06082014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №151 (28375) 6 ТАМЫЗ СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Елбасыныѕ апталыќ кестесі Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Үкіметтің экономика жəне əлеуметтік саланың өзекті мəселелеріне арналған кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Сайлау науќаны белсенді басталды Үстіміздегі жылдың 1 қазанында елімізде Парламент Сенаты депутаттарын сайлау өтетіні бекітілген. Осыған орай кеше Орталық сайлау комиссиясында арнайы отырыс өткізіліп, күн тəртібінде екі мəселе қаралды.

Елбасы ќабылдады Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Ө.Шөкеев Мемлекет басшысына «СамұрықҚазына» АҚ компаниялар тобындағы трансформация бағдарламасына əзірлік барысы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазынаның» отандық экономика акцияларының ірі иеленушісі болып саналатынын атап өтті. – Барлық мемлекеттік өндірістік компаниялар қордың қарамағында, ал оның міндеті – солардың корпоративтік басқарылуын жақсарту жəне активтердің құнын арттыру. Өткен жаһандық дағдарыс кезеңінде банктерді

қолдау жөнінде елеулі жұмыс атқарылды жəне қорға олардың акционерлерінің құрамына кіруге тура келді. Бүгінде «СамұрықҚазына» банк капиталынан шықты, енді ол өндірістік компанияларға инвестиция тарту, жаңа өнім түрлерін игеру, жаңа технологиялар енгізуді қамтитын өзінің негізгі қызметімен айналысуға ден қоюы қажет, – деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде Ө.Шөкеев қорды трансформациялау бағдарламасының басымдығы бар төрт бағыты айқындалғанын атап өтті. Олар: корпоративтік бас қару;

стандарттау жəне бизнес-үдерістерді оңтайландыру; басқару мен бизнес-шешімдердің бірыңғай ақпараттық жүйесін жасау; барлық компаниялар тобында жұмысты үздіксіз жетілдіру мəдениетін қалыптастыру. Қазіргі уақытта аталған бағдарламаны əзірлеу жұмысы аяқта луға таяу. Сонымен қатар, «Са мұрық-Қазына» компаниялар тобын трансформациялау бағдарламасын ресми түрде бастап беретін халықаралық форум өткізу жоспарлануда. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Алғашқы мəселе Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың шығындары республикалық бюджет қаражатынан өтелетіндігі туралы мəлімет болды. ОСК Төрағасының орынбасары Владимир Фоостың баяндауынша, 2014 жылы Сенат сайлауын өткізуге 136 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржыдан əрбір кандидаттың үгіт-насихат

жұмыстарын жүргізуіне жəне көліктік шығындарын өтеуге 395000 теңге қарастырылған. Оның 115000 теңгесі теледидар бойынша он бес минуттық сөз сөйлеуге бағышталса, ал 60000 теңгесі радиодан сөз сөйлеуге жұмсалуы тиістігі белгіленген. Бұдан басқа 105000 теңгесі баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан екі мақала жариялауға, кездесу үшін үй-жайды жалға алуға – 20000 теңге, үгіттік баспа материалдарын шығаруға

– 25000 теңге, сондай-ақ көліктік шығыстар Астана мен Алматы қалалары үшін 70000 теңге, ал облыстар үшін 35000 теңге көлемінде бекітіліпті. Кандидаттардың шығыстарын өтеу мəселесі талқыланған кезде жергілікті жерлердегі қызметтер бағасы ескерілгені айтылмай қалған жоқ. Мемлекет бөлген кепілдендірілген қаржы мақсатты жұмсалуы қажет екендігі ерекше атап өтілді. Егер қаржы мақсатты жұмсалмаған болса, онда ол бюджетке қайтарылуға жатады. Бұл ретте үміткер үгіт жұмыстарынан бас тартқан жағдайда да мақсатты қаржы кері қайтарылуы тиістігін айта кеткен лəзім. Екінші болып Сенат депутаттарын сайлауда шетел халықаралық ұйымдарының байқаушылары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қызметінің кейбір мəселелері жан-жақты қаралды. (Соңы 6-бетте).

● Айбын  Оймақтай ой Жақсы іс көп жасайды. Жүсіп БАЛАСАҒҰН.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Бўл да бір сын Алдыңғы күні Ресей Федерациясының «Алабино» полигонында танк биатлоны чемпионаты салтанатты түрде ашылды. Оған Қазақстан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник С.Жасұзақов қатысты.

● Ел тынысы: мың бір мысал

Шаєын тікўшаќ зауыты Семейде ашылып, жўмыс істей бастады Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

Елімізде Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының нышандары байқала да бас тады. Беларусь, Қазақстан жəне Ресей арасындағы жаңа инте гра циялық жоба тек қана экономикалық сипатқа ие. Бұл біртұтас экономикалық кеңістіктің кеңеюіне ықпал етпек əрі шағын жəне орта бизнестің жоғары қуатпен дамуына мүмкіндік жасалмақшы. Өн діріс орындары, кəсіпорын, зауыттар да серпіліске ие болмақ. Семейде жақында жерге тік қонатын арнайы ұшақтарды шығаратын зауыт іске қосылды. Ол өз құрылымы жағынан тікұшақтарға ұқсайды. Əуе көлігінің бұл түрін шығарумен «Fly Эйр Азия» ЖШС айналысуда. Зауыттың алғашқы аяқ алысын көруге Парламент Мəжілісінің депутаты Александр Милютин келді. Кəсіпорын енді ғана жұмысын бастағандықтан, əзірше мұнда 7 адам ғана жұмыс істеуде, жұмыс кү ш і а з дығ ын а қара мастан істейтін іс өте көлемді. Бүгінде екі шағын тікұшақ жинақталып қойылған. Оның құрамдас бөліктері Польшадан жеткізілуде. – Бұл тікұшақтар халық арасында «автожир» деген атпен белгілі, – дейді ұшқыш-механик Құрман Наубиджанов. – Əсіресе таулы аймақтарда аса қолайлы. Ондай жерлерге тікұшақтар, ұшақтар қона алмайды. Ал мына біз құрастырып отырған автожирлерге ол қиындық туғызбайды. Ондай жерлерге олар жақсы қонып қана қоймай, еркін ұша

Чемпионат барысында əлемнің 12 елінен келген танкистер кəсіби шеберліктерін, жауынгерлік машықтары мен команданың тұтастығын паш етеді. Біздің еліміз атынан «Оңтүстік», «Ба тыс» жəне «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының əскери қызметшілері қатысады. 4 танк экипажынан тұратын қазақстандықтар команда сайыс шарттарына сəйкес жауынгерлік көлікті жүргізу жəне əртүрлі қашықтықтардағы нысаналарды жою бойынша шеберліктерін көрсетуге əзір. Əлем чемпионаты 4 кезеңнен тұрады: жеке жарыс, спринт жəне ізіне түсіп жарысу, спорттық кезең, эстафета. да алады. Шағын тікұшақтар 30 градустық аязға төтеп бере алады. Сағатына 18-20 литр жанармай жағып, жылдамдығын 210 шақырымға дейін жеткізе алады. Зауыттың жұмысымен танысқан Парламент Мəжілісінің депутаты Александр Милютин мұндай кəсіпорын ешқайда жоқ екендігін, елімізде осындай техниканың барлық салалар үшін аса қажеттігін ерекше атап айтты. Семейде сондай-ақ, «Жаңа Семей шпал зауыты» АҚ ішінен полиэтилен құбырлар жасайтын цех ашылды. Бұлар шығаратын өнімдер экономиканың əр саласына қолданылады. Кəсіпорын басшысының айтуынша,

5-бет

«Еѕбегімніѕ жемісін алдымен ќазаќ халќы кґрсе деймін» 6-бет

Хабарлар BNews.kz, YK-news.kz, Egemen.kz, агенттіктері мен облыстық əкімдіктер сайттарының деректері бойынша əзірленді.

Оќырман назарына!

құбырлардың сапасы өте жоғары. Өйткені, мұнда ең соңғы үлгідегі технологиялар қолданылады. Төрт оператор барлық өндіріс жұмыстарын қадағалап отырады. Төрт ауысым бойынша 16 адам жұмыс істейді. – Шпал зауытының өнімдері «жасыл экономика» үшін аса маңызды, – деді бас инженер

Рымтай Сағындықов. – Біздің өнім барлық ГОСТ, сапаға сəйкес. Жақын аралықта арнайы ажыратылған құбырларды шығаруды жоспарлап отыр. Оларға да еліміз бойынша сұраныс жетерлік. СЕМЕЙ. –––––––––––– Суреттерді түсірген автор.

Бїгінгі нґмірде: Шын шебердіѕ шежірелі шыєармасы

Ұйымдастырушылардың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда полигонның жолдары күрделене түскен, жүріп өту қашықтығы 21 шақырымға дейін ұлғайтылған. Сондай-ақ, алаңда машина маневр жасауға тиіс қыраттар мен танкке қарсы бөгеттер қосылды. Экипаждар белгіленген бағдардан ауытқыған жағдайда айып секундтары қосылады. Танк биатлоны – бұл бүкілармиялық сайыс қана емес, сонымен қатар танк бөлімшелерінің қазіргі заманғы ұрысқа дайындығын тексеру болып табылады. Танк экипаждарының нəтижесі 16 тамызда шығарылады, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

● Астаналықтар ЭКСПО2017-нің үздік нышанын таңдауға кірісті. Кеше басталған бұл кезең 18 тамызға дейін созылады. Жалпы, шараға кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады Бұл үшін www.expo2017mascot.kz сайтына кіріп, ұнаған нышанға дауыс берсе жетіп жатыр. ● Қостанай облысында комбайндардың 95 пайызы егін орағына дайын. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Байбосын Мұрзин жеткізді. «Биылғы орақ маусымына 11,4 мың комбайн қатысады, оның 3 мыңы жоғары өнімді техника. Тағы 3 мыңнан астам дестелеуіш жатка, 9 мыңға тарта жүк көлігі, 19 мың трактор тіркемесі іске қосылады», – деді ол. ● Франция Шығыс Қазақ станда туризмді дамытуға қызығушылық танытты. Бұл мəселе осы ел дің Қазақстандағы елшісі Франсис Этьен мен облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың ресми кездесулері барысында кеңінен талқыланды. Онда Франция мен Алтай өңірінің экономика, туризм жəне мəдениет салаларындағы қызметтестігін кеңейту жайы сөз болды. ● Оңтүстік Қазақстанда 100 мың тоннадан астам көкөніс өндірілді. Жылдың алғашқы жартысында осыншама табысқа жеткен өңір диқандары мен бақшашылары еңбектеріне қамқорлық та жақсы. Мұнда өнімдерді сақтайтын жалпы сыйымдылығы 200 мың тонналық қоймалар жұмыс істеп тұр. ● Қызылорда облысында 10 ауылдық клубтың құрылысы жүріп жатыр. Аймақта биыл мəдениет нысандары құрылысына 1 млрд. 152 млн. теңге бөлінген. Материалдық базамен қатар қосымша штаттық бірліктер ашылған. Бұл əрбір елді мекенде мəдени-бұқаралық шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. ● Павлодар облысында 9,5 мың оқушыға материалдық көмек көрсетіледі. «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында жасалатын бұл қамқорлық туралы облыстық білім басқармасының басшысы Бақыт Бексейітова айтты. «Жалпы сомасы 86,6 млн. теңгеге 9541 оқушыға материалдық көмек көрсетілу жоспарланып отыр», – деп атап өтті ол. ● Шымкентте «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша биыл 12 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы мəлімдеген қала əкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, бағдарлама шеңберінде 2013 жылы 4,7 млрд. теңгеге 4 350 пəтерлі 64 тұрғын үйдің құрылысы басталған. Оның ішінде өткен жылы 986 пəтерлі 18 тұрғын үй пайдалануға берілген. ● Солтүстік Қазақстанда 6 айда 2 511 адам жұмыспен қамту бағдарламасына қатысты. Биылғы жылы аталған бағдарламаны жүзеге асыруға 3,2 млрд. теңге бөлінген. Шілде айының басына дейін соның 1,9 млрд. теңгесі игерілген. Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 5 нысан бойынша 48 инфрақұрылымдық жоба іске асты, 43 нысанда жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір оларда 590 жұмыс орны ашылған.

Абайлаѕыз, алаяќ! 7-бет

«ЭКСПО»-єа ќатысќан еѕ алєашќы ќазаќ 10-бет

Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.