06062015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны

№105 (28583) 6 МАУСЫМ СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Елбасына арнайы сыйлыќ тапсырылды

Ќўттыќтау жолдады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Раймондс Вейониске Латвия Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті өз құттықтауында біздің еліміз бен Латвияның достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынасы болашақта екі халықтың игілігі, татулығы мен тұрақтылығы

үшін нығая беретініне сенім білдірген. Нұрсұлтан Назарбаев Р.Вейониске мықты денсаулық, қызметіне табыс, ал достас Латвия халқына бақ-береке тіледі.

Ўсынымдар ќабылдау мерзімі ўзартылды Мемлекет басшысының БАҚ саласындағы сыйлығы мен грантын беру, сон дай-ақ, Алғысын жариялау үшін ұсынымдар қабылдау мерзімі ұзартылды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Пре зидентінің баспасөз қызметі 5 мамыр мен 5 маусым аралығына тура келетін мереке күндерін ескере отырып, Мемлекет басшысының БАҚ саласындағы сыйлығы мен грантын беру, сондай-ақ, Алғысын жариялау үшін ұсынымдар қабылдау мерзімін 10 маусымға дейін ұзарту жөнінде шешім қабылданғанын хабарлады. Мемлекет басшысы сыйлығының лауреаттары 2 миллион 200 мың теңге, сондайақ, алтын төсбелгі алады. Грант иегерлеріне 1 миллион 764 мың теңге беріледі.

Кїн тəртібі наќтыланды Кеше Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтті. Онда салалық комитеттердің ұсынысымен палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тəртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы «Муз-ТВ 2015» сыйлығын тапсыруға арналған концерттік кеште болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ауқымды шоу барысында Қазақстан мен Ресейдің эстрада əртістері өнер көрсетті.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Нұрсұлтан На зар баевқа «Өмірді өркендетуге қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша арнайы сыйлық тапсырылды.

–––––––––––––––––––––––––––

Ќаламгерлермен кездесті Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова еліміздің бірқатар белгілі қаламгерлерімен кездесті. Кездесуге көрнекті жазушылар мен мəдениет қайраткерлері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары Əкім Тарази, Əнес Сарай, Сəбит Досанов, Дулат Исабеков, Нұрлан Оразалин келді. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Кездесуді ашқан Гүлшара Əбдіқалықова Елбасының 5 халықтық реформасында «Біздің зиялы қауымның жалпыұлттық құндылықтарды дамытудағы жетекші үлесі» туралы айтылғанына тоқталып өтті. «Біз Елбасының тапсырмасымен сіздермен кездесіп, сұхбаттасып отырмыз. Себебі, Мемлекет басшысы əрдайым зиялы қауым өкілдерімен жүздесіп тұруды тапсырған болатын. Сіздер қазіргі кезеңде елмен, халықпен кездесіп, өз пікірлеріңізді əртүрлі бағытта жеткізіп жүрсіздер. «Көл жағасыз болмас, ел ағасыз болмас»

дегендей, сіздер аузы дуалы, сөзі уəлі ағаларымызсыздар. Қазір сіздердің барлық шығармаларыңызды айтпағанымызбен, Əкім Таразидың «Жаза» романы, Əнес Сарайдың «Еділ-Жайық» романы, Дулат Исабековтің «Қарғын» романы, Сəбит Досановтың «Жиырмасыншы ғасыр» романы, Нұрлан Оразалиннің «Ғасырмен қоштасу» атты жыр жинағы – біздің алтын байлығымыз. Сондықтан, сіздермен жазушылар ретінде ғана емес, тұлға, қоғам қайраткерлері ретінде пікір алысуды жөн көріп отырмыз», – деді өз сөзінде Мемлекеттік хатшы. (Соңы 2-бетте).

Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Депутаттардың талқылауына бірінші оқылымға атом энергиясын пайдалану туралы заң жобасы ілеспе түзетулерімен енгізілді. Палатаның жалпы отырысына Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Ал маты қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ме ди ци налық-санитариялық ал ғаш қы көмек

Киіктер ќырылуыныѕ себептері зерттелуде Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев киіктердің Бетпақдала таралымының жаппай өлімге ұшырауына байланысты қалыптасқан оқиға бойынша ұсыныстар əзірлеу үшін жұмыс тобының отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Жұмыс тобының отырысына бірқатар министрліктердің, əкімдіктердің, ғылыми ұйымдардың, ҮЕҰ-лардың өкілдері, тəуелсіз сарапшылар қатысты. Үстіміздегі жылдың 2 маусымындағы жағдай бойынша Бетпақдала таралымындағы киіктердің 132 329 өлі денесі жойылды, оның ішінде Қостанай облысында – 113 309, Ақмола облысында – 9 386, Ақтөбе облысында – 9 634. Киіктердің жаңадан өлімге ұшырау жағдайлары тіркелген жоқ. Киіктер қырылған жерде мамандан дырылған лабораториялар мен

ғылыми ұйымдар мерт болған жануарлардан патологиялық материалдар алып, лабораториялық жəне ғылыми-зерттеулер үшін топырақтың, судың, шөптің сынамаларын алды. Ұлттық референттік ветеринария орталығының мəліметтері бойынша, жануарлардан алынған сынамалардан пастереллез қоздырғышы анықталған. Сонымен бірге, шетелдік сарапшылар алдағы апта ішінде өз зерттеулерінің алдын ала нəтижелерін ұсынбақ. (Соңы 2-бетте).

 Қазақстанда жасалған

Ќажет ќўрал ґзімізде шыєарылады Алматы облысына қарасты «Іргелі» ауылында «ZTOWN Development» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инновациялық технологиямен жабдықталған жаңа зауыты ірі қара мен ұсақ малға арналған мультикомпонентті сырғалар жасауды қолға алды. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Бұған дейін ірі қара мен ұсақ малдарға арналған мұндай сырғалар елімізге Германия, Франция, Қытай жəне Түркия мемлекеттерінен келетін. Оның үстіне, егер мал басын түгендеу мен жоғалудың алдын алатын мұндай сырғаларға мемлекет пен жекеменшік фермерлер алдын ала тапсырыс беріп, ол дайын болғанша бірнеше айдан, бірер жылға дейін күтіп қалушы еді. Міне, мал шаруашылығына аса қажетті құрал енді өзімізде шығатын болды. «ZTOWN Development» зауыты жаңа технологияның көмегімен жылына 17 миллион

мал сырғасын жасап шығарып, отандық мал шаруашылығындағы қажеттілікті толықтай қамтамасыз ете алады. Оның сыртында мұндай өндірістік əлеуетпен аталмыш зауыт экспортқа өнім шығаруды да жоспарлауда. 2014 жылы «ZTOWN Development» зауыты мал сырғаларын жасау технологиясын Білім жəне ғылым министрлігі мамандарына таныстырып, нəтижесінде 73,077 миллион теңгенің грантына ие болды. Министрлік жанындағы Технологияны коммерцияландыру орталығының қолдауы арқасында мал шаруашылығына арналған инновациялық өнім шығарушы компания өз өндірісін кеңейту мақсатында 250 миллион теңгенің үстінде

жан-жақты қолдауға ие болды. – Үстіміздегі жылдың 1 маусымынан бастап, өз зауытымызда жоғары сапалы ен-таңбалық

мал сырғалары шығарыла бастады. Қолданылатын инновациялық технологиялар ауыл шаруашылығы саласын

термопластикалық қатты материалдан жасалған бірегей құлпы бар жоғары сапалы ен-таңбалармен қамтамасыз ете алады. Бұл термопластикалық материал екі компонент етіп жасалғандықтан, бұйымның қайта қолданылуына жол бермейді», – деді баспасөз мəслихаты барысында «ZTOWN Development» ЖШС басшысы Жандос Болатбеков. Зауыт басшыларының жүргізген дербес санақ зерттеуінше елімізде түйе, сиыр, қойды қоса есептегенде 26,5 миллионнан астам мал басы бар. Жылына бұл көрсеткіш 10 миллионға дейін еселеніп отырады. Жаңа зауыт жасап шығаратын мал сырғалары – əр түліктің мал санын білуге жəне анықтауға аса қажетті құрал. Отыз адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған зауыттың өнімдеріне қазірдің өзінде көршілес Қырғызстан мен Ресей тапсырыс беріп отыр. АЛМАТЫ.

жөніндегі гео графиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы талқылауға шығарылады. Сонымен қатар, депутаттарға Қазақстанның «жасыл эко но микаға» көшуіне қатысты заң на ма лық түзетулерге қатысты салалық комитеттерге қорытынды əзірлеу мезгілін нақтылау ұсынылмақшы.

 Қазақстан азаматтары шетелдердегі мүліктерін заңдастыруда. Бүгінге дейін республика аумағынан тыс жерлердегі жылжымайтын мүлікке қатысты 17 өтініш келіп түскен. Оның 11-і қанағаттандырылды. Нақты айтсақ, Ресей, Өзбекстан, Испания, Венгрия жəне Біріккен Араб Əмірліктеріндегі мүліктер заңдастырылды.  Астанада 2015 жылдың бірінші тоқсанында денсаулық сақтау саласы бойынша шамамен 29,25 млрд. теңгеге қызмет көрсетілді. Оның 72,9 пайызы – бюджет қаражаты, 13,9 пайызы – халықтан түскен қаржы, 13,2 пайызы кəсіпорындар есебінен жүзеге асты.  Алматы маңында үй жануарларына арналған ентаңба белгілерін өндіретін зауыт ашылды. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығына арналған жоба аясында іске қосылған кəсіпорын жылына 17 млн. дана ен-таңба шығарады.  Биыл Көкшетауда көппəтерлі 11 тұрғын үй салу жоспарланған. Соған байланысты аумағы 26 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға беріледі. Осы айда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы 150 тұрғынға пəтер кілті тапсырылады.  Шығыс Қазақстанда 2015 жылы 362 шақырым жол жөнделеді. Оның 303 шақырымы орташа жөндеуден өткізіледі. Бұл қатарда 100 шақырымнан асатын Өскемен – Риддер тас жолы да бар. Облыс əкімі аталған тас жолды жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды.  Батыс Қазақстанда жергілікті үлесті арттыру мақсатында құны 2,9 млрд. теңге болатын 19 меморандумға қол қойылды. Бұл іс-шара облыс əкімдігінде NADLoC жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі өкілдерінің қатысуымен өткен отырыста жүзеге асты.  Су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысы, Ғ.Мұстафин кентінде қайта салынған 2 үй халық игілігіне берілді. Бұл баспаналардың құрылысы 5 мамырда басталған еді. Ал басқа зардап шегушілер 1 қыркүйекке дейін жаңа үймен қамтамасыз етіледі. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

Табыс тўтќасы – їздіксіз даму

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қызылжар өңіріндегі жұмыс сапарының алғашқы таныстығын ежелгі адамдардың мекені болған «Ботай» қонысынан бастады. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Айыртау ауданы тарихи жəне археологиялық ескерткіштердің молдығымен жəне əралуанды ғымен ерекшеленеді. Соңғы жылдары туризм индустриясы жақсы қарқынмен дамып келе жатқан өңірдің қайталанбас бірегей құндылығына Ботай мəдениетін жатқызуға болады. Ескерт кіш осыдан бес мың жыл бұрын энеолит дəуірінде өмір сүрген ежелгі адамдардың қонысы бол ғанын, алғаш рет жылқыны қолға үйреткенін, көлік құралы ретінде пайдаланғанын, қымыз ашытқанын айғақтайды. Өткен ғасырдың сексенінші жылдары тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (СҚМУ) археологиялық экспедициясы 15 гектар аумақты алып жатқан қоныстан 158 үйдің орнын тапқан. Олар киіз үйге ұқсас болған. Қазақтардың

мəдениетінің пайда болу үдерісі мен Еуразиялық дала өркениетінің қалыптасуы нақ осы жерден бастау алатыны осылайша əлемге паш етілді. Осы жерге атбасын тіреген Бердібек Мəшбекұлы бүгінде əлемге ортақ мəдени қазына ретінде ғылыми, туристік қызығушылықты арттыра түскен зерттеу жұмыстарына республикалық қазынадан 5 миллион теңге бөлінгенін, алдағы уақытта да қолдау жалғасатынын жеткізе келіп, игі істің бастаушысы В. Зайбертке одан əрі жақсы нəтижелерге жете беретініне үміт білдірді. Қасиетті қазақ топырағына, тарихи атажұртына сағына жеткен ағайындарымыздың үлкен шоғыры Қызылжар ауданына қарасты Бəйтерек ауылында тұрады. «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жапан түзде орныққан елді мекенді тұрғызуға 1 миллиард 551 миллион 951 мың теңге бағытталған. (Соңы 2-бетте).

Кезекті мəжіліске ќатысты 3 маусымда Мəскеуде Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 9-10 шілде күндері Уфа қаласында өтетін ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің мəжілісіне сапалы дайындық жасау мақсатында ұйымдастырылған ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) кезекті мəжілісіне қатысты. Мəжілістің алдында ШЫҰ-ға Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамамүше-мемлекеттер сыртқы сая- ларын жəне Еуразия кеңістігіндегі сат ведомстволарының басшы- ынтымақтастықты арттыру саларын Ресей Федерациясының ласына қосқан зор үлесін атап Президенті Владимир Путин көрсетті. Сонымен бірге, В.Путин қабылдап, Ресейдің Шанхай ШЫҰ шеңберінде ұйымның 2025 ұйымына төрағалығы барысындағы жылға дейінгі даму стратегиясын басымдықтарын белгіледі. Ресей қабылдауға қолдау білдірді. Президенті қазақстандық министрге Қазақстан Президенті (Соңы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.