Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
Біз өзіміздің қазақстандық арманымыздың орындалуына жəне Қазақстанның өркендеуіне сенімді түрде қол жеткізетін боламыз!
№2 (28730) 6 ҚАҢТАР СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
ЎЛТ ЖОСПАРЫ – ЌАЗАЌСТАНДЫЌ АРМАНЄА БАСТАЙТЫН ЖОЛ 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар БІЗДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАНЫМЫЗ – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады.
Əр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке жəне отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды. Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді. Ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтары үшін Қазақстанның Тəуелсіздігі асыл арман болып келді. Біз олардың азат жəне тəуелсіз Отанды аңсаған көп ғасырлық қиялдарын іс жүзіне асырдық. Біз, қазіргі қазақстандықтар үшін Тəуелсіздік көпэтносты қоғамымыздың нақты жоғары өмірлік құндылығына айналды. Біз осыдан бар-жоғы ширек ғасыр бұрын ғана барлық ақыл-ойымыз бен жүрегімізді баурап алған көптеген ой-ниеттерімізге қол жеткіздік. Біз Қазақстан Республикасының егемендігі Конституция мен заңдардың берік арқауы мен
халық мүддесіне қызмет ететін мемлекеттік аппараттың кəсіби жəне негізді іс-қимылына арқа сүйеуін қамтамасыз еттік. Оны Қазақстан экономикасының нақты табыстарымен, ұлттық байлықтың жəне халық игілігінің өсімімен нығая түсетін еттік. Тəуелсіздігіміздің жоғары халықаралық беделмен жəне ұлттық қауіпсіздіктің тиімді жүйесімен сенімді қорғалуын қамтамасыз еттік. Біз өз жеріміз бен оның байлығының ұқыпты иесі болуға үйренудеміз, жаңа технологияларды меңгеріп, тарихымызда ешқашан болып көрмеген өндірістік қуаттар мен экономиканың тұтас салаларын іске қосудамыз. Жəне ең бастысы – біз жаңаша армандауды, Тəуелсіз Қазақстанымыз бір бөлшегі болып отырған жаһандық əлемдегі қиындықтарға қарамастан, ел мен қоғамды дамытуда нақты міндеттер қоюды жəне оларды шешуді үйрендік.
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАН Біз Тəуелсіздіктің 25-ші жылдығына жаңа қазақстандық арманмен аяқ бастық, оның басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан «2050» Стратегиясымен бара-бар. ХХІ ғасырдың ортасына қарай біз Қазақстанның əлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуына қол жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл 2015 жылдың сəуірінде өтіп, қазақстандықтардың абсолютті көпшілігі қолдау көрсеткен кезектен тыс президенттік сайлау барысында пайда болған бүкілхалықтық арманға айналды. Шын мəнінде, осы бүкілхалықтық сенім кепілі біздің Болашағы Біртұтас Ұлт туындауындағы тарихи акт болды. (Жалғасы 2-3-беттерде).
Тілшіге тығыз тапсырма
Босаѕсуєа болмайды ƏЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІЅ ƏЛЕУЕТІ МЫЌТЫ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Ол жыл басынан жалаќы мен зейнетаќы, ґтемаќылардыѕ ґсуінен танылды Жаңа басталып отырған жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің, дəрігерлердің еңбекақылары, зейнетақылар, сондай-ақ, əлеуметтік төлемақылар көлемі өсірілді. Бұл көптеген қазақстандықтарды қуанышқа бөлеп, қазіргідей күрделі жағдайда олардың ертеңгі күнге деген сенімдерін арттыра
түсті. Соған орай, біз меншікті тілшілерге жаңа жылдың алғашқы күндерінде облыстар тұрғындарына хабарласып, олардың пікірлерін редакцияға жеткізуді тапсырған болатынбыз. Төменде сондай пікірлердің бір тобын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.
Ел ризашылыєын еселеген оќиєа Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Қазіргі экономикалық жағдай қай елге де оңай соғып отырған жоқ. Мұнай бағасының төмендеуі көптеген елді тығырыққа тіреді. Дағдарыстан шығудың амалын ойластырған мемлекеттер шығындарын қысқартып, бюджетті де барынша икемдей Кеңеске Премьер-Министр К.Мəсімов, Президент Əкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин жəне Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев қатысты. Мемлекет басшысы еліміз өткен жылды əлемдік нарықтағы күрделі жағдайға қарамастан, жақсы экономикалық көрсеткіштермен аяқтағанын атап өтті. – Біз Бес институттық реформаны жүзеге асыруды бастайтын ең күрделі кезеңге келдік. Ауқымды дайындық жұмыстары атқарылды, тиісті құжат т ар қабылданды. Президент Əкімшілігі, Үкімет, əрбір министрлік жəне əкімдіктер қойылған міндет терді нақты орындауға атсалысуы қажет. Жаң ғырту
жөніндегі ұлттық комиссия қызметін жалғастырып, менің алдымда есеп беретін болады жəне барлық бағыттар бойынша қандай да бір босаңсуға жол бермеуі тиіс, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев реформалардың уақтылы жəне тиімді жүзеге асырылуының маңыздылығын атап өтті. – Мемлекеттік қызметті жетілдіру жұмысын орталықта да, жергілікті жерлерде де жүргізу керек. Заң үстемдігін қамтамасыз ету аясында сот жүйесінің өзі де өзгерістерге бастамашы болуы қажет. Сонымен қатар, Патриоттық акт қабылдау жоспарланып отыр, онда халық бірлігін, толеранттылық пен сенімді одан
əрі нығайту жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары көрсетілетін болады. Сондай-ақ, есеп беруші мемлекет қалыптастыру міндетіне сəйкес, барлық деңгейдегі атқарушы билік тұрақты негізде халыққа есеп беріп отыруы тиіс. Жалпы алғанда, нəтижеге басшылар жеке жауапты болады. Бұл ретте, рефор маларды көзбояушылыққа айналдыруға жол беруге болмайды. Өзгерістерді жүзеге асыруға кедергі болатындар лауазымынан бо са тылады, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
түсуге мəжбүр. Біздің ел де қиын кезеңнен теңселмей шығудың бар амалын қарастырып, тиімді шешімдер қабылдауға көшті. Соған қарамастан, халықтың əлеуметтік жағдайын төмендетпеу басты назарға алынып, əлеуметтік төлемдерді ұлғайтуды ұстанып отыр. Бұл туралы Елбасы Үкіметке арнайы тапсырма берді. «Бүгінгі қиын жағдайда
Кəсібің – нəсібің
Їздік темір жонушы Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Еуразиялық топ кəсiп орындарының жұмысшылары арасындағы «Алтын қор-2015» алғашқы кəсіби шеберлiк байқауы Соколов-Сарыбай кен өндірістік бірлестігінде жеті аталым бойынша өтті. Байқауға еліміздің əр аймағындағы «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты», «Еуразиялық энер гетикалық корпорация», «Қазхром» ҰК» АҚ-қа қарасты Ақсу жəне Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары,
«Шұбаркөлкөмір, «Трансремвагон» ЖШС, «ССКӨБ» АҚ сынды кəсіпорындар жұмысшылары қатысты. Жұмысшылар кəсіби білімі мен біліктіліктері бойынша бақ сынасты. Байқауда көпірлі кран машинистері, электр-газбен дəнекерлеушілер, электрслесарьлары, темір жонушылар, экскаватор, бульдозер мен ауыр жүк көліктері машинистері – барлығы 40 жұмысшы өз мамандықтары бойынша шеберліктерін көрсетіп, білімдерін сарапқа салды. (Соңы 7-бетте).
адамдарға қолдау көрсету керек. Сондықтан, əлеуметтік жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету бойынша бірнеше шараны қолға аламыз. Біріншіден, азаматтық қызметшілердің еңбегін төлеу моделін енгізу, əкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жалақысы мен мүгедектердің жəр демақысы жəне стипендияны арттыру туралы жариялаған
болатынбыз. Қаржы жетпегендіктен, Үкімет мұны 2017 жылға шегерген еді. Бүгінгі жағдайда мен Үкіметке бұл мерзімді бір жыл ерте бастап, 2016 жылдың 1 қаңтарынан арттыруды ұсынамын. Бұл біздің азаматтар үшін үлкен қолдау болады», деді Президент. Осылайша 2017 жылға жоспарланған əлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру бір жылға ерте басталды. (Соңы 8-бетте).