05122014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №239 (28462) 5 ЖЕЛТОҚСАН ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

Нўрсўлтан НАЗАРБАЕВ:

Шымкент – їлкен мїмкіндіктердіѕ ќаласы Оѕтїстікте ґндіріс те, халыќтыѕ тўрмысы да, жастардыѕ білім деѕгейі де ґсіп келеді

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болды. Қазақтың барлық жері де қастерлі, алайда, Қалағаң, Қалтай Мұхамеджанов ағамыз айтқандай, ұлысымыздың ұйытқысына айналған Оңтүстіктің жөні бөлек, Алтын құрсақ Оңтүстіктің аналары демографиялық ахуалды оңалтуда республикада көш бастап келеді. Халқының саны 3 миллионға жетіп қалса да, атажұртқа оралғысы келетін ағайынның атбасындай алтын көргендей Оңтүстікті шырғалап шықпайтыны жəне бар. Осындай себептермен халық саны жыл сайын молыға түсіп отыр. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы Шымкентті еліміздің үшінші қаласы болады деп көрсеткеннен кейін жан-жаққа тамырлап бара жатқан қаланың аумағы 40 мың гектардан 117 мың гектарға дейін ұлғайып, солтүстікшығыс бөлігінен 1600 гектар аумақта жаңа əкімшілік-іскерлік орталығы құрылысы басталған. Шымкентпен қоңсы аудан, қалалардан елді мекендер қалаға кіргеннен кейін жаңа аудан құру қажеттілігі туындады.

Облыс əкімі Асқар Мырзахметов жаңа ауданға атау беруді жұрттың талқысына салған. Əрине, əдемі атаулар ұсынылды. Əйтсе де, тағдыр-талайлы қазақтың қалың тарихында қарт Қаратаудың орны бөлек. Шапқыншылыққа ұшырағанда осы тау пана болды, қуанғанында жанына медетті осы Қаратаудан тапты. Сондықтан жаңа ауданға Қаратау аты берілгенде, жұртшылық бірауыздан қолдаған. Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» саяси құжатында: «Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орталықтары ірі қалалар

Кеше Премьер-Министр Кəрім Мəсімов Үкіметтің кезекті отырысын өткізді. Отырыста Қазақстанның Жаһандық бəсекеге қабілеттілік индексінің Əділет министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне бекітілген индикаторлары бойынша көрсеткіштерін жақсарту мəселелері қаралды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Бəсекеге ќабілеттілікті жаќсарту жолдары «Қазіргі уақытта ведомство ЖБИ рейтингісінде елдің позициясын жақсарту бойынша мақсатты бағытталған шаралар кешенін белгіледі. Бəрінен бұрын бұл қылмыстар туралы өтінімдерді толық тіркеу жəне есептеуді қамтамасыз ету, лицензиялау мен қызмет көрсетудің жеке түрлерін электронды пішімге оңтайландыру,

автоматтандыру жəне көшіру», деп мəлімдеді ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов. Əділет министрлігіне бекітілген индикаторларды жақсарту бойынша жұмыс туралы ведомство басшысының орынбасары Зəуреш Бай мол дина мəлімдеді. (Соңы 2-бетте).

Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.

– Астана мен Алматы, одан соң Шымкент болады. Олар халықтың жəне инвестициялардың шоғырлану орталықтарына айналады, сапалы білім беру, медицина, əлеуметтік-мəдени қызметтер көрсетеді», – деген болатын. Елбасы Оңтүстікке осы жолғы жұмыс сапарында əуелі жақында пайдалануға берілген «Түркістан» салтанат сарайында болып, өнер ұжымының концерттік бағдарламасын көріп-тыңдады. Содан кейін, өңірдің зиялы қауым өкілдерімен жəне этномəдени бірлестіктердің төрағаларымен жүздесті. Облыс əкімі Асқар Мырзахметов Мемлекет басшысына аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды рет-ретімен баян етті. – Өзіңіздің қолдауыңызбен, шешіміңізбен Шымкентте төртінші аудан – Қаратау ауданы ашылды. Əр ауданда 200 мыңның үстінде адам бар екенін ескерсек, Шымкент қаласындағы халық саны 840 мыңнан асты, – деген облыс əкімі қа ланың бас жоспарына байланысты жұмыстарды жүйеледі. Жаңа əкімшілікіскерлік орталығының жалпы аумағы

Тілдік талаптар ќалай саќталуда?

Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев қазақстандық телеарналарда заңнамадағы тілдік талаптардың сақ талуы мəселелеріне арнал ған кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кеңеске орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері қатысты. Онда отандық телеар налардың эфиріндегі қазақ тілді хабарлардың үлесін арттыру бойынша іс-шаралар, сондай-ақ, тілдік тепе-теңдіктің сақталуына бақылауды күшейту мəселелері қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша Б.Сапарбаев мемлекеттік органдарға тілдер туралы заңнаманың сақталмауына қатысты жауапкершілікке тарту бөлігі бойынша ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық кодексінің нормаларын жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу туралы бірқатар тиісті тапсырмалар берді.

– 1600 гектар. Бүгінде оның 284 гектарында бірінші кезеңде атқарылатын жұмыстар тиянақталып қалды, деді өңір басшысы. Жаңа əкімшілік-іскерлік ғимаратының құрылысына 82,1 млрд. теңге, оның ішінде бюджеттен 18,6 млрд. теңге, жекемен шіктен 64 млрд. теңге тартылуда екен. Құрылыстың бірінші кезегінде 284 гектар аумақта «Түркістан» сарайы, облыстық драма театры, «Отырар» кітапханасы, Көрме орталығы, жаңа алаң мен гүлзар, көпқабатты тұрғын үйлер, қалалық емхана, «Назарбаев зияткерлік мектебі», кешенді медицина жəне сауда орталықтары салынған болатын. Одан бөлек, мұнда облыс əкімдігінің ғимараты, «Оңтүстік» қабылдау үйі, 8 мың орындық Орталық мешіт, көркем гимнастика кешені, көпсалалы кəсіби-техникалық колледж, қалалық мұрағат, балабақшалар, мектептер жəне жалпы аумағы 740 мың шаршы метрді құрайтын 167 көпқабатты тұрғын үйлерден тұратын жаңа шағын аудан бой көтеруде. Бұл əлеуметтік нысандар келесі жылы пайдалануға беріле бастайды.

Түрлі салтанатты шаралар ұйымдастыруға лайықталған «Түркістан» салтанат сарайының жалпы аумағы 8,5 мың шаршы метрді құрайды екен, сыйымды лығы − 1364 орын. Ғимарат құрылысына облыстық бюджеттен 1,4 млрд. теңге жұмсалыпты. Ал облыстық драма театрдың жаңа ғимаратының жалпы аумағы – 8 мың шаршы метр. Оның құрылысына облыстық қазынадан 1,5 млрд. теңге қаралған. Шымкент үшінші қала мəртебесіне ие болу үшін туристік мүмкіндіктерге кең жол ашуы қажет. Осы орайда, жаңа орта лықтың қасынан 70 гектар жер бөлініп, тарихи-мəдени аймақ салынды. Мұнда «Наурыз» алаңы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Əдетғұрып жəне салт-дəстүрлер орталығы, көл аумағындағы демалыс орындары пайда лануға берілді. Одан бөлек, жаңа Бəйдібек би ескерткіші бой түзеп, қалаға келетін меймандар үшін заманауи қонақүй ашылды.

Жергілікті ґзін ґзі басќару: міндет жəне мїмкіндік Оңдасын ОРАЗАЛИН,

Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік бақылау жəне аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаев айқындап берген, Қазақстан ның 2050 жылға дейінгі

дамуының негізгі міндеттерінің бірі əлемнің озық 30 елінің қатарына кіру болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінің тиімді жұмысы жəне жергілікті өзін өзі басқару шеңберінде күнделікті маңызды мəселелерді шешуге халықтың белсене қатысуы тікелей əсер етеді. Осыған байланысты Мемлекет

(Соңы 2-бетте).

басшысының 2012 жылғы 28 қарашадағы Жарлығымен 20132020 жылдарға арналған Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдамаға сай жергілікті өзін өзі басқаруды реформалау екі кезеңде өтеді. Реформаның мақсаты – жергілікті жерлерде қаржыны басқару, құқық тəрті бін сақтау, əлеуметтік қорғау жəне т.б. маңызды мəселелерді шешу үшін барлық қажетті жағдайды жасау болып табылады. (Соңы 6-бетте).

● Елімізде газ өндіру көлемі жылына 40 млрд. текше метрге жетті. Энергетика министрінің орынбасары Ұзақбай Қарабалин табиғи газды тұтыну көрсеткіші жыл сайын шамамен 11,5 млрд. текше метр көлемінде болып отырғанын мəлімдеді. ● Республика бойынша 17,2 млрд. теңгенің 2 976 нысаны заңдастырылды. Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мүліктерді заңдастыру үшін жергілікті билік органдары жанынан құрылған комиссияларға 11 230 өтініш келіп түскен. ● Астанада биыл 16 306 жаңа жұмыс орны құ рылды. Қалалық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының мəлімдеуінше, үстіміздегі жылдың 3 тоқсанында жұмыссыз жастар 7,3 пайызды құраған. Бұл жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің өткен жылмен салыс тырғанда 0,4 пайызға төмендегенін білдіреді. ● Алматы өңірінде ауыл шаруа шы лығының үздік қызметкерлері марапатталды. Облыс əкімі Амандық Баталов сала кəсіпорындары арасында озып шыққан Жамбыл ауда ны ның «Р-Күрті» ЖШС мен Кербұлақ ауданына қарасты «Ақбастау» шаруа қожалығына «ВАЗ 21214-187» автокөліктерін тарту етті. ● Оңтүстік Қазақстан облы сының Жетісай қаласында жаңа мешіт пайдалануға берілді. Оның ашылу салтанатына еліміздің бас мүфтиі Ержан қажы Мал ғажыұлы қатысып, жамағатты құттықтады. Muslim.kz сайтында көрсетілгендей, мұнда бір мезгілде 500 адам намазға тұра алады. Оның күмбезі Медине қаласындағы Əн-Наби мешітіне ұқсас. ● Жамбыл облысында 280 орындық балабақша ашылды. Облыс əкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов Жуалы ауданында пайдалануға берілген бұл балалар мекемесін салуға 560 млн. теңге қаралғанын атап өтті. ● Ақмола облысында қарт майдангерге құрмет көрсетілді. Облыс əкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Ұлы Отан соғысының ардагері, биыл 90 жасқа толған Александр Кияткинді мерейтойымен құттықтап, өңір басшысының атынан ақшалай сыйлық табыс етті. Мерейтой иесі балалық шағында Зеренді ауданының Қойсалған ауылына барып, Кеңес Одағының Батыры Мəлік Ғабдуллинмен бірге асық ойнағанын мақтан ететінін жеткізді. ● Петропавлдағы №2 жылу электр орталығында жаңа қазандық іске қосылды. Заманауи үлгiдегi агрегатты iске қосу жиынына облыс əкiмi Ерiк Сұлтанов қатысты. Петропавл ЖЭО-2 директоры Виктор Барминнің айтуынша, қазандық сағатына 270 тонна бу өндiредi əрі 3 мың тоннаға дейiн желiлiк суды ы сытуға қауқарлы. Барлық талаптарға сай агрегат 1 жылда 2,7 мың тонна көмір үнемдеуге мүмкіндік береді. ● Павлодарда жас ғалымдар мемлекеттік стипендиясының иегерлері атанды. С.Торайғыров атындағы мемлекеттік универси тет электр энергетикасы кафедрасының докторанты Бауыржан Машрапов пен экономика кафедрасының доценті Сəуле Рахымова жас дарындарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияға лайық деп танылып отыр. Айта кетейік, ол мемлекет үшін басым бағыттарда, кадрларды дайындауда зерттеулер жүргізуге белсенді қатысқан жас ғалымдарға беріледі. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.