06082013

Page 1

Жексенбі күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасына сапармен барып, осы елдің жаңадан сайланған Президенті Хасан Руханиді ұлықтау салтанатына қатысты.

№183 (28122) 6 ТАМЫЗ СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ўлыќтау ынтымаќтастыќ ўстынымен ўштасты

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Иран Ислам Республикасында (ИИР) Конституция бойынша Мемлекет басшысы рухани көшбасшы – Рахбар немесе Жоғарғы басшы саналады. Қазір бұл елде рухани көшбасшы Аятолла Сейд Əли Хаменеи. Ол елдің жалпы саясатын анықтайды жəне əскери күштің бас қолбасшысы болып есептеледі. Сондай-ақ, елдегі негізгі басшы қызметтерге адамдар тағайындайтын да сол. Жоғарғы басшы елдегі ең жоғарғы

сарапшы болып табылатын 86 адамның қалауымен сайланады. ИИР президенті маңызы жағынан елдегі екінші адам болып есептеледі. Ол негізінен атқарушы биліктің тізгінін ұстайды. Елдің Министрлер кеңесін тағайындап, оның жұмысын үйлестіруші де президент. Бірақ министрлерді президенттің ұсынуымен лауазымды орынға парламент бекітеді. Қорғаныс министрі сияқты əлеует министрлерінің кандидатурасын парламентке ұсынбас бұрын президент Жоғарғы басшының келісімін алады.

Президент – халықтың тікелей дауыс беруімен төрт жылдық мерзімге сайланатын тұлға. Биылғы президент сайлауына түскен кандидаттардың саны өте көп бол ды, бірақ соның ішінде 17 адам сарапшылардың болжамы бойынша нақты үміткерлер еді. Бұлар, əсіресе, бұрынғы президенттер тарапынан қолдау көретін кандидаттар-тын. Олардың арасында елге барынша белгілі қайраткерлер, депутаттар, министрліктер мен ве домстволардың басшылары, əскери қолбасшылар болды. Соның ішінде

Елбасы ќабылдады Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мұнай жəне газ министрі Ұзақбай Қарабалинді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Ұ.Қарабалин Мемлекет басшысына министрліктің мұнай мен газ өндіру, мұнай-химия өнеркəсібі жəне көмірсутек шикізатын тасымалдауды қамтамасыз ету тəрізді салалардағы қызметі туралы баяндады. Сонымен қатар, Қашаған, Теңіз жəне Қарашығанақты қосқанда, ірі кен орындарын игеруге байланысты мəселелер талқыланды. Теңіз жобасында, сондай-ақ, өзге де болашақ кен орындарын игеру барысында еліміздің мүддесін мейлінше ескеру

қажеттігіне басты назар аударылды. Мемлекет басшысы Қазақстан үшін стратегиялық саланың бірі болып саналатын мұнай-газ саласын одан əрі дамыту қажеттігін атап өтті. – Бүгінгі күні Қашаған кен орнынан мұнай өндіруді бастауға дайындық процесі жоспарға сəйкес жүргізілуде. Мұнай жəне газ министрлігіне үлкен жауапкершілік жүк те леді. Оның қызметі жетілдіріліп, тиімділігі арттырылатынына сенемін. Сондай-ақ,

Машина жасауды дамыту – отандыќ ґндірістіѕ ґзегі Премьер-Министр Серік Ахметов кеше Үкімет үйінде Қазақстанның машина жасаушылар одағы мүшелерімен кездесіп, арнайы кеңес өткізді. Кездесуде машина жасау саласының бүгіні мен келешегі, жалпы даму қарқыны талқыланды. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстанның машина жасау кешені таяу болашақта ел экономикасының негізгі саласының біріне айналуы тиіс. Бұл – Елбасы Үкімет алдына қойған маңызды міндеттердің бірі. Ол үшін мемлекет барлық жағдайды жасап отыр. Осыған

орай бүгінде бұл саланың дамуы да қарқынды. Кешегі кездесуді ашқан сөзінде Үкімет басшысы осы ойды құптады. Сондай-ақ, Индустрия жəне жаңа технологиялар вицеминистрі Альберт Раудың баяндамасы да оны дəлелдей түсті.

(Соңы 2-бетте).

министрлік тəжірибе жəне технологиялар алмасу үшін көршілес елдердегі серіктестерімен тығыз ынтымақтастықта болуы қажет, – деді Қазақстан Президенті. Өз кезегінде Ұ.Қарабалин саланы дамытудың оң қарқыны туралы хабардар етті. – 2013 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша мұнай жəне газ конденсатын өндіру 40 миллион тоннадан астамды құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,8 пайыз болды. Сонымен бірге, табиғи жəне ілеспе газ өндіру жоспарланған кестеге сай жүргізілуде. Мұнайгаз өнімдерін экспорттау жөніндегі жоспарлар, жалпы

бұрынғы президент кеңсесінің басшысы Исфандияр Рахим Машаи мен Теһранның қазіргі мэрі Мұхаммед Багир Галибафты жеңеді деушілер көп болды. Ал Хасан Руханидің есімі үміткерлер тізімінің орта кезінде ғана болатын. Оның артықшылығы сол, ол ұстанымы салмақты либералдар қатарына жататын. Президент М.Ахмадинежадтың кезінде ол халықаралық келіссөздерде Иранның делегациясын бастап жүрді. Бірақ, оның дипломатиясы əсіре оңшыл консерватор Ахмадинежадқа жақпаған болуы

алғанда, орындалуда, жекелеген көрсеткіштер жыл аяғына дейін теңестірілетін болады, – деді Мұнай жəне газ министрі. Ұ.Қарабалин Каспийдің қазақстандық қайраңының Жамбыл учаскесіндегі жұмыстары туралы да мəлім етті. – Жамбыл құрылымындағы барлау ұңғымасын сынақтан өткізу кезінде тəулігіне 60 тонна мұнай ағыны алынды. Біз бұл нысанды зерттеуді одан əрі жүргізе береміз, бірақ қазірдің өзінде жаңа кен орны табылғандығы туралы айта беруге болады, соған орай Сізді құттықтағым келеді. Мұнайшылар жəне біздің бəріміз үшін бұл өте қуанышты оқиға, – деді Мұнай жəне газ министрі. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

АҚПАРАТТАР аєыны  Қазақстанда 1 қыркүйекте 250 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. Соның ішінде Астана қаласында білім мекені табалдырығынан бірінші рет аттайтын бүлдіршіндер саны 12 мыңға жуықтайды.  Қызылорда облыстық прокуратурасы жыл басынан бері табиғатқа келтірілген зияны үшін 2 млрд. 666 млн. теңгені мемлекетке қайтарды. Аймақ құқық қорғаушылары бұған 42 тексерудің қорытындысында 46 ұсыныс пен 12 наразылық келтіру арқылы қол жеткізді.  Павлодар облысындағы Екібастұз қаласында 15 медицина қызметкеріне пəтерлер кілттері

керек, ұзамай ол бұл міндеттен шеттетілген. Соңғы кездері 64 жастағы Хасан Рухани Мақсатқа сəйкестік кеңесі стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы болып келді. Сонымен бірге, оның бір кезде Ұлттық қауіпсіздіктің жоғарғы кеңесіне хатшы болып істегенін де айта кету керек. Бір сөзбен айтқанда, оның басып өткен қызметтік баспалдақтары президент лауазымына лайықтығын көрсетеді. Сайлау барысында оның кандидатурасын Иранның бұрынғы президенттері Мохаммад Хатами

мен Али Акбар Рафсанджанидің қолдағаны белгілі. Сөйтіп, Хасан Рухани 14 шілдеде болған сайлаудың алғашқы турындаақ 51 пайызға жуық дауыс жинап, ИИР-дің кезекті президенті болып сайланды. Ол Иран Ислам Республикасы болып жарияланғаннан бергі 7-ші президент, ал жалпы сайлаудың өзі 11-ші рет өтіп отыр. Иран заңы бойынша президент тік ке тағайындалудың ең басты шарты – елдің Жо ғар ғы басшысының сайлау қоры тындысын бекітуі. Бұл процедурадан

 Президент поштасынан

Ардагерлер алєысы

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына «Тəуелсіз мемлекеттер ардагерлерінің (зейнеткерлерінің) қоғамдық ұйымдары қоғамдастығы» халықаралық одағы үйлестіру кеңесінің төрағасы, флот адмиралы А.Сорокиннен хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Өз хатында А.Сорокин Қазақстанда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан со ғысы ның батырларын мəңгі есте қалдыруға ерекше мəн беріліп отырғанына риза шылық білдіреді. Атап айтқанда, елде жыл сайын жаңа мемориалдық кешендер тұрғызылып, бауырластар қабірі жəне өзге де қастерлі орындарға жоғары

тапсырылды. Рəсімге қатысқан облыс əкімі Ерлан Арын қайта қалпына келтірілген қызметтік үйде жалпы 55 пəтер бар екенін айта келіп, қалғандарына мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау саласының мамандары орналасатынын жеткізді.  Оңтүстік Қазақстан облысында 1 млн. тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жиналды. Бұлардың қатарында көкөніс, картоп жəне бақша дақылдары бар. Көш басында 140 мың тонналық көрсеткішпен Сарыағаш ауданының диқандары келеді.  Ақын, жазушы Ақылбек Шаяхмет Қостанай қаласының құрметті азаматы атанды. Ұзақ жылдар бойы өңірдің рухани саласын көтеруге атсалысып келе жатқан азаматты бұл атаққа А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректораты мен ғылыми кеңесі ұсынса,

деңгейде күтім жасалады. Осы орайда, А.Сорокин Нұрсұлтан Назарбаевқа тарихи жадының сақталуы жəне ардагерлерге көрсетілген қамқорлық, Достастық халықтары арасындағы халықаралық ықпалдас тықты, бауырластық қарым-қа тынастарды нығайту бағытындағы дəйекті қадамдар үшін алғыс айтқан.

оған қалалық мəслихат депутаттары қолдау көрсетті.  Жыл басынан бері Ақтау қаласында 64,9 млрд. теңгенің өнеркəсіп өнімдері шығарылды. Бұдан басқа, 7 088, 8 млн. теңгенің құрылыс жұмыстары орындалды. Бұл деректерді қала əкімі Еділ Жаңбыршин мəслихатта берген есебінде келтірді.  Кеше Шығыс Қазақстан облысы Бесқарай ауданындағы Қарамырза ауылында мəдениет үйі ашылды. Бұл көп жылдар бойы қаңырап бос тұрған ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, қайта жаңғырту арқылы жүзеге асырылды. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Хасан Рухани сенбі күні өтті. Ал халық алдындағы ең үлкен салтанат – Президенттің парламент депутаттары алдында ант беруі. Біздіңше айтқанда, президентті ұлықтау рəсімі жексенбі күні болды. Оған өздерінің мəліметтеріне қарағанда, 50-ден артық елден жəне ондаған халықаралық ұйымдардан делегациялар қатысып, Иран Ислам Республикасы тарихында тұңғыш рет президентті ұлықтау ашық, халықаралық шара деңгейінде өтті. (Соңы 2-бетте).

 Сайлау – 2013

Наєыз іскер де лайыќты кандидаттар таѕдалды

Ауыл əкімдерін сайлау Оңтүстіктен бастау алды. Бұл, əрине, қай жаңалықты да жатырқамай қабылдайтын Оңтүстік жұртына үлкен жауапкершілік пен сенім жүктегені анық. Сөйтіп, кеше Қазақстан Президентінің «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауыл округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауыл əкімдерінің сайлауын өткізу туралы» Жарлығына сəйкес Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудандық, қалалық мəслихат депутаттары əкім сайлауы бойынша өз таңдауларын жасады. Біз соның ішінде Қазығұрт жəне Төле би аудандарындағы сайлаудың барысымен танысып қайтқан едік. Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Бірден айту керек, халық қалаулыларының осынау саяси науқанға белсене қатысуға аса ықыласты екендіктері жайдары жүздерінен де, қимылдарынан да байқалып тұрды. Содан болар,

қазығұрттық жəне төлебилік халық қалаулылары бұл іске өте жауапкершілікпен қарапты. Екі ауданның да депутаттары түгел қатысып, өз таңдауларын жасады. Қазығұрт аудандық мəс лихатында 16 депутат бар екен. (Соңы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.