06032015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны

№44 (28522) 6 НАУРЫЗ ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

● Қазақстанда жасалған

ЖИЋАЗ Ќаєидаттар ќайта ќаралуы ќажет

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев G-GLOBAL Халықаралық хатшылығының басшысы, Парламент Сенатының депутаты Серік Нөгербековті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесуге, сондай-ақ, Президенттің көмекшісі Е.Орынбаев қатысты. Кездесу барысында С.Нөгербеков G-GLOBAL халықаралық жобасын ілгерілету жұмысының барысы туралы баяндады, сондайақ, оны əрі қарай жүзеге асыру доктринасын таныстырды. Қазақстан Президенті G-GLOBAL жобасы аясындағы негізгі міндет өзекті экономикалық мəселелерді талқылау үшін қажетті алаң қалыптастыру, қатысушылардың кең ауқымын тарта отырып, жаһандық дағдарыс көріністеріне қарсы амалдарды бірлесе іздеу болғанын атап өтті. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев G-GLOBAL ком муникативтік алаңын ілгері лету қағидаттарын қайта қарау қажеттігіне назар аударды. Көтерілген мəселелердің

Астана экономикалық форумында талқыланатын тақырыптарға сəйкестігін қарастыра отырып, оны нақты мамандандыру мəселесін пысықтауды тапсырды. С.Нөгербеков интернет кеңістікте жүзеге асырылып жатқан G-GLOBAL жобасы еліміздің негізгі жобаларын ілгерілетуге септігін тигізіп отырғанын айтты. Атап айтқанда, былтыр VII Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік ІІ конференцияны жариялапкөрсету жұмыстары аясында 400 онлайн-бейнеконференция өткізіліп, 15 мыңнан астам баяндама орналастырылған. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Жібек жолы ауылындағы «Жəмилаға» бас сұқпау мүмкін емес. Жəмиламыз осындағы жиҺаз фабрикасының əсем дүкені. Заманауи сауда үйінде негізінен офистік жабдықтар орналасқан. «Ине-жіптен» жаңа шыққан үстелдер, орындықтар, креслолар түр-түрімен көз тартады. Сондай-ақ, сейфтер, отқа төзімді шкафтар, темірден иілген киім ілгіштер, тіпті, медициналық қораптар түр-түрімен тізіліпті. Бір қарағанда бұл таңсық дүниелер де емес. Мəселе аталған бұйымдардың Жібек жолында жасалуында болып тұр. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

«Жəмила» ЖШС директоры Қайрат Бегалиннің айтуынша, жеке кəсіпорын ашу идеясы кездейсоқ емес сияқты. Бұған дейін олар жиҺаз жабдықтарымен қатар пластмасса жəне тері-галантерея бұйымдарын көтерме-бөлшек сауда айналымына шығаруға маманданған отандық белгілі «Zeta» компаниясымен əріптестік байланыс орнатып, біршама тəжірибе жинақтаған. Еліміздің барлық өңірлерінде жұртшылық ілтипатына ілінген алматылық компанияның өнімдері жоғары сұранысқа ие. Ақыры Қайраттың командасы əріптестік шеңберін кеңейтіп, өнімді өздері шығару арқылы тауарлар құнын арзандатуды ұйғарған. Сөйтіп, аумағы 2 мың шаршы метрлік кəсіпорынның құрылысына 70 миллион теңге қаржы құйылды. Жыл ішінде 33 миллион теңгенің 157 дана дүниесі шығарылуы бұл қадамның сəттілігін айқындайды. Қазір «Жəмила» серіктестігі, «Zeta» фирмасынан жеткізілетін тауарларды қосқанда 1,5 мыңдай атаудағы мүлікті саудаға шығарып жүр. Ең бастысы,

жергілікті 127 тұрғын тұрақты жұмыс орнын тапқан. Ауыл жігіттерінің батылдығы игі мақсатқа жол ашқанына сүйсінесің. Мұндағы басты тіреніш – сапа көрсеткіштерінің жоға рылығы. Сондықтан тапсырыс берушілер де көбейе түскен. Олардың қатарында талғампаз астаналықтардың қатары қалыңдау екендігін байқадық. «Жəмила» өнімдерінің бағасына келсек, аузымыздан «бəрекелді» шыға ды. Қараңыз. Мəселен, мектеп оқушысының үстелі мен орындығынан тұратын жиынтық орта есеппен сегіз мың теңге тұрады. Бүгінгі жиҺаз

дүкендерінен мұндай бағаға тұшымды дүние таба алар ма екенсіз? Бұған қоса, серіктестік жеке тапсырыспен де жиҺаздарды қиялыңыз жеткен көркемдікпен дайындай береді. Жұмыс істей бастағанына бір жыл енді толған ауыл кəсіпорны үшін бұл айта қаларлықтай жетістік. Фабрика басшылығы алдағы екі жылда кəсіпорынды толық жобалық қуатына қосуды жоспарлап отыр. Бұл дегеніңіз ЖШС жылына 180 мың дана бұйым шығарып, жұмыскерлер санын 200-ге жеткізеді деген сөз. (Соңы 4-бетте).

ЖАСАМПАЗДЫЌ ЖОЛЫНДАЄЫ Съезд – халыќаралыќ кїш-жігердіѕ ЖАЅА БЕЛЕС БОЛАДЫ маѕызды саласы Елбасымыздыѕ кезектен тыс президенттік сайлау таєайындау туралы Жарлыєына їн ќосќан отандастарымыздыѕ ортаќ ойы осындай

● Президент поштасынан

Біз Сізге сенеміз!

– дейді Елбасыныѕ сайлауєа тїсуін ќалайтынын айтып хат жазєан ќазаќстандыќтар Президент сайлауын өткізу туралы шешімге қолдау білдірген жəне Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылуын өтінген хаттар мен жеделхаттар легі жалғасуда, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының атына еңбек ұжымдарынан, белгілі спортшылардан, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінен, сон дай-ақ, елдің түрлі өңірлеріндегі тұрғындардан Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы президенттік сайлауға қатысуын өтінген хаттар легі əлі жалғасуда. «ҚазАтомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ мыңдаған адамдық ұжымы Мемлекет басшысы таңдаған бағытты қолдайтынын мəлімдей отырып, Қазақстанның əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуі жөніндегі стратегиялық мақсатқа жету үшін бар күштерін

жұмылдыратынына сендірген. «Біз бақ-берекемізді жə не болашағымызды Сіздің есіміңізбен ғана байланыстырамыз. Сондықтан Сіздің кандидатураңыздың Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына ұсынылғанын қалаймыз», – делінген хатта. Алматы қаласынан «Белкамит» машина жасау зауытының жұмысшылары еліміздің барша тұрғындарымен бірге Мемлекет басшысының тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз еткен дана саясатына куə болып отырғанын айтады. «Біз президенттік сайлау өткізу

мəселесін толық қолдаймыз. Көреген əрі əділ саясаткер ретінде Сіз ғана елді бұдан əрі де дұрыс бағытта алып жүре аласыз», – деп жазады авторлар. «Қазақтелеком» АҚ Атырау облыстық телекоммуникациялар дирекциясының мың жарым адамдық ұжымы да Нұрсұлтан На зарбаевтың президенттік сайлауға түскенін қалайтынын жеткізген. «Еліміздің барлық же тістіктері, Қазақстанның əлемдік қоғамдастыққа танылуы, мемлекеттегі осынау күрделі кезеңдегі тұрақтылық Сіздің атыңызбен байланысты. Біз мемлекеттің басында Сіз секілді беделді көшбасшы тұруы тиіс деп санаймыз. Біз Сізге сенеміз!», – делінген хатта. (Соңы 4-бетте).

● Жүрекжарды

Сенім кїші – ќуатты кїш Дулат ИСАБЕКОВ.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі ұсынысын Парламент Мəжілісі мен Сенаты, басқа да қоғамдық ұйымдар мен жекелеген белгілі қоғам қайраткерлері жəне зиялы қауым өкілдері бірауыздан қабылдап, баспасөз беттері мен телеэкран арқылы өз пікірлерін қызу білдіруге кірісіп кетті. Мемлекет алдында тұрған аса маңызды ұсыныстарды ой таразысынан өткізіп үлгірмей, салған жерден қолдай кету, ақиқатына жүгінер болсақ, көңілге күдік ұялататыны рас. «Көп айтса көнді, жұрт айтса

болды» деп Абай айтқандай, қолдаудың да екі түрі бар. Бірі – дүрмекке ілесіп қолдау, екіншісі – ой таразысынан өткізіп барып саналы түрде қолдау. Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жайлы Ассамблеяның ұсынысын өз басым алғашқы кезде екіұдай халде қабылдадым. Өз елінің бүгіні мен ертеңгі болашағын ұдайы ойлап, қуанышы мен уайымы қабат шарпысқан мынадай алмағайып та аласапыран заманда ұлт пен мемлекет тағдырына тікелей қатысы бар ұсыныстарды ə дегеннен қолдай кету ойсыз адамға болмаса, ойлы адамға көп сауал тудыратыны анық қой. (Соңы 2-бетте).

Сенат Тґраєасы Ќ.Тоќаевтыѕ Нью-Йоркке жўмыс сапары аяќталды

4 наурызда Парламент Сенатының Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс бабындағы сапары аяқталды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Қ.Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен келіссөз жүргізді жəне оған 2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада болатын Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке шақыруын табыс етті. «Сіздің V Съезге қатысуыңыз прогресс

жолында одан əрі ілгерілеу үшін діни иерархтар мен саясаткерлер тарапынан келісілген ісқимыл мен өзара қолдау барда адамзат қазіргі кездегі жаһандық əлемнің қатерлеріне тиімді қарсы тұра алатынына халықаралық қоғамдастыққа нақты белгі боларына сенімдімін», – деді Сенат Төрағасы.

Арнайы ґкіл сапары нəтижелі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы өкілі ретіндегі сапары аясында Парламент Мəжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко Босния жəне Герцеговинада осы ел президенттігінің төрағасы Младен Иваничпен, Босния жəне Герцеговина Парламенті өкіл дері палатасының (төменгі пала та) төрағасы Шефик Джафе ровпен, сондай-ақ, Босния жəне Герцеговина СІМ бастамасы бойынша сыртқы саясат ведомоствосының басшысы Амер Капетановичпен кездесті. Кездесу барысында Сергей Дьяченко Қазақстан Республикасы Президентінің Босния мемлекетіне гүлдену мен табыс тілеген ықыласын жеткізді. Арнайы өкілдің атап өткеніндей, Босния жəне Герцеговина Қазақстанның осы аймақтағы маңызды саяси əріптесі саналады. Екі ел арасындағы саяси ынтымақтастық өзара түсіністік пен сенім деңгейінде қанат жайып келеді. (Соңы 4-бетте).

БҰҰ Бас хатшысы ұлтаралық жəне конфессияаралық бейбіт шілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін жоғары бағалап, Н.Ə.Назарбаевтың бастамасы бойынша шақырылған діни форум маңызды əрі тиімді үнқатысу алаңы екенін атап өтті. Пан Ги Мунның айтуынша, БҰҰ Съезді қолдайды жəне форумның мақсаты мен міндеттерін əлемдік қоғамдастықта ілгерілетуде Қазақстанмен ынтымақтасатын болады. БҰҰ-да өткен Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезінің таныстырылымында сөз сөйлеген Қ.Тоқаев Нью-Йорк – ұлттар қауымдастығында, ең алдымен, БҰҰ жəне оның қазіргі замандағы өзекті мəселелерді шешудегі адамзат үміт еткен маңызды жаһандық форумдарымен астарласа еске түсетінін атап өтті. (Соңы 4-бетте).

Заѕ əр теѕгеніѕ тиімді жўмсалуын ќадаєалайды Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баспасөз мəслихатын өткізді. Ол «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты Ұлттық қордан тағы 76 млрд. теңге бөлінетінін айтты. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Қаржы министрлігі өткен айдың 11-ші жұлдызында болған Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалар бойынша бірқатар шаралар қарастырыпты. Атап айтқанда, ағымдағы жыл мен орта мерзімдегі болашақта экономикалық саясатты жүргізу жөніндегі тапсырмаларды орындауға байланысты нақты шешімдер қабылданған. Осы туралы əңгімелеген министр, мақсатқа жету үшін қысқа мерзімде дайындалған арнайы заң Парламент Сенатының қарауында екенін айтты. (Соңы 4-бетте).

● Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2,7 млрд. теңгенің өтінімдерін мақұлдады. Қазіргі жағдай бойынша құрылымға өңірлерден жалпы сомасы 5,3 млрд. теңгеге 600 өтінім келіп түскен. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер берген өтініштер негізінде жалпы егіс алаңы 880 мың га.-ға ұлғайды. Жалпы бағдарламаны іске асыруға 17 млрд. 650 млн. теңге бөлінді. ● Елімізде депозиттер бойынша кепілдік беру мөлшері 10 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды. Ұлттық банк хабарлағандай, 20152016 жылдарға арналған экономиканы долларсыздандыру жөніндегі шаралар жоспарының бір бағыты бойынша, ұлттық валютадағы салымдарға кепілдік беру сомасын 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейін арттыру көзделіп отыр. ● Астана электро техникалық зауыты бір жылда 1 млрд.-тан астам теңгенің өнімін шығарды. Кəсіпорынның атқарушы директоры Асылхан Манатовтың айтуынша, осы күнге дейін зауыт 608 бірлік өнім өндірген. Оның өнімдерін «Базис-А», «BI Group», «Стройкласс», «IT Инжиниринг», «Нұр Астана Құрылыс» сынды бірқатар ірі компаниялар сатып алуда. ● Алматы облысындағы «Қайнар АКБ» ЖШС жылына 20 млн. аккумулятор шығаруға ниетті. Зауыттың бас директорының бірінші орынбасары Мұрат Төлегенов мəлім еткендей, кəсіпорын аккумулятордың 200-ге жуық түрін шығаруға қол жеткізген. Дайын бұйымдардың 80 пайызы сыртқа сатылады. Өткен жылы өндіріс ошағы Bars-Silver маркалы 1,5 млн. аккумуляторын Əзербайжан, Украина, Беларусь, Ресей жəне Балтық бойы елдеріне экспорттаған. ● Шымкентте газ жарылысы салдарынан баспанасыз қалған 8 отбасына пəтер кілті тапсырылды. Қала əкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов бұл бағытта бюджеттен 69 млн. теңге қаралғанын жеткізді. Көрсетілген қаржыға үш бөлмелі – 2, екі бөлмелі 6 пəтер сатып алынған. ● Қызылордада студенттік бизнес-инкубатор жұмысын бастады. Оның мақсаты – жастардың кəсіпкерлікке қызығушылығын арттыру, шағын кəсіпкерлікті дамытуға қолайлы ахуал қалыптастыру, жастардың инновациялық жəне креативті идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсету. Шара облыстық кəсіпкерлер палатасының ықпалымен ұйымдастырылуда. ● Солтүстік Қазақстанда минералдық тыңайтқыштар сатып алуға 2 млрд. теңге қаралды. Облыс əкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровтың сөзіне қарағанда, өңірдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 5 млрд. теңгеге тарта сомаға 90 мың тонна көлемінде минералдық тыңайтқыштар сатып алуға шарттар жасасқан. ● Ақмола облысы Щучье қаласында кəсіпкерлерді қолдау орталығы ашылды. Ұлттық кəсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Əлтаев бұл орталықта «бір терезе» қағидаты бойынша, түрлі мекемелер мен компаниялар өкілдері бизнесмендерге маркетинг, заң, кеден, бухгалтерлік, ІТ қызметін ұсынып, кеңестер беретінін мəлімдеді. ● Ақтөбеде жүз жасаған аналарға құрмет көрсетілді. Халықаралық əйелдер күні қарсаңында ұйымдастырылған «Ақ бата» акциясы барысында қала əкімдігінің қызметкерлері жүз жасаған əжелерді арнайы құттықтады. Шаһарда жасы 100-ге жеткен 15 ана тұрады. Олар – сұрапыл соғыс кезінде тылда еңбек етіп, соғыстың ауыртпалығын көтерген асыл жандар. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

Бїгінгі нґмірде: Барымызды тїгендеп, жоєымызды тапќызєан 5-бет

Ґмірдіѕ гїлі, ґмірдіѕ нўры – ґздеріѕ!

Су тасќынына дайындыќ басталды

6-бет

8-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
06032015 by Egemen - Issuu