06112013

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№247 (28186) 6 ҚАРАША СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Баяулық сыры неде? 3-бет Күңгірт тұстарға жарық түсті 4-бет «Діни педагогика», «діни тəрбие» 5-бет Қазақстанның 9 ауыр атлеті допингпен ұсталды 8-бет

 Өңір өмірі

Алтайдаєы «Африка» Ўландаєы жылыжайда тропикалыќ жемістер самсап тўр Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Жақында Ұлан ауданының əкімі Айдос Садықовпен жолы ғып, шаруа барысы жайлы сұрағанымызда: «Украинка ауылында зейнеткер Людмила Дмитриевна Земляная деген ғажап адам тұрады. Мамандығы инженер-электрик болса да, биологияны бес саусағындай меңгеріп алған. Бес жылдан бері күйеуі Николай Григорьевич, қызы Юлия мен күйеу баласы қазақ жігіті Руслан Қалибекұлы төртеуі аумағы бір гектар жерге жылыжай орнатып, қазір еңбегінің жемісін көріп отыр. Африкада өсетін цитрусты жемісжидек пен гүлдердің жүзге тарта сортын қала тұрғындары мен жақын маңдағы аудандарға сатып, кəсіпкерлікті дамытып отыр. Солар жайлы қалам сілтесеңіздер, өкінбейсіздер», – деп бізді бір желпіндіріп тастады. Мамандығымыз жаңалыққа жаны құмар жан болғаннан кейін қалай шыдайық, жанымызда аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария

жəне кəсіпкерлік бөлімінің бастығы Амангелді Серғазин бар, салып ұрып Украинкаға келдік. Украинка нарықтың өтпелі шағында сыр бермеген, себебі, мұнда «Шығыс-Сүт» зауытының үлкен өндірісі жұмыс істеп тұр, ауылдың жүзге тарта адамы еңбек етіп, жалақыларын уақтылы алуда. Сүт зауытының қарсы алдында екі қабатты еңселі үйде Землянойлар отбасы, жанында қатар, төрт жылыжай кешені сап түзеген. Асыра айтқандық емес, жылыжайға кіріп келгенде бейнебір иранбақтың табалдырығын ат тағандай əсерде қалдық. Дəл іргемізде осындай ғажайып жылыжай бар деген қаперімізге де келмепті. Іштей өзімізді сөгіп, төрт жылыжай үйлерінде өсіп тұрған банан, лимон, інжір, мандаринді, өмірі көрмеген алқызыл, сары, көк түстес гүлдердің ғажап иісіне елтіп, ойға шомып кетіппіз. – Алғашқыда оңай болған жоқ. Отағасы Николай Григорьевичтің басқа шаруасы жетіп артылады. Дегенмен, ол кісі көп көмектесті. Жұмыстың

ауырлығынан бəрін тастап кетсем деген ой мазалады. Алғашқы кезде қияр, сарымсақ, сəбіз, қызанақ өсірдік. Африканың цитрусты жемістерін өсірем дегенде жерлестерім аң-таң болып, сенімсіздік танытты. Алтайдың 40 градус аязында банан, лимон, мандаринді қалай өсірмексің, қой əуре болма деген сөздерді естігенде қобалжығаным рас. Міне, екі-үш жыл болды лимон, банан, мандарин бітік өсе бастады. Биыл 1,5 мың тонна цитрусты сауда орындарына жөнелттім. Көп болмаса да, табыс бар, немерелерім қолғабыс жасап, жеміске қарық болуда. Міне, дəмін татып көріңіздер, деп «Киевская» сортты лимон мен мандаринді үзіп берді. Дəмі тіл үйіреді, минералды тыңайтқыштар қосыл ма ған дықтан хош иісі аңқып, адам жанын еліткендей. Жақын маңдағы ауыл тұрғын дары, облыс орталығындағы гүл сататын дүкендер райхан, тро пикалық «бученвиллия», орхидея, түрлі-түсті гүлдерге алдын ала тапсырыс береді екен. Голландиядан келіп жеткенше, гүлдердің сапасын төмендетіп, бірер күннен кейін сола бастайтыны белгілі. Ал Украинкадан əкелінген гүлдер бір апта, тіпті, он күн бойы өңін бермей, хош иісі аңқып тұрады. «Интернетке жиі-жиі еніп, өсімдік, гүл əлеміндегі жаңалықтарды қалт жібермеймін. Гүл сорттарын күйеу балам жеткізіп береді. Немерелерім Тимур мен Людмилаға алғысым шексіз, қашан болмасын жүгіріп жүріп қолғабыс жасайды», деп Людмила Дмитриевна ағынан жарылды. «Аумағы 1000 шаршы метр жылыжайға қажетті жылылықты беру оңай шаруа емес. Қатты аязда сақ болған жөн. Жылу беретін Ресейдің қазандығын өздері орнатып алыпты. Жылына жүз тоннадан астам көмір жағамыз», дейді кочегар жігіттер. Ауылдағы жылыжайдан үлкен əсермен оралдық. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы. -------------------------------

Суретті түсірген автор.

Дайындыќ мəселесі ќаралды

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжин үкіметтік емес ұйымдармен өзара ісқимыл мəселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесуде ынтымақ тастық тың салалық қағидаты аясын кеңейту жəне бірқатар нақты қадамдар жасау, соның ішінде VI Азаматтық форумды өткізуге дайындық мəселесі қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.

АҚПАРАТТАР аєыны  Қазақстанның үздік əдіскерлері есімдері белгілі болды. Алматыдағы «Ғылым ордасы» мекемесінде өткен сайыс қорытындысы 3 кезеңнен тұрып, оған 314 білім беру ұйымдарынан 331 əдіскер қатысты. Олардың арасынан 6 ұстаз үздік атанды.  Астанада зиянды заттардың 97 пайызға жуығы зарарсыздандырылды. Нəтижесінде қала бойынша атмосфералық ауаға тұрақты көздерден 34,4 мың тонна көлемінде зиянды заттар шығарылды.  Алматы қаласында «Қайрат» футбол клубын марапаттау рəсімі өтті. Сегіз жылдан кейін қайтадан үздіктер қатарына қосылып, қола медаль алған команданы Ахметжан Есімов арнайы барып құттықтады.  Жамбыл облыстық мəслихат депутаттары облыс бюджетінің 1 млрд. теңгесін қайта бөлді. Сессияға төрағалық еткен депутат Гүлдара Нұрымованың айтуынша, түзетулер игерілмей қалу қаупі бар бюджеттік бағдарламаларға қатысты жүргізілген.  Оңтүстік Қазақстан облысында Индустрияландыру картасы бойынша

447,9 млрд. теңгені құрайтын 150 жоба қолға алынды. Олар 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын тауып береді. Жалпы, биыл аймақта құны 41 млрд. теңге тұратын 42 жобаны жүзеге асыру межеленген. Бұл тағы 3948 жаңа жұмыс қолын керек етеді.  Өскемендегі Үлбі өзенінің үстінде жаңа көпір пайда болды. Жалпы құны 2 008,4 млн. теңге тұратын нысанның ашылуына арналған салтанатта облыс əкімі Бердібек Сапарбаев алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облысының орталығында тағы бір үлкен өткел салынатынын атап өтті.  Қызылордада биыл 75 634 шаршы метрлік тұрғын үй салынды. Қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев жыл соңына дейін тағы 130 жас отбасының баспанамен қамтамасыз етілетінін айтты.  Павлодар облысында шабақтарды құтқару акциясы өтті. Оған Железин ауданы жастар экологиялық жасағының белсенділері мен аудандық мəслихат бастамашы болды. Осының арқасында алқаптардан жиналып алынған су маржандары өзенге жіберілді.

Сайлауды байќауєа ќатысады

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов Тəжікстан Республикасының Президентін сайлауын байқауға қатысады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылары Душанбеде болған үйлестіру кеңе сінде 6 қарашада болатын Тəжікстан Республикасы президентін сайлау күнгі жұмыс жоспарын белгіледі. Кеңесті байқаушылар тобының үйлестірушісі – Қазақстан Парламенті Сена ты Төрағасының орын басары Қайрат Ищанов ашты. ТМД ПАА-ның халықаралық байқаушылар тобы президенттік сайлауды ұзақ жəне қысқа мерзімді мониторинг жүргізу үшін Тəжікстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруына сəйкес

құрылған болатын. Халықаралық топтың құрамына 35 адам: Парламентаралық Ассамблеяға қатысушы сегіз мемлекеттің (Əзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей жəне Украина) депутаттары мен заң шығару органдарының өкілдері, сондай-ақ ТМД ПАА Кеңесі хатшылығының қызметкерлері мен Демократия, парламентаризмді дамытуға мониторинг жүргізу жəне ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарын сақтау халықаралық институтының сарапшылары кірген болатын. ТМД ПАА Кеңесінің Бас хатшысы Алексей Сергеев əріптестеріне ТМД

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылары дауыс беретін күні жеке маршруттар бойынша іске кірісетінін еске салды. Душанбе, Нүрек жəне Хатлон облысындағы Ява ауданындағы, Варзоб, Вахдат, Гиссар, Тұрсынзада жəне республикалық бағыныстағы Файзабад ауданындағы, сондай-ақ Ходженд қаласының аудандарындағы сайлау учаскелерінде мониторинг жүргізілетін болады. Одан басқа, Баку, Бішкек, Киев, Мəскеу жəне Санкт-Петербургте орналасқан шетелдердегі сайлау учаскелерінде де дауыс беру барысына байқау жасалады. Орталық сайлау комиссиясының деректері бойынша, Тəжікстан Республикасы президентін сайлауға əзірлікті жəне оны өткізу барысын 6 мыңның үстінде жергілікті жəне 500ден астам халықаралық байқаушы бақылайтын болады.

 Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

Соңғы кезде газетімізде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасының айтқан сын-ескертпелеріне арналған арнаулы беттер мен топтама мақалалардың ұйымдастырылып, мемлекеттік атқарушы органдар қызметінде орын алып отырған кемшіліктер нақты мысалдармен əйгілене бастаған еді. Иə, Үкіметтің, жергілікті биліктің жұмысында сылбырлық, кемшіліктер аз емес. Осы орын алып отырған олқылықтар мен кемшіліктерді Үкіметтің өзі де мойындап, одан қорытынды шығаруға кірісті. Соның бір айғағы кешегі күні аталған мəселеге арналып өткізілген Үкімет отырысы болды. Демек, сең сөгілгендей, Үкімет қозғалысқа келгендей. Еліміздегі атқарушы биліктің осы бағыттағы əрекеттерін құптай отырып, Елбасы тапсырмасының орындалу барысы үнемі біздің назарымызда болатынын оқырмандар қаперіне саламыз.

Баєдарламалардыѕ іске аспайтыны – баќылаудыѕ əлсіздігінен Кеше «Қазмедиа» орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары мен айтқан сындарына орай Парламент Мəжілісінің депутаты Светлана Романовская мен «Демократияны дамыту институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы» қоғамдық ұйымының директоры Юлия Кучинская журналистермен брифинг өткізді. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Светлана Романовская өзінің сөзін он жылдан бері «əзірлену үстіндегі» «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасының Парламентке əлі күнге дейін ұсынылмай келе жатқанын айтып, сыни пікір білдіруден бастады. Егер бұл заң қабылданса, əлеуметтік маңызы бар проблемалардың орындалуын, мемлекеттік қаражаттың орынды жұмсалуын бақылайтын нақты қоғамдық институттар ұйымдастырылар еді, деді ол. Одан əрі депутат Президенттің

шағын несие беру мəселесі туралы сындарының өте орынды екенін, аймақтарға шыққан сайын осы проблемамен бетпе-бет келетінін жеткізді. Мемлекеттік бюджеттен осы іске деп бөлінетін ұлан-ғайыр қаражаттың жұмыс істемейтінін көзімізбен көріп жүрміз. Грант үшін деп аталатын олар толып жатқан есепшоттарда жатады, ал кəсіпкерлер оларды алудың əдісін таба алмай қиналады. Инновация дегеннің не екенін нақты ешкім білмейді, тек сол шараға деп шенеуніктер кəсіпкерлерді грантқа жолатпайды. Сондықтан гранттарды кімдер, не үшін, қандай шартпен

Їкімет ширыєа тїсті Жауаптылар жазалана бастады

Алты вице-министр сөгіс алды. Онымен қоса бірқатар комитет төрағалары жəне басқа да лауазымды тұлғалар жазаланды. Сондай-ақ, бірқатар облыс əкімдерінің орынбасарларына сөгіс жариялау тапсырылды. Себебі, олар Елбасы тапсырмаларын өз деңгейінде орындамаған. Кеше Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов тапсырманы тиянақты тындырмағандарды осылай жазалады. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

«11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы біздің жұмысымызды өткір сынға алған болатын. Президент Үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар берді. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар, министрлер, əкімдер тарапынан тапсырмаларды орындау жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей отыр», деген қатаңдау сынмен бастады Үкімет

басшысы кешегі отырысты. Шынында, бұл жиын бұрын ғыдан өзгешерек. Бұлбұлша сайраған бұрынғыдай баяндамашылар жоқ. Е.Досаевтың шағын есебін ескермесек, бүтіндей сұрақ-жауап жағдайында өтті. Үкімет мүшелері бейне бір емтихан тапсыруға келгендей, қобалжулы сыңайлы. Сонымен, «Елбасы тапсырмаларын қалай орындап жатырсыз?» деген сынақ сұрағынан министрлердің бірі сүрініп жатты, енді бірі кідіріп жатты,

алатыны жөніндегі критерийлер халыққа ашық жеткізілуі керек. Елбасының өзі осы істі сынағанына екі апта өтсе де əлі күнге оңалуға бет алған іс көрінбейді. Жуырда ғана Үкімет бізге есеп беріп, Ақмола облысында – 14, Қарағанды облысында – 5, ОҚО-да 19 грантқа деген сұраныс-тілектердің бекітілгені туралы айтты. Ал Алматы, ШҚО жəне т.б. облыстарда əлі күнге бірде-бір сұраныс түспеген, – деді ол. Депутат келесі кезекте осы жобаны іске асыруда тиімсіз əдістер қолданылатынын айтты. Элек тронды үкімет дегеніміз тиімді жұмыс істей алмай отыр. Менің ойымша, осы іске арнаулы портал құрылуы керек, онда грантты беру шарттары толығымен жəне нақты жазулы тұрғаны абзал, деді С.Романовская. (Соңы 3-бетте). ал орынбасарлары сөгіске ілігіп жатты. Айталық, Үкімет бекіткен Ісшаралар жоспары 70 шарадан тұрады екен. 2013 жылдың аяғына дейін 46 іс-шараны, ал 2014 жылы – 22 ісшараны іске асыру көзделген. Бұл ретте 2 іс-шара бюджеттік заңнаманы жетілдіру мəселелері жөніндегі заңды қабылдағаннан кейін 2 ай мерзімінде іске асырылатын болады. Іс-шаралар жоспары 4 нормативтік-құқықтық акті жобасын əзірлеуді көздейді. Үкімет басшысы осы іс-шараларды орындау барысында əрбір министрліктің тиісті міндеттері бар екендігін баса айтып, осыған орай Елбасының кеңейтілген кеңесте келтірген мысалдарын қайта еске салды. Мəселен, мемлекеттік сатып алу мəселесінің төңірегінде қордаланған былық-шылықтар аз емес. Осыған орай проблемаларды шешіп, тəртіпке келтіру жайында Қаржы министрі Болат Жəмішевтен сұралды. (Соңы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
06112013 by Egemen - Issuu