06082015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №148 (28626) 6 ТАМЫЗ БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

БЕНЗОЛ

Əлеуметтік жауапкершілікке əлеуетті ґѕір

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова Шығыс өңіріне екі күндік жұмыс сапарымен келді. Мемлекеттік хатшы сапарының алғашқы күнін Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына арналған «100 нақты қадам аясындағы Қазақстан халқының бірлігі мен біртектілігі» атты ғылыми-тəжірибелік конференцияға қатысумен жəне облыс орталығындағы бірқатар əлеуметтік нысандармен танысудан бастады. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Жиынды өңір басшысы Даниал Ахметов ашып, 2015 жылдың мемлекет тарихында орын алатын айрықша жыл екенін, елімізде бірнеше атаулы мерейтойлар аталып өтетінін, бірегей бейбітшілік мəдениеті мен рухани келісімге негізделген маңызды саяси реформалар енгізіліп жатқанын айтты. – Конституция – көпұлтты

мемлекетіміздегі азаматтардың құқық теңдігін қамтамасыз етудің мызғымас кепілі. Елбасы таңдап берген бірлік жолы – біздің болашаққа құйған негізгі инвестициямыз. 100-ден астам этнос өкілдері тұратын облысымыз Елбасы нұсқаған жаңа міндеттерді іске асыру үшін біртекті қоғам ретінде жұмылуға дайын, – деді облыс əкімі. (Соңы 3-бетте).

Грант иегерлері тізімі таяу кїндері баспасґз беттерінде жарияланады

Кеше Астанада Білім жəне ғылым министрі А.Сəрінжіпов төрағалық ететін білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссия жұмысын бастады. Оның құрамында мемлекеттік органдар қызметкерлері, Ұлттық кəсіпкерлер палатасының, Қазақстан Азаматтық альянсының, Ғылым жəне білім қызметкерлері кəсіподағының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары бар. Білім жəне ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ведомство соңғы уақытта студенттік орта құру мен таңдау сапасын көтеру бағытында бірқатар жүйелі жұмыстарды жүргізуде. Комиссия бұл жолы да осы қағидатты ұстанады. Ол жоғары оқу орындарына студенттер қабылдау жөніндегі дайындық жұмыстарының қорытындысын шығарады. Отырыста 2015 жылға бөлінген

32 168 грант иегерлері анықталады. Оның 500-і жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне берілсе, 29 668-і 1 курсқа студенттер қабылдауға арналған. Соның ішінде күндізгі оқу бөлімі гранттарының саны – 29 168, сырттай үшін – 500. Білім гранттарын қабылдау құқығын конкурс жолымен анықталған 60 жоғары оқу орны жеңіп алды. (Соңы 2-бетте).

Атырау мўнай ґѕдеу зауытында жаѕа ґнімніѕ алєашќы партиясы алынды Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Еліміздің мұнай өңдеу саласындағы тұңғыш кəсіпорын – Атырау мұнай өңдеу зауытында бірнеше сатылы қайта жаңғырту жобасы сəтті іске асырылып келеді. Алдымен, Жапонияның «Марубени Корпорейшн» компаниясы қайта жаңғырту жобасын іске асырған еді. Бұдан соң аталған зауытта Қытайдың «SІNOPEC Engіneerіng» компаниясы хош иісті көмірсутектер шығаратын кешен құрылысын жүргізуді қолға алды. Осыған орай АтМӨЗ жəне «Синопек инжиниринг» компаниясы арасында өзара шартқа қол қойылды. Жоба бойынша кешен құрылысына салынатын инвестициялық қаржының көлемі 1 миллиард 40 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл Елбасының 2015 жылға дейінгі мерзімде мұнай өңдеу зауыттарын қайта жаңғырту жөніндегі тапсырмасына орай қолға алынған алғашқы жоба болуымен ерекшеленді. Жобаны іске асыру еліміздегі мұнай-химия өнеркəсібін дамытуға тың серпін береді. Мұны мамандар жоба туралы əңгіме басталғаннан бері айтып келеді. Нақтылай айтқанда, алдымен жылына 133 мың тонна бензол жəне бір жылда 496 мың тонна параксилол шығаруға қол жеткізеді. Сонымен бірге, осы жоба арқылы АтМӨЗ-де шығарылатын тауарлы бензиндердің сапасын Еуро-4 стандарты деңгейіне жеткізуге болады. Ал экологиялық тұрғыдан айтқанда, жанармай түрлеріндегі бензолдың мөлшері 1 пайыздан, хош иісті көмірсутегілер 35 пайыздан аспайды деп түсіндіреді мамандар. Бензин түрлері мен дизель құрамындағы күкірт мөлшері, қоршаған ортаға зиянды

Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

əсері азаяды. Еуро-4 стан дартының талабы осындай. Дизель мен авиаотын өндіру де ұлғайтылмақ. Оның ішінде дизель көлемін қосымша сутегі алу есебінен молайтуға мүмкіндік бар екен. Мотор майларының сапасы мұнай өнімдерінің түр-түрін көбейту есебінен жақсартылмақ. Соның ішінде Еуро-2 стандартына сəйкестендірілген Регуляр-92, Премиум-95, Супер-98 маркілі бензиндерінде бензол мен күкірттің мөлшерлі көрсеткіштері бойынша сапа қоры сақталады. Еуро-2,3,4 стандарттарымен шығарылатын қысқы жəне жазғы дизель отындарында қоспа қолданылмаса да 35 градустық салқында қатпайтындығымен ерекшеленеді. Сол себептен, экологиялық жағынан таза бұл өнімді жеңіл жəне жүк көліктеріне

ДСЎ: уаќытпен ќатар жїру мїмкіндігі Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) ресми түрде мүше болып қабылданды. Ол биылғы маусым айының 22-інде аяқталған келіссөздің оң шешілуі арқасында мүмкін болды. «Бүгін Женевада жұмыс тобының қорытынды жиналысы болып өтті, онда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуына байланысты келіссөздердің аяқталғаны жарияланды», – делінген сол тұста Ақорда хабарламасында. Сол күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы оқиғаға байланысты келіссөздердің аяқталуына орай үндеу жолдады. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Айтылған уақыттың көзді ашып-жұмғанша жетіп келетіні анық. «Бұл Қазақстанның өзі «белгілеген» шектеулі мерзім. Ратификация жүзеге асырылғаннан кейін республика мұнымен ДСҰ-ның бас директорын хабардар етуі тиіс», – деді бұрнағы күні осы оқиғаға байланысты ДСҰ-ның ақпарат жəне сыртқы байланыс бөлімінің өкілі Мелисса Бегаг. Осы хабарламадан кейін ғана 30 күндік

Бұдан бұрын мəлім етілгендей, Қазақстанның ДСҰға мүше болып қабылдануы үшін дайындалған құжаттар дүйсенбі күні ұйымның бас кеңесі алдына ұсынылды. Онымен 161 мүше елдер өкілдері мұқият танысып шықты. Соңынан Мемлекет басшысы республиканың ДСҰ-ға кіруі туралы хаттамаға қол қойып, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберт Азеведамен бірге баспасөз мəслихатын өткізді. Қазақстан енді биылғы жылдың 31 қазаны күні ДСҰ-ға кіргені туралы хаттамаға ратификация жасайды. Сонымен, біздің еліміз аталмыш ұйымның толыққанды мүшесі болып табылады.

есеп кезеңі басталады. Ол Қазақстан ДСҰның 162-ші мүшесі болғанға дейін басталуы тиіс. Ал мүшелікке өткені туралы хабарлама Кенияның астанасы – Найроби қаласында өтетін конференцияда жарияланады. «Алға қойылып отырған мақсат сондай, Қазақстан Найробидегі министрлер конференциясына толыққанды мүше ретінде қатысуға тиіс», – деп сөзін түйіндеді Мелисса Бегаг. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін мемлекеттің агроөнеркəсіптік кешенді субсидиялауын 8,5 пайызға жеткізу

құқығын қорғап шықты. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері республиканың ұйымға мүше болып кіру жөніндегі келіссөз шеңберінде ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауды ту етіп көтергеніне тоқталды. Министрліктегілер ауыл шаруашылығына «жасыл кəрзеңке» аясында мемлекеттік қолдаудың ешқандай кедергісіз жүзеге асырыла беруінің өзінің маңызы жоғары екеніне назар аударды.

● Мəселенің мəнісі

9 мектеп жабылып, 5 мектеп ќайта ќўрылады Журналистермен кездесуде Қостанай облыстық білім беру басқармасының басшысы Əлия Тұрғараева осыны мəлімдеді. Содан кейін мектептердің жаңа оқу жылына жəне қысқа дайындығы, оқулықтың жеткізілуі жөнінде əңгімеледі. Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Облыстағы 548 жалпы білім беретін мектептердің 47 пайызы күрделі жөндеуден өткізілді. Қарасу ауданындағы апат жағдайында тұрған Ильич білім ұясы туралы көптен бері айтылып келеді. Білім беру басқармасының басшысы бұл мектептің жөндеу жұмыстары 2016 жылы жүргізілетінін айтты.

Жыл басынан бері 5 білім мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінге дейін барлығы 741 мемлекеттік білім беру мекемелерінің 431-і қатты отынмен жылытылады. Оларға жылына 95 мың 21 тонна көмір жеткізілуі тиіс. Қазір барлық керекті отынның 94 пайызы жеткізілді. Облыста биыл 9 мектеп жабылып, 5-уі қайта құрылатын себебі ауылда бала санының

азаюына байланысты болып отыр. Өткен жылы 8 мектеп жабылып, 10 мектеп қайта құрылған болатын. Əлия Тұрғараеваның айтуынша, былтыр 3-ші жəне 10шы сыныптар арасындағы оқушылар оқулықпен 98 пайыз қамтамасыз етілген. Алайда, білім ошақтарына кітаптардың өз уақытында жеткізілмеуі біраз қиындықтар туғызған болатын. Биыл оқулықтардың тасымалданып, жеткізілуі 80 пайызды құрап отыр. Ал оларды аудандарға жеткізу 10 тамызда аяқталады. ҚОСТАНАЙ.

(Соңы 3-бетте).

Бїгінгі нґмірде: Қазақ руханиятының шыңы

4-бет

Əз Жəнібек хан: аңыз бен ақиқат 5-бет

Əбігерге түскен əлем 6-бет

қолдануға əбден болады. Қазіргі кезде жылына 200 мың тоннаға дейін шығарылатын ТС-1 реактив отыны сутегінен тазартылып, керосинмен араластырылу арқылы тұтынушыға ұсынылмақ. Міне, мұнай өнімдерінің сапасын жақсарту мен қоршаған ортаға зиянын шектеуді аталған жобаның бір артықшылығы деуге болады. Хош иісті көмірсутектер шығаратын кешені АтМӨЗ-дің мұнай өңдеу қуатының молаюына да сеп болмақ. Себебі, 2003-2006 жылдар аралығында жүргізілген қайта жаңғырту жобасының жалғасы болып есептелетін бұл кешен құрылысы Францияның «Axens» лицензиясын иеленген «Paramax BTX» технологиясы бойынша іске асырылды. Жо баға кіретін каталикалық риформинг қондырғысы бензол

бөліп шығаруға негізделген. Ал хош иісті көмірсутегін шығаратын кешен құрылысы аясында тұрғызылатын «Eluxyl» қондырғысымен параксилол өнімі алынады. Бұған қоса ксилолдарды изомерлейтін «XyMax» қондырғысы жəне толуолды тран салкилдеуге қажетті «Trans Plus» қондырғысын салу көзделді. Осы қондырғылар жобаның басты артықшылығын айқын дай ды. Осындай маңызы бар, əлемдік озық технологиялар қолда нылатындығы көзделген АтМӨЗдегі хош иісті көмірсутектер шы ғаратын кешен құрылысы былтырғы жылдың аяғында іске қосылған еді. Жақында жаңа кешенде жаңа өнім – бензолдың алғашқы партиясы алынды. (Соңы 5-бетте).

● Кəсібің – нəсібің

● Жыл басынан бері елімізде жылжымайтын мүлікті жария ету үшін 43 040 өтінім түскен. Қаржы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың жалпы сомасы 406,2 млрд. теңгені құрайды. Ал 31 шілдедегі мəліметтерге сəйкес, «Мүлікті жария ету үшін алым» бойынша бюджетке іс жүзінде 2,9 млрд. теңге түсті. ● Қазақстаннан қажылыққа барушылар Меккеге 6 са ғатта жететін болды. Мұндай нəтижеге ҚМДБ Қажылық миссиясы өкілдерінің Сауд Арабиясы Қажылық ми нистрлігінің лауазымды тұлғаларымен кездесуі нəтижесінде қол жеткізілді. Осы мақсатта биыл тұңғыш рет Астана, Алматы жəне Шымкент қалаларынан Жидда бағыты бойынша тікелей əуе рейстері ашылады. ● Биылғы қаңтар-шілде айлары аралығында Астанада 10 530 жаңа жұмыс орны ашылды. Қала əкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мəлімет бойынша, ең көп жаңа жұмыс орны сауда-саттық саласына тиесілі (2418). Сондайақ, осы аралықта Астана бойынша 3 252 адам жұмыспен қамтылған. ● Алматыдағы селден зардап шеккендерге арнап қазақстан дықтар 50 млн. теңге жинады. Бұл қаржы «Жаңа Алатау» қоғамдық қорының арнайы шотына түскен. Оның басшысы Айдар Балабековтің айтуынша, түскен қаражатты жұмсау мəселесімен мемлекеттік құрылымдар жəне бизнес пен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құрылған арнайы комиссия айналысады. ● Бүгінде Оңтүстік Қазақстанда 6 индустриялық аймақ пайдалануға берілген. «Оңтүстік» индустриялық аймағы» ЖШС директоры Мұхтар Тұрабековтің сөзіне сүйенсек, жыл соңына дейін тағы 6 аймақ іске қосылады. Қазіргі таңда өңірдегі барлық индустриялық аймақта 176,9 млрд. теңгенің 148 инвестициялық жобасы жүзеге асып, 15 829 жұмыс орны ашылған. ● Қызылорда облысын кешенді газдандыру жобасы шеңберінде өңір бюджетінен 2015 жылға 356,7 млн. теңге бөлінді. Облыстық энергетика, тұрғын үй жəне коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Шəменовтің мəлімдеуінше, бұл қаражат жыл соңына дейін 4 аудан орталығын толық газдандыруға жұмсалады. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

ЌОС КƏСІПКЕР

ґз істерін дґѕгелетіп, ўршыќша їйіріп отыр Аудан экономикасының дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан шағын жəне орта бизнес өкілдерінің бірі – ерлі-зайыпты Бауыржан Кəрімов пен Айнагүл Қадіркеева. ХХ ғасырдың аяқ шенінде мемлекеттік өндіріс орындары таратылып, болмаса жабылып, əркімнің өзінше тірлік жасауларына тура келді. Бірі қорадағы малын көбейтіп, жеке шаруа қожалығын құруға талпынса, екіншісі жер баптап, астық өсіруді жөн көрді. Қаржылық күш-қуаты жеткендер саудаға бейімделіп, дүкен, асхана нысандарын тұрғызды. Келесі бірі құрылыспен айналысса, бəзбіреулер иесіз қалған ғимараттарды жекеменшікке айналдырып, нəпақасын тапты. 1998 жылы кəсіпкерлік жолға түскен Бауыржан мен Айнагүл екінің бірінің тісі бата бермейтін дəріхана секілді күрмеуі қиын саланы таңдап алды. Уақыт өте келе тəжірибе жинақтап, оң мен солын айырғаннан кейін ветеринарлық дəріхананы іске қосты. Арада екі жыл өтпей жатып компьютерлік салон мен баспахана бой көтерді. Мұнда балалардың бос уақыттарын мазмұнды өткізуге мүмкіндік тудырылса, екіншіден, жергілікті мекемелер мен тұрғындар баспа өнімдерімен қамтамасыз етілді. Бұдан былай тұрғындар бір парақ қағаз үшін қалаға жүгірмейтін болды. Ерлі-зайыптылар жұртшылық игілігіне пайдалануға берген ауқымды құрылыстардың бірі – қонақ үй. Маңызды нысанды салуға жұмсалған қаражат пен моральдық-психологиялық салмақтың жүгін айтпай-ақ қояйық. Төрт қабырғасы қалқиып, жұрты үңірейіп тұрған үй орнына жан бітіру, қараса көз тоятын

əлеуметтік нысанға айналдыру – үлкен ерлікпен пара-пар. Бүгінде мейманхана орналасқан ғимаратта 36 орындық дəмхана мен бильярд залы бар. 10 адам жұмыспен қамтылған. Былтыр азық-түлік дүкені есігін айқара ашты. Əрине, кəсіпкерлік сала айтар ауызға ғана оңай. Жеңіл болса кез келген адам ұмтылыс жасар еді. Шын мəнінде олай емес. Іскерлік, табыстың көзін таба білу, ұйымдастырушылық қасиеттер өз алдына, қомақты қаржысыз ілгері басу қиын екенін ерлізайыптылар тəжірибеден жақсы біледі. Бауыржан мен Айнагүл де Үкіметтің жеңілдетілген несиесіне сүйенді. Бастапқыда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-тан төмендетілген пайызбен несие алды. Кейін Еуразиялық банк арқылы да шаруасын дөңгелетті. –Шағын жəне орта бизнесті қолдау туралы Елбасының

тапсырмасы қағазбастылықты кемітіп, бюрократтық кедергілерді мейлінше азайтуға айтарлықтай ықпал етті,– дейді Бауыржан Берушаұлы. Елімізде ауқатты отбасылардың саны күннен-күнге артып келеді. Олар бала-шағадан артылғанын қосалқы шаруашылық ашуға, өндіріс орнын кеңейтуге жұмсайды. Демек, жаңа жұмыс орындары пайда болып, жұмыссыз жүргендер екі қолға бір күрек ұстайды деген сөз. Жергілікті салық түсімі де молаяды. Сондықтан, жұмыс істеймін деп талаптанғандар өз шаруасын ұршықша үйіріп отырған «Кəрімов» жеке кəсіпкерлігінен үлгі алса, еш артықтық етпейді. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегеннің бір мысалы осы. Болат АМРИН.

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.