Бїгінгі нґмірде:
№45 (28269) 6 НАУРЫЗ БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Кəсіпкерлікке – кеѕ ґріс 3-бет Айтудан кенде емеспіз. Біраќ... 4-бет Ўлттыќ идея – Мəѕгілік Ел 5-бет Энергетикалыќ тґѕкеріс – экономикалыќ даєдарысты жоюдыѕ жолы 6-бет
Интеграциядан ќазірдіѕ ґзінде ќайтарым бар
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Мəскеуге келген болатын. Кеше Ресей астанасында өткен отырысқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин жəне Беларусь Президенті Александр Лукашенко, сондай-ақ, Еуразия экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы Виктор Христенко қатысты, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық үдерістердің жай-күйі мен перспективалары, сондайақ, ЖЕЭК-тің бұрынғы отырыстарында қол жеткізілген келісімдерді іске асырудың негізгі мəселелері талқыланды. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт жобасына дайындық барысы қаралды. Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев
Астанада Комиссия өкілдерімен кездесу болып өткенін хабарлап, ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті. – Мен құжаттармен тармақтары бойынша жан-жақты танысып шықтым жəне біздің сарапшыларымыз өте үлкен əрі қиын жұмысты жүргізуде деп санаймын. Барлық даулы мəселелер жөнінде де біз түсіністікке қол жеткізе аламыз деп үміттенемін. Белгіленген кестені сақтауымыз қажеттігі туралы
Сот жўмысы жеѕілдетіледі Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі, сот төрелігін іске асыруды одан əрі жеңілдету, Еркін сауда аймағы жəне өзге де мəселелерге қатысты заңдық құжаттар қаралып, тиісті қаулылар қабылданды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Күн тəртібінде палата алдымен Заңнама жəне сот-құқықтық реформа комитетінің ұсынысы бойынша Ілияс Бақтыбаевты Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне мүшелікке тағайындады. Содан кейін заң жобалары қаралды. Депутаттар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Конституциялық заңға түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Заңдық жоба іріктеу жүйесін дамытуға жəне судьялық қызметке үміткерлерді таңдаудағы қоғам рөлін жетілдіруге бағытталған. Əсіресе, сот төрағаларына кандидаттарды іріктеуде судьялық өтілдің болуы бес жылдан он жылға дейін көтерілмек. Соттар қызметін жетілдіру мақсатында жүйе қызметіне қатысты жеке орган құру ұсынылады. Бұл орган құзыретіне соттардың жұмыстарын тексеру, соттар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру жəне тез арада шешу көзделеді. Осы ретте судьяларға сот шешімі заңды күшіне енбей, жұртшылық алдында пікір білдіруге тыйым салынады. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан əрі жеңілдету, төрешілдік ресімдерді азайту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да бірінші оқылымда қолдау тапты. Заңдық құжатта міндетті түрде алдын ала сотқа дейінгі тəртіппен шешілетін істер тізбесін бекіту жəне кеңейту көзделген. Бұдан басқа, жауапкер қарсы
қуыным беруге құқылы болатын мерзімді шектеу ұсынылады. Қарсы қуыным беру уақытын қысқарту жауапкердің сот процесін созбай, оған неғұрлым жауапты дайындалуы қажеттігін талап етеді. Жəне де сот ресімдерін жеңілдету бойынша қосымша шаралар ретінде бейнебайланыс құралдарының көмегімен дəлелдемелерді қашықтықтан зерттеу жəне іске қатысатын тұлғалардың түсініктемелерін тыңдау мүмкіндігін көздеу ұсынылады. Бұл ретте, заң жобасында бұйрық арқылы іс жүргізу саласының кейбір даулары ауқымды заңды талап қою саласына беру арқылы кеңейтіледі. Сонымен қатар, Азаматтық іс жүргізу кодексіне бітімгершілік келісім жасасу ресімін егжей-тегжейлі регламенттеу нормалары да қарастырылып отыр. Дауды бейбіт жолмен шешуге талаптарды ынталандыру мақсатында бітімгершілік келісім жасасу мемлекеттік бажды қайтару үшін негіз болатын тізбеге енгізіледі. Бұдан бөлек, дауды міндетті түрде алдын ала сотқа дейінгі тəртіппен шешетін істер тізбесін бекіту жəне кеңейту көзделіп отыр. Сондай-ақ, Мəжіліс «Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Елімізде парниктік газдар шығарындыларына квотаны арттырғаны үшін айыппұл мөлшері азайтылмақ. Қоршаған орта жəне су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың айтуынша, еліміздегі өндіріс көлемі 2010 жылмен салыстырғанда, 15 пайызға өскен.
(Соңы 2-бетте).
пікірді қолдаймын. Сондай-ақ, мемлекеттеріміздің тұрғындарына халықтарымыздың игілігі, еуразиялық экономикалық интеграцияға қосылған елдердің пайдасы үшін біздің тарапымыздан жүргізіліп жатқан жұмыстың қажеттілігін белсенді түрде түсіндірген жөн, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт екі бөлімнен – институттық жəне функциялық бөліктерден тұратынын айтты. – Бірінші бөлігіне сəйкес халықаралық экономикалық ұйым құрылады. Біз одақтың органдарында тараптардың өкілеттігінің тең болуы жөнінде уағдаластық. Осындай тəжірибе соттармен қатар, басқа органдар аппараттарын қалыптастыру кезінде де сақталады.
Мемлекет басшыларының шешімдері болашақ одақтың органы үшін міндетті болуға тиіс. Жаңа мүшелерді қабылдауға қатысты айтсақ, оны «топтап» қабылдау негізінде жүзеге асыруға уағдаластық. Шарттың функциялық бөлігі бойынша экономикалық одақ құрған жөн екенін атап өтпекпін. Бұл тұста елдеріміз ішінде түсініспеушілік туғызатын қосымша мəселелерді енгізудің қажеті жоқ, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті келісілмеген жайттарды біртіндеп реттеу қажеттігін атап өтті. – Қалған мəселелерді келісу үшін шартты қабылдаудан бір ай бұрын жоғары органның тағы бір отырысын өткізу керек. Нақты шешім қабылдауымыз үшін алқаның төрағасына əрқайсымызбен
кездесіп, ұстанымдарымызды келісіп алуға мүмкіндік берген жөн. Біз қазірдің өзінде айтарлықтай ілгеріледік, белгіленген мерзімдерден кешікпеуге тиіспіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Ресей, Беларусь жəне Қазақстан интеграция жолымен жүйелі түрде ілгерілеп келе жатқанын, одан қазірдің өзінде нақты нəтижелер мен қайтарымның барын атап өтті. – 2013 жылы əлемдік экономиканың өсу қарқыны төмендегеніне қарамастан, «үштік» аясындағы тауар айналымы азайған жоқ, қайта арта түсіп, 64,1 млрд. долларға жетті. Ресей елдеріміз арасындағы экономика саласында қалыптасқан сындарлы, теңқұқылы жəне ашық қарым-қатынастарды оң
Ыќпалдастыќтыѕ белсенді сипаты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Финляндия Парламентінің спикері Ээро Хейнялуомамен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық, əлеуметтік, мəдени-гуманитарлық жəне басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың даму болашағын, сонымен қатар, бірқатар халықаралық күн тəртібіндегі мəселелерді талқыға салды. Екі ел арасындағы соңғы жылдардағы қарым-қатынас белсенді бола түскені атап өтілді. Бұл барлық деңгейлердегі өзара сапар алмасу жиілігінен де байқалады. 2013 жылғы сəуірде Финляндия Президенті С.Ниинистёнің Қазақстанға сапары болып өтті. Оның барысында саяси жəне экономикалық салалардағы маңызды келісімдерге қол жеткізілді, болашақтағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалып, Қазақстан-Финляндия қарым-қатынасының негізгі салаларын реттейтін айтарлықтай ауқымды құжаттар топтамасына қол қойылды. Парламентаралық байланыстарды белсенділендіруге тоқтала келе,
Е.Ыдырысов парламентаралық деңгейдегі сапар алмасулар біздің елдеріміз арасындағы саяси үнқатысуды дамытуда айтарлықтай маңызға ие екенін атап өтті. «Фин парламентшілерінің қызметі, олардың заңнамалық жобалармен, əсіресе, инновациялық даму, білім беру жүйесін жетілдіру, экономикаға «экологиялық» ұстаным салаларындағы жұмыс істеу тəжірибесі жəне жалпы мемлекет пен азаматтық қоғамды жаңғыртудағы тəжірибесі Қазақстан үшін пайдалы болуы мүмкін», деді министр. Сонымен қоса, экономика саласындағы ынтымақтастық белсенді сипат алғаны атап өтілді. Қазақстан мен Финляндия арасындағы өзара сауда
көрсеткіші 2013 жылы 916,5 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайды. Осы орайда Қазақстан мен Финляндия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия рөлінің ерекшелігі аталды. Сондай-ақ, тараптар туризм, инновация жəне энергия үнемдеуші технологиялар салаларындағы өзара ықпалдастық мəселелерін де назардан тыс қалдырмады. Сауда мен туризмнің даму серпілісіне байланысты біздің елдеріміз арасында тікелей əуе қатынасын ашудың объективті қажеттілігі туындап отырғандығына назар аударылды. Кездесу барысында тараптар көпжақты институттар аясындағы өзара ынтымақтастық мəселелерін де қарастырды. Халықаралық мəселелердің негізгілері бойынша ұстанымдар жақындығы, сонымен қатар, екі елдің теңгерімді сыртқы саясаты атап өтілді. «Егемен-ақпарат».
● Еңбек – бəрін де жеңбек
Ґркендеу кепілі – халыќ игілігіне сай еселі еѕбек Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ,
саясаттанушы,«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті.
Бір кездері Англияның премьерминистрі Уинстон Черчилль халық алдында сөз сөйлеп тұрып, кеудесін өз еліне деген махаббат кернеп, көңілін шарықтата: «Қанеки, өз борышымызды орындайық, бірігейік, егер Британ империясы əлі де мың жыл өмір сүрер болса, адамдар содан кейін де: «Бұл олардың ұлы сағаты болды!» деп айтатындай іс жасайық» деген екен. Байқап қарасақ, шынында да Ұлыбритания Черчилль билік құрған жылдары жаңа қарқынмен қанаттанып, қазіргі əлемнің ұлы державаларының біріне айналды. Осы бір жайтты есіме алып отырғаным бекер емес. Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев биылғы Жолдауында Қазақстан халқына өзінің жүрекжарды сөзін арнады: «Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын!.. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа əрқайсыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайдылық танытпаңыздар. Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!». Иə, біздің алдымызда Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру міндеті тұр. Сонымен қатар, қоғам алдында тəуелсіздіктің 20 жылдан астам уақытындағы жетістіктерін сақтап қалу міндеті қойылған, əрі «мықты мемлекет аман қалу саясатымен емес, жоспарлау, ұзақ
мерзімді даму мен экономикалық өсу саясатымен айналысады». Осыған орай, Президент Қазақстанның əлемнің ең дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіруі жөнінде мақсат қойды. Ол үшін елдің күретамыры болып отырған инфрақұрылымды өркендету, экономика жəне өндіріс салаларын дамыту, өңірлерде индустриялық жаңа салалар ашу, еліміздің аумақтық артықшылықтарын тиімді пайдалану, оның ішінде Қытай мен Ресей арасындағы логистикалық – көлік орталығы болу тəрізді серпінді дамудың негізгі факторларын іске кірістіру қажет. Өйткені, ХХІ ғасыр – экономикаға негізделген, оның ішінде интеллектуалды адами ресурстардың мүмкіндігін ашатын инновациялық экономиканың ғасыры. (Соңы 2-бетте).
бағалайды, – деді Владимир Путин. Беларусь Президенті Александр Лука шенко кездесу барысында шартқа келісілген мерзімде қол қою үшін өзара тиімді шешімдер табылатынына сенімін білдірді. – Интеграциялық жобамызда біз нақты нəтижелерге қол жеткізуге тиіспіз. Мұндай нəтиже Кеден одағын құру жөніндегі жұмыстың ешқандай шектеулерсіз жəне олқылықтарсыз аяқталуы болмақ. Бұл мəселеде, тіпті, алға ілгеріледік. Біз тиісті шешімдер қабылдап, экономикалық одақ құру бағытында алға қарай мейлінше белсендірек қадам басқанымыз жөн, – деді Александр Лукашенко.
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
АҚПАРАТТАР аєыны
● Астанада биыл геологиялық зерттеу орталығы салынады. Оның құрылысы жылдың соңына қарай басталады. Индустрия жəне жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, орталық өз алдына геологиялық кластер ретінде қалыптасады. ● «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» 100 млн. АҚШ доллары көлемінде жеңілдетілген несие тартты. Ол еліміздегі агроөнеркəсіп кешенін қаржыландыруды жүзеге асыруға, холдингтің айналым капиталын толықтыруға бағытталады. Жасалған мəміле мемлекеттік бағдарламаларды қолдау мақсатында «ҚазАгро» мен халықаралық банктер арасында қызметтестіктің көрнекі мысалы болып табылады. ● Павлодарда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 12 жоба мақұлданды. Мұны баяндаған «Даму» қоры аймақтық филиалының бас менеджері Айгүл Əлібекова жобалардың жалпы сомасы 1 млрд. теңгені құрайтынын айтты. Олардың арасында жүк тасымалдарын ұйымдастыру, жиһаз өндірісі, спорт саласында қызмет көрсету бар. ● Алматыда мереке қарсаңында 80 əйел баспаналы болды. Олардың кілттерін халықаралық əйелдер күніне арналған шарада тапсырған қала əкімі Ахметжан Есімов «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. ● 2013 жылы республикалық бюджет кiрiсiндегi шикiзаттық емес сектордың үлесi 76 пайызға жуықтады. Өткен жылғы кiрiстiң 75,8 пайызы шикiзаттық емес секторға тиесілі болды. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда, 2,3 пайызға жоғары. ● Қызылорданың көпқабатты үйлеріне тұңғыш рет ыстық су берілді. Облыс əкімі Қырымбек Көшербаевтың екі жыл ішінде бұл проблеманы шешу жөніндегі уəдесінің басы осылай жүзеге аса бастады. Облыс орталықтары арасында ыстық суы жоқ жалғыз шаһар саналып келген елді мекенде əзірге бұл игілікті қанатқақты жоба негізінде 40 пəтерлі екі үй көре бастады. Қазір облыс орталығын толық ыстық сумен қамту үшін 45 млн. теңгеге техникалық-экономикалық негіздеме дайындалуда. ● Қостанайда көлік жүргізетін бойжеткендердің байқауы өткізілді. Осымен қатарынан алтыншы жыл полицейлер ұйымдастырып келе жатқан конкурстың қорытындысында 10 бəсекелестің арасында Ольга Ким есімді ару жеңімпаз атанды. ● Батыс Қазақстанда бес ауыл əкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Облыстың Жəнібек ауданында орын алған бұл оқиға бюджет қаржысын ысырап етудің негізінде орын алып отыр. BNews.kz, Nur,kz, Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.