Бїгінгі нґмірде: Кґші-ќон жанданады
№212 (28690) 5 ҚАРАША БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Ќарым-ќатынастарєа ќарќын ќосќан сапар
4-бет Шаѕыраќќа ќара! 5-бет Тауар сапасы стандарттарєа сəйкес келмейді 7-бет Ќўпиясы мол ќўмыра 12-бет
Мемлекет басшысы – Францияда
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасына ресми сапар аясында Париж қаласына келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Франция Президенті Франсуа Олландпен кездесуі жоспарланған. Сонымен қатар, іскер жəне саяси топ өкілдерімен келіссөздер өткізу, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жəне ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-сессиясына қатысу шаралары қарастырылған.
Жўмыстарды їдетуге шаќырды
Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапарының бірінші күні табыспен қорытындыланғанын кешегі мақаламызда жаздық. Сол күннің басты нəтижесі ретінде Қазақстан мен Ұлыбритания арасында 13 миллиард доллардың келісімдеріне қол қойылғанын айтуға болады. Бұл – Ұлыбританиядан Қазақстанға ағылатын инвестициялардың жаңа ауқымын көрсете алатын көрсеткіш. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан» – Лондоннан.
Сапардың бірінші күні Елбасымыз жоғары деңгейдегі кездесулер мен маңызды отырыстар жəне бизнес-форумнан тыс британдық айтулы іскер топтардың айшықты өкілдерімен, яғни Ұлыбританияның қоғамдық өміріндегі
ықпалды тұлғалармен бірқатар кездесулер де өткізіп үлгерген еді. Іскер топ өкілдерімен өткен сондай бір кездесуге «Royal Dutch Shell», «BG Group», «Barclays Bank», «Vitol Group», «De La Rue», «Glencore» жəне басқа да компаниялардың басшылары қатысты. Олардың қолындағы активтер көлемі 500 миллиард доллардан астам қаржыны құрайды делінеді.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанның инфрақұрылымдық даму, көлік жəне телекоммуникация, тамақ жəне жеңіл өнеркəсіп, металлургия жəне мұнай химиясы салаларында белсене жұмыс істеп жатқандары үшін британ инвесторларына алғыс айтты. Нұрсұлтан Назарбаев бірлескен жұмысты жалғастыру үшін қажетті əлеует бар екенін атай отырып, еліміз инвесторларға аса қолайлы жағдай жасау ісін жалғастыра беретінін атап көрсетті. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, «J Rothschild Capital Management» компаниясы басқармасының төрағасы Лорд Джейкоб Ротшильдпен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы инвестициялық ынтымақ тастықтың келешегіне қатысты ойларымен бөлісті. Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, Астанада құру жоспарланып отырған Халықаралық қаржы орталығы туралы айтты жəне
серіктестік қарым-қатынастарды бұдан əрі нығайтуға мүдделілік танытты. Д.Ротшильд өз сөзінде Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі қаржылық хаб мəртебесін алу үшін жақсы перспективалары бар екенін атап өтті. Елбасымыздың «Арселор Миттал» компаниясының төрағасы жəне бас атқарушы директоры Лакшми Митталмен кездесуі барысында металлургия саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Қазақстан Президенті əлемдік шикізат нарығындағы қазіргі өзгерістер салаға əсер ететініне назар аудара отырып, осыған байланысты компаниядан өндіріс қарқынын сақтау үшін зор күш-жігер талап етілетінін атап өтті. Ал Л.Миттал шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасап отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хикма Фармасьютикалс» компаниясы директорлар кеңесінің
Отырыста Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының (ЭЫДҰ) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнін дегі іс-қимылының Ыстамбұл жос пары ұсынымдарын орындау, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу рəсімдерін өткізу кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде мемлекеттік органдардың қолға алған шаралары талқыланды. Отырыс барысында Мем лекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шпекбаевтың, Қаржы ви це-министрі Р.Бекетаевтың, «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Р.Жүрсіновтің есептері тыңдалды.
Г.Əбдіқалықова өз сөзінде сы байлас жемқорлыққа қарсы тетіктердің тиімділігі Қазақстан Президенті ұсынған, елімізді жанжақты жаңғыртуға бағытталған Ұлт жоспарын табысты іске асырудың бірден-бір шарты болып табылатынын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нəтижелі іс-қимыл жасау барысында жемқорлыққа қарсы заңнаманы халықаралық талаптарды ескере отырып жетілдіру ісінің ерекше маңызы бар. Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық конвенцияларға қосылу, сондай-ақ, Ыстамбұл іс-қимылдар жоспарының ұсынымдарын орындау жөніндегі жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Аталған ұсынымдарды орындау дың маңызды стратегиялық мəні бар, өйткені, Қазақстан ЭЫДҰ-ға мүше болуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы бүгінде мемлекеттік сатып алу саласы сыбайлас жемқорлық етек алған салалардың бірі болып отырғанын айтты. Г.Əбді қа лықова қалыптасқан ахуал мемлекеттік сатып алу саласында шешімдер қабылдаудың айқындылығын, оның ішінде осы процестерге қоғамдық бақылауды күшейтуді жəне электрондық ресурстардың мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды көздейтін қосымша ұйымдастырушылыққұқықтық тетіктер əзірлеуді қажет ететінін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мемлекеттік органдарға нақты ұсынымдар мен тапсырмалар берді.
Достыќтыѕ туы жоєары
Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов бастаған ҚХА делегациясы Мəскеу қаласында болды. Делегация құрамында Парламент Мəжілісінің депутаты Ахмет Мурадов, ҚХА Төрағасының орынбасары Любовь Ни, ҚХА Кафедралары қауымдастығының төрағасы, «Орыс, славян жəне казак ұйымдарының қауымдастығы»
қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков, Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңірін дегі эт нос аралық жəне конфес сияара лық қатынастарды зерттеу
орталығының жетекшісі Айгүл Сəдуақасова, Қазақстан корейлері қауымдастығының вицепрезиденті, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі Георгий Кан, Ақмола облысының ҚХА Талдау орталығының жетекшісі, Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті орыс филологиясы кафедрасының профессоры Бэлла Газдиева болды. (Соңы 3-бетте).
(Соңы 2-бетте).
Көзіқарақты қауымға «Егемен Қазақстанның» «етжеңді» нөмірлерінен жылма-жыл шығарылып тұратын кітаптар жақсы таныс. Жақында сол жинақтардың он төртіншісі жарық көрді. 2014 жылғы нөмірлерден іріктеліп алынған мақалалар мен сұхбаттар оқырманның ой-өрісін кеңейтіп, бағалы да тың ақпарат беретіндігімен қымбат. Жинақ «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті С.Абдрахмановтың шағын алғысөзімен ашылған.
Сыбайлас жемќорлыќты тўзаќтау їнемі назарда Кеше Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықованың төрайымдығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мəселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
төрағасы Саид Дарвазамен де кездесті. Кездесу барысында фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мəселелері талқыланды. Елбасы компанияның Қазақстандағы қазіргі жұмысының мемлекетіміз үшін елеулі маңызы бар екенін айтты. С.Дарваза өз сөзінде республикамызда фармацевтика саласының даму əлеуеті зор екеніне назар аударды. Мемлекет басшысы «Рио Тинто» компаниясының бас директоры Сэм Уолшпен кездесуі кезінде геологиялық барлау саласындағы бірлескен жобаларды одан əрі жүзеге асырудың негізгі аспектілері қарастырылды. Тараптар, сонымен қатар, заманауи іздеу жəне барлау технологияларының трансферті, сондай-ақ, Қазақстан мамандарын оқыту сияқты ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Мемлекет басшысы бірлескен жұмыстың жемісті əрі табысты болатынына сенім білдірді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары V съезінің шешімдерін іске асыру, сондай-ақ, осы форумды одан əрі дамыту мəселелері бойынша жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Шараға Сыртқы істер министрлігі, Мəдениет жəне спорт министрлігі, Мəдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, Сенат аппаратының басшылары қатысты. Кеңеске қатысушылар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани татулық пен келісімді дамытуға жəне нығайтуға қосқан үлесі үшін сыйлығын», Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Құрмет белгісін тағайындау, сондай-ақ, Астанада Бейбітшілік жəне келісім мұражайын ашу бастамаларын іске асырудың тұжырымдамалық жəне ұйымдастыру мəселелерін қарады. Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы мен дін көшбасшыларына тиісті ұсыныстарды мезгілінде енгізу үшін осы бағытта əзірлік жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Сенат Төрағасы 2016 жылдың ортасында өткізу жоспарланып отырған съезд Хатшылығының XV отырысына жəне Астанада терроризмге қарсы іс-қимылда діни қайраткерлердің рөлі туралы конференцияға тиянақты əзірліктің маңызын атап өтті. Кеңеске қатысушыларға Мəдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізу туралы тапсырма берілді. Сенат Төрағасы съезд жəне Хатшылық отырыстары арасындағы кезеңде форум делегаттарының тұрақты интерактивтік үнқатысуын қалыптастыру қажеттігіне назар аударды. Кеңесте сөз алған Мəдениет жəне спорт министрінің орынбасары Марат Əзілханов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев V съездің шешімдерін іске асыру, форумдарда айтылған бастамалар туралы хабардар етті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Таѕдандырар таєылымдар «Сол кезде мəскеулік ғалымдардың бірі Ағын Хайроллаұлына төбеден түскендей: «Нельзя ли показать влияние русской культуры на аль-Фараби» депті… Міне, біз шыбындап бас изеген мəскеулік философтардың шынайы сықпыты осындай болған». Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Дара тұлға» атты ғұмырбаяндық очеркінде көрнекті ғалым Шаһмардан Есеновтің ұсынысымен қазақстандық фарабитанушылар өз еңбектерін ел астанасында талқылатуға апарғанда осындай сөз айтылғаны баяндалған. Кезінде жылағың келетін бұл сөзге қазір күлкің келеді. Оқырман қауымға он төртінші рет ұсынылып отырған «Етжеңді» «Егемен Қазақстан» жинақтарының бұл кітабында да осындай тағылымды толғанысқа толы ойлы дүниелер баршылық. «Мына бір деректерге жүгініп көрейік. 2011 жылы əлемде ағылшын тілінде 550 мың кітап жарық көрген екен. Бұлар жаңа кітаптар мен аудармалар. Яғни, жаңа ойлар, жаңа идеялар. Сауатты боламын деген адамға керекті жаңа ақпарат. Сол жылы орыс тілінде 97 мың кітап басып шығарылды» – Ерлан Сағадиевтің
«Үш тілді үйрену – үлгі етер үрдіс» атты мақаласындағы бұл жолдарға түсініктеме беріп жату артық, əрине. Академик Сейіт Қасқабасовтың 100 томдық «Бабалар сөзі» басылымы жайында «Мəңгілік елдің мəңгілік фольклоры» тақырыбымен берілген сұхбаттағы: «Əр томның көлемі орташа алғанда 400 беттен. Серияның жалпы көлемі 2540 баспа табақ, əр баспа табақ 16 беттен есептелгенде мұнда шамамен 40640 бет бар екен. Əр баспа табақта 40 мың таңба болатынын ескерсек, осы басылымдағы таңбалар саны ... 101 миллион 600 мың таңба екен... Мұндағы мəтіндерді тек теріп шығу үшін компьютер клавиатураларына саусақтар жүз миллионнан артық тигенінің өзі ғажап емес пе?!» деген сөздерге де қосып-аларымыз бола қоймаса керек. «Етжеңдінің» өзге де жинақ тары сияқты, бұл жолы да сіз күнбе-күнгі қам-қарекетті күйттейтін газет табиғатынан сəл де болса өзгешелеу журналистика жарияланымдарымен жүздесесіз. Əлібек Асқаровтың «МарқакөлШанағаты немесе Қазақстанның ең суық нүктесіне сапар» деген сафари жазбасы төгілген
тілімен де, мол мəліметімен де, суреткерлік байқампаздығымен де тəнті етеді. Қайсар Əлімнің «Алматыдан соңғы аттанысы» аяулы азамат, асыл аға Сабыржан Шүкіров өмірінің соңғы тəулігін, Алматыдан аттанып, Астанаға жете алмаған күйі үзіліп кеткен сəтіне дейін жан-жүректі тебіренте суреттейді. Кезінде «Социалистік Қазақстан» қаламгерлері үшін меншікті тілшіліктің үйренерлік үздік үлгісін көрсетіп кеткен жүйрік журналист, жақсы
жазушы Байжігіт Əбдіразақовтың бірегей бейнесін Жанат Елшібек «Кешеден жеткен өлмейтін сөз» атты мақаласында келісті кестелейді. Сөз өнерінің саңлағын əдемі əспеттеудің жарасымды көрінісін Өтеген Оралбайұлының өзі «Торғайдың бозторғайы» деп атаған эссесінен де табамыз, онда Кеңшілік Мырзабеков поэзиясының сырлы сұлулығы айқара ашылған. Кешегі кеңестік кезеңдегі «Қайрат» пен «Пахтакор» кездескенде бар халықтың демін ішіне ала қалатын күндерін сағынсаңыз, Жанболат Аупбаевтың өзбек футболының аңызына айналған атақты шабуылшы Берадор Абдураимовпен əңгімесін («Стадиондағы сұхбат») оқыңыз. «Етжеңді» нөмірлерінде адамды таң-тамаша қалдыратын фактілер, оқиғалар да болуы заңды. Дəл осы күндерде, Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданындағы Сарыөзеннің Сақырат түбегінде 32 жылдан бері ну қамыста жападан-жалғыз ғұмыр кешіп жатқан адамның бар екеніне бір таңдансаңыз, сол Бухарев Алексей Михайловичтің ұлты қазақ екеніне екі таңданасыз, сөйтіп жүріп руының жаппас екенін ұмытпағанына үш таңданасыз, сондықтан да Серік Жұмағалиевтің мақаласы «ХХІ ғасырдың «Робинзон Крузосы» деп аталғанына онша таңданбайсыз. Қысқасы, ойлы сөзді іздеп жүретін оқырманның бұл кітаптан да өзіне қажет қазынаны молынан табарына сенеміз біз. Сауытбек АБДРАХМАНОВ, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті.