Кеше Түркияның Бодрум қаласында Түркітілдес мемлекеттер Ынтымақтастық кеңесінің Мемлекет басшылары деңгейіндегі төртінші саммиті өтіп, оның қорытындысы бойынша Ынтымақтастықты одан əрі дамыту туралы декларация қабылданды.
№110 (28334) 6 МАУСЫМ ЖҰМА 2014 ЖЫЛ
Бірлігі мыќтыныѕ білегі мыќты Газетімізде бұдан бұрын хабарланғанындай, кеше Түркияның Бодрум қаласында Түркітілдес мемлекеттер Ынтымақтастық кеңесінің жоғары деңгейдегі төртін ші саммиті болып өтті. Оның жұмысына Ынтымақтастық кеңесіне мүше мемлекеттердің басшылары – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Президенті Абдулла Гүл, Əзербайжан Президенті Ильхам Əлиев, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев жəне байқаушы мəртебесіне ие Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов қатысты. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан» – Бодрумнан (Түркия).
Саммит жетістігі – ќўнды ўсыныстар
Бұл Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2009 жылдың 3 қазаны күні Нахычван қаласында (Əзербайжан Республикасы) өткен мемлекеттер басшыларының басқосуы кезінде құрылған болатын. Кеңесті құру жөніндегі келісімге қол қойы луы түркі халықтарының бірлігін нығайтуға бағытталған жалпытүркілік өңірлік бірлестіктің құ рылып, нығайтылуына негіз қалады. Қазіргі күні ТМЫК-ге Əзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия мүше болып табылады. Саммиттерде қабылданған
шешім дердің орындалуын қадағалап, кездесулерді ұйымдастыру үшін Кеңестің Тұрақты хатшылығы жұмыс істейді. Хатшылықтың штаб-пəтері Ыстам бұл қаласында орналасқан. Оны 2010 жылдан бастап Түркия Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсыр малар жөніндегі елшісі Халил Ақынжы басқарып келді. Сарап шылардың пікіріне қара ғанда, Бас хатшы Халил Ақынжының қызметі табысты болды. Сонымен, қазіргі күні əлемде тəуелсіздік жағдайында өмір сүріп жатқан алты түркі мемлекеті бар.
Ќўттыќтау жеделхатын жолдады Нұрсұлтан Назарбаев Əбдел Фаттах ас-Сисиге Египет Араб Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Египетте Əбдел Фаттах ас-Сисидің басшы лығымен саяси тұрақтылық орнап, орнықты əлеуметтік-экономикалық дамудың қамтамасыз етілетініне сенім білдірген. «Қазақстанның Египет Араб Республикасын ислам əлеміндегі маңызды серіктесінің бірі ретінде қарастыратынын жəне елде ріміз арасындағы екіжақты
ынтымақтастықты одан əрі арттыруға, көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды күшейтуге мүдделі екенін айтқым келеді», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Əбдел Фаттах ас-Сисиге мықты денсаулық, елді дамытуға бағытталған жауапты қызметіне зор табыс, ал бауырлас Египет халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
***
Мемлекет басшысы Король Хуан Карлос І-нің тақтан бас тарту жөніндегі батыл шешімін атай отырып, оның ізбасарына жан-жақты қолдау көрсетуге əзірлігін жеткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Король Хуан Карлос І тақта отырған жылдары елдеріміз арасында қалыптасқан тығыз қарым-қатынас пен стратегиялық əріптестік дəстүрінің одан
əрі жалғаса беретініне сенім білдірген. Соңында Қазақстан Президенті Хуан Карлос І-ге мықты денсаулық, мол табыс, ал Испания халқына бақ-береке мен молшылық тіледі.
Олар – Əзербайжан, Қазақстан, Қыр ғызстан, Түркия жəне Өзбекстан мен Түрікменстан. Демек, бола шақта Түркітілдес мемлекеттер Ынтымақтастық кеңесіне Түрікменстан мен Өзбекстан да қосылуы əбден мүмкін. Біз саммит қарсаңында осы алты елдің экономика, оқу мен білім, басқа да əлеуметтік жағдайларына барлау жасап көрген едік. Ол үшін аталған елдердің түрлі халықаралық рейтингтер бойынша алып отырған орындарын зерделедік. Сонда аңғарғанымыз мынау болды. Халқының саны мен даму
деңгейі тұрғысынан алғанда ең алдымен Түркияның зор тұлғасы көзге түседі екен. Сөз жоқ, Түркия – түркітілдес мемлекеттер арасында ең басты ел. Бүгінде бұл мемлекетте 72,5 миллионнан астам адам өмір сүріп жатыр. Халқының саны жөнінен алғанда екінші орындағы Өзбекстанда – 27,8 миллион, үшінші орындағы Қазақстанда – 17 миллион, төртінші орындағы Əзербайжанда – 9 миллион, Қырғызстанда – 5,5 миллионнан астам, Түрікменстанда 5,2 миллионға жуық адам тұрады. Сонда осы алты елдің өзінде
ғана 140 миллионға жуық халық бар екен. Егер бастарының берекебірлігі мықты болса, бұл үлкен күш емес пе?! Ал өз тəуелсіздігіне толық ие бола алмай, басқа елдердің құрамындағы автономиялар деңгейінде өмір сүріп жатқан түркі жұртшылығы қаншама. Солардың бəрін есептегенде, түркі жұртының жалпы саны 180 миллион адамды құрайтын көрінеді. Осыншама халықтың арасында саны шағындау көрінгенімен, ең еңселілерінің бірі – біздің Қазақстан. Мəселен, Қазақстан өзінің жер көлемі жағынан алғанда бірінші
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды. Отырыс барысында «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің жобасы қаралып, мақұлданды.
Шаєын жəне орта бизнестіѕ їлес салмаєы кґтерілмей тўр Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жаңа жобасы əкімшілік заңнаманы айтарлықтай реформалауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін ережелерді алып тастауға, əкімшілік-құқықтық теріс қылықтарды жəне əкімшілік жауаптылыққа тартудың сараланған тəртібін неғұрлым нақты айқындауға бағытталған. Яғни, бұл кодекс жобасымен əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің жаңа тəртібі белгіленеді, оған сəйкес көрсетілген айыппұл сомасының 50 пайызы мөлшеріндегі айыппұлды жеті тəулік ішінде төлеу құқығы енгізіледі. Жобамен əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша заңды күшіне енген қаулыларды жəне жаңадан ашылған мəнжайлар бойынша оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нəтижелері
жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау институты да енгізіледі. Құжатта айыппұлдың нақты белгіленген мөлшері көзделеді, ол əкімшілік жазалауды шығарған кезде сыбайлас жемқорлық факторларын жоюға мүмкіндік береді. Мəселен, əкімшілік құқық бұзушылықтар құрамдарының басым бөлігі Əділет министрлігіне қатысты ведомстволық байланыстағы құқық бұзушылықтар болып саналмайды. Олар ішкі істер, қаржы, денсаулық сақтау жəне басқа да министрліктердің құзыретіне жатады. Яғни, бұл – барлығы 64 мемлекеттік органның хаттама жасауға немесе оны қарауға уəкілеттілігі бар деген сөз. Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да қарап, оны бірінші оқылымда мақұлдады. (Соңы 2-бетте).
орында. Екінші орында – Түркия. Үшінші орында Түрікменстан тұр. Содан кейінгі орындар тиісінше Өзбекстанға, Қырғызстан мен Əзербайжанға тиесілі. Сонымен, түркі мемлекеттерінің аумағы шамамен алғанда планетаның 4,8 миллион шаршы шақырымына ие. Қысқасын айтқанда, түркі халықтары жерге мұқтаж емес. Егер бастары бірігіп тіршілік құрар болса, осы бір жер мен екі құрлық арасындағы тиімді географиялық орналасу факторларының өзі түркі халықтарының бірлесе дамуына зор мүмкіндіктер туғызған болар еді.
Қазақстанның тағы бір мақтаныш ететіні, біздің еліміз түркі тілдес мемлекеттер арасында өзінің ішкі жалпы өнімінің жан басына шаққандағы көлемі бойынша бірінші орында, алтынвалюта қорының жан басына шаққандағы көлемі бойынша да бі рінші орында, білім деңгейі бойынша да жеке-дара көш бастап тұр, даму қарқыны бойынша бірінші орында, даму əлеуетінің мүмкіндіктері бойынша да бірінші орында келеді. Осының барлығы қосыла келіп, түркі жұрт шылығының арасындағы біз дің халқымыздың беделін арт тыра түсетіні анық. Оның үстіне, соңғы бес-алты жылдың айналасында Қазақстан əлемдегі астық державаларының біріне айналды. Ет жəне басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көрсеткішін ұдайы арттыру үстінде. Сыртқа мұнай мен газ, түсті жəне қара металл, сирек металдар, уран экспорттайды. Байқоңыр ғарыш кешеніне арқа сүйеген еліміздің ғарыш саласы қарқынды түрде дамытылуда. Қазақстанның осындай зор экономикалық əлеуетін алыс-беріс арқылы, өзара сауданы дамыту арқылы тиімді түрде пайдалана білу ұйым елдерінің дамуына жақсы қызмет көрсеткен болар еді. Əрине, басқа түркі елдерінде де осындай жетістіктер бар. Мəселен, туризмді дамыту ісінен Түркиядан көп үлгі алуға болады. Мұнайды құбыр арқылы Еуропаға шығаруды Əзербайжаннан үйренсе артықтығы жоқ. Ендеше, осындай артықшылықтарды ұйымдасып даму игілігіне пайдалана білудің де пайдасы мол болмақ. (Соңы 2-бетте).
Мемлекеттік сыйлыќ
мемлекет мерейін ґсіргендерге берілуі тиіс Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Өнердің, əдебиеттің, мəдениеттің хас тарландары қоғамның мақтанышына айналып жатады. Мұндай тұлғаларға лайықты баға беріп, мəртебесін көтеріп отыру – мемлекеттің міндеті. Міне,
осыған орай кеше Алматыдағы Президент Резиденциясында Мемлекеттік хатшы Əділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Əдебиет жəне өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. (Соңы 3-бетте).
Наќты тапсырмалар берілген басќосу Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары институтын одан əрі дамыту мəселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Президент Əкімшілігі басшылығы жəне министрліктер мен агенттіктердің жауапты хатшылары қатысқан Ақордадағы кездесу барысында мемлекеттік органдардың Мемлекет басшысы актілері мен тапсырмаларын орындау, мемлекеттік қызмет көрсету, бюджет қаражатын пайдалану, сондай-ақ, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді атқару саласындағы жұмысында кездесетін негізгі проблемалар талқыланды.
Бұдан бөлек, орталық атқарушы органдардың ағымдағы жұмысының түрлі мəселелерін талқылау жəне шешу мақсатымен Президент Əкімшілігі Басшысының жауапты хатшылармен апта сайынғы кездесуін өткізу тəжірибесін енгізу жөнінде шешім қабылданды. Кеңес қорытындысы бойынша жауапты хатшыларға мемлекеттік аппараттың тұрақты жəне тиімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.