Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары басталды.
№101 (28040) 6 СƏУІР СЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Азия Давосы, əз ўя дауасы «Шығыс жақта бір алып ұйықтап жатыр. Ұйықтай берсін! Егер ол оянар болса, əлемді дүр сілкіндіреді». Наполеон осылай деген. «Ұйықтап жатыр» деген сөз заманында Шығыстағының бəріне мұрын шүйіре қарайтын батыс адамының астам көзімен қарап айтылғаны белгілі. Əйтпесе, адамзат өркениетінде шешуші маңызы болған керемет жаңалықтардың талайы Қытай жерінде дүниеге келгені баршаға мəлім. Соның өзінде де ондаған ғасырлар бойы Қытайдай ұлы ел əлем тарихында өзіне сай орын ала алмай жүргенін де түп-түгел жоққа шығаруға болмас. Екінші жəне үшінші мыңжылдықтардың айрығында Наполеон ұйықтап жатыр деген сол алып оянды ақыры». Сауытбек АБДРАХМАНОВ, «Егемен Қазақстан» – Саньядан (Қытай).
Он екі жыл бұрын Қытайдан, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы ның саммитінен жолдаған мақаламыз (2001, 15 маусым) осылай басталған екен. Содан бергі адам жасының бір мүшеліндей мерзімде шығыстағы көршіміздің əлеуеті одан сайын артып, шын мəніндегі əлемдік державаға айналғанын дүн-дүние көріп отыр. Қытай елі экономикалық өсумен қатар, саяси тұрақтылықтың да өнегесін танытуда. Мемлекет басшылығының шығыстық ұстамдылыққа, Аспанасты аталатын алып елге барабар байыптылыққа сəйкес ауысуы да соның дəлелі. Өткен жылдың қарашасында Қытай Коммунистік партиясының Бас хатшылығына, Орталық əскери кеңестің төрағалығына, биылғы жылдың наурызында Қытай Халық Республикасының Төрағалығына сайланған Си Цзиньпин тəуелсіздіктен бері ел билігіне келген бесінші буынның
көшбасшысы. Си Цзиньпиннің таяуда Ресейге, бірқатар Африка елдеріне жасаған ресми сапарлары əлемдік саясатқа тағы бір аса ірі тұлғаның қосылғанын, Қытайдай ұлы елдің тізгіні лайықты басшыға тигенін күмəнсіз көрсетіп отыр. Ірілік деген ұсақ-түйектен де таныла береді. Мəскеуге сапары кезінде, дəл Си Цзиньпин сөйлейтін тұста қырсыққанда қымыран іріп, микрофон жұмыс істемей қалғанда Қытай басшысының өзін-өзі соншалықты сабырлы ұстауы қазір Интернет бетінен түспей, баршаның айызын қандыруда. Ресейлік «Комсомольская правда» Си Цзиньпин сол сəттерде құдды дəл жанында əлдебір сымдарды шұқылап адам жүргенін атымен
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай жəне мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы
2010 жылғы 9 желтоқсанда Мəскеуде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай жəне мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 3 сəуір. № 85-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Заңы 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай жəне мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2012 жылғы 19 қыркүйекте Павлодарда жасалған 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай жəне мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 3 сəуір. № 86-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 24 желтоқсандағы Əртүрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тəртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2010 жылғы 10 желтоқсанда Мəскеуде жасалған 1993 жылғы 24 желтоқсандағы Əртүрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тəртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 3 сəуір. № 87-V ҚРЗ
аңғармағандай əсер қалдырды деп қайран қала жазды да. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дəл осы күндерде Қытайға ресми сапар жасауы қай жағынан да қисынды. Көрші елдің жаңа басшысымен қарым-қатынасты қалыптастыру тұрғысынан қараған да да, Боао экономикалық форумында жаһанды жайлаған экономикалық дағдарыстың бағыт-бағдары жөнінде кеңінен ақылдасу, өз ойын ортаға салу тұрғысынан қарағанда да бұл сапардың жөні бөлекше болғалы тұр. Президент Нұрсұлтан Назар баев кеше Саньяға келген соң Қытайдың ең көп таралымды ағылшынтілді (500 мыңнан астам данамен əлемнің 150 еліне
тарайды), «China Daily» газетіне сұхбат берді. Мемлекет басшысы сұхбатта Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының, оның ішінде сауда-экономикалық сала мен өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кең ауқымды мəселелерін қозғады. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Қытайдың жаңа басшылығының екі жақты ықпалдастықты одан əрі дамытуды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге оған қосымша серпін беретініне сенім білдірді. Қазақстан басшысы ресми сапарының бағдарламасында көзделген іс-шаралар бүгін, яғни сенбіде басталатындықтан, біз мына мақалада негізінен Нұрсұлтан Назарбаев қатысатын Боао-Азия экономикалық форумы жайында
Көкейкесті
«Егемен Қазақстан».
Орал əуежайының ғимараты жетпісінші жылдардың бас кезінде бой көтерген. Мұнда ұшақтардың ұшып-қонуы үшін салынған төсеніш жолдар мен жолақтардың күрделі жөндеу көрмегеніне де қырық жылға таяу уақыт өтіпті. Сондықтан да Орал əуежай кешені бүгінгі уақыт талабына мүлдем сəйкес келмейді. Тіпті, осыған қарамастан Орал əуежайына халықаралық деген аса жоғары мəртебе телініп келгені де шындық. Аты бар да заты жоқ деген осы да. Рас, екінші мыңжылдықтың бас кезінде Орал əуежайынан
таяу жəне алыс шетелдердегі кейбір қалаларға ұшақтардың рейске шыққан кездері болған. Бірақ бұл уақыт ұзаққа бара алмайды. Оның себебі біреу ғана. Бұл жоғарыда айтылғандай, ұшу-қону алаңының халықаралық нормаларға сəйкес келмейтіні. Мұның арғы жағында əуежайға келіп қону мен көкке көтерілудің қауіпсіздігі деген бар. Түптей келгенде бұл жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі деген сөз. Ал адамдар өмірінің қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар мəселені ұзаққа созуға бола ма екен? Əрине болмайды. (Соңы 2-бетте).
АҚПАРАТТАР аєыны Ақтөбе облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 6 жоба мақұлданды. Олардың бəрі несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау мемлекеттің қолдауына ие болды. Несие «ДамуӨндіріс» бағдарламасы бойынша жылдық 8 пайызбен қайта құрылымдалады. Əлемдік деңгейдегі ірі ғалымдар Астанадағы халықаралық жиынға қатысуда. Кеше Назарбаев Университетінде басталған «Халықаралық ғылыми серіктестікті қалыптастыру жəне білім алмасу» атты екі күндік халықаралық семинар энергетика, шикізат өңдеу, ақпараттық жəне телекоммуникациялық технология мəселелерін талқылауда. Астанада «Ұлт жауһары» зергерлік
Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Украинаға ресми сапары аясында Украина Президенті Виктор Януковичпен кездесті. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан» – Киевтен.
Кездесу барысында Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақ тастық қарым-қатынастар жайы сөз болды. Екі елдің сауда-эко номикалық байланысын дамыта түсудің перспективалары талқыланып, келешекте тауар айналымын арттыру мəселесі айтылды. Екі ел арасында қалыптасқан сындарлы саяси
диалогты одан əрі де жетілдіріп, бүгінге дейін жақсы жолға қойылған жоғары технология, энергетика сынды салалардағы байланыстарды арттыра түсу қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ, тараптар əңгіме барысында əлемді дағдарыс алаңдатып отырған қазіргідей қиын кезеңде елдердің экономикалық салада байланысты жетілдіруі аса маңызды екендігін тілге тиек етті. (Соңы 2-бетте).
Бейбіт мəмілеге жаќындатќан басќосу
Күллі əлем көз тіккен Иран Ислам Республикасының ядролық бағдарламасын талқылау жөніндегі Қазақстанның араағайындығымен өтіп отырған E3/EU+3 (АҚШ, Германия, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция жəне Еуропа Одағының Жоғарғы өкілі) пішініндегі «алтылық» кеңесінің жаңа раунды Алматы қаласында өз жұмысын бастады. Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
Ақпан айында «Алматы келіссөздері» деген атпен саяси сахнада өзіндік орын алған Иранның атом өндіру мəселесі төңірегіндегі мүдделер кездесуі тараптардың өзара түсіністікпен тілқатысу, еркін пікір алмасу жағдайында өткені мəлім. Қазақ елі ұсынған саяси
үнқатысулар алаңы Иран үшін де, «алтылық» үшін де жемісті болған-ды. Мəскеу кездесуінен кейін араға 8 ай салып кездескен тараптар биылғы сəуірде Иранның атом өндіріс орындарына техникалық сараптау тобын аттандырып, Ыстамбұлда кеңейтілген кеңес өткізетін болып тарқасқан еді. (Соңы 3-бетте).
(Соңы 2-бетте).
Бір ауыз сөз
Орал əуежайы тозып тўр Темір ҚҰСАЙЫН,
əңгімелемекпіз. Жалпы, «Егемен Қазақстанның» оқырмандары бұл форумның жұмысынан жақсы хабардар дей аламыз. Форум құрылғалы бергі 12 жылдың ішінде əр кезде əртүрлі пішінде материалдар берудің сыртында Елбасымыздың Боао-Азия экономикалық форумына қатысуы жөнінде көлемді репортаждар жариялағанымыз да (2009, 17, 18, 21 сəуір) бар. Оларда Боао форумының қазіргі əлемдік экономикалық ойда алар орны жөнінде бірқыдыру жазылғанымен, содан бергі үш жылдың айналасында-ақ дүние дидарында көптеген өзгерістер орын алғаны белгілі. Бүгінде барша сарапшылар қазіргі əлемдік қаржы дағдарысы соңғы жетпіс-сексен жылдың ішіндегі дағдарыстардың ең ауқымдысы деген пікірге тоқтайды. Бұл дағдарыс көлемі жəне əсер-ықпалы жағынан өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы Ұлы күйзелістен де асып түскені талассыз. Ол кездегі дағдарыстың басты себебі, оған дейін көбіне қол күшімен атқарылып келген жұмыстардың талайы машинаға жүктеліп, жұмыссыздықтың ауыздықтауға көнбестей асқынып кеткендігінен еді. Жаһандық тұтынудың 40 пайызына дейінгісі тиесілі АҚШтағы несие пирамидаларының күйреп түсуінен басталған мына дағдарыс банктерді қойып, енді экономиканың нақты секторларын да қамтуда. Əлемдік экономикалық жүйеге барынша кіріккен Қазақстанның дүние жүзіндегі күрделі үдерістерден сырт тұра алмайтыны, ал шикізат бағасының конъюнктурасына тəуелді ел ретінде сол əсер-ықпалды алдыңғылардың қатарында сезінетіні сөзсіз. Бəрі де салыстыру арқылы айқындалады дейтін болсақ, Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы тіл-аузымыз тасқа дегізетіндей.
Ыќпалдастыќ арта тїсуі тиіс
Əкімдердің халық алдындағы есепті кездесулері, негізгі қызмет өлшемін бағалайтын тоқсандық рейтингтердің жариялануы олардың жеке жауапкершілігін де, халықпен қоянқолтық байланысын да арттыра түскені мəлім. Соның өзінде билік өкілдері арасында енжарлыққа салынып, өз істеріне атүсті қарайтындары кездеспей қалмайды.
Кездейсоќ кадрлардан ќўтылайыќ... Енді, міне, көптен күткен «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң күшіне еніп, елімізде əкімшілік басқарудың тың жүйесі басталып кетті. Бұдан былай мемлекеттік қызметтің жаңа моделі бойынша басқарушы кадрлар резерві қалыптасатын болады. «А» корпусы лауазымдарына қатаң біліктілік талаптары қойылатыны, мəселен, тестілеуге талапкерлердің заңнама, мемлекеттік тіл бойынша білімдерін, тұлғалық жəне
көрмесі іске кірісті. «Əдемі-Ай» өнер мұражайы мен «Этнодизайнқазақ-2030» бірлестігі жасаған бұл жоба ата-бабамыз қолданған дүниелерді келушілер назарына ұсынады. Экспонаттар қатарында қазақ елінің тарихынан сыр шертіп, бүгінгі келбетін бейнелейтін зергерлік əшекейлер, жібектен жасалған тоқыма бұйымдар, өңірлерге арналған табақшалар топтамасы бар. Қарағанды экономикалық соты «Silicium Kazakhstan» серіктестігінен 63 млрд. теңге қаржы өндіру туралы шешім шығарды. Бұл оның «БТА» АҚ-тан алған несие қарызын қайтармағандығынан орын алды. Сырттай қабылданған шешімге сай борышкер компаниядан бюджетке мемлекеттік алымы үшін қосымша 1,9 млрд. теңге өндірілетін болды. ҚазАқпарат, Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.
бас қарушылық құзыреттерін, сонымен қатар, қисынды ойлау деңгейлерін анықтайтын сұрақтардың енгізілуі өте құптарлық. Десек те, мені мына жайт қатты сақтандырады. Елбасы өңірлерді дамытуға арналған кеңесте сөйлеген сөзінде өзі басқарып отырған ел мен жерге зəредей пайдасы тимесе де, орнында тапжылмай отырған аудан əкімдерін сынға алып, шешімді түрде ондайлардан құтылу қажеттігін шегелеп тұрып айтқан болатын. Біздің облыста
да əкімдердің рейтингінде көш соңында шаң қауып жүргендері жоқ емес. Бір таңғаларлығы, олар шамаларын біле тұра, өз еркімен кеткісі жоқ. Араларында бір ауданды құлдыратып, екіншісіне оп-оңай ауыса салатындары да жоқ емес. Қазір өздеріне ерекше артықшылық берілгендей сезініп «А» корпусынан зор үмітті. Осындай кездейсоқ кадрлардың жолын кесу үшін атқарған жанды жұмыстары, халыққа пайдалы еңбегі бірінші кезекте ескеріліп, біліктілік талаптарының басты тармағы ретінде қарастырылса, осы жағынан заңдастырылса, дұрыс болар еді. Өз қызметіне лайықтылығын нақты іспен дəлелдеген лауазымды тұлғалардың жұмысын əрі қарай жалғастыра беруіне еш қарсылық жоқ. Зейнолла ОЛЖАБАЕВ, еңбек ардагері. Солтүстік Қазақстан облысы.
Айтайын дегенім...
«Алашаѕќай» емес – «Алатау ґткелі» Мақсат ƏДІЛХАН,
«Егемен Қазақстан».
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінен басталып, Қытайдың батысындағы «Алашанькоу» бекетіне дейінгі аралықты қамтитын, жалпы ұзындығы 965,1 шақырым, диаметрі 813 мм «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры желісі туралы баспасөзде жиі жазылады. Дəл осы жоба таяу болашақта 7 миллион тонна Ресей мұнайын Қытайға жеткізіп
беруге əлеуетті екендігі, осылайша екі ірі көршіміздің ортасын жалғайтын темір артерияға айналуы мүмкіндігі туралы да соңғы кездері сеніммен айтыла бастады. Бірақ біздің айтайын дегеніміз бұл жобаның өзі емес, атауы жайында. Ең өкініштісі, бұл атау қазақтілді БАҚ беттерінде «Алашаңқай» түрінде қате қолданылып жүр. «Алашанькоу» – «Достықтан» оншақты шақырым қашықтықта Қытай территориясында жатқан бекет. (Соңы 2-бетте).