СІЗ не дейсіз? Ауылды ўйќы ќысып тўр. Неге?
Есіл ауданының Калачи ауылындағы ерекше жағдай республика аумағында бұрын кездеспеген. Шағын ауыл тұрғындары ойламаған жерден шырт ұйқыға кететіні жайында газетімізде жазылған. Арнайы комиссиялар, жұмыс топтары құрылып, кешенді зерттеулер жүргізілгенімен, тосын жағдай тағы да қайталануда. Дүрбелең 2013 жылғы наурыз айында көрініс беріп, бүгінгі күнге дейін төрт рет қайта айналып соқты. Соңғысы 2014 жылдың 28 тамызында тіркелген. Жұртшылықты алаңдатып отырған мəселеге қатысты қандай шаралар атқарылуда, ол адам денсаулығына қауіпті ме?
№174 (28397) 6 ҚЫРКҮЙЕК СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
АЌШ Конгресі мїшелерін ќабылдады
«Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі Бақберген Амалбек облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, медицина ғылымдарының докторы Қасымжан Тəшметовке: – Сіз бұған не дейсіз? – Ауылда 555 тұрғын болса, оның тоқсаны 14 жасқа дейінгі балалар. Калачи отыз жыл уран өндірумен айналысқан Красно гор кентінен 600-ақ метр жерде орналасқан. Кеңес өкіметі құласымен кəсіпорын жұмысын тоқтатып, шахталар жабылды, топырақ құрамы да залалсыздандырылған. Орын алған ерекше құбылысқа келсек, бұл алғашында 2013 жылдың 22 наурызында байқалып, 7 мамырға дейін Калачидің 12 тұрғыны медициналық көмекке жүгінді. Бұл жағдай жыл соңында тағы қайталанды. Ал биыл бірнеше рет тіркеліп отыр. Дəрігерлер қарауында болған кісілердің кəдуілгі мүлгуден терең ұйқыға кетуі, ағзадағы аздап ауытқушылық байқалды. Мамандар бұл кеселге белгісіз этиология негізіндегі энцефалопатия диагнозын қойып отыр. Сырқаттардың барлығына тиісті көмек көрсетілді. Облыстық штаб тұрақты жұмыс істеп тұр. Биылғы сəуірдің 23-27-сі аралығында Калачи мен Красногор кентінің 728 тұрғыны тереңдетілген медициналық байқаудан өтті. Бурабайдағы «Қарағай» жəне «Бурабай» санаторийлерінде 10 ересек адам мен 65 бала сауықтырудан өткізілді. Ал ауылдағы жағдай күнделікті бақылауда ұсталуда. Оқиға соңғы бой көрсеткен 28 тамыздан бері 18 адам аудандық ауруханаға жатқызылды. Санитарлық авиация көмегімен үш бала облыс тық балалар ауруханасына жеткі зілген. Қыркүйектің 3-інде алты адам үйлеріне қайтарылды. Осы ауылдың медбикесі амбулаториялық ем қабылдап жүр. Калачи ауылы тұрғындары арасында қайтадан тіркелген дерт себептерін анықтау мақсатында Үкіметтің тапсырмасына сəйкес, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Зерттеу нəтижелері ведомствоаралық топтың жұмыс қорытындылары бойынша жарияланатын болады. Қазірше тосын кеселдің қиын зардаптарын байқаған жоқпыз. Сондықтан, асыра алаңдаушылықтың қажеті жоқ деп білемін. Ақмола облысы.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Конгресінің мүшелері Дэйна Рорабакер жəне Грегори Микспен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында ҚазақстанАмерика қарым-қатынастарының стратегиялық сипаты, сондайақ сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамуы атап өтілді. Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелерді талқылады. АҚШ конгрессмендері Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық
жетістіктерін атай отырып, екі елдің арасындағы өзара тиімді серіктестік одан ə р і н ы ғ а я береді деп үміттенетіндіктерін жеткізді. БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Д.Рорабакер Конгресс мүшелері сапар аясында жоғары деңгейде бірқатар кездесулер өткізгенін айтты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2015 жылды Ќазаќстан халќы Ассамблеясыныѕ жылы деп жариялау туралы
Елдегі қоғамдық келісімді одан əрі нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының ұлттық бірлігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында қаулы етемін: 1. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялансын. 2. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын ұйымдастыру жəне өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан əрі – Мемлекеттік комиссия) құрылсын. 3. Мыналар: 1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже; 2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 29 тамыз. №901
– Құрама Штаттар мен əлемнің өзге де елдерінің халқы Қазақ стан бүгінде бұдан арғы дамудың бағдарын айқындайтын маңызды ойыншы болып саналатынын білгені жөн. Болашақта ол экономикалық өсім үдерісіне айтарлықтай ықпал ететін болады, біз соған орай елдеріміздің өзара тиімді ынтымақтастығын талқыладық, – деді Д.Рорабакер. Ол сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ халқының бірлесе жұмыс істеу ниеті АҚШ-тың Қазақстанмен сенімді серіктес болу
Мəжілістіѕ бюро отырысы Кеше Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен палатаның бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Депутаттар қарауына еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жəрдемдесетін негіздер туралы конвенцияны ратификациялайтын заң жобасы енгізіледі(187-конвенция). Сондайақ, халық қалаулылары бірқатар заң жобалары бойынша қорытынды əзірлеу мерзімін белгілемек. Ол, ең алдымен, «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» жəне «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015-2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» қаржылық құжаттарға қатысты болмақ. Сонымен қатар, үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы жəне өтемақы шаралары туралы, кедендік əкімшілендіру,
мемлекеттің кəсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мəселелері бойынша қорытынды əзірлеу мерзімі айқындалады. Жаңа заң жобалары қатарында ілеспелі түзетулерімен «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» жəне «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» құжаттар бар. Күн тəртібі жобасында «ТМД шеңберінде құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді» жəне «Азықтүлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының жарғысын ратификациялау» сынды қорытынды əзірлеу мерзімін анықтауды қажет ететін ратификациялық актілер қамтылған.
● Біз – қазақстандықтармыз!
Таєаттылыќ тəрбиесі
Шыєыс ґѕіріндегі тїрлі этнос ґкілдерініѕ бастамасымен дґѕгелек їстел ґтті
Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномəдени бірлестіктердің өкілдері жəне облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің бастамасымен дөңгелек үстел өтті. Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Жиында өңірдегі этностардың белсенді өкілдері ғаламтор
АҚПАРАТТАР аєыны
● Назарбаев Университетi жанынан «Самұрық-Қазынаның» ғылыми-зерттеу орталығы ашылады. Ол химия жəне металлургия өнеркəсiбі үшiн шикiзат өндiрумен айналысады. Басқарма төрағасы Өмiрзақ Шөкеевтің айтуынша, орталық нысандары «Жол картасы» бойынша салынады. ● «Еуро-Азия Эйр» əуе компаниясы жекешелендіріледі. Оның бұған қатысты құжаттары 2015 жылдың қаңтарына дейiн дайын болады. Компанияның басқарма төрағасы Асқар Жанжаркенов осы уақытқа дейiн жаңа инвестормен келiсiмшарт жасалатынын айтты. ● Шығыс Қазақстанның Тарбағатай ауданында «Бəйтерек» монументі қатарға қосылды. Оның ашылу салтанатына қатысқан облыс əкімі Бердібек Сапарбаев соңынан Тұғыл ауылында жұртшылықпен кездесіп, ауданның əлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында
желілері мен түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында белең алған халықаралық жəне көрші елдердегі саяси тұрақсыздық пен Ресей Федерациясының
атқарылатын жұмыстардың жайын айтып берді. ● Оңтүстік Қазақстанда суармалы жердің көлемі 292 мың гектарға арттырылады. Бұл туралы кеше облыс əкімі Асқар Мырзахметов облыс ардагерлері өкілдерімен кездесу кезінде айтты. Сонымен қатар, 8 ауданның 283 елді мекенін газбен қамту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, мал шаруашылығын дамыту бағытында 1400 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген. ● Қостанай облысы 198 млн. доллардың азық-түлік тауарларын экспорттады. Бұл туралы облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов мəлім етті. Оның айтуынша, тек «Деп» серіктестігі ғана бір жылда сыртқа сүт өнімдерін сатуды 6 есеге ұлғайтқан. ● Арал маңындағы көне қалалардың айналасында туристік кластер құрылады. Бұл Қызылорда облысында қабылданған танымдық, этномəдени жəне экологиялық туризмді дамыту жоспары арқасында мүмкін болып отыр. Өңірде туризмді дамытуға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық тас жолының бойындағы сервистік
жөніндегі стратегиялық мақсатынан туындайтынын айтты. – Нақ осы оймен біз кері оралып, Өкілдер палатасында өзара ықпалдастығымызды одан əрі дамыту жөніндегі қадамдарды қарастыратын боламыз, – деді АҚШ Конгресінің мүшесі. Өз кезегінде Г.Микс Қазақстан Президентіне қызықты əрі ашық диалогқа құрылған кездесу үшін алғысын айтты. – Нұрсұлтан Назарбаев бізге өз елінің болашағы мен серіктестігіміздің перспективалары туралы
аумақтық жəне ұлтаралық мəселелер бойынша жекелеген мемлекеттік деңгейдегі аза маттарының пікірлеріне үн қатып, еліміздегі тілдік мəселелер мен ақпараттық кеңістіктегі шабуылға байланысты өз ойларын ортаға салды. (Соңы 2-бетте).
инфрақұрылым жаңа нысандарының құрылысы да өз септігін тигізеді. ● Қарағанды облысы Қарқаралы жерінде күн батареялы жел генераторы пайда болды. Ол «Жайма» шаруа қожалығының басшысы Батырбек Алдабергеновке 16 млн. теңгеге түсті. Бұл ауданның мерейтойы қарсаңындағы өзіндік сый болғалы тұр. ● Таразда көп балалы отбасы мүшелеріне «ГАЗель» көлігінің кілті табыс етілді. Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев мəшинені өзінің 7 баласына қоса тағы 12 баланы асырап алған Сапура Ержановаға сыйға тартты. 1989 жылы бір жағы қоғамдық қор болып құрылған бұл əулеттен содан бері қаншама жас отау құрып шықты. Қазір 7 бала тəрбиеленіп жатыр. Хабарлар Bnews.kz, 24kz, egemen.kz агенттіктері мен «Индустриальная Караганда», «Знамя труда» газеттері сайттарының деректері бойынша дайындалды.
айтты. Мемлекетіміз Қазақстанмен географиялық орнына байланысты ғана емес, оның бүгінде түрлі елдерді жұмылдыра алатын қуатты жасампаз əлеуеті бар екендігі үшін де ынтымақтасуға тиіс деп санаймын. Бұл – көбіне-көп Қазақстан Президентінің еңбегі. Мұндай қадамды ол бізбен, АҚШтың əртүрлі екі партия сының – Республикалық жəне Демократиялық партиясының өкілдерімен кездесуінде де байқатты, – деді Г.Микс. Сонымен қатар ол тығыз əрі
тиімді ынтымақтастық мысалын көрсету үшін біздің елімізге америкалық бизнес өкілдерімен бірге қайтадан келуге ниетті екенін айтты. Соңында Д.Рорабакер мен Г.Микс еліміздің экономикалық дамуына серпін беретін Қазақстан ның ДСҰ-ға кіру ниетіне, сондай-ақ екіжақты өзара ықпалдастықтың нығаюына қолдауларын білдірді.
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Ќызметтіѕ басым баєыттары белгіленді
Кеше Астанада Инвестициялар жəне даму министрлігінің бірінші кеңейтілген алқа мəжілісі өтті. Отырысты ашқан Əсет Исекешев жаңа министрліктің құрамы туралы айтып берді. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Қайта ұйымдастырудан кейін біріктірілген 4 ведом ство ның (Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі, Көлік жəне коммуникация министрлігі, Байланыс жəне ақпарат агенттігі, Ұлт тық ғарыш агенттігі) 68 құрылымдық бөлімшелерінен аталмыш министрлік құрамында 25 құрылымдық бөлімше қалды. Осылайша, құрылымдық бөлімшелер саны 2,5-тен астам есеге қысқартылды. Енді министрліктің құ зы ретіне еліміздің индустриялық-инно-
вациялық даму, инвестицияларды тарту мəселелері кіреді. Олардың қатарында өнеркəсіп саласының дамуы (кен өнді руші өнеркəсіп жəне өң деу өнеркəсіптері) мен қазақстандық үлесті арттыру саясатын іске асыру, техникалық реттеу, энергияны үнемдеу, көлік жəне коммуникация, байланыс, ақпарат пен ақпараттандыру, туризм, ғарыш саласы, геология мен жер қойнауын пайдалану, жаңа технологиялар трансферті, өнеркəсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері бар. (Соңы 2-бетте).
● Мəселенің мəнісі
Бўрмалаудыѕ былыєы Мемлекеттік басылымдар жекешелендірілмейді екен Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Ақжайық аймағындағы жекеменшік сипатта шығатын газеттердің біріне Батыс Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Бақтияр Мəкен сұхбат беріп, өңірде екі мемлекеттік газет бар екенін мəлімдеді. Бұдан əрі ашығын айтқанда, олар бəсекеге төтеп бере алмайды дей келіп, таяу болашақта бұл газеттер жекеменшіктің қолына өтеді деп түйін жасады. Облыс əкімінің рухани мəселелер жө ніндегі орынбасарының бұл пікірі облыста əртүрлі тұ жырымдардың өрістеуіне əсер етті. Өйткені, жергілікті мемлекеттік басылымдардың жекеменшіктің қолына өту үрдісі бұған дейін тəжірибеде кездеспеген. Сондай-ақ,
бұл пікір «Жайық Пресс» ЖШС құрамындағы облыстық газеттердің шығармашылық ұжымының орынды алаңдаушылығын туғызды. Шынтуайтына келгенде, 20142016 жылдар аралығында жекешелендірудің екінші толқынына сəйкес, облыс та жекеменшік иелерінің қолына өтетін нысандар мен мүліктер тізіміне өңірдегі қос мемлекеттік басылым енгізілмеген. Сонда Бақтияр Мəкен қандай жекешелендіру жөнінде айтып отыр? Жергілікті мемлекеттік басылым журналистерін толғандырған осы сауалға орай облыс əкімінің орынбасары шығармашылық ұжыммен кездесіп, тиісті түсінік берді. Оның айтуынша, өңірдегі мемлекеттік газеттер жекеменшіктің қолына өтпейді. Ендеше, жекеменшік сипаттағы газетте
жекеменшіктің қолына өтеді деп неге айтылған? Журналистер тарапынан қойылған бұл сауалға Б.Мəкен дəл бұлайша айтқан емеспін, аталған басылым тілшісі айтқан сөзімнің мəтінін бұрмалап жеткізді деп мəлімдеді. «Көңілдің кірі айтса кетеді» дегендей, бұл жауап əріптестеріміздің көңілін орнықтырғандай болғанына куə болдық. Олай болса, өңірдегі екі мемлекеттік басылымның жекеменшіктің қолына өтуі жөнінде теріс ақпарат таратқан жекеменшік басылым бұл жаңсақ пікірін теріске шығару жөнінде ақпарат беруі тиісті заңдылықтарға, соның ішінде республиканың БАҚ жөніндегі заңына толықтай сəйкес келеді деп санаймыз. ОРАЛ.
Бїгінгі нґмірде: Оќулыќтардыѕ жылда ќайта басылатыны несі? 3-бет
Ќауіп-ќатер ќалай сейіледі? 4-бет
Ќара шаѕыраќтыѕ Ќапаны 5-бет