05122015

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Елің үшін самға!

№234 (28712) 5 ЖЕЛТОҚСАН СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Арнаулы бөлімшелер қай кезде де қажет

Телефон арқылы сөйлесті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекеттер басшылары əңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жайттарын, сондай-ақ, бірқатар өзекті өңірлік жəне халықаралық, соның ішінде, халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың бірыңғай əлемдік желісін құру мəселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев пен

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Арыстан» қызметінің тұрақты орналасу орнында болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті нысанда болу барысында оның материалдық базасын қарап шығып, қаружарақтардың заманауи түрлерімен, арнаулы мақсаттағы отандық бөлімшелердің əскери техникасымен жəне жарақтарымен, сондайақ, «Арыстан» қызметі музейінің экспозицияларымен танысты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар басшыларымен жəне арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің командирлерімен кеңес өткізді. Іс-шараға Президент Əкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің,

Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің жəне Мемлекеттік күзет қызметінің басшылары қатысты. Кеңес барысында министрліктер мен ведомстволардың арнаулы мақсаттағы күштерінің əскери дайындығы жəне оны əрі қарай дамыту, олардың арасындағы өзара іс-қимыл жəне материалдықтехникалық жағынан қамтамасыз ету мəселелері талқыланды. Елбасы бүгінде арнаулы мақсаттағы бөлімшелерге жүктелген қызметтің маңыздылығын ескере отырып, оларға айрықша көңіл бөлініп отырғанын айтты. Қазақстан Президенті осы бөлімшелердің сарбаздары мен

офицерлері терроризмге қарсы күрес, құқық тəртібін, қоғамдық тыныштық пен конституциялық құрылымды қорғау жөніндегі қызметті тиімді жүзеге асырып отырғанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев арнаулы қызмет күштері арқылы Ақтөбе жəне Алматы облыстарында, Алматы қаласында күрделі жауынгерлік шаралар іске асырылғанын, ал «Арыстан» қызметінің жасақтары 1992 жылы Шымкентте кепілге алынғандарды босату жөніндегі ерекше операция барысында алғашқы əскери тəжірибе жинақтағанын еске салды. – Осылайша, арнаулы мақсаттағы бөлімшелер əскери уақытта да, бейбіт кезде де қажет болады. Арнаулы мақсаттағы жасақ жауынгерінің күнделікті қызметі өміріне қауіпті қатерлермен

Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова Гана, Джибути, Никарагуа, Албания Республикаларының жəне Бахрейн Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елші қызметін қоса атқаратын дипломаттарынан сенім грамоталарын қабылдады. Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

байланысты психофизикалық зор ауыртпалықтарға толы. Бұл айрықша дайындық пен машықты, өз ісін жетік меңгеруді, қару қолдана білуді, сондай-ақ,

психо логиялық орнықтылықты қажет етеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. (Соңы 2-бетте).

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-інде болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кеше Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықованың төрайымдық етуімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

«Біз Қазақстанды бақуатты мемлекеттердің қатарына қосу мақсатында «Мəңгілік Ел» идеясын жариялаған болатынбыз. Мəңгілік Ел ұғымы – тамыры терең түркілік ұғым. Сондықтан да, біз құрған ынтымақтастықтың мəңгілік болатынына сеніміміз мол». Елордада Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының VI пленарлық отырысын ашқан ТүркПА-ның Іс басындағы Төрағасы, Парламент Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов осылай деді. «Егемен Қазақстан».

«Бүгінде ТүркПА Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттер ынтымақтастығының парламенттік өлшемі ретінде белсенді түрде əрі зор

табыспен дамып келе жатыр. 2015 жылғы 11 қыркүйекте Астанада Түркі кеңесінің V саммиті өткені өздеріңізге белгілі. Бұл саммит түркі дүниесіндегі мемлекеттілік дəстүрінің тарихи бастауы тереңде жатқанының бір дəлелі – Қазақ

хандығының 550 жылдық мерейтойын атап өтумен тұспа-тұс келуімен ерек шеленді. Біз осы атаулы кезеңге байланысты шаралар барысында, өз тарихымыздың күл лі түркі əлемімен тығыз бай ла ны с ты екеніне тағы бір

рет көз жеткіздік. Түркі елдері тəуелсіздік алған ширек ғасырға жуық уақытта туыстас халықтар арасындағы ынтымақтастық бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді. Əлемдік саяси аренада Түркі дүниесі дейтін жаңа ұғым қалыптасып, онымен барлық ықпалды күштер санасатын болды», – деді Қабиболла Қабенұлы. Оның айтуынша, ол өзара ынтымақтастықты одан əрі бір жүй еге түсіру жəне оның

Қазақта «аға» ұғымы айрықша қадірлі. Жас жағынан үлкендікті ғана білдірмейді. Басшы, ақылшы, жетекші мағынасында көбірек қолданылады. Салыстырып көріңіз. Александр Пушкин орыс өмірінің энциклопедиясы саналатын атақты «Евгений Онегин» романын: «Мой дядя самых честных правил, Когда не в шутку занемог, Уважать себя заставил, И лучше придумать не мог» – деп, селтең сері геройының ішкі монологынан бастайды. Бізде өйтіп ағасын қыжыртатын жайт кезікпейді. Ұлы Абай: «Қазақтың данасы, Жасы үлкен ағасы» деп жырлаған ғой. «Социалистік Қазақстан», қазіргі «Егемен Қазақстан» ту заманнан

үзбей оқитын сондай аға əрі дана газетім. Ұлы Отан соғысы кезі. Ауылда тұрамыз. Пошта айына екі рет қатынайды. Сонда əкелген «СҚ»-ны шыққан күніне қарай тізіп қойып жатпай-тұрмай оқитыным əлі есімде. Соғыстан кейін Қазақ университетіне қабылданар кезде студент атану үшін бір орынға бес кісі сайыстық. Сол бəйгеде озып шыққаным – «СҚ»-ны мұқият оқып жүруімнің, дүниеге көзқарасымның, саяси, əдеби тілімнің əжептəуір қалыптасуына тигізген игі əсерінің арқасы. Қазіргі тəуелсіздік дəуірінде аға газетіміздің басшылық, жетекшілік, ақылшы рөлі тіптен

зорайды. Форматы күрт ұлғайып, Ақордадағы жаңалықтар, ел алдындағы міндет-парыздардан бастап, нешеме түрлі қызықты, құнды ақпаратқа қарық қылады. Пікірталас туғызатын материалдарды жариялаудан да тартынбайды. Республикамызға, қала берді жаһанға əйгілі ғалымдар, жазушы, көсемсөзшілер – «Егемен Қазақстанның» белсенді авторлары. Тың ой, идеяларға əрдайым жол ашық. Бір кезде Абайдың «Евгений – Татьяна» атты эпистолярлық романы аударма емес, төл туынды деп дəлелдеген мақаламды басқанына дəн ризамын. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, басқа да бүгінгі таңдағы өзекті, заманауи мəселелердің бəріне тиісті жауап алып отырасың.

тиімділігін арттыру мақсатында былтырғы жылы Бодрумда жəне биыл Астанада өткен Түркі кеңесі саммиттері барысында Түркі əлемі интеграциясының тұжырымдамасын əзірлеу жөнінде тапсыр ма берілгенін, ол тұжырымдаманы Түркі кеңесі шеңберінде қабылдауға қажетті дайындық жұмысына ТүркПА-ның да атсалысқаны жөн деп санайтынын жеткізді. (Соңы 2-бетте).

Отырыс барысында «Қазақстан жолының» жалпыұлттық құндылықтарды қастерлеу мен өркендету бойынша мəселелері қаралды. Отырысты ашардағы сөзінде Г.Əбдіқалықова əлемнің көптеген елдерінде жағдайдың бірқалыпты болмай тұрғанын атап өтіп, қазіргі таңда уақытқа сай қадамдарды қарастырудың маңыздылығын атап өтті. Жаһандық өзгерістер мемлекеттен тұрақсыз жағдайларға бейімделген шаралар қабылдауды қажет етеді. Мемлекет басшысының

жуыр дағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы жаһандық дағдарыстың жағымсыз салдарын еңсеруге жəне экономиканы одан əрі өсірудің жолдарын көрсетуге бағытталған. Бұл үшін ел Президенті үш ұғыммен теңестірілген басты дағдарысқа қарсы стратагеманы ұсынды, олар: өсім, реформалар, даму. Жолдаудың аясында жаңа инвестициялық жəне əлеуметтік саясат іске асырылатын болады, деді өзінің сөзінде Г.Əбдіқалықова. (Соңы 2-бетте).

● 6 желтоқсан – Прокуратура күні

● Заманмен үндес заңғар басылым

Ардақты аға газет

Гүлшара Əбдіқалықова Гана Республикасының елшісі Кодзо Кпоку Алабомен болған əңгіме барысында еліміздің Ганамен жəне басқа да Африка мемлекеттерімен ынты мақ тастықты нығайтуға мүдделі екендігін атап өтті. Джибути елшісі Мохамед Əли Камильмен жəне Бахрейн Корольдігінің елшісі Ибраһим Юсуф Абдулла əл-Абдулламен кездесуде Г.Əбдіқалықова аталған елдердің Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясындағы табысты өзара іс-қимылына назар аудара отырып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана қаласында штаб-пəтері орналасатын Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымын құру туралы бастамасын қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.

Никарагуа елшісі Хуан Эрнесто Васкес Арайямен кездесуі кезінде Мемлекеттік хатшы Қазақстан 2015-2019 жылдарға ЮНЕСКО-ның атқару кеңесіне Никарагуаның кандидатурасына қолдау көрсеткенін айта келіп, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығына Астананың кандидатурасын қолдағандықтары үшін алғысын жеткізді. Мемлекеттік хатшы Албания елшісі Арбен Газионимен екіжақты жүздесу сəтінде еларалық диалогты одан əрі тереңдете түсу мүмкіндігіне баса назар аударды. Бұл туралы Албания Министрлер кеңесінің төрағасы Эди Раманың Қазақстанға 2014 жылдың мамырындағы ресми сапары барысында уағдаластыққа қол жеткізілген болатын. (Соңы 2-бетте).

Жалпыұлттық құндылықтарға арналған отырыс

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы архитектуралықкөркем дік ұйым дастыру жұмыстарымен жəне қала құрылысына қатысты шешімдермен танысты. Бұдан бөлек, елорда əкімі Ə.Жақсыбеков Нұрсұлтан Назарбаевқа Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Астана белгісі» архитектуралық мүсіндік композициясының үздік эскиз-идеясына жарияланған республикалық конкурс жобаларын таныстырды.

Түркі дүниесі: түркітілдес елдерге ортақ ұғым Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

Владимир Путин Мəскеуде Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында өтетін кездесулерге дайындық барысын да қарастырды. Қазақстан мен Ресей лидерлері Украинадағы ахуал жөнінде пікір алмасып, дағдарыс тек бейбіт жолмен тезірек реттеледі деп үміттенетіндерін білдірді.

Сенім грамоталарын қабылдады

Елорданың бас жоспарымен танысты Нысанда болу барысында Мемлекет басшысына елорда құрылысын жалғастыру жəне дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды. Мемлекет басшысына Астананың маңызды коммерциялық, мəденисауық нысандары мен тұрғын үйлер құрылысының барысы, инфрақұрылымды жаңғырту жəне көлік саласындағы міндеттерді кезеңкезеңімен жүзеге асыру жұмыстары туралы айтылды.

3-бет Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар 4-5-беттер Абыралы: айтылмаған ақиқат 7-бет Ешкім күтпеген жеңіс 8-бет

БАҚ-тың нешеме түрлі материалымен таныса жүре, байырғы қаламгер Мамадияр Жақыптың қысқа да нұсқа халықаралық шолуына көз салмай өтпеймін. Өз басым жібермей құнттап оқитын тақырып – оралмандар туралы лебіздер. Мынау ұланбайтақ даламызда қазақ жұртының көбеюі – ұлттық қауіпсіздігіміздің толғақты мəселесі. Түрлі себептерден қазағы азшылыққа ұшыраған Шығыс Қазақстанға – туған өлкеме Қытайдан, Моңғолиядан, өзіміздің оңтүстік облыстардан қазақ отбасыларының қоныстанып жатқаны жайлы мақала, корреспонденцияларды қалайша мейірлене, рахаттана оқымассың. Жасай бер, аға газет! Шериаздан ЕЛЕУКЕНОВ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

АЛМАТЫ.

Жақып АСАНОВ, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары:

«Амнистиясыз-ақ түрмедегілердің саны азайып келеді»

Соңғы жылдары еліміздің Бас прокуратурасы мемлекеттік мүдде мен азаматтардың құқығын қорғауда бірқатар бастаманы жүзеге асырып, айтарлықтай нəтижеге қол жеткізді. Солардың ішінде түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілердің санын азайту бойынша жетістіктер көңіл қуантады. Атап айтқанда, түрме индексі бойынша Қазақстанның көрсеткіші тəуелсіздіктің алғашқы жылдарымен салыстырғанда, екі есеге азайды. Сондай-ақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған тиісті міндеттерді жүзеге асыруда да аталған ведомствоның белсенділігі байқалады. Халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласында да елеулі істер қолға алынды. Осыған орай біз Прокуратура күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Жақып АСАНОВПЕН арнайы кездесіп, аталған жобалар жөнінде əңгімелескен едік. – Жақып Қажманұлы, əңгі мемізді бірден шаққандағы қамауда отырғандардың саны бойынтүрмедегілердің санын азайту мəселесінен бас- ша əлемде 3-орында тұрғанын еске алайық. Себебі, тасақ. Себебі, бұған Елбасының өзі ерекше мəн ол кезде 100 мың қазақстандықтың 500-ден астамы беріп, тиісті орындарға нақты міндеттер жүкте- түрмеде жазасын өтеп жатты. Біздің алдымызда АҚШ гені белгілі. Ендеше, алдымен осыған қатысты пен Ресей ғана болды. Бұл іргесін бекіткен жас мемжұмыстардың тиімділігі мен нақты нəтижелеріне лекет үшін өте жағымсыз фактор еді. Сондықтан, тоқталып өтсеңіз? Қазақстан осы түйткілді шешудің əртүрлі жолдарын – Əуелі тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында қарастырды. (Соңы 6-бетте). Қазақстанның түрме индексі, яғни, 100 мың адамға


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.