06/03/2013

Page 1

СІЗ не дейсіз? Ўќсата білгенге табыс кґл-кґсір Шалғай ауданнан хабарласқан оқырманымыз агроөнеркəсіп кешені саласын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар жайы қызықтыратынын, мүмкіндік болса, қатысу ниеті барын жасырмады. Ауылдың еңсесін көтеріп, тұрғындардың тұрмысын жақсартуды діттей тін осындай қолжетімді жобалар жөнінде мағлұматымыз аз, деді тілшілер қосынына телефон шалған азамат. «Егемен Қазақстан» газетінің Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Өмір Есқали «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚО филиалының директоры Зейнеп Рахымбековаға: – Сіз бұған не дейсіз? – Мұндай сауалдар бізге жиі қойылып жатады. Шынында да, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен ниет еткен жеке адамдарды мемлекеттің демеуі жыл өткен сайын артып келе жатқандықтан, қаржы көзін таңдау жəне шағын несие алу мүмкіндіктері əлдеқайда кеңіді. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг құрамына кіретін біздің құрылымның бірқатар бағдарламалары ауылдықтарға арналған. Былтыр 264 займшыға 180 миллион теңгенің шағын несиесі берілді. Сөз арасында оның мөлшері 65 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін артқанын айта кеткен жөн. Осылайша, шағын несиелеу бағдарламасы аясында шаруасын дөңгелетіп, қосымша жұмыс орындарын ашушылар қатарының көбейіп келе жатқаны қуантады. Елімізде етті бағыттағы мал табындарын молайтуды мақсат ететін «Сыбаға» бағ дарламасы бойынша да бір қатар артықшылықтар қарас тырылған. Ол бойынша 1 миллион теңгеден 18 миллион теңгеге дейін несие рəсімдеуге болады. Оның 15 пайызына дейінгі қаражатты негізгі құрал-жабдықтар сатып алуға, жөндеу жұмыстарына жұмсауға мүмкіндік бар. Жоба іске асырылғалы өңірге 4,5 мыңға жуық сиыр мен 200ге тарта еркек мал əкелінді. Негізгі қарызды жабу кезеңкезеңмен атқарылады. Жылдық сыйақы 6 пайыз төңірегінде. «Егінжай» бағдарламасы қолға алынғалы 260 миллион теңгедей несие берілді. Бұрын жылдық сыйақы 12 пайыз болса, енді 9,5 пайызға төмендеді. Екінші деңгейлі банктер кепілдігімен 1 миллион теңгеден 6 миллион теңгеге дейін несие алуға болады. Биыл Ислам Даму банкі арқылы қаржылық жұмыс жүргізу жүйесін енгіздік. Ол үшін исламдық қаржыландырудың негізгі қағидаттарын қатаң сақтай отырып, ауыл кəсіпкерлеріне бірінші кезекте басымдық беріледі. Мəселен, «Сəтті» деп аталатын бағдарлама шеңберінде бір займшыға 25 мың АҚШ долларына дейін қа ра жат алу мүмкіндігі көзделген. Əрине, мол қаражат ұзақ мерзімге əрі жеңілдікпен берілетіндіктен, қайтару механизмдері де мұқият ой ластырылған. Солтүстік Қазақстан облысы.

№81 (28020) 6 НАУРЫЗ СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Өңір өмірі

Аяулы меніѕ ауылым

Елбасы ќабылдады

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі Нұрлан Алдабергеновті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Біртұтас экономикалық кеңістіктің тиімді жұмыс жасауына байланысты бірқатар мəселелерді шешу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев тауар өндіру, тарату жəне біркелкі жағдай мен тең бəсекелестік ортада қызмет көрсетуге байланысты Кеден одағының тауарлы рыноктарына жүйелі талдау жүргізу қажет екеніне тоқталды. Н.Алдабергенов өткен жылғы жұмыс қорытындылары жəне мо нополияға қарсы қызметті

реттеу, атап айтқанда, Кеден одағы елдерінің тауарлы рыноктарын бақылау саласындағы алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Сондай-ақ, кездесуде электр энергетикасы, авиация жəне темір жол салаларындағы бəсекелестік пен монополияға қарсы реттеу мəселелері қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы тауарлы рыноктарға, атап айтқанда, шекаралас аумақтарға жан-жақты талдау жасау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Тілшіге тығыз тапсырма

ЖЕР мен ТЕР

Кґктемгі егіске дайын Күн санап көркейіп, ажарлана өзгерген, өзінің сұлу табиғатымен еріксіз адамды бауырына баурап алатын Шымкент – Самара тасжолындағы айналасы терекке толы, түтіні тіке шыққан Махамбет ауылына сыртынан қызықтап күніне мыңдаған жолаушы өтеді. 16 ұлт өкілі мен 2500 халқы, төрт елді мекені бар ауылдың тыныс-тіршілігі өзінше қайнап жатыр. Махамбет атындағы жалпы білім беретін аралас орта мектепте 300 оқушы білім алса, оларға 59 ұстаз дəріс береді. Мектеп өткен жылы республика қаражаты есебінен 112 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Жоғары санаттағы қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Матуза Абдулова «Намыс» үйірмесін жүргізеді. Мектеп директоры Тілеген Абдрахманов мектеп жанынан оқушылар күшімен мұражай ашқандарын, бұл мұражай ауыл балаларының бос уақытын қызықты өткізіп, ауылдың өткенін жинақтап, рухани азық алатын орынға айналғанын мақтанышпен əңгімелейді. Мектеп жанындағы 3 пен 5 жас аралығындағы балаларға арналған шағын орталықта 42 бүлдіршін бар екен. Оларға 4 тəрбиеші əн үйретіп, жазу жазғызады.

Ауылда орталық қоғамдық монша, ауыл клубы, шаштараз, нан пісіретін наубайхана, шұжық цехы, бірнеше дүкен тұрғындарға қызмет көрсетеді. Ауылдағы ағайынды Еркін мен Төлеп Насыровтар «Алтын-Болашақ» атты шаруа қожалығын құрып, 30 гектар жерге баубақша салып, 10 гектар жерге 2500 түп алма ағашын отырғызды. 2009 жылы облыс бюджеті қаражаты есебінен 2000 шаршы метрлік жерге жылыжай салды. Жылыжайда күзде қызанақ, көктемде қияр отырғызады, əрқайсысынан 20-30 тонна өнім алып сатуда. Қосымша өз қаражаттары есебінен тағы да 1600 шаршы метрлік жылыжай салуда. Ұлыстың ұлы күні əз Наурызда ауыл тұрғындарының дастарқанынан Еркін мен Төлептің жаңа піскен қиярлары табылады. Махамбет ауылының əкімі Сəбит Сатқанов ауыл тұрғындарына жеке кəсіпкерлікті дамытуға «Сыбаға» бағдарламасы бойынша қожалық ашуға көптеген жеңілдіктер қаралғанын, ауыл көгілдір отынмен толық қамтылғанын айтады. Ал «Шонайбеков» шаруа қожалығы сыбаға бағдарламасы бойынша 47 млн. теңге несие алып, 270 бас ірі қара малын сатып алды. Қазіргі

Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

таңда бұл шаруашылықта 1600 ірі қара, 800 бас қой бар. Аудан əкімі Марат Оңғарбеков дала дауылпазы, батыр ақын Махамбет атымен аталатын ауылдың ауданымыздың барлық елді мекендеріне үлгі екендігін айтты. Басқа елді мекендерді де осындай дəрежеге көтерсек, нұр үстіне нұр болар еді. Лайым солай болсын. Рафхат ХАЛЕЛОВ. Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Махамбет ауылы.

Тўєырнамадаєы тапсырмалар тиянаќты орындалуы тиіс Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен селекторлық режімдегі Үкімет отырысында «Нұр Отан» ХДП-ның «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасының орындалу барысы талқыланды. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Аталмыш саяси құжат 2011 жылы қабылданған болатын. Онда еліміздің алдағы жылдарға негізделген маңызды мақсаттары мен бағыттары көрсетілген. Яғни, бұл тұғырнамада Үкімет алдына бірқатар өзекті экономикалық жəне əлеуметтік міндеттер қойылды. Өз кезегінде бұл іс-қимыл жоспардың орындалу барысы «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесі мен ел Үкіметінің бірлескен жұмысының нəтижесі болып табылады. Соған орай кешегі отырыста бірқатар орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың басшылары сөз сөйлеп, міндетті мақсаттардың бүгінгі межелі деңгейін баяндады.

АҚПАРАТТАР аєыны

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде 8 мыңнан аса ауыл азаматы шағын несие алды. Жалпы, бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 2 жылдың ішінде 59 мыңнан астам адам оқу орнын аяқтап, 38 мың адам жұмысқа орналасқан. Атырау облысында биыл үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама негізінде екі зауыт бой көтереді. Оның бірі натрий гипохлоридін өндіру зауыты болса, екіншісі – құбыр өткізу арматурасы зауыты. Оңтүстік Қазақстан облысы Шаян ауылында биыл «SB Capital» компаниясы қуаты 100,5 мвт болатын жел электр стансасын салады. Осы арқылы өңірдің энергиясын үнемдеуге негіз қаланбақ. Қазір жоба бойынша атқарылатын істер пысықталу үстінде. Жамбыл облысындағы 373 елді

Қазіргі күні көптің көңілін күпті етіп отырған мəселе – жаһандық экономиканың ахуалы. Ал əлемді əбігерге салған дағдарысқа біз сияқты жас мемлекеттің қарсы тұруының қайсыбір амалы экономикамыздың тұрақтылығын сақтап қалу болса керек-ті. Сол себепті тұғырнаманың басты бағыты да осы экономиканың өсімін қамтамасыз етуге негізделіп жасалған болатын. Кеше жиында осы мəселеге арналған басты баяндаманы еліміздің Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев жасады. Иə, «Нұр Отан» халықтықде мократиялық партиясы сайлауалды тұғырнамасында ұлттық экономиканың макро экономикалық тұрақтылығын

мекеннің 197-сі ғана орталықтандырылған жүйеден ауыз су алады. Ал қалғандары ұңғымалар мен құдықтардың суын пайдаланады. Биыл осы күрделі түйінді шешу үшін республикалық бюджеттен 17,3 млрд. теңге қарастырылды. Осыған орай Тараз, Жаңатас жəне Қаратау қалаларының су құбырлары қайта жөндеуден өтеді. Оралда кеше халықаралық əйелдер күніне арналған «Ғасырлар бейнесі» атты көрме ашылды. Көрмеге XIX ғасыр жəне XX ғасыр басында қыз-келіншектер киген көйлектер мен 1870-1880 жылдары тігілген тоқыма көйлектер қойылған. Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық əуе тасымалдарын орындауға рұқсат берудің жаңа ережесі бекітілді. Бұл талап жолаушылар тасымалын уақтылы қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр. Сонымен қатар, авиакомпания лар халықаралық əуе көлігі қауымдастығы қауіпсіздік аудитінің

қамтамасыз ету шеңберінде 2012 жылы ішкі жалпы өнімнің нақты өсімін орташа 6-8 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету көзделген болатын. Алайда алпауыт елдерді де ауыздыққа алған дағдарыстың салдары біздің бұл болжамға да бұғау болғандай. Бірақ тым қалыс емеспіз, əрине. Алдын ала болжамдар бойынша, өткен жылғы экономика өсімі 5 пайызды құрады. Бұл іс-шаралар жоспарында көрсетілген деңгейден 1 пайызға төмен. Мұның себебін Е.Досаев əлемдік экономиканың өсу қарқынының төмендеуіне, тау-кен жəне металлургия өндірісінің өнімдеріне деген сыртқы сұраныстың қысқаруына байланысты болды деп түсіндірді. «Өзге себептердің ішінен өсімдік шаруашылығының жалпы өнімінің 27,7 %-ға төмендеуі мен 81 млн. тоннаға жоспарланған мұнай өндірудің 79,2 млн. тоннаға дейін төмендеуін атап өтуге болады», деді министр. (Соңы 2-бетте).

өндірістік сертификатын алатын болады. Солтүстік Қазақстан облысында бір аптада 700-ден аса адам қар құрсауынан құтқарылған. Қар тазалау жұмыстарына сала еңбеккерлері жұмылдырылды. Қазір мұндағы барлық өңір қатаң бақылауға алынған. Биыл Қызылорда қаласында төрт жолақты айналма жол құрылысы басталады. Бұл жол «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» халықаралық көлік дəлізімен шектеседі. Павлодар облысы кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері контрабандалық жолмен жеткізілген құны 15 млн. теңге тұратын Қытай тауарын тəркіледі. Еліміз азаматы жалған құжат толтыру арқылы заңсыз тауарды Украинаға əкетпекші болған. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. ҚазАқпарат,CA-NEWS (kz), Benws.kz агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжин Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Николае Урекені қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Елшімен əѕгіме

Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан əрі нығайту мəселелері талқыланды. Тараптар Румыния Премьерминистрінің Қазақстанға биылғы екінші жартыжылдыққа жоспарланған сапарының маңыздылығына тоқталды. Алдағы келіссөздердің инвестициялық жобалар бойынша өзара ісқимылды əлдеқайда са палы деңгейге көтеруге, шарттыққұқықтық базаны кеңей туге мүмкіндік беретіні атап өтілді. Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге Астананың кандидатурасына Румынияның көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Көктемгі дала жұ мы стары Жетісу жерінде зор жауапкерші лікпен басталып, тиянақты əрі қалыптасқан жақсы үрдістен таймай атқарылуда. Бүгінгі күнге соқа, тырма, тұқым сепкіш 100 пайызға дайын болса, механизаторлар қауымы тракторларын 90 пайызға дайындап үлгерді. Көктемнің бір күні жылға азық болатынын əсте естерінен шығармайтын диқандар дала төсіндегі тынымсыз тірлігін бастап қана қоймай құбылып тұратын ауарайына қарай əрекет етуде. «Биылғы көктемде барлығы 455 мың 458 гектар жерге себілетін 54 мың тонна дəнді дақыл тұқымының 53 мың тоннасы талапқа сай тексеруден өтті. Таратып айтсақ, оның 23 мың

тоннасы – 1 класты, 28 мың тоннасы – 2 класты, 1200 тоннасы 3 класты болып бөлініп себіледі. Дала жұмыстарын дер кезінде белгіленген талапқа сай жүргізуге қажетті 47 мың тонна солярканың бүгінгі күнге дейін 30 пайызы қолымызға тиді», деді Алматы облысы əкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков. Рас, биыл Жетісу жерінде қар суы мол болып, жауын-шашын да көбейіп тұр. Төтенше жағдай қаупі төнген аймақтар өз алдына. Соның бəрін ескере отырып жетісулықтардың аршындап алға басуы – осыған дейін аграрлы облыста дала жұмыстарының қалыпты ырғаққа түсіп, жылмажыл тұқым себілетін жер көлемін кəсіби тұрғыда біртіндеп өсіре білгендігінің жемісі. Алматы облысы.

(Аталған мəселеге орай тілшілеріміз дайындаған материалдар топтамасын 3-беттен оқи аласыздар).

Мəселенің мəнісі

Əділетсіз əрекеттіѕ аќ-ќарасы аныќталуда Семей қаласының жолаушы тасымалдаушы мекемелері биылғы жылдың басында қоғамдық көліктегі жолақыны 50 теңгеден 60 теңгеге бірден көтерген болатын. Оның алдында жолаушыларға қызмет көрсетушілер жергілікті билікке жолақыны өсіргілері ке летіндігі жөнінде ұсыныс та жасаған. Жергілікті əкімдік оларға: «Сіздердің бұл əрекеттеріңіз қисынға келмейді, алдымен қызмет ақысын көтеруге түрткі болған негізгі себепті дəлелдеңіздер, содан соң барып, бұл жағдайды комиссия алқасына ұсынайық», деп жауап қайтарған. Алайда, жолаушы тасымалдаушылар өз дегендерін жасаған болатын. Жаңа жылдың алғашқы күнінен 60 теңге төлеуге мəжбүр болған халық наразылығы қызмет көрсетушілерді райынан қайтара алмады. Атқарушы биліктің: «Қызмет ақысын өсіруге негіз боларлық есептік көрсеткіштеріңізді көрсетіңіздер», деген талабы да толық орындалмады. Ақырында бұл мəселенің дұрыс-бұрыстығын анықтау сот алқасына ұсынылып, жағдайды жете тексеруге прокуратура қызметкерлерінің араласуына тура келген. Семей қалалық прокуратурасы тексеру қорытындысында жолаушы тасымалдаушылардың

қоғамдық көліктегі жолақыны қымбаттатуларын заңсыз деп тапты. Прокуратура тексеруі кезінде жолаушы тасымалдаушылардың жолақыны өз бетінше көте рулерімен бірге, басқа да бірнеше заңсыздықтарға жол бергені анықталған. Олардың мұндай қадамға баруға «жанар-жағар май, коммуналдық қызмет, азықтүлікке қосылған бағалар əсер етті» деген сылтаулары да негізсіз болып қалды. «ҚазМұнайГаз» АҚ пен «Гелиос» ЖШС келісімде көрсетілгендей АИ-80 жанар майын 89 теңгеден, дизельді 94 теңгеден үздіксіз беріп отырған. Сонымен бірге, жолау шы тасымалдаушылардың «Ав томобиль көліктері туралы» Заңның 19-бабының, 2-тармағында көрсетілгендей жергілікті атқарушы биліктің келісімінсіз өз бетінше бастама енгізуге болмайды деген талапты бұзып отырғандығы мəлімделіп, 2 наурыздан бастап жолақы бұрынғыдай 50 теңге болды. Қазіргі кезде қаладағы қоғамдық көлік иелерінің əрекетіне қатысты мəселе сот қаралымында. Алдағы уақытта заңсыздыққа орын берген адамдар тиісті жауапкершілікке тартылмақ. Қайрат ЗЕКЕНҰЛЫ. СЕМЕЙ.

Таєайындау

Оймақтай ой Адалдық дегеніміз – жүректің тазалығы. Франсуа де ЛАРОШФУКО.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы республикалық Ұланының қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды; Əнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды.

Хроника

Мемлекет басшысының Жарлығымен Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев Қазақстан Республикасы республикалық Ұланының қолбасшысы қызметінен босатылды жəне əскери қызметте болудың шекті жасына толуына байланысты əскери қызметтен шығарылды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.