Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық миссиялар жəне халықаралық ұйымдар басшыларымен кездесті.
№25 (28249) 6 АҚПАН БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
ЕЛДЕСТІРМЕК – ЕЛШІДЕН Елбасы дипломатиялыќ корпуспен дəстїрлі кездесу ґткізді
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Эфиопия Федеративтік Демократиялыќ Республикасында Ќазаќстан Республикасыныѕ Елшілігін ашу туралы
Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасымен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында қаулы етемін: 1. Аддис-Абеба қаласында (Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 31 қаңтар. №745
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Мексика Ќўрама Штаттарында Ќазаќстан Республикасыныѕ Елшілігін ашу туралы Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарымен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында қаулы етемін: 1. Мехико қаласында (Мексика Құрама Штаттары) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 31 қаңтар. №746
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Кувейт Мемлекетінде Ќазаќстан Республикасыныѕ Елшілігін ашу туралы
Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетімен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында қаулы етемін: 1. Эль-Кувейт қаласында (Кувейт Мемлекеті) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 31 қаңтар. №747
Мемлекеттік мəселе
Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Бұл кездесу бізде дəстүрлі түрде өткізіліп келеді, деп бастады сөзін Президент. Қазақстан сіздер өкілдік етіп отырған барлық елдермен достық қарымқатынасты нығайтуға мүдделі. Былтыр Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус құрамының үштен бір бөлігі жаңарды. Жаңа елшілерді Қазақстанда тыңнан қызмет істеуге кіріскендерімен құттықтаймын, деді Елбасы. Біздің халқымызда «елдестірмек – елшіден» деген жақсы сөз бар. Сіздер Астанадағы бұрыннан қызмет етіп келе жатқан əріптестеріңізбен бірге жоғары деңгейдегі ынтымақтастықты тереңдете түсуге өз үлестеріңізді қосатындарыңызға сенемін. Біз өз тарапымыздан сіздердің алаңсыз қызмет етулеріңізге барлық жағдайды жасауға дайынбыз. Баршаларыңызға Қазақстандағы лайықты жəне игілікті қызметтеріңіз үшін зор табыс тілеймін. Одан əрі Президент кездесудің əлемдік маңызды оқиға – Сочи Олимпиадасының қарсаңында өтіп отырғанын ауызға ала келіп, оның ұйымдастырушысы, Қазақстанның стратегиялық əріптесі Ресей Федерациясына Олимпиаданың жақсы өтуін жəне барлық елдердің ұлттық командаларына биік табыстар тілейтінін жеткізді. Сіздердің елдеріңіз Қазақстанның 2022 жылы Алматыда ХХІV Қысқы Олимпиаданы өткізуге берген өтінішін қолдайды деп сенемін, деді осы орайда Президент.
Өзінің жуырда жасаған Жолдауына тоқтала келіп, Н.Назарбаев оның Қазақстан дамуындағы жаңа кезеңді бастап бергенін айтты. Онда Қазақстанның əлемнің ең жоғары дамыған 30 елінің қатарына өту жолындағы дамуының басты бағыттары мен нақты міндеттері белгіленген. Біз өз мақсатымызға ХХІ ғасырдың алғашқы жартысында-ақ жетеміз деп межелеп отырмыз. Біздің «Қазақстан-2050» Стратегиямыз Қазақстанмен достыққа мүдделі барлық елдермен кең құлашты келіссөздер жүргізуді жəне өзара тиімді ынтымақтастық орнатуды қарастырады. Ең бірінші кезекте бұл инвестициялық ынтымақтастықты, технологиялармен алмасуды, инновациялық импортты жəне қазақстандық өнімдердің экспортын қамтиды. Осы орайда мен шетелдік іскерлерді экономиканың барлық салалары бойынша Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық орнатуға шақырамын, деді Президент. Одан əрі Елбасы Қазақстанның тəуелсіздік жылдарында атқарған істеріне қысқаша шолу жасап өтті. Соның ішінде, 2000 жыл мен 2013 жыл аралығында қазақстандықтар туристік жəне іскерлік сапарлармен шетелдерге 61 миллионнан астам рет жолға шыққандарын айтты. Ондаған мың қазақстандық жастар дамыған шетелдерден білім алды жəне əлі де оқып жатыр. Сондықтан да қазақстандықтар жоғары дамыған елдердің даму қағидаттары мен стандарттарына лайықты өмір сүру шарттарын жасағысы келеді. Екіншіден, біз
Ўлттыќ ќауіпсіздікті саќтау – ўлы міндет
Оны ќамтамасыз ету саласындаєы басты ерекшелігіміз – еліміздіѕ тиімді даму стратегиясыныѕ болуы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ішкі жəне сыртқы саясат саласындағы жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған шешімдерін шығарудағы барынша маңызды құралдарының бірі – Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі. Осыған орай біз Президенттің көмекшісі əрі осы құрылымның хатшысы Қайрат ҚОЖАМЖАРОВТАН біздің сұрақтарымызға жауап беруді өтінген едік.
серпінді даму ғана ХХІ ғасырда біздің Тəуелсіздігімізге кепілдік бере алатынын көріп отырмыз. Осы себепті біздің жалпыұлттық идеямыз бір мақсат, бір мүдде, бір болашақты көздеп, біртұтас еліміз қолдаған Мəңгілік Ел болып
табылады. Ол өте өміршең күшке ие, өзінің ұлы мүмкіндіктері мен лайықты болашағына халқымызды сендіре алады, деді Мемлекет басшысы. (Соңы 2-бетте).
Айтайын дегенім...
Жыл сайынєы жыр Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Кейде еріксіз бас шайқатар жайлар бар. Өткен күз берекесіне өндірісті өңір жұртшылығының қуанышында шек болмағандай еді. Соңғы ширек ғасырда ұшырасып көрмеген көл-көсір астық жиналуы ел көңілін бір өсірсе, картоптан да бұрын-соңды болмаған өнім алынуы тағы мерейлендірген-ді. Азық-түлік түрлеріне кенелуге байланысты, ең бастысы, бағасы шамаға шақ болуы күтілген-тін. Иə, не нəрсе жеткілікті болуына орай сауданың ежелден бар заңдылығы бойынша құны қалыптан аспауға тиіс емес пе? Тұтынушылар үміті де сол болатын. Олай болмады. Керісінше, баға тағы шырқап шыға келді. Ұн, картоп, көкөніс, ет жəне басқа да тағамдар дүкендер мен базарларда асыптөгілгенімен, бағасы қазір былтырғыдан 15-20
пайызға қымбат. Мұнымен де қоймай күнненкүнге өсуі тоқталар емес. Астарында не сыр барын білу қиын, оны бақылаушылардың қауқарсыздығы түсініксіз. Мұны айту себебіміз, бүгінде бағаны тұрақтандыру жөнінде комиссиялар құрылған үстіне құрылып, оның тізгінін босатпау үшін тиісті тараптар арасында меморандумдарға қол қойылып жатыр. Бұл жыл сайынғы үрдіс. Бірақ қайыры шамалы. Биыл да солай болып қалмақтығы əлден-ақ белгілі жағдай. Əлеуметтік дүкендер ашу сияқты басталмай жатып аяқсыз қалатын шалажансар шаралар біріне бірі ұласуда. Жыл қорытындысы талқыға салынған облыстық жиында да бұл мəселе айтылмай қалмады. Жыл сайынғы жыр осы. Айтылады да қалады. ҚАРАҒАНДЫ.
– 2013 жылдан бастап «Қазақ стан-2050» Стратегиясын іске асыру басталды. Онда заңдылықты нығайту, қылмысқа қарсы күресті, терроризм мен экстремизмге қарсы əрекет етуді жетілдіру мəселелеріне ерекше назар аударылады. Н.Ə.Назарбаев өзінің биылғы халыққа Жолдауында барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажеттігін тағы да ескертті, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегия қалыптастыру мен іске асыруды жалғастыруды тапсырды. Мемлекет басшысының осы мəселелерге қатысты берген бірқатар тапсырмаларын орындау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді сізге жүктегенін білеміз. Қайрат Пернешұлы, өткен жыл сіз үшін несімен есте қалды жəне не туралы айтып беруді қалар едіңіз? – Қоғам өміріндегі үлкен өзгерістердің басталуына жол салған 2013 жыл қауырт болуымен əрі жемістілігімен есте қалды. Жыл басында-ақ Елбасының қатысуымен кеңес өтті. Қаңтар
айында өткен кеңесте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекет мүдделерін заңсыз қолсұғушылықтан қорғауды күшейтуге байланысты бірқатар өзекті мəселелер қаралды. Кейіннен біз өткен жылдың соңында Президент Жарлы ғымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан əрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын əзірлеуге ерекше назар аудардық. Бұл құжатты іске асыру жұмыстың заманауи əдістерін қолдануға бағдарланған құқықтық тəртіптің жаңа үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік бермек. Бұл жұмыстың тиімділігі, ең алдымен, сыртқы баға лау негізінде анықталатын болады. Осылайша, жұмысы тек ведомстволық көрсеткіштермен ба ғаланып келген құқық қорғау органдары қызметінің тым жазалағыш, шамадан тыс əскерилен ген, ескірген моделінен бас тарту үрдісі басталды. (Соңы 3-бетте).
Бїгінгі нґмірде: «Ќазаќстан-2050» Стратегиясы – жол кґрсетер шамшыраєымыз (Қоғамдық-саяси үдерістер Сарапшылық-жобалау бюросының сарапшылар тобы дайындаған өзге де мəліметтермен 4-беттен таныса аласыздар).
4-5-беттер
Єылымєа керегі – дарын, дарынєа керегі – єылым 7-бет