Кеше Парижде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Франция еліндегі ресми сапары басталды. Елбасы бұл елге Франция Президенті Франсуа Олландтың шақыруымен келді.
№213 (28691) 6 ҚАРАША ЖҰМА 2015 ЖЫЛ
Ќазаќстан – Франция:
Ынтымаќтастыќтыѕ жаѕа деѕгейі
Сұңғат ƏЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан» – Парижден.
Газетіміздің оқырмандары Ф.Олланд Қазақстанға 2014 жылғы желтоқсан айында келгенін жақсы біледі. 5-6 желтоқсанда өткен сол сапар барысында Франсуа Олланд Астана жəне Алматы қалаларында болып, Францияның Қазақстанмен арадағы стратегиялық əріптестікті одан əрі нығайтуға барынша ниетті екендігін ашық аңғартқан болатын. «Қазақстанның географиялық орны да өте маңызды, ол – Еуропа мен Азия арасын байланыстыратын көпір. Қазақстанның осы гео графиялық орнын оңтайлы пайдаланған саясатынан Франция өзіне қажетті сабақ алса болады. Қазақстанға инвестициялау – Еуропа мен Азияға инвестициялау. Яғ ни, болашақ Еуразиялық эконо микалық одақпен жақсы қарым-қатынаста болу деген сөз. Еуро паның бүгін болмаса да, бір күні құрлықтың осы бөлігімен тығыз байланысары анық», деген болатын сонда Ф.Олланд Алматыдағы Ғылым ордасындағы сөзінде. Сол сапар барысында Ф.Ол ландтың Елбасының ұсынысы бойынша өз
жеріндегі сапарының алғашқы күнін де Елбасымыздың осындағы бизнес шортандарымен кездесуден бастады. Солардың алғашқыларының қатарында Қазақстан Президенті Peugeot Citroёn компаниясы басқармасының төрағасы Карлос Тавареспен кездесті. Кездесуде компанияның Қазақстан автоөндірушілермен ын тымақ тастығының перспективалары, еліміздегі қызметі жəне оның аясын кеңейту мəселелері тал қы ланды. К.Таварес Елба сына қазақстандық серіктестері мен екі жыл ішіндегі бірлес кен жұмысы, дайын өнім шығару өндірісі жəне оны көрші елдер дің нарығына экспорттау жоспарлары туралы айтып берді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Total» компаниясының бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен де кездесті. Кездесу барысында көмірсутек шикізатын өндіру саласындағы өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы компа ния ның Қазақстанда белсенді əрі ұзақ уақыт жұмыс істеп келе жат қанына, соның нəтижесінде сындарлы ынтымақтастық бойынша қомақты тəжірибе жинақталғанына назар аударды. П.Пуянне өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қашаған кенішін игеру жəне еліміздегі өзге де инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтты. Кездесу аяқталғаннан кейін қазақстандық бір топ журналист П.Пуянне мырзадан шағын сұхбат алған едік. Сол сұхбатында «Total» компаниясының басшысы Елбасының елімізде жасап жатқан жұмыстары туралы жақсы пікірін білдірді. Қазіргі күні Қазақстанда экономиканың əлеуетін ашу үшін шеттен инвестиция тарту мақсатында инвесторлар үшін бірқатар қолайлы ахуалдың жасалғандығын тілге тиек етті. Елбасының «Aubert&Duval» компаниясының президенті Жорж Дювальмен жəне Өскемен титан-магний комбинатының президенті Əсем Мамытовамен кездесуінде металлургия саласын дағы ын тымақтастық мəселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы екі кə сіп орынның бірлескен жұмысы елді индустрияландыру бағ дар ламасының маңызды бөлігі екенін атап өтті. Қазақстан Президенті сондай-ақ, компанияның машина жəне аспаптар жасауға арналған титан-магний өнімдері өндірісін кеңейту жөніндегі жұмыстарының есебін тыңдады.
бағдарламасына шұғыл өзгеріс енгізіп, қайтар жолында біздің Елбасымыздың ұсынысы бойынша Мəскеуге соғып Ресей президенті Владимир Путинмен кездескені, кездесу барысында Украинадағы саяси дағдарысты ретке келтіру жөнінде Ресей басшылығымен келіссөздер жүргізгендігі белгілі. Сондықтан бұл жолғы сапар ды екі ел басшылығының сый ластық қарым-қатынасы өріс алған тұстағы жауапты сапар ретін де қарастыруға болады. Елімізді əлемдегі дамыған отыз ел қатарына қосу, одан бері алғанда «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру үшін бізге Батыстың дамыған елдерінің инвестициялары, олардың бізді қолдауы қажет. «Жақсымен жолдас болсаң жетілерсің» деп атамыз қазақ та тегін айтпаған. Сондықтан Елбасының Батыс əлемінің ай мүйізді мемлекеттеріне баланатын Ұлыбритания мен Францияға жасаған бұл сапарларын бір есептен алғанда Қазақстанның келешегі үшін сан түрлі мəселелердің басын қосқан мəнді де маңызды сапар деп айтуға əбден болады. Ұлыбритания жеріндегі əңгіме мен келісімдер 12 миллиард доллардың айналасында қозғалғандығын кешегі күні жаздық. Сол секілді Франция
(Соңы 2-бетте).
Əлеуметтік ќолдау кґлемі əркелкілендіріледі Палата басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өткен Сенат отырысында депутаттар «Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарын орындауға бағытталған бірқатар заңдарды қабылдады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Сенаторлар «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңды талқылап, қабылдады. Орталықтың аумағында өзінің заңнамасы болуы болжанатын ерекше құқықтық режім қолданылатын болады. Құжатта
Орталықты басқару жө нін дегі кеңес – Қазақстан Респуб ликасының Президенті басқаратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган құру көзделген. Заңнамаға екінші деңгейдегі банк тердің жұмыс істемейтін кре дит тері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету жəне қаржы ұйымдары мен Қазақстан
Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу үшін мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.
Республикасы Ұлттық банкінің қызметі мəселелері бойынша түзетулер қабылданды. Заң қаржы жүйе сіндегі тұрақтылықты нығайтуға, қаржы ұйымдарының қызметін жақсарту үшін құқықтық жағдайлар жасау ға, сондай-ақ, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұты нушылар дың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін қалыптастыруға бағытталған. Банктермен бірлесе отырып, «Проблемалық кре диттер қоры» АҚ, екінші дең гей дегі банктердің күмəнді
жəне үмітсіз активтерін сатып алатын ұйымдарды құру мүмкін дігі көзделеді. Сондай-ақ, қарыз алушылардың борыштық жүктемесін төмендету, банкте көрсетілетін қызметтерінің ашық тығын арттыру, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, қаржы ұйымдары менеджментінің жауапкершілігін күшейту, ис ламдық қаржы ландыру құралдарын енгізу қарастырылады. (Соңы 3-бетте).
Жаѕашылдыќты кґздейтін
31 қазан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет жария түрде жаңа Азаматтық процестік кодекске қол қойған еді. Рəсім аясында Елбасы бұл құжаттың құқық саласын түбегейлі жақсартатынын айтқан-тын. Демек, егер аталған кодексте қарастырылған нормалар жүзеге асса, сот процестері ашық өтіп, тиісінше, халықтың сот жүйесіне деген сенімі арта бастауы керек. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Сонымен қатар, құжатта сотқа жүгініп, дауды ушықтырмай-ақ, тараптар өзара мəмілеге келу жолдары арқылы да түйткілді дүниенің түйінін тарқатуға болатыны көрсетілген.
Алдағы уақытта іс жүргізудің жеңілдетілген түрі де кеңінен қолданылатын болады. Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифинг осы мəселеге арналды. (Соңы 4-бетте).
● Заманмен үндес заңғар басылым
«Егеменніѕ» оќырманы болу – Ќазаќстанныѕ кїрескері болу Алдағы жылы Қазақстан өз Тəуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Осы бір айтулы асу үстінде əркімнің де есінде осынау 25 жыл ішінде не істеп, не қойдық деген сауал туары хақ. Қалам ұстаған қауым ұмыта алмайды. «Балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен» тоқсаныншы жылдары газет-журналдар таралымы күрт төмендеді. Кеңестік кезеңдегі жүз мыңдық таралым дегендер көрген түстей көзден бұлбұл ұшты. Бірақ, араға жылдар салып тəуелсіз Қазақстан басылымдары аяққа тəй-тəйлап тұра бастады. Ең алдымен аяққа «Егемен» тұрды. 200 мыңдық межеге жетті! «Егемен» елімен бірге өсті. Кітап таралымы екі мыңға түскеннен кейін, оқырманмен қоштаса бастаған қаламгердің бірі едік. «Егеменнің» «екі жүз мыңынан» кейін ес жинадық. Яғни, «Егемен» арқылы қалың оқырманмен қайта қауыша бастадық. Өзіңнің ана тіліңде осынша кең аудитория алдында сөз алғанға не жетсін! Сол себептен де соңғы жылдары «Егемен» үшін жазатын болдық. Осыншама көп оқырманы болу – газет үшін де үлкен жауапкершілік. Ол деген сөз – газеттің əр нөмірін осыншама оқырман күтіп отыр деген сөз. Оқырман үдесінен шығу үшін газет ұжымы да күн-түн демей күрес салуға тиіс деген сөз. Күрес салып келеді «Егемен». Əр санынан ұлан-байтақ Ұлы Дала дүбірін сеземіз. Ең алдымен жалпақ елдегі жасампаз жаңалықтар тынысын сеземіз. «Егемен» – жақсылық жаршысы. Оқырманның еңсесін түсірмейді. «Салынса бір ғимарат, мен де
қалам биіктеп» демекші, оқырманын биіктетіп отырады. Жасампаздыққа шақырып отырады. «Егеменнің» тұрақты оқырманы болу – мемлекетшіл тұлға болу. Өйткені, «Егемен» елімен бірге қуанады. Елімен бірге күрсінеді. «Егеменнің» оқырманы болу – Қазақстанның күрескері болу. Қиындыққа мойымайтын күрескер болу. Ұлы Даланың дарқан мінезі бар «Егеменде». Ұлы Даланың доспейіл, мейірбан, етек-жеңі мол мінезі бар.Сөз жоқ, бұл – тəрбие мектебі. Бұл – «Егемен» қоғамдағы кемшілікті көрмейді деген сөз емес. Көрмесе, шындықты шырылдатып Т.Шарманов жазған «Құндылықтардың құлдырауы» басылар ма еді?! Қоғам іріп-шіріп кетпес үшін, сөз жоқ, мұндай тұздықты сөздер айтылып тұруы керек. Сыншылдық – Абай салған сара жол. «Егемен» биыл Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тарихи мақалалар тізбегін жариялады. Бұлар оқырманды ұйытқан тұшымды мақалалар болды. Осы дəстүр газет бетінде үзілмесе екен дейміз. Бұрнағы жылдар «Егемен» өз бетінде қазақ поэзиясының антологиясын жасады. Енді, таңдаулы қазақ əңгімелерінің антологиясын түзсе, бұл қазақтың тұнық тілді қара сөзін насихаттауда таптырмас тағылым болар еді дегіміз келеді. Смағұл ЕЛУБАЕВ, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
АЛМАТЫ.