Бүгінгі нөмірде: Ақылы жолдар саны артады 2-бет Шөпке айдаса тақырға неге қашамыз? 4-бет Аяда – іРhon, Айбарда – iPad... 5-бет Білім – гауһар, бағасы жоқ... 8-бет
№142 (28081) 6 МАУСЫМ БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Бəрекелді!
Нўрсўлтан НАЗАРБАЕВ:
Озыќ технологиялар сатып алу озып кеткенімізді білдірмейді Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға жұмыс сапары ая сында «Инновациялық технологиялар паркі» еркін эко номикалық аймағында болды. Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Əңгімені төтесінен бастағанда, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде өз технопарктерінің желісін дамыту үшін кешенді заңнамалық базасын жасап алған бірінші ел екенін екінің бірі біле бермес. Дегенмен, мемлекетімізді инновациялық тұрғыда дамыту жолында отандық технопарктердің жұмысын жолға қоюдың маңыздылығы көп айтылып жүр. Жəне ұлттық ақпараттық технопарктердің қызметі мемлекет назарынан тыс қалып көрген емес. Оған қоса, ұлттық технопарктерден бөлек, өңірлік технопарктердің қызметінің өркендеуі өзекті болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанның əр аймағында онға тарта технопарк бар. Ал бұл парктердің басында осыдан жеті жыл бұрын Елбасының қатысуымен ашылған, қаладан 25 шақырым жердегі Алатау кентінде орналасқан жоғарыдағы Ақпараттық технологиялар паркі тұр. Енді осы аралықта мемлекетіміздің ғылымы мен өнеркəсібін байланыстырып, Қазақстан экономикасын өзге елдермен теңестіріп, бəсекеге қабілетті болуға ықпал етеді деген бұл мекен не тындырды деп сауал тастайтын кез келді. Осынау алып кешеннің құрылысы 2004 жылы Елбасының «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы 2003 жылғы 18 тамыздағы Жарлығына сəйкес басталған болатын. Технопарктің тұсауы кесілгеннен кейін-ақ айналасы бірнеше жылдың ішінде мұнда əлемнің айтулы ақпараттық технологиялық компания лары келіп қоныс теуіп алды. Жасыратын несі бар, салықтық жеңілдік жасалған еркін
Бұл күндері бүкіл республика бойынша ұлттық бірыңғай тест жүруде. Осы сынның үшінші күнінде ғана ең жоғары балл алған түлектің есімі белгілі болды. Тестің алғашқы екі күнінде республика бойынша 2 оқушы ғана 124 балл алған болатын. Кеше О.Жəутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты түлегі Ботагөз Құспанғалиева 125 балл алып, рекорд жаңартты. Осы арқылы Назарбаев
Уни вер ситетінің жəне ҚБТУ рейтингісі бойынша да бірінші орынға ие болып келе жатқан бұл мектеп тағы да өзінің үздік білім шаңырағы екенін көрсетті. Бір қуантарлығы, аталмыш мектептің «Алтын белгіден» үміт кер 61 оқушысының 47-і осы атақты ақтап отыр. Жəне бұлардың басым көпшілігі интернатта жатып оқитын ауыл балалары. «Алтын белгіден» үміткер тағы 9 түлектің апелляциядан кейін баллдарына балл қосылуы мүмкін, дейді мектепинтернат директоры Қайрош Мақышев. АЛМАТЫ.
Жїрдек пойыз жолды ќысќартады
экономикалық аймаққа келген алпауыт компаниялар «Алатау» ақпараттық технологиялар паркін тауарларын сақтайтын қоймаға айналдырып жібермес пе екен деген қауіптің болғаны рас. Өйткені, Елбасының 2002 жыл ғы Үндістан сапарынан кейін Ақ параттық технологиялар пар кін салу туралы бас тама сы Ал маты қаласының ға на емес, мемлекетіміздің де индустриялық-инновациялық даму бағдар ламасын жүзеге асырудың маңызды бөлігі болып табылғаны анық. Орасан қаржы жұмсап, ұлттық технопарк құрудағы мақсат конъюнктуралық ахуалға орай шұғыл шешімдер қабылдауда ғылыми-техникалық, қаржылық жəне өндірістік салалар арасында байланыстырушы рөл атқару,
бəсекеге төтеп беретін жəне ғылыми табыстарға негізделген жаңа өнімдер шығаруды жолға қою еді. Сондай-ақ, инновациялық жүйелердің венчурлық жəне гранттық қаржыландыру жүйесін қалыптастыру да осы парктің міндеті. Əлемдік тəжірибеге сəйкес, парктің ішкі құрылымын дамыту аясында серіктес компанияларға телекоммуникациялық, логистикалық, білім беру жəне басқа да қызметтер көрсететін сервистік компаниялар құру жоспарланғанды. Ал мемлекетіміз орасан қаржы жұмсап құрған ұлттық технопаркте осы игі мақсат жүзеге асып жатыр ма дейтін сауалға жауап беретін уақыт туды. Сонымен кеше, яғни сəрсенбінің сəтінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Инновациялық
«Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек».
Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Тарихи құжатта – «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтты бұл сөздерді. Сол сөз айтылғалы бергі жарты жылдай ғана уақыттың өзінде елімізде ұлт рухын асқақтататын ірі іс-шара ойластырылып, ол нақты нəтижеге де ұласты.
Мемлекеттік хатшы Марат Тəжиннің кеше Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында жасаған баяндамасында: «Нағыз ұлттық қадірқасиет нағыз ұлттық тарихтан басталады», деген сөз айтылғанда Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті аудиториясына жиналған жұртшылық разылықпен қол соқты. Олай болатын жөні де бар. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Тарих – кім-кімнен де жоғары ұғым», деген ойы кеше Мемлекеттік хатшының баяндамасында барынша таратылып айтылды. Отырысқа Президент Əкімшілігінің, министрліктердің жауапты қыз меткерлері, облыстар, Астана жəне Алматы қалалары əкімдерінің орынбасарлары, белгілі тарихшылар, жазушылар, тарих факультеттерінің
«Егемен Қазақстан».
2013 жылдың 8 маусымында Алматы-2 вокзалынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ қалыптастырған «АлматыАтырау» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған «Сарайшық» жүрдек пойызы аттанады.
технологиялар паркі» еркін эконо микалық аймағының (ЕЭА) қа зіргі қызметімен, сондай-ақ, кə сіпорындардың еркін эко номикалық аймақ аясындағы өндірістік қызметімен танысты. Мемлекет басшысына «SAT&Co», Қазақстан-Британия техникалық университеті, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Hewlett Packard» секілді ұйымдар іске асыратын технопарк құрылысының екінші кезектегі жобалары ұсынылды. Президент «Инновациялық технологиялар паркі» еркін экономикалық аймағының əкімшілік корпусында инновация мəселелері мен технопарк қызметі жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа
Тарих толќынындаєы халыќ
«Егемен Қазақстан».
Айнаш ЕСАЛИ,
Жағымды жаңалық
Мемлекеттік мəселе
Сұңғат ƏЛІПБАЙ, Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
Жаѕа рекорд
декандары, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты. «Бүгінгі Қазақстан – қалыптасқан мемлекет. Біз мемлекет құрудың жаңа белесіне шықтық. Мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қо ғам дамуының жаңа белесіндегі басты сұрақтарға, атап айтқанда, біз қайда барамыз жəне 2050 жылы қайда болғымыз келеді деген сұрақтарға жауап береді» деген Марат Мұхамбетқазыұлы мəселе ел болашағының дүниетанымдық жаңа моделін жобалау, басты құндылықтар мен бағдарларды айқындау туралы болып отырғанына назар аударды. Мемлекет басшысы «Бүкіл қазақстандық бірегейлік біздің халқымыздың тарихи санасының өзегіне айналуға тиіс» деп баса көрсетіп отыр. Мəселенің бұлайша қойылысы біздің назарымызды ұлттық тарихты зерттеу мəселелеріне объективті түрде шоғырландырады. Баяндамада ғылымның рөлі өзгергені қадап көрсетілді. Тарих ғылымына феноменология мен
герменевтика əдістерінің енуі тарихи зерттеулердің сипатының өзін едəуір өзгертіп жіберді. Ендігі жерде тарихшы фактілерді тізбелеп, суреттеп отырушы, оқиғаларды тек «тіркеуші» емес. Ендігі жерде тарихшы «пайымдаушыға» – зерттелетін уақыттың ішкі мағынасына ой жіберетін ғалымға, фактілерді жай зерттеп қана қоймайтын, нақты қоғамның құндылықтарын, жөн-жосықтарын, моралін «түсінуге» қол жеткізетін ғалымға айналуға тиіс. «Біздің тарихнамамыз өзінің əдістемелік жəне тілдік құралын қатты өзгертуге тиіс. Қазақстанның тарих ғылымының алдында нақты сынақ тұр, ол сынақтың жауабын табуға əбден-ақ болады», деген Мемлекеттік хатшы ұлттық тарих мəселелерімен талайдан жəне нақтылы айналысып жүрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдар лама сын жасауды ұсынғанын жеткізді. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ретінде Қазақстанның тарих ғылымының алдыңғы қатарлы əдіснама мен əдістеме арқауында сапалық секірісті жүзеге асыруына жағдай жасауды; қазақтардың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыруды; Қазақстанның жаңа тарихының жиырма жылының мəнін пайымдауды айтуға болады. (Соңы 3-бетте).
технологиялар министрі Əсет Исекешев атқарылған жұмыс туралы есеп берді, сондай-ақ, «Инновациялық технологиялар паркі» еркін экономикалық аймағының даму жоспарлары туралы хабардар етті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта ЕЭА-ға 87 компания тіркелген. Күтіліп отырғандай, 2020 жылға қарай технопаркте жұмыс істейтін кəсіпорындардың жалпы саны 250-ге жетпек, олардың жиын тық табысы жылына 150 миллиард теңгені құрайды, осы орайда 50 мың жұмыс орны ашылатын болады. Мемлекет басшысы мемлекет инновациялық кластерді дамытуға ерекше назар аударып отырғанын атап өтті.
Жаңа пойыз күнара қа тынайды. Алматыдан Атырауға дейінгі барар жол 35 сағат 30 минутты құрайды. Пойыздың жаңа құрамы 27 вагоннан тұрады, оның 2-і «Гранд» (душы бар екі орындық), 2-і «Бизнес» (екі орындық), жəне «Турист» санатты (төрт орындық) 18 жолаушы вагоны, сондай-ақ, 2 техникалық, 1 вагон конвертор, 1 вагон-бар мен 1 мейрамхана вагоны. «Гранд» санатты вагонда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бір ку пе қарастырылған. Купеде душ, санитарлық желі, арнайы
жабдықталған есіктер, жолсерікті шақыру нүктесі қарастырылып, жолаушыларды отырғызу жəне түсіруге ыңғайландырылып дəліздер кеңейтілген. Атап өтер жайт, жүрдек маршруттарды енгізу, ең алдымен, пойыздың жүру уақытын 1,5 еседен артыққа қысқартады. №77/78 пойыздың жіберілуі Алматы-2 стансасынан Атырауға дейінгі жолды (2 695 километр) 49 сағаттан 35 сағатқа қысқартады. «Егемен-ақпарат».
(Соңы 2-бетте).
«Босқындарды қорғау жəне халықаралық көші-қон жөніндегі министрлік конференциясы: Алматы үдерісі» деген атпен адамдардың мүдделі жəне мəжбүрлі түрде қоныс аудару мəселесіне қатысты бірнеше мемлекет пен халықаралық ұйымдардың өкілдері бас қосқан келелі жиын болып өтті.
Кґші-ќонды ўйымдастыру ісінде кґѕіл аударар тўстар кґп Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
Əлемде, əсіресе, Орталық Азия аумағында түрлі себептермен көшіп-қонып жүрген адамдардың тағдырына алаң даушылық білдіретін бұл отырысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ашып, жиырмаға тарта ел мен халықаралық ұйымдар өкілдеріне əлемнің кейбір елдерінде толқулар мен қақтығыстар, экономикалық
АҚПАРАТТАР аєыны
Бас прокуратура жанынан барлық құқық қорғау орғандарына ортақ академия ашылады. Бұл туралы кеше құқық қорғау органдарындағы кадр сая саты тұжырымдамасын талқылау мəселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысында Бас прокурор Асхат Дауылбаев мəлім етті. Полицейлер жұмысқа қабылдану барысында «өтірік детекторынан» сыннан өтіп жатыр. Бас прокурордың атап өтуінше, бұл құқық қорғау органдарын реформалау аясында жүзеге асырылып жатқан шаралардың бірі болмақ. «Қазфосфат» компаниясы биыл
жə не қаржылық дағ дарыстар орын алған мына заманда халықаралық көші-қон мəселесі орынды қозғалып отырғандығын, Қазақстан өз тарапынан адамзатқа ортақ бұл істе мейлінше бастамашы əрі қызу қуаттаушы ел ретінде көмек қолын соза беретіндігін жеткізді. Е.Ыдырысов өз сөзінде Қазақ елі халықаралық көші-қон мəселесін шешудегі өзіндік үлес пен оның жауапкершілігіне то лықтай мəн беретіндігін, ел Үкіметі көші-қон саясатының басты бағыттарын күкірт қышқылы өндірісін бастайды. Енді бір айдан кейін іске қосы латын өндіріс орны фосфор қышқылы өндірісін қайта құруға жол ашып, 2015 жылға қарай оның алғашқы өнімі 220 мың тоннаға жетеді. Астанада қала күні мерекелік ісшаралары қатарында үздік цирк əртістерінің басын қосатын халықаралық цирк фестивалі өтуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль бағдарламасы Қазақстанның халықаралық деңгейдегі мəдени жетістіктерінің біріне айналмақ. Қазақстандағы шаруалар өткен бес айда 10 мың ірі қара сатып алды. Жалпы, былтырдан бері республикаға шетелдерден əкелінген 30 мың бас асыл тұқымды ірі қара малдың 22,7 мыңы «ҚазАгро»
жүзеге асыруда барынша салмақты қызмет атқарып келе жатқандығын, бұл Қазақстанның халықаралық ұйымдармен келешектегі гуманитарлық ынтымақтастығындағы бағыттарының бірі болып табылатындығын баса айтты. БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Антонио Гутерриш осы жиынға қатысушы мемлекеттерді азаматтардың негізгі құқықтарын қамтамасыз ететін иммиграциялық саясатты жетілдіруге шақырды. А.Гутерриш: «Мемлекеттер өзінің иммиграциялық саясатын адамның негізгі құқықтары мен адами құндылықтарын құрметтеу арқылы белгілеуге құқылы. Бұл барлық мұқтаж жандарға халықаралық деңгейде қорғау көрсетуге жол ашады», дей келе, Алматы үдерісі шекаралық қауіпсіздік пен оны бақылауға бағытталған елдердің құқығын қорғауды қамтамасыз етуге жауапты құрылымды іске асыратындығын мəлім етті. (Соңы 2-бетте). холдингінің қаражатына сатып алынды. Қызылорда облысында былтыр табиғатқа 2 млрд. теңгенің залалы келтірілді. Мұны анықтаған облыстық прокуратура органдары қызметкерлері ақшаның өндіріліп, кінəлі лауазымды адамдардың жазаға тартылуына қол жеткізді. Оралда филологтардың жиыны өтті. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен басқосу «Қазақстанда филологиялық білім беруді дамытудың негізгі бағыттары» тақырыбын талқылады. Топтама «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Tengrinews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.