06052015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Ерлік – елге мўра, ўрпаќќа ўран 6-7-беттер Аќ Орда, Кґк Орда, Боз Орда... 8-бет Əлем тоќырау табалдырыєында тўр 9-бет Суреттерде... тўнєан сыр 14-бет

№84 (28562) 6 МАМЫР СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Наќты міндеттер жїктелді

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

«Бəріңізге белгілі, 26 сəуір күні бүкілхалықтық сайлау өтіп, онда халық өзінің ауызбіршілігін дүниежүзіне паш етті. Мені бірауыздан сайлады. Сонымен қоса, екінші жағынан, саясиэкономикалық жолымызды мақұлдап, сайлауалды бағдарламамызды қолдады. Халық бізге сол жолды əрі қарай

жалғастыруға сенім білдірді. Алдағы уақытта мемлекет алдында тұрған мəселе – ол жарияланған бағдарламаларды, əсіресе, 5 халықтық бағдарламаны орындау. Соларды қалай орындауымыз, не істеуіміз керек? Халықтың белсенділігін арттырып, жаңғыртуға негізделген бағдарламаны қалай атқарамыз? Міне, бүгінгі жиын осыған арналып отыр»,– деп бастады өз сөзін Президент. Мемлекет басшысы бұл орайда, ортақ жеңісті

одан əрі еселеу үшін, ең алдымен елдің белсенділігі керек екенін атап көрсетті. «Ортақ жеңісімізді əрі қарай жетістікке ұластыру үшін ауқымды жұмыс күтіп тұр», – деді Елбасы. Сонымен қатар, Елбасы Үкімет құрамы жаңа тағайындалғанын еске салып, олардың жұмысына табыс тіледі. Мəселен, бұл орайда Президент: «Сенім көрсетілді. Əрі қарай жұмыс істеуге барлық жағдайлар бар. Осының бəрін ақтауға тиіссіздер. Қолға алған реформаларға сəйкес, ұлттық комиссия құрылды.

Мен бүгін осы комиссияның ережесін бекіттім. Комиссияның əрбір бағытына, əр салаға жұмыс тобы құрылып, басшылары тағайындалды. Не істеу керектігіне қатысты басты мəселелер де белгіленді. Енді əрі қарай жұмыс істеу керек. Себебі, сайлаудан кейінгі атқарылатын жұмыстар «Қазақстан-2050» бағдарламасын жəне 30 дамыған елдің қатарына кіруге қатысты стратегиялық бағытымызды жүзеге асыруға бағытталатын болады», – деді Н. Назарбаев. Сонымен, бұл күнгі отырыс барысында Мемлекет басшысы ұсынған

«Достыќ» орденімен марапаттады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозуды қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға

қосқан елеулі үлесі үшін Ж.Баррозуға алғыс айтты. – Еуропалық комиссияға Сіз

төрағалық еткен кезде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тауар айналымы он есе артты. Сіздің пəрменді ықпалыңыз, достық көмегіңіз арқылы біз Қазақстан мен ЕО-ның кеңейтілген серіктестігі жəне ынтымақтастығы туралы келісім жобасына

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Жоєары əскери жəне арнаулы атаќтар, сыныптыќ шендер беру туралы Қаулы етемін: генерал-лейтенант əскери атағы: Бижанов Олег Əбутəліпұлына; генерал-майор əскери атағы: Ақтанов Қайрат Михаилұлына, Дəндібаев Тимур Тұрарұлына, Каскеленов Андрей Достаевичке, Мыңжанов Қайрат Тұрсынайұлына, Садықов Қайрат Əнуарбекұлына, Таласов Мұхамеджан Қадыржанұлына, Шпекбаев Руслан Нуртөлеуұлына; авиация генерал-майор əскери атағы: Қосанов Дəурен Жұматайұлына; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы: Ақшаев Асқар Артықбайұлына, Кенжебеков Ақдарбек Көкежанұлына, Кұрманəлиев Сəбит Тұңғышбайұлына, Мəжілов Нұрлан Тұрарбекұлына, Нұрсипатов Нұржан Нұрланбекұлына; полиция генерал-полковнигі атағы: Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлына;

полиция генерал-лейтенанты арнаулы атағы: Демеуов Марат Ғанұлына; полиция генерал-майоры арнаулы атағы: Əблəзімов Махсұдхан Нұғманұлына, Бақтыбаев Жанарбек Телібекұлына, Бисенқұлов Берік Байболұлына, Қожаев Марат Шəдетханұлына, Ұрымханов Мұрат Жəлелұлына; 3-сыныпты мемлекеттік əділет кеңесшісі сыныптық шені: Əбдіров Нұрғалым Мəжитұлына, Исадилов Мұратбек Кұсайынұлына, Миразов Ғабит Төреұлына, Тайымбетов Бағбанға, Тəшімбаев Тимур Ғазизбекұлына, Тілеуғалиев Ыбырай Əшімханұлына, Тоғызбаев Ғалымжан Исатайұлына берілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 5 мамыр. №16

қатысты келіссөздер аяқталғаны жөніндегі құжатқа қол қойдық. Еуропалық одақ біздің негізгі сауда серіктесіміз болып қала бермек, – деді Қазақстан Президенті. Ж.Баррозу өз қызметіне жоғары баға бергені үшін Нұрсұлтан Назар баевқа ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы серіктестік бұдан əрі өрістеп, оның аясы кеңейе береді деп үміттенетінін жеткізді. – Еуропалық комиссияның төрағасы ретінде мен Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тығыз серіктестікті қолдау үшін қажет болған бар күш-жігерімді салдым жəне өзімнің оған қосқан үлесімді зор мақтаныш тұтам. Сондай қарым-қатынас орнату үшін Сіздің тікелей атсалысуыңыз да өте маңызды болды, – деді Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы. Кездесу барысында Мемлекет басшысы халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Ж.Баррозуды I дəрежелі «Достық» орденімен марапаттады. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Хроника

Мемлекет басшысының Өкімімен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадамның практикалық жайттары қарас тырылды. Аталған реформалардың əрқайсысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты міндеттер белгіледі. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бүкіл мемлекеттік қызметке кадр іріктеуді жүргізетін бірыңғай рекрутингтік орталық болуы тиістігіне тоқталып өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті жергілікті қоғамдастық алдында есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру қажеттігін де атап өтті. «Ол қоғамдық тəртіпті сақтауға, тұрмыстық қылмысқа қарсы іс-қимыл мен жол-патрульдік қызмет жұмысына жауапты болады. Нақ осы қызмет жергілікті қоғамдастықпен тығыз ынтымақтаса отырып ұсақ заң бұзушылықтарға қатысты «мүлде төзбеу» режімін қамтамасыз етуі тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. (Соңы 2-бетте).

Президент поштасынан

Жарќын жеѕісімен ќўттыќтады Ќазаќстан Президенті Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ атына мемлекет, їкімет басшыларынан, халыќаралыќ ўйымдардыѕ жетекшілерінен сайлаудаєы жеѕісіне байланысты ќўттыќтаулар əлі де келіп жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы Египет Президенті Əбдел Фаттах ас-Сисимен сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Египет Президенті Əбдел Фаттах ас-Сиси Мемлекет басшысын президенттік сайлаудағы тарихи жеңісімен жəне қызметіне кірісуімен құттықтады. Əңгімелесу барысында екі мемлекет басшылары Қазақстан-Египет ынтымақтастығының басымдығы бар бағыттарын талқылап, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылды жандандыру жолдарын пысықтады. Əбдел Фаттах ас-Сиси елдеріміз арасындағы сан ғасырлық достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың алдағы уақытта да Қазақстан мен Египеттің достас халықтары мүддесіне тиімді қызмет ете беретініне сенім білдірді. ***

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы Чех Республикасының Президенті Милош Земанмен сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

М.Земан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап, Қазақстан кірісіп жатқан ауқымды реформаларды жүзеге асыру ісінде табыс тіледі. Екі мемлекеттің басшылары Чехия Президентінің елімізге 2014 жылғы қарашада жасаған сапарының қорытындысын ескере отырып, екіжақты қарымқатынасты дамытудың перспективаларын талқылады. Əңгімелесуге чехиялық тарап бастамашылық етті. ***

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті болып сайлануына байланысты Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудан құттықтау жеделхаты келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Б.Нетаньяху еліміздің экономикалық өсіп-өркендеу жолымен бұдан əрі де ілгерілей түсуіне ниеттестік білдірді. «Алдағы жылдары Израиль мен Қазақстан арасын дағы қарым-қатынасты нығайту жұмысын Сізбен бірлесе отырып жалғастырамыз деген үміттемін», – делінген жеделхатта. (Соңы 2-бетте).

Ынтымаќтастыќты ґрістетудіѕ əлеуеті зор Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының Бас директоры Ахмет Узюмджюді қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Қазақстанға ресми сапармен алғаш рет келген мейманмен кездесуде Сенат Төрағасы Тоқаев аймақтық жəне халықаралық қауіпсіздік құрылымын қалыптастыруда Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Қ.Тоқаев Сирияда химиялық қаруды жою

аясында əлемдегі тұрақтылықты қамта масыз етуде Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының тиімді қызметіне ерекше тоқталды. «Осыған байланысты сіздің ұйымның ең беделді марапат – «Бейбітшіліктің Нобель сыйлығымен» марапатталуы əлем қоғамдастығы тарапынан Химиялық қаруға

тыйым салу ұйымының жемісті қызметінің мойындалуы болып табылады», – деді Сенат Төрағасы. Қарусыздану саласындағы аймақтағы Қазақстанның жетекші рөлін атап өте келіп, А.Узюмджю Қазақстан мен Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы арасындағы ынтымақтастықты өрістетудің зор əлеуеті бар екенін айтты. Халықаралық күн тəртібіндегі мəселелерді талқылай келіп, жүздесушілер Қазақстанда Химиялық қауіпсіздік орталығын құрудың

жəне биылғы шілдеде Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының белсенді қолдауымен командалықштабтық жаттығу өткізудің маңыздылығын атап өтті. Қ.Тоқаев, сондай-ақ, А.Узюмджюге Парламенттің заң шығару қызметі туралы айтып, еліміздегі ішкі саяси жағдаймен таныстырды. Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының Бас директоры сайлаудағы сенімді жеңісіне байланысты Президент Н.Назарбаевқа құттықтауын жолдады.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.