06102015

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№190 (28668) 6 ҚАЗАН СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Қазақстан Республикасының Заңы

Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Дїниежїзілік денсаулыќ саќтау ўйымы арасындаєы Ќазаќстан Республикасыныѕ Алматы ќаласында Дїниежїзілік денсаулыќ саќтау ўйымыныѕ медициналыќсанитариялыќ алєашќы кґмек жґніндегі географиялыќ жаєынан ќашыќ орналасќан офисін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы

«Алмас ќылыш» жəне Ќазаќ хандыєы 3-бет Еуропа келушілер легінен кґз аша алмай ќалды 7-бет Даѕќы асќан Ўлы Дала елі 8-бет Оѕтїстік – ґркенді істердіѕ ордасы 11-бет

● Қарсаңда

ТОТЫДАЙ ТАРАНЄАН ТАРАЗ

2014 жылғы 21 мамырда Женевада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 1 қазан. №353-V ҚРЗ

● Президент поштасынан

Ќамќорлыќ їшін алєыс Президенттің баспасөз қызметі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Оңалбай Аяшевтен хат келгенін хабарлады. О.Аяшев өз хатында Мем ле кет басшысының бастамасымен салынған, 500 адамға ар налған 12 қабатты «Студенттер үйі» жатақханасы пайдалануға берілгенін айтқан. Осыған орай, ректор барлық студенттер мен оқытушылардың атынан Елбасына қамқорлығы үшін алғыс жолдаған. Автор, сондай-ақ, еліміздің қарқынды əрі орнықты дамып келе жатқанын айта келіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа осы бағытты жалғастыру жолында табыс тілеген.

Тақырыпқа арналған суреттер топтамасы 16-бетте жарияланып отыр.

Сенаттыѕ кїн тəртібі келісілді

Ќытай парламенті ґкілімен кездесті

8 қазанда болатын Парламент Сенатының отырысында палата 12 заң жобасын қарауды жоспарлады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Бүгін Астанада болатын «Еуразиялық экономикалық болашақ» IV халықаралық форумы қарсаңында Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ҚХР Халық Өкілдері Жалпықытайлық Жиналысы қоршаған орта жəне ресурстарды қорғау комитетінің төрағасы Лу Хаомен кездесті.

Сенат Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев жəне палата бюросының мүшелері қабылдаған қаулыға сəйкес, депутаттар назарына Кəсіпкерлік кодексінің жобасы, заңнамаға кəсіпкерлік мəселелері бойынша ілеспе өзгерістер мен толықтырулар (бірінші оқылым) жəне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəмiздерi туралы» Конституциялық заңға түзетулер шығарылатын болады. Заңнамаға мəдениет жəне тарихи-мəдени мұра жəне

үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды бірінші оқылымда талқылау жоспарланды. «Ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нəтижелерін коммерцияландыру туралы», «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заң жобаларына бірінші оқылымда тиісті түзетулер енгізілетін болды. Бірінші оқылымда Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар жобасын талқылау да жоспарланды.

ЕЛ СЕЗІМІ ЕРЕКШЕ КҐРІНГЕН ФОРУМ Кеше Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Мəңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ел» тақырыбында республикалық патриоттар форумы өтті. Оған мемлекетіміздің барлық өңірінен келген 2 мыңнан аса делегат қатысты. Делегаттар құрамында қоғам қайраткерлері, депутаттар, дəрігерлер, мұғалімдер, өнеркəсіп жұмысшылары, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, кəсіпкерлер, ғалымдар, жастар көшбасшылары, спортшылар, талантты əртістер, мəдениет қайраткерлері, этномəдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері болды. Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына арналған бұл форум салтанатты жағдайда ашылған соң, Президент Əкiмшiлiгi Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев Елбасының жиынға қатысушыларға арнаған құттықтау хатын оқып бердi. «Мəңгiлiк Ел» Қазақстан патриоттары форумына қатысушыларға сəлем жолдаймын. Бүгiнгi форум ерекше. Ол Конституциямыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20

жылдық мерейтойлары жылында өтіп отыр. Бұл халқымыздың бiрлiгi мен келiсiмiнiң бiрегей дəстүрiн, туған жерiмiз – Ұлы Дала елiне деген ерекше сүйiспеншiлiктi паш етеді. Форум қазақстандықтарды «Мəңгiлiк Ел» идеясының айналасына ұйыстыруға жəне қоғамның тұрақтылығы мен бiрлiгiн нығайтуға қызмет ететiнiне сенемiн. Форумға қатысушыларға жəне барша қазақстандықтарға зор денсаулық, жаңа табыстар тiлеймiн», – делiнген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатында. (Соңы 4-5-беттерде).

Сенаторлар, сонымен қатар, заңнамаға құқық қорғау органдарының қызметін жəне құқық қорғау қызметін өткеру тəртібін жетілдіру, сондай-ақ, халықты əлеуметтік қорғау мəселелері бойынша (бірінші оқылым) түзетулер енгізу туралы бірқатар заң жобаларын қарайды. Одан басқа, бюрода таяуда Мəжілістен түскен 14 заң жобасы Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлінді. Бас комитеттер Сенаттың барлық тұрақты комитеттерінің ұсыныстарын пысықтап, осы заң жобалары бойынша палатаның отырыстарына тиісті қорытындылар əзірлейді.

 Оймақтай ой Патриот – Отанға қызмет етуші адам. Ал Отан дегеніміз – ең алдымен халық. Николай ЧЕРНЫШЕВСКИЙ.

Кездесу иелері, аталған халықаралық форумның екі мемлекет үшін де өте маңызды екенін айта келіп, Қазақстан мен Қытай басшыларының достық қарым-қатынасының арқасында дамудың жаңа белесіне көтерілген екіжақты өзара іс-қимыл мəселелеріне тоқталды. Сондайақ, Қазақстан Президентінің

«Нұрлы Жол» бағдарламасы мен КХР Төрағасының «Бір белдеу – бір жол» бастамасы ұзақ мерзімді өзара іс-қимылдың жарқын болашағының ортақ көрсеткіші екендігіне назар аударды. Əңгіме барысында Қ.Жақыпов мəртебелі мейманға Қазақстан Президентінің 5 институттық реформалары мен оны орындаудың

● Орақ-2015

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары жəне «Қазақстан-2050» Стратегиясы туралы баяндай келіп, осы маңызды бастамаларды заңнамалық тұрғыдан қолдау жұмыстары жайында əңгімеледі. Өз кезегінде Лу Хао «Еуразиялық экономикалық болашақ» форумы Қазақстан мен Қытай басшыларының кездесуінде қол жеткізілген маңызды келіссөздердің іс жүзінде жүзеге асуының тағы бір дəлелі екенін жеткізді. Мейманның айтуынша, екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы өзара тиімді байланыс – Қазақстан-Қытай қарымқатынасын табысты ілгерілетудің басты көрінісі. Кездесу барысында парламент аралық ынтымақтастықты нығайтудың қажеттілігіне айрықша назар аударылды. Мəжіліс Төрағасы Халық Өкілдері Жалпықытайлық Жиналысының Төрағасы Чжан Дэцзянды ресми сапармен Қазақстанға шақырды. Кездесуге, сондай-ақ, Халықаралық қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы М. Əшімбаев, Мəжіліс депутаттары Қ. Сұлтанов, Ж. Ахметбеков, Қытайдың Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Чжан Ханхуэй қатысты.

Облыста бірінші болып аяќтады Биылғы ауа райының қолайсыздығына біліктілігі мен жігерін қарсы қоя білген Жарқайың жəне Ақкөл аудандарының диқандары дəнді дақылдар жинау науқанын облыста бірінші болып аяқтады. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Осыған орай, облыс əкімі С.Кулагин озат аудандардың агроөнеркəсіп майталмандарына құттықтау хатын жолдады. Онда үздік нəтижеге машина-трактор паркін қуатты техникалармен жаңғырту, үдемелі технологияны енгізу, тыңайтқыштарды тиім ді пайдалану арқылы қол жеткізілгені атап көрсетілген.

Сонымен қатар, қос аудан саңлақтары келесі жылдың молшылығы үшін жоғары сапалы тұқым қорын толық жоспарлы мөлшерде құйып алды жəне пар өңдеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Диқандардың қажырлы еңбегі Мемлекет басшысының еліміздің азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына салмақты үлесі болып табылады. Ақмола облысы.

Елшімен екіжаќты əѕгіме Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Испания Корольдігінің Қазақстан Республика сындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Педро Хосе Санз Серраномен кездесті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Кездесуді аша отырып, А.Дауылбаев елшіні прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары туралы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау академиясының құрылғаны туралы ақпараттандырды. Тараптар қалыптасқан екіжақты қарым-қатынасқа қанағаттанушылық білдіріп, одан əрі ынтымақтасудың перспективалары туралы ақпаратпен алмасты. Қылмыстық сот өндірісі саласындағы, атап айтқанда, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, соттал ған адамдарды беру жəне ұстап беру туралы Қазақстан Респуб ликасы мен Испания Корольдігі арасындағы жасалған келісімшарттардың маңыздылығы атап өтілді. Əңгімелесушілер атап өткендей, қол қойылған мемлекетаралық келісімдер екі елдің арасындағы өзара ынтымақ тас тықты нығайтуға жəне қылмыспен күрес, заңдылықты жəне құқық тық тəртіпті қамтамасыз ету ісіне маңызды үлес қосуға бағытталған. Кездесу барысында трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа тосқауыл қою, киберқылмыстылық, терроризм мен экстремизм, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қоса алғандағы екіжақты ынтымақ тастықтың кең ауқымды мəсе лелері талқыланды. Жаңа компьютерлік технологияларды үйрену, киберқылмыстылықпен жəне есірткі трафигімен күресу саласындағы мамандармен алмасу əңгімелесудің маңызды тақырыбына айналды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.