Бїгінгі нґмірде:
№87 (28311) 6 МАМЫР СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
● Айбын
Əскери парадтыѕ бас жаттыєуы
Интеграция ізі 4-бет Ќос мўхиттыѕ ќўрметіне 5-бет Мəѕгілік мўѕныѕ ќўлпытасы 6-бет Таѕдау пəндерін ќалай таѕдап жїрміз? 14-бет
Елбасыныѕ апталыќ кестесі 6 мамырда Ақордада мемлекеттік марапаттар тапсыру, сондай-ақ, жоғары əскери жəне арнаулы атақтар беру рəсімдері өтеді. 7 мамырда Астанада Отан қорғаушылар күніне арналған əскери шеру болады. 9 мамырда Мемлекет басшысының Жеңіс күнін мерекелеуге орайластырылған іс-шараларға қатысуы жоспарланған, деп
хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Парламенттік тыѕдау Онда экономика саласына кадрлар дайындау мəселесі талќыланады
16 мамырда Парламент Мəжілісінде «Техникалық, кəсіптік жəне жоғары білім беру жүйесінде экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың сапасы мен перспективалары» тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Шараның бастамашысы жəне и н ж е н е р - т е х н и к а л ы қ к а д р ұйымдастырушысы палатаның ларды дайындау, білім бағдарлаƏлеуметтік-мəдени даму комитеті. маларының экономика сұра ныКомитет төрайымы Гүлнəр Ықса- сымен сəйкестілігі, басқа да мəнованың атап өткеніндей, эконо- селелерді атап өтуге болады. мика саласын кəсіби мамандармен Талқылауға министрліктер, қамтамасыз етуге қатысты шешімін ұлттық компаниялар басшылатаппаған мəселелер осы шараға ры, жұмыс беру қауымдастығы түрткі болып отыр. өкілдері, ЖОО ректорлары, кəсіби О л а р д ы ң қ а т а р ы н д а м а - жəне техникалық білім беру ұйымы мандарды дайындау деңгейі, директорлары шақырылған. ауыл шаруашылығы, өнерПарламенттік тыңдау қорыкəсіп, еңбек нарығында теңге- тындысы бойынша тиісті ұсыныстар рімсіздікті жою, жұмысшы жəне қабылдау жоспарлануда.
Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.
Ертең, 7 мамырда Астана қаласындағы «Қазақ елі» алаңында Отан қорғаушылар күніне орай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери парады өтетіні белгілі. Кеше осы айтулы оқиғаға байланысты əскери парадқа дайындықтың бас жаттығу ретіндегі соңғы іс-шара ұйымдастырылды. Биылғы əскери парадтың басты ерекшелігі оның технологиялық сипатында болып отыр.Бұлай деп отырған себебіміз – бұл жолы Қазақстан армиясының жаңа да заманауи қару-жарағы мен əскери техникасының үлгілерін көрсетуге басымдық беріледі. Мəселен, əскери парадта шерулетіп
жүріп өтетін техниканың бір бөлігі Отанымыздың қорғаныс-өнеркəсіптік кəсіпорындарында жаңғыртылған немесе шығарылған. Əскери парадқа Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар ми нистрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің əскери
қызметкерлері, сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің жəне Төтенше жағдайлар министрлігінің əскери техникалары мен авиациясы қатысатын болады. Авиация демекші, еліміздің Қорғаныс министрі Серік Ахметов жақында əскери парадқа дайындық жəне оны өткізу барысы аясында Қарағанды гарнизонында болған еді. Министр Қарағанды маңында шоғырланған авиациялық бөлімге барып, сондағы жеке құраммен кездесуде əскери ұшқыштарға Астанада өтетін əскери парадта
● VII Астана экономикалық форумы қарсаңында
Бреттон-Вудс келісімін реформалау жобасы Ағымдағы жылдың 21-23 мамыры күндері елордада əлемдік деңгейде кеңінен танылған VII Астана экономикалық форумы (АЭФ) өткізіледі. 2008 жылдан бері АЭФ жаһандық экономикалық жəне қаржы дағдарысынан шығу жолдарын табу мақсатында əлемдік көшбасшылардың, сарапшылардың, бизнесқауымдастық өкілдерінің басын қосатын орталыққа айналды. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Осымен екінші рет форум аясында Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция өткізілгелі отыр. Биылғы конференция Бреттон-Вудс келісімінің 70 жыл дығына орайластырылған. Оның тақырыбы «Жаһандық қаржы жүйесіне деген сенімді қайта қалпына келтіру, соңғы екі онжылдықтағы қаржылық дағдарыстардың қайталануының алдын алу» деп аталады. Осы ретте ескеретін бір мəселе, БреттонВудс келісімінің не екенін, оның əлемдік экономикаға тигізген пайдасы қандай болғанын, əлемдік қауымдастық оны неге құрғандығын біреу білсе, екінші біреу біле бермейді. Сонымен Бреттон-Вудс келі сімін тарихи құжат десек артық емес. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен, барлық елдердің экономикалық ахуалы күйреп тұрған кезде, əлемдік экономикалық-қаржылық тəртіпті ретке келтіретін бірлескен күш қажет болды. Осыған байланысты Бреттон-Вудсте (АҚШ, НьюГэмпшир штаты) 44 ұлттың өкілдері қатысқан халықаралық қаржы конференциясын өткізу туралы шешім қабылданды. Бір қызығы,
КСРО делегациясы да бұл құжатты дайындауға белсене қатысты. Бірақ кейін оған қол қоюдан бас тартты. Бұл халықаралық шара оған қатысушылардың құрамы бойынша ғана көлемді болған жоқ. Сонымен бірге, мұнда, тіпті, бүгінгі күнге дейін əлемдік экономикада маңызды рөл атқарып тұрған жаһандық шешімдер қабылданды. Сол кезде қабылданған келісімдердің маңыздылығын, бұл конференцияның тарихтағы ең ұзақ конференциялардың бірі болғандығы айғақтайды. Бреттон-Вудс конференциясы 22 күнге созылған. Осы конференция жұмысы барысында маңызды екі ұйым – Халықаралық валюта қоры мен Халықаралық қайта құру жəне даму банкін құру туралы ұсыныс қабылданды. Сондай-ақ, АҚШ долларын алтынмен қатар резервтік валюта түрінде қолдану туралы шешім қабылданды. Осы шешімдердің артында негізінен үш мақсат тұрды. Сыртқы баланстағы уақытша қиындықтарға төтеп беруге ықпал ету үшін ерікті кең сауданы қалпына келтіру, тиянақталған валюта бағамы жүйесінің негізіндегі халықаралық айырбас жүйесінің тұрақты тепе-теңдігін орнату жəне ресурстық мемлекеттердің өкіміне беру. Қазіргі күнге дейін қызмет
істеп тұрған Халықаралық валюта қоры мен Халықаралық қайта құру жəне даму банкі секілді құрылымдарды құру соғыстан кейінгі əлемдік қауымдастықтың экономикалық салада қол жеткізген зор жетістігі еді. Халықаралық валюта қорының міндеті – халықаралық саудадағы валюта курстарының тұрақ тылығын қадағалау болса, Халықаралық қайта құру жəне даму банкі (ХҚҚДБ) Дүниежүзілік банктің басты несиелік мекемесі əрі БҰҰ-ның мамандандырылған банкі болды.Соған қарамастан, ХҚҚДБ БҰҰ-мен тек арнайы уағдаластық жəне мемлекетаралық инвестициялық институт арқылы ғана байланысқан. Бір сөзбен айтқанда, ол əлемнің 186 мемлекеті мүше болып табылатын тəуелсіз мекеме болып қалыптасты. Халықаралық қайта құру жəне даму банкі жұмысы мүше-мемлекеттердің экономикаларының дамуы мен оларды қайта құруға бағытталған қаржылық көмек көрсету мақсатын көздейді. Оның несиелері дербес шетелдік инвестициялық үдеріс тер ге жəрдемдесуге жəне мүше-мемлекеттердегі төлем балансының тепе-теңдігін сақтауға жəне халықаралық сауданың теңгерімді өсуіне мүмкіндік береді. Бреттон-Вудс келісімі 1945 жылдың 31 шілдесінде күшіне енген уақыттан бері үзіліссіз 45 жыл жемісті жұмыс істеді. Келісімнің баптарына алғашқы түзету 1969 жылы енгізілді жəне ол мұрағатты резерв функциясын жүктейтін «қарызға алудың арнайы құқықтары» деген құқықтық ұғымына қатысты болды. (Соңы 2-бетте).
кəсіби шеберліктері мен жоғары деңгейдегі үйлесімділік көрсету туралы міндет жүктеген болатын. Үстіміздегі жылғы əскери парадтың салтанатты маршының жаяу легінде 2 мыңға жуық əскери қызметші жүріп өтсе, оның 1500-і – Қарулы Күштердің жеке құрамы. Механикаландырылған колоннаға 200-ден астам əскери техника бірлігі тартылып отыр екен. Тұтастай алғанда, Астана аспанында 7 мамыр күні майдандық, армиялық жəне əскери-көліктік авиацияның ең үздік топтары сап түзейді деп күтілуде. «Қазақ
елі» алаңы үстінен ертең 70-тен астам қазақстандық Əскери-əуе күштерінің авиациялық техникасы ұшып өтпек. Əскери парадқа қатысу үшін еліміздің барлық əскери гарнизондары мен əскери бөлімдерінен əскери қызметшілер тартылғанын, оның ішінде əйел əскери қызметшілер де бар екенін айта кетейік. «Егемен-ақпарат». –––––––––––––––––––––– (Əскери парад тақырыбына қатысты топтаманы 3-беттен оқисыздар).
Ґзара келісімге негізделген ќўжат
Кеше елордадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы (АӨСШК) мен Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) арасында Өзара түсіністік туралы келісімге қол жеткізілді. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, берген тапсырмасын іске асыру «Егемен Қазақстан». мақсатында əзірленіпті. Сондай-ақ, бұл меморандум ынтымақтастық Бұл тарихи құжатқа ҚХА аты- пен кеңестерді, қолдағы ақпаратпен нан Төрағаның орынбасары – жəне құжаттамамен алмасуҚХА Хатшылығының меңгерушісі ды, ҚХА жəне АӨСШК үшін Ералы Тоғжанов, АӨСШК атынан өзара қызығушылық тудыратын атқарушы директор, елші Чинар мəселелер бойынша кездесулер Алдемир қол қойды. Аталған ме- мен конференцияларға қатысуды морандум Қазақстан Президенті көздейді екен. Н. Назарбаевтың Қазақстан халқы (Соңы 2-бетте). Ассамблеясының XX сессиясында
Ерлікпен ґрілген фильм кґрерменіне жол тартты Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «Нұр Отан» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын жүзеге асыруда. Соның аясында кеше Астанада екі мəрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов туралы «Подняться в воздух» фильмінің тұсаукесер рəсімі болып өтті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Батырлық ғұмырбаян туралы бір жылдай түсірілген кинотуындыны көруге Т.Бигелдиновтің
өзі денсаулығына байланысты Алматыдан ұшып келе алмапты. Ал аталған фильмді елордадағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты мен «Жас Ұлан» республикалық
балалар ұйымының өкілдері жəне басқалар тамашалауға мүмкіндік алды. Енді бұл фильм көрермендер назарына 9 мамыр күні сағат 13:10-да «Астана» жəне 17:15-те «Хабар» телеарналары арқылы ұсынылмақшы. Сөз реті келгенде фильмнің сценарийін Мəдениет қайраткері Лаврентий Сон жазғандығын айта кету керек. Ал қоюшы режиссері Ерген Тоқмырзин болса, Талғаттың жастық шағын жас актер Əзімхан Ахмет сомдапты. 305 рет əскери тапсырмамен
● Көктемгі егіс
Далада дїбір басталды Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Диқанның белі бүгілді. Соқа арбаға жегілді. Алғашқы дəн егілді. Алқапқа тұқым себілді. Тамшылап тер төгілді. Қызу жұмыс, тынымсыз тірлік көрінді. Білек сыбанып кірісті, алмаққа мол жиын-терінді. Сонымен, Қызылорда облысының диқандары күріш егуді бастады. Биыл 76,6 мың гектар жерге Сыр салысын егу жоспарланған. Қазіргі таңда соның 3 мың гектарға жуығы егілді. Облыс əкімі Қырымбек Көшербаев Сырдария ауданына барып, «Шаған жер» серіктестігінің егіс алқабында тұқым себу жұмыстарын көрді. Жалпы, ауыл шаруашылығы саласының мəселелері де осы жерде талқыланды. Аймақ басшысы қара жерден несібесін күтетін шаруалармен жүздесіп, көктемгі дала жұмыстарына қатысты шараларды талқылады. Биыл облыс бойынша 160,4 мың гектарға егiс егу межеленіп отыр. Осы жылдың
егісіне диқандар былтыр күзден дайындық жұмыстарын бастағанды. Күріш егісіне 20,2 мың тонна тұқым дайындалды. Қолдағы тұқымның барлығы тексеруден өткізілді. Шаруалар қажетті минералды тыңайтқыштармен толық қамтылған. Қазіргі таңда су жолдарын тазалау, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жəне жерді
сіңіре суару мен жайылымдық жерлерді суару жұмыстары аяқталды. Шаруалардың суға қарыз мəселесі де сөз болды. – Бұл мəселе біздің назарымызда. Дегенмен, қарызы бар деп шаруашылықтарды сусыз қалдыруға болмайды. Ал берешектерін бірлесе шешетін боламыз,– деді Қырымбек Көшербаев.
əуеге көтерілген екі мəрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов туралы деректі фильмнің желісіне ұшқыш-шабуылдаушының 1966 жылы қаламынан туған «Илы атакуют» кітабындағы естеліктер арқау болыпты. Енді тарихи деректі фильм туралы қысқаша айта кетсек, онда Ұлы Отан соғысы жылдары ел қорғауға шақырылған 19 жастағы жігіт тағдыры баяндалады. (Соңы 2-бетте).
Жанар-жағармай – диқандардың басты мəселесі. Көктемгі егіс жұмыстары басталысымен сұйық отынның бағасы шарықтап кететін. Бұл түйткілдің түйіні тарқатылды. Мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынын жеткі зуші 12 оператор белгіленді. Олар шаруаларға дизель отыны литрін 90 теңгеден жеткізіп беруде. Аймақ басшысы келісілген мерзімде жағармай жеткізіп бермеген операторларға қатаң талап қойылатынын тағы бір ескертті. Субсидияның да уақтылы төленуі бақылауда болатыны айтылды. Өткен жылы күріштен рекордтық өнім жиналғаны мəлім. Биыл да сол межеден түсірмеу үшін бар күш-жігерді салу керек. Іргедегі Ресейдің Краснодар аймағы күріштен жақсы өнім алатын өлке. Өңір басшысы көршілерден тəжірибе алу керектігін атап өтті. Осы жиынға Краснодар «Группа Компаний Агроплюс» ЖШС-нің сату бөлімінің директоры Евгений Никитенко арнайы келіп, өздерінің күріш өсіру əдістерімен бөлісті. Ал Сыр диқандары күріш егу жұмыстарын 1 маусымға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Қызылорда облысы.