06112014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№217 (28440) 6 ҚАРАША БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Кеѕеске ќатысушылармен кездесті

Маќсат – жїргіншілерге жаєдай туєызу 3-бет Абай ауылыныѕ келіні 5-бет Барлаушы 9-бет Ел мен ел араласса, береке 12-бет

Адамзаттыќ тўраќты дамудыѕ жаѕа ќырлары

Алматы қаласында Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Тұрақты адамзаттық дамудың жаңа парадигмасы. G-Glodal – жаһандық үнқатысу үлгісі» тақырыбында халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Адамзат дамуының жаһандық мəселелері жөніндегі əлемдік деңгейдегі үш күндік кездесуге беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері жиналды. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 37-отырысына қатысушылармен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Бұл отырыста қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтердің ТМД кеңістігіндегі, соның ішінде лаңкестікке жəне экстремизмге қарсы тұру саласындағы өзара іс-қимылын күшейту мəселелері қаралды. Кездесу барысында Мемлекет басшысы аталған органдардың қазіргі жағдайдағы қызметінің маңыздылығына тоқталды. – Біз жаңа сын-қатерлерді, лаңкестік ұйымдардың белсенді бола түскенін көріп отырмыз. Мұндай жағдайда ұлттық қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтердің жұмысын үйлестіру өте маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті қауіпсіздік мəселесі Кеден одағының жұмысы жағдайында ерекше өзекті болып отырғанын айтты. – Шекаралар ашылды, құқық бұзушылар елдер аумағында емін-еркін жүре алады. Осыған байланысты сіздердің бірлескен

жұмыстарыңыз, бір-біріңізге көрсететін ілкімді ақпараттық қолдау баға жетпес мəнге ие, – деп атап өтті Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев барлық азаматтардың құқықтарын сақтау, орнықты əлеуметтік-эконо микалық даму қауіпсіз əрі тұрақты қоғамның іргетасы болып табылатынына да назар аударды. – Біз қазір əлемдік экономикадағы қиындықтар мен Украинадағы ахуал төңірегіндегі оқиғаларға байланысты жаңа сын-қатерлер таяп келе жатқанын сезіп отырмыз. Осыған байланыс ты мем лекеттерге бірінші кезекте ішкі сипаттағы шаралар қабылдау қажет. Қазақстанның ин дустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 5 жылда 800-ден астам кəсіпорын құрылды, көп жұмыс орындары ашылды. Осының бəрі мұнайға, газға жəне басқа да ресурстарға тəуелділікті азайта отырып, экономикалық оң ықпалын тигізуде.

Келесі бесжылдықта біздің еліміз инновациялық дамуға ден қоятын болады, – деді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының айтуынша, инфрақұрылымдарды əрі қарай дамыту да басымдыққа ие болады. – Біздің еліміздің аумағы кең, сондықтан инфрақұрылымдарға, автокөлік жəне теміржолдар, көпірлер мен өткелдер салуға зор көңіл бөлінуде. Атап айтсақ, Астанадан барлық бағытта мың шақырым жаңа автокөлік жолдарын салу жоспарлануда. Бұл жұмыс орындарын ашып, экономиканың жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында Нұрсұлтан На зарбаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 37-отырысына қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі.

Аграрлыќ университеттердіѕ деѕгейін кґтеру маѕызды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Т.Есполов Мемлекет басшысына университеттің қазіргі қызметі туралы баяндап, аграрлық білім мен ғылымның жағдайына қатысты өз ойларын айтты. Қазақстан Президенті аграрлық университеттердің деңгейін көтерудің маңыздылығына тоқталды. – Бұл ЖОО-лардың қызметіне зерттеушілік бағыт ен гізу, сондай-ақ, ауыл шаруа шылығында ғылыми жетістіктерді пайдалану аграрлық ғы лымды дамытудың маңызды бөлігі болып саналады. Қазақстанда үш аграрлық университет жұмыс істейді. Олардың ғылымизерттеушілік жұмыс жүргізу пішімін мүдделі органдарды қатыстыра отырып, келісілген тəртіппен анықтаған жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ректор өз кезегінде елдегі жоғары оқу орындары арасынан бірінші болып басталған, жоғары оқу орнын аграрлық зерттеу университетіне трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде əңгімеледі. Т.Есполов бұл жоба стратегиялық жоспарлаудың халықаралық стандарттарына сəйкес жəне əлемнің беделді аграрлық университеттерінің сарапшыларымен ынтымақтастық негізінде жүзе ге асырылып жатқанын мəлімдеді. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша агроөнеркəсіп кешеніндегі білім мен ғылымның интеграциялануына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

––––––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ертеѕге ќўлаш жайєан электронды ќўжат Мірболат ЖАҚЫПОВ,

Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі.

Жўмыс тобыныѕ ќорытынды отырысы «Нўр Отан» партиясы жемќорлыќќа ќарсы жаѕа іс-ќимыл мəдениетін ќалыптастырады

Партияның жаңа бағдарламасы Қазақстан Респуб ликасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбай лас жем қорлыққа қарсы стратегиясының идеологиялық негізін қалап отыр. Ол жемқорлықтың салдарымен емес, себептерімен күресудің кешенді шараларын қарастырып, жаңа мəдениет қалыптастырады. Кеше Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының Cыбай лас жемқорлыққа қарсы бағдар ламасын əзірлеу жөніндегі жұмыс тобының қорытынды отырысында қатысушылар бірауыздан осылай деді. Азаматтар мен қоғамның құқық тарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз етуді өзінің Сайлауалды тұғырнамасына басымдық ретінде белгілеген «Нұр Отан» партиясы бүгінде бұл бағытта көптеген ісшараларды жүзеге асыруда. Соңғы кезеңде партияның уақыт талабы мен қоғамдық пікірді ескеріп, жаңа бағдарлама жобасын əзірлеуге кірісуі осының айғағы. Қазақстанның əлемдегі ең озық 30 елдің қатарына ену міндеттемесі жағдайында еліміздің жемқорлыққа қарсы іс-қимылы тиімділігін сапалық тұрғыда жақсарта түсуі кезек күттірмейді. (Соңы 4-бетте).

Белгілі сатирик Аркадий Райкин айтқандай, адамнан «анықтама талап ететіндігі туралы анықтама» талап ететін қаншама жағдайдың болғаны əрбір оқырманымыздың есінде шығар. Қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылып, бюрократия азая түсті. Дегенмен, мемлекеттік мекемелерде қағаз жағы əлі де басым.

Сондықтан біздің міндетіміз – құжаттардың адамдарға қызмет жасауын қамтамасыз етіп, («қызметтік құжаттар» термині де осыдан шыққан), олардың бүрке мелену мен «қарбалас» қызметтің көрінісіне айналмауына бақылау орнату. Демек, қажетсіз қағаздардан арылу керек. Əдетте, мұндай «құжаттар» басшылық алдында есеп беру немесе қағазбен «бүрке мелену», жауапкершіліктен қашу, ештеңе бітірмегені не тапсырылған істі орындай алмағаны үшін сыннан қашу үшін ғана жасалады. Қажетті ақпарат өз

мекемесінің немесе Статистика агенттігінің дерекқорында бола тұрса да, көбінесе қызметкер төменгі тұрған органдарға сұрату жолдайды. Бұл орайда осы қағазды дайындауға, келісуге, қарауға, қол қоюға, жеткізуге қаншама жұ мыс уақытының кететіні өкініш ті. Мұн дай хаттарға жауап беретін адам да осындай уақытын шығындайды. Объективті заңдылық бойынша қызметтік құжат айналымы күллі əлемде ұлғаю үрдісіне ие: бір құжат екінші, үшінші құжатты туындатады. Сол себепті де мекемелер де

мезгіл-мезгіл құжаттарды қысқарту шараларын жүргізу қажет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев мемлекеттік аппаратта қағаз айналымын түбегейлі қысқарту жəне электронды құжат айналымына жеделдете көшу міндетін бірнеше мəрте қойды. Президент осындай тапсырмаларды Үкімет басшылығына жеке тапсырмалары түрінде бергені, оны Президент Əкімшілігі ерекше тəртіпте бақылауға алғаны назар аударарлық жайт. (Соңы 4-бетте).

Жекешелендіру жїйелі жїргізілуде Елімізде жүргізіліп жатқан жекешелендірудің кешенді жоспарына сəйкес бүгінде 82 нысан сатылды. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мəслихатында Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Утепов мəлімдеді. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

«2014 жылы жекешелендіруге 294 нысан қойылған. Оған қосымша əкімдіктер,

əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациялар мен холдингтер 16 нысан ұсынды. Осы 311 нысанның 20сы республикалық меншікте, 132сі коммуналдық, 80-і əлеуметтіккəсіпкерлік корпорациялар, 79-ы

Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.

– холдингтердікі. Қазіргі күнде 82 нысан жекешелендірілді, олардың ішінде республикалық меншіктегі 4 нысан, коммуналдық – 35, əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациялар – 30, холдингтік 13 нысан бар. Сатылымның бастапқы құны 3 млрд. теңге болып белгіленген, ал сату кезінде 4,6 млрд. теңге түсті, яғни бастапқы бағадан бір жарым есе көп», деді Э.Утепов. Оның айтуынша, са тылым бары сында

республикалық бюджетке – 326 млн. теңге, облыстық бюджетке – 380 млн. теңге, холдингтерге – 3,6 млрд. теңге, əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорацияларға 277 млн. теңге түскен. «Сатуға шығарылған ны сандар жауапкершілігі шектеу лі серіктестік үлестері, акцио нерлік қоғам акциялары жəне мемлекеттік кəсіпорындар кешендері болды. (Соңы 2-бетте).

Көптеген жылдар бойы аталмыш шара Еуропа мен Америка елдерінде өткізіліп келді. Биылғы жылы ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша əлемдік деңгейдегі шара Қазақстанда, тұрақты даму жөніндегі БҰҰның «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабына басшылық ететін əлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабырғасында ұйымдастырылып отыр. Қазақ елінің жетекші университетімен бірлесіп, осы конференцияны ұйымдастырушылар қатарында Бүкілəлемдік өнер мен ғылым академиясы, Бүкілəлемдік университеттер консорциумы жəне Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы, тең ұйымдас тырушылар қатарында Рим жəне Мадрид клубтары, Халықаралық жасыл айқыш, сонымен қатар, халықаралық ірі қоғам дық бірлестіктер мен қорлар бар. Конференция жұмысына ILO, ЮНЕСКО, БҰҰ Даму бағдар ламасы, ОЕСD жəне Халықаралық еуропалық қозғалыс, Бүкілəлемдік

болашақ даму қоры секілді халықаралық ұйымдар да атсалысуда. Конференцияның ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың аталмыш шараға қатысушыларға табыс тілеген құттықтау сөзін оқып берген Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев адамзаттың орнықты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті өзгерістер туралы өз ойларымен бөлісті. Елбасының конференцияға қатысушыларға арнаған құттықтау хатында G-Glodal жобасы аймақтық жəне халықаралық ауқымда табысты жүзеге асырылып келе жатқандығы, дарынды жас адамдардың жəне қоғамдық ұйымдар мен бизнес құрылымдардың қуатты интеллектуалдық əлеуетіне ие екендігі атап өтіліп, «Пікірсайыстың халықаралық тұрпаты тиімді басқару жолдарының қанат жаюы үшін G-Glodal-ды адамдардың, ресурстар мен қоршаған ортаның арасындағы өзара қарым-қаты настарда үйлесімді жəне қарқынды теңдікке қол жеткізушіге айналдырады», делінген. (Соңы 2-бетте).

Рəсімдердіѕ ашыќтыєы – бїгінгі заман талабы Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру, жер қойнауын пайдалану, сауда қызметін реттеу мен салық салу мəселелеріне қатысты заңдық құжаттар қаралды. Сондай-ақ, депутаттар екі халықаралық құжатты да ратификациялады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Депутаттар ең алдымен күн тəртібінде бірінші тұрған мəселе – Қазақстан мен Беларусь үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялайтын заң жобасына қорытынды əзірлеу мерзімін бекітіп берді. Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мəулен Əшімбаевтың айтуынша, заң жобасының мақсаты – екі ел арасында транзитпен жүк тасымалдау үшін көлік құралдарының рұқсатсыз өтуін қамтамасыз ету. Бұл өз кезегінде қазақстандық жүк тасымалдаушыларға Беларусь аумағы арқылы Еуропаға транзитпен жүк тасымалдауды бөгетсіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұдан кейін Мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру мəселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты заң жобасы бойынша Мəжіліс пен Сенат арасындағы келіспеушілікті еңсеру жөніндегі

келісім комиссиясының ұсынысы қаралды. Нəтижесінде Мəжіліс депутаты Рамазан Сəрпе ков таныстырған келісім комиссиясының ұсынысы қолдау тауып, заң жобасы Сенатқа жолданды. Ал «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндаманы Инвестициялар жəне даму министрі Əсет Исекешев жасады. Министр қазіргі таңда геология саласын мемлекеттік реттеу жағынан Қазақстан 112 елдің арасында 87ші орында, ал жер қойнауының г е о ло г ия л ық т а р т ымд ыл ығ ы жағынан 31-ші орында екендігін атап кетті. Өзгерістердің қажеттілігі əлемде болып жатқан дағдарыстан инвесторлар үшін басталған күрестен туындап отырғандығымен бөліскен Əсет Өрентайұлы шикізаттың ұзақ мерзімді тасымалының тұрақтылығы, геология саласындағы жұмыстар мен рəсімдердің ашықтығы бүгінгі заманның талабы екендігін баса айтты.

(Соңы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
06112014 by Egemen - Issuu