Бүгінгі нөмірде: Енді еліміз елулікте!
2-бет Бақыттың берік қорғаны 4-бет «Үркерге» үстірт қарамасақ 7-бет Қоғам тудырған қозғалыс 9-бет
№205 (28144) 6 ҚЫРКҮЙЕК ЖҰМА 2013 ЖЫЛ
Елбасы – Санкт-Петербургте
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Үлкен жиырмалықтың» саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербургке келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
БЎЎ Бас хатшысымен кездесті
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесуде көптарапты өзара ісқимылдың кең ауқымы, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мəселелері қаралды. Қазақстан Президенті еліміз
БҰҰ-ның бастамаларын əрдайым қолдай отырып, Ұйымның қызметіне белсене атсалысып келе жатқанын атап өтті. – Біз бірлесіп ядролық қару сыздану жəне жаппай қырып-жоятын
жалғастырудамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Қазақстанның Алматыда БҰҰ-ның Өңірлік орталығын құру жөніндегі бастамасын атай келе, оның жұмысы үшін барлық жағдай жасалатынын мəлім етті. Қазақстан Президенті халық аралық сипаттағы барлық проблема, əсіресе, соғыс пен бейбітшілік мəселесі халықаралық құқық қағидаттарының негізінде жəне Ұйымның қатысуымен шешілуі тиіс екенін атап көрсетті. Өз кезегінде Бас хатшы осы кездесудің өткеніне ризашылығын білдірді. – Мен G20 саммитіне Қазақстан ның шақырылуы елдің эко номикалық дамуының табыс та ры мен жетістіктерінің сөзсіз мойындалуының жəне халықаралық беделінің артуының, сондай-ақ жаһандық экономикалық мəселелерді шешудегі мемлекет рөлінің дəлелі болып табылады деп есептеймін. Сіз Қазақстанды өңірлік қауіпсіздікте маңызды рөл атқаратын елге айналдыр дыңыз жəне бұған Сіздің көшбасшылығыңыздың арқасында қол жеткізілді, – деді Пан Ги Мун. Бас хатшы Қазақстанды Мыңжылдық мақсаттары жетістіктерімен жəне бірқатар ауқымды экономикалық міндеттерді шешуімен құттықтады.
қаруды таратпау саласында көп жұмыс жасадық. Сондай-ақ, 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау жөніндегі бас тамамызды қолдағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Бұған қоса, біз «жасыл экономиканы» дамыту жөніндегі бағдарламаға белсене атсалысып, бұл бағыттағы жұмысты
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Даєдарыспен бірлесіп кїресу ќажет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургтегі G20 саммитінің сессиясында сөз сөйледі, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Сапар барысында Мемлекет басшысының G20 саммитінің жұмысына қатысуы, шет мемлекеттер жəне халықаралық ұйымдар басшыларымен екіжақты кездесулер өткізуі жоспарланған.
Туыстық туы
Тамырластыќ тіні тереѕде
Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мəмидің Түркіменстанға ресми сапары басталды. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» – Ашғабадтан.
Бір тамырдан тараған, бойларында буырқана ойнаған түркілік қаны бар жұрттың саны кейбір зерттеушілердің ұйғарымынша 200 млн. шамасында десе, солардың көпшілігіне дербес мемлекет атануды тағдыр маңдайына жазбаған екен. Тек алтауына ғана өз алдына тəуелсіз мемлекет ету бағы бұйырса, соның бірі біз де, енді бірі түркімендер. Ақ мəрмəрдан қаланған, ажары толған айдай толысып, ұлттық бедері əрбір тынысынан сезілетін Ашғабадта шыжыған ыстық. Əуе айналғандай күйдіріп тұрған алтын күн туысқан келді деп ыстық құшағын ашқандай. Кешінің өзі 33 градусты көрсетсе, күндізгі 43-ті қалыпты жағдай санайтын түркімен бауырлар Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының сапарына үлкен мəн бергенін қолымызға тиген бағдарламадан аңғардық. Сондықтан да, көрген-білгенімізді шашауын шығармай оқырманға жеткізуді мойнымызға алдық. Жалпы, екі ел арасындағы қарым-қатынастың қапысы
жоқ. Мемлекет басшылары ның кездесулері мен екіжақты өткен сапарлар ынтымақтастық байланыстарды кеңейте түскен. Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов 2008, 2009, 2010 жылдары елімізде өткізілген түрлі шараларға қатысса, биылғы жылдың мамыр айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен арнайы жол тартқаны мəлім. Біздің Елбасы Нұрсұлтан На зарбаевтың 2009 жылы «ТүркіменстанӨзбекстан-Қазақстан-Қытай» газ құбырының ашылу салтанатына жəне 2012 жылы ТМД мемлекет басшыларының кездесуі кезінде жұмыс сапарымен түркімен топырағына табаны тиген. Тамыры бір туыс елдер арасындағы осындай барыс-келіс қарымқатынастарды барлық салаларда өрбітуге жол ашты. Сенат Төрағасы кеше ер теңгілік Ашғабадтағы жұмысын Түркіменстан Сыртқы істер министрлігі жанындағы Халықаралық қатынастар институтының студенттері мен профессороқытушылар құрамы алдын дағы сөз сөйлеумен бастады. (Соңы 2-бетте).
Нұрсұлтан Назарбаев шақыруға ризашылығын білдіріп, жаһандық дағдарыстың бір себебі экономиканың нақты секторымен байланыссыз «сабынды көбік» түріндегі қаржылық құрылымдардың қарқынды дамуы болып табылатынын атап өтті. Мемлекет басшысы маңызды əлемдік шешімдерді қабылдау кезінде көптеген дамушы елдердің ұстанымы іс жүзінде назарға алынбайтынын айтты. – Қазақстан тəрізді елдердің де пікірі еленуі үшін бұдан екі жыл бұрын менің тарапымнан G-GLOBAL жобасы
бастама ретінде көтерілді. Ол G8-ге жəне G20-ға балама емес, қазіргі кезде ақпараттық-коммуникативтік алаң ретінде іске асырылып жатқан жаһандық диалогтың қосымша құралы ғана, – деді Қазақстан Президенті. G-GLOBAL-дан бөлек Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының қолдауымен Астанада 104 елдің экономикалық ведомстволары жетекшілерінің қатысуымен Дағдарысқа қарсы бүкілəлемдік конференция өткізілді. Осы инновациялық жаһандық диалог пішініне баса назар
Ќазаќстан – Ќытай:
Тарихи кезеѕдегі жаѕа мїмкіндіктер
ЌХР Тґраєасы Си Цзиньпинніѕ Ќазаќстанєа алєашќы мемлекеттік сапарына орай
Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Екіжақты қатынастардың материалдық базасын нығайтуда ынтымақтастық тəжірибесін тереңдету ерекше орын алады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, соңғы
аударған Нұрсұлтан Назарбаев мейлінше өзекті проблемаларды шешуге қатысты өз көзқарасын ортаға салды. Осылайша əлемдік қаржывалюталық архитектурасы барлық елдің мүддесін сақтауға эволюциялық жолмен келуге тиіс. Мемлекет басшысының келесі ұсы нысы əлемдік экономикадағы борышкерлік қатынастарды теңдестіруге байланысты болды. – Мемлекеттік жəне корпоративтік қарыз алу көлемін реттеудің жəне бақылау жасаудың жаңа элементтерін əзірлеу əрі енгізу ұсынылады, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысқа қарсы күресте өңірлік ықпалдастықтың маңызды рөл атқаратынын айта отырып,
Президент поштасынан
Əлем жəне Қазақстан
Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қатынастар орнап, өзара байланыстар жасала бастағаннан бергі кезеңдерде көрші əрі іргелі екі ел шынайы достық пен ынтымақтастықтың үлгісін көрсетіп келеді. Бастапқы кезде-ақ дұрыс таңдалған жол бүгінде Қазақстан мен Қытайды көпжақты стратегиялық серіктес мемлекеттерге айналдырып
Қазақстан, Ресей жəне Беларусь құрған Кеден одағын мысалға келтірді. – Қазақстан да Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің қорытынды кезеңінде тұр. Бұл орайда осында отырған мемлекеттер мен үкіметтер басшыларынан 2013 жылдың соңына дейін Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне қолдау көрсетуді сұраймын, – деді Мемлекет басшысы. Бұған қоса, Қазақстан Президенті біздің еліміз G20-ның «Жасыл климат қоры» жөніндегі бастамасын қолдайтынын мəлімдей келе, «Болашақтың энергиясы» тақырыбында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің Астанада өтетіні Қазақстанның «жасыл экономиканы» жаңғыртуының айғағы екеніне тоқталды. Сөзінің соңында Нұрсұлтан Назарбаев айтылған ұсыныстардың назарға алынып, аталған салалардағы қызметтің жандана түсетініне сенім білдірді.
отыр. Өйткені, екі ел де өзара түсіністікпен дамуды өздерінің сыртқы саясаттағы басымдықтары ретінде қарастырады. Сондықтан да, Қазақстан-Қытай қатынастары қазіргі кезде бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жетті. Міне, бұлар стратегиялық серіктес Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығына жаңа перспективалар ашатыны анық.
жылдары екі елдің саудаэкономикалық байланыстары белсенді дами түскенін көруге болады. Бұл дұрыс та. Себебі, Қытай біздің елімізді өздерінің ірі сауда серіктесі деп таниды. Оның үстіне Қытайдың ТМД елдеріндегі сауда əріптестері арасында Қазақстан Ресейден
кейін екінші орын алады. Екіншіден, Қазақстан мен Қытай 2015 жылға қарай өзара сауда көлемін 40 миллиард АҚШ долларына дейін арттыруды стратегиялық мақсат етіп қойып отыр. Əрине, бірер жылдың ішінде бұған қол жеткізу жеңіл шаруа емес. Ол бірлескен күш-жігерді қажет етеді. Сондықтан екі мемлекет те бұрыннан қалыптасқан мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты сақтай отырып, шикізаттық емес сектордың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруға ниеттенуде. Мысалы, ауыл шаруашылығы, көлік транзиті, жоғары технологиялар, телекоммуникация, химия өнеркəсібі, тағы басқа салалар. Сондайақ, екі елдің гуманитарлық жəне аймақаралық ынтымақтастығын белсенді жүргізуге басымдық беріліп отыр. (Соңы 3-бетте).
Ерекше ќамќорлыќ їшін ризашылыќ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына еліміздің мектеп оқушыларынан хаттар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Өз хаттарында оқушылар Мемлекет басшысына оқудағы табыстары туралы айтып, өскелең ұрпақ үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінгені үшін алғыстарын білдірген. Ақтөбе облысындағы Тамды көмекші мектеп-интернатының 9-сынып оқушылары коньки спорты бойынша 2013 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Бүкілəлемдік қысқы арнаулы Олимпия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады. Олар жас спортшы-паралимпиадашылар атынан Қазақстанда мүмкіндігі шектелген адамдарға арналған спортты дамытқаны үшін Президентке алғыс айтқан. «Спорт – біз үшін қалыпты өмірге оралу. Əрбір мəре – əрдайым үміт, өзімізге сене білудің үлгісі. Бұл адам мүмкіндігінің шегі жоқ екенін білдіреді», – деп жазады авторлар хатта. Алматы қаласындағы «Зейнеп» мектебінің 2-сынып оқушысы Н.Данабаев өз хатында оқудан алған əсерін бөлісіп, өзі емделіп жатқан балалар орталығы педагогтарының еңбегін атап өткен. «Бізде жақсы мектептер мен балалар орталықтары, сондай-ақ балаларға көмектесетін жақсы адамдар көп. Менің арманым – ақылды болып ержету, анама көмектесіп, барлық адаммен дос болу», – деп жазады Н.Данабаев. Қарағанды мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Р.Жалаев отбасы мен жақындары оқуына қолдау көрсетіп, ауруға қарсы күресте көмектесетінін айтқан. «Жақында маған білім алуым үшін мектептен арнайы жабдықтар алып келді. Оларды қолдану арқылы оқу қызықты бола түсті. Мен Интернет
арқылы көп қызық жайттарды біліп, өз қатарластарыммен əңгімелесе аламын», – делінген хатта. «Біздер, мүмкіндігі шектелген балалар, үш жылдан бері барлық басқа балалар секілді мектепте оқып жүргеніміз үшін Сізге зор алғыс айтқымыз келеді», – деп жазады Президентке астаналық №65 мектеп-гимназияның инклюзивтік 3-сынып оқушысы А. Базарбай. Оқушы қыз Мемлекет басшысына өздеріне көрсетілген қамқорлықты ақтайтынын, сүйікті еліміздің нағыз лайықты азаматы болатындарын айтқан. Ал Шығыс Қазақстан облысының Жаңа Бұқтырма кентінен хат жолдаған 11 жастағы Н.Коломысов сырқатынан айығуына байланысты қуанышын бөліскен. «Мен туабітті жүрек талмасымен ауырып, қатты жапа шектім. Сіздің арқаңызда анаммен бірге Оңтүстік Кореяға тегін ота жасатуға бардым. Содан кейінгі халім жақсы, мектепте оқып жүрмін. Футбол ойнап, суда жүзе аламын», – дейді ол хатында. Н.Коломысов өз ауылындағы барлық бала атынан Мемлекет басшысының қызметіне табыс тілейді. Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Воладар орта мектебі 10-11-сынып оқушылары ауылдық елді мекендерге жас мұғалімдердің келуіне себепші болған «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының іске асырылып жатқаны үшін ризашылық білдіреді. «Олардың келуімен мектеп өмірі жандана түсті, оқуға деген ынта-ықылас артып, сабақтар қызықты, тартымды бола бастады», – дейді оқушылар Мемлекет басшысына жолдаған хатында.