігі – ұлттық кеңістік пен үйлестірудің əлемдік жүйесінің ұлттық мəдениетінің мазмұны. Саясат кеңістікті қалыптастырады, ал кеңістік өз кезегінде саясатты қалыптастырады. Астананың басты мақсаты қазақ ұлтын өзіне жəне өзгелерге таныстыру. Астана – ұлттың тарихын, шағын түрде ұлт бейнесін дəріптейтін бейнелер. Жаңа астаналар мемлекеттерге өзін жаһандану əлеміндегі саяси жəне экономикалық кеңістікте жаңаша көрсетуге мүмкіндік береді, мемлекет ішінде ресурстардың табысты жұмылдырылуына қатысты жағдай жасайды. Сондықтан да, əр астананың ұлт уақыты мен ұлт кеңістігін саралауға қатысты өз ерекшелігі бар. Астанада ұлттың қазіргісі, тұрмыс жайымен қатар, оның болашағы мен жоспарлары көрсетілуде.
БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстанда дамуға ресми көмектің ұлттық жүйесін құ руға қолдау көрсетеді. Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Сти вен Тулл аталмыш мəселе қамтылған жобалық құжатқа қол қойды. Үкімет келер жылдан бастап бала асырап алған ата-аналарға бір реттік жəрдемақы төлемек. Оның көлемі 150 мың теңге болып белгіленді. Алайда, жетім ұл-қызды асырап алған отбасы баладан бас тартқан жағдайда, мемлекет төлеген жəрдемақыны толық қайтаруы тиіс. Ауылдарда жылдам интернет пен талшықты-оптикалық байланыс қолжетімді бола түседі. Бүгін Мəжілісте еліміздегі ақпараттандыру жобаларының жүзеге асырылуын талқылау барысында Инвестициялар жəне даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев осылай мəлімдеді. Қызылорда облысында əлеуметтік нысандардың құрылысына 28 млрд. теңге бөлінді. Облыстық құрылыс басқармасы арқылы 86 нысанның құрылысы жүріп жатыр, олардың 20-сы келесі жылға қалады, ал қалғандары жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс. Қостанай облысында көмір кластерін құруға 5,6 млрд. доллар жұмсалады. Ол қаражатқа Торғай бассейні кен орнында көмір өндіру жəне қайта өңдеу кластерін құру, сондай-ақ «Соколовка» ЖШСмен бірлесіп 10 кен орны базасында тау-кен өндіру кешенін салу жоспарланып отыр. «Теңізшевройл» үшінші буынды зауыт құрылысына кіріседі. Зауыт мұнай өндіруді қазіргі жылына 24-тен 36 миллион тоннаға дейін көбейтуді қамтамасыз етеді. Одан бөлек, жоба шикі газды қабатқа айдау қуаттылығын кеңейтуге мүмкіндік береді.
мемлекеттік органдардың назарына ілінгені жағымды жайт. Сөйтіп, бұл мақсатқа Үкімет тарапынан 6 млрд. теңге қаражат бөлінді. Соған сəйкес мұнда жаймашуақ жаздың қоңыр күзге орын берер кезінде күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Осылайша екі айдың ішінде оны қайта қалпына келтіру ісі, яғни Орал əуежайын жаңғыртудың бірінші кезеңі ойдағыдай аяқталды. Балталасаң бұзылмайтын бетоннан құйылған ұшып-қону жолағының ұзындығы 2400 метр. Алдағы жылы жалғасатын жаңғыртудың екінші кезеңінде мұны тағы да 400 метрге ұзарту көзделген. Сонымен бірге, тиісінше ұшу жолағының ені тағы да үш метрге кеңітілмек. Сол кезде батыс қақпаның əуе гаваны кез келген ірі əуе лайнерлерін емін-еркін қабылдай алатын болады. Ал, мамандардың мəлімдеуінше, қазіргі күнге дейін төселген ұшып-қону жолағының сапасы ел бойынша ең алдыңғы орындардың бірінде. Осы аптаның басында Орал əуежайына Алматыдан жəне Атыраудан «Bek-Air» əуе компаниясының ұшақтары келіп қонды. Əуе салонындағы жолаушылар мен экипаж мүшелері жаңғыртылған əуежайға сөздің тікелей мағынасында өте жұмсақ түрде қонғандарын ризашылықпен əңгімелеп берді. Ал жоғарыда аталған əуе компаниясы ұшақ қызметінің жетекшісі Ерік Сапаров ұшып-қону жолағының сапасы жөнінде мамандар мəлімдеген тұжырымды одан əрі қуаттап, рекордтық сипаттағы қысқа уақыт аралығында осындай мінсіз стратегиялық нысан салынғанына таңғалатынын жеткізді. ОРАЛ. ––––––––––
Оќырман назарына!
Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.
Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО.