АҚПАРАТТАР аєыны №269 (28208) 6 ЖЕЛТОҚСАН ЖҰМА 2013 ЖЫЛ
Жемќорлыќќа ќарсы жїйелі шаралар ќажет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Жаѕа технология – ілгерілеу негізі Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Владимир Школьникті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
үшін құрастыру өндірісімен, баламалы энергетика жəне сирек кездесетін кен өнімдерімен байланысты қызметін күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, кездесу барысында «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ басшысы Мемлекет басшысын Қазақстанның əлемдік өндірудің 37%-ын қамтамасыз ете отырып, əлемдегі уран өндіру саласында көшбасшылық позициясын ұстап келе жатқаны жайында хабардар етті. Бұл ретте компания
В.Школьник Мемлекет басшысының «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ стратегиялық даму бағдар ламасын, сондай-ақ, ядролық-отын циклы, химиялық индустрия мен жаңартылатын энергетика саласындағы ірі индустриялық жəне инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық компанияның бірқатар бағыттар бойынша, атап айтқанда, атом стансалары
қаржылық орнықтылығы мен даму қарқынын сақтап, инвестициялық бағдарламасы мен əлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындап келеді. 2010 жылдан бері əлеуметтік саланың дамуына 37 млрд.тан астам теңге бөлінген. Кездесу қорытындысында Қазақстан Президенті жаңартылатын энергетика жəне сирек кездесетін кен өнімдерін өңдеу саласындағы компанияның қызметінде жаңа инновациялық технологияны қолдану жөнінде нақты тапсырмалар берді.
----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Р.Түсіпбеков Мемлекет басшысын агенттіктің биыл ғы 10 айдағы қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі рейтингінде еліміздің позициясы төмендегенін атап көрсетті. – Рейтингтің нашарлауы бұл бағыттағы жұмыс қарқы ны ның төмендегенін немесе агенттіктің қызметінде тиісті есеп жүргізілмейтінін білдіреді. Жер гілікті жерлерде тұрғындар сыбайлас жемқорлықтың ахуалынан жақсы хабардар, солармен тығыз жұмыс істеу қажет. Оған қоса, бұл іспен «Нұр Отан» партиясының өкілдігі айналысуда, оларға мұндай фактілерді жұрт хабарлап отырады. Егер осындай ескертулер назардан тыс қалдырылмай, тексеріс жүргізіліп, іс соңына дейін жеткізілсе, онда бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы
нақты іс-қимыл болады, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы жемқорлықты жою үшін жалғыз агент тіктің немесе құқық қор ғау ор ган дарының күші жеткіліксіздігін, жүйелі шаралар қажет екенін атап өтті. – Жылдан-жылға экономикалық, заңнамалық жағдайлар жақ сара түсуде, тексерістер саны қысқаруда. Шенеуніктер мен тұрғындар арасында байланыс азайып, еңбекақы мөлшері артып келеді. Осының бəрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға бағытталған. Көрсеткіштерді жасанды түрде көтерудің қажеті жоқ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлығы сезінетін, нағыз кү рес жүргізілуі тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Агенттік төрағасы сыбайлас жем қорлыққа қарсы ісқимыл мə селелері бойынша бірқатар ха лық аралық жəне қазақстандық қоғамдық ұйымдармен ынты мақ тастық туралы айтты жəне бұл
жұмыстар жалғасатынын мəлімдеді. Р.Түсіпбеков агенттік өз жұмысының бірқатар бағыттары бойынша көрсеткіштерді жақсартқанын да баяндады. – Биылғы жылдың басынан бері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған 900 тұлғаға, сондай-ақ, мемлекеттік функцияларды орындауға уəкілетті лауазымды тұлғалар мен оларға теңестірілген тұлғаларға қатысты 1333 қылмыстық іс қозғалды. Соның ішінде, республикалық жəне облыстық деңгейдегі 120дан астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Көлеңкелі экономика бойынша, Сіздің тапсырмаңызға сəйкес, біз алкогольдің, мұнайдың заңсыз айналымына, жалған кə сіпорындарға қарсы күресті күшейт тік. Жалпы, 4652 қылмыс анықталды. Бүгінде осы жұмыстың барлығы нəтижесін беруде, – деді Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мəселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Президент поштасынан
Шын жїректен шыќќан сґз Ќазаќстан Республикасыныѕ Тўѕєыш Президенті кїні – мемлекеттік мерекеге байланысты ќўттыќтау хаттар мен жеделхаттар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына қазақстандық жəне шетелдік саяси жəне іскерлік топтардан, мемлекет жəне қоғам қайраткерлерінен, кəсіпорындардың ұжымдары мен қоғамдық ұйымдардан, жекелеген азаматтардан көптеген құттықтаулар келіп түсті. Мемлекет басшысына ізгі тілектері мен құттықтау хаттарын Қазақстанның əртүрлі кəсіпорындарының жұмысшылары да жолдады. «Қазмырыш» компаниялар тобының
Құттықтауларда республикамыздың өз əлеуетін жүзеге асырып, өркендеуші елге айналуына себепкер болған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің халықаралық саясаттағы жəне біздің мемлекетіміздің қарқынды дамуындағы баға жетпес рөлі атап көрсетілген, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
ұжымы өз құттықтауында бүгінгі Қазақстан – тұрақтылық, қарқынды даму жəне жасампаздық секілді үш фактормен сипатталатынын атап өткен. Оларға Алматы локомотив пайдалану
Елімен етене Елбасы
Тарихтыѕ ґзі таѕдаєан тўлєа
депосының ұжымы да қосылады. Степногорскінің «Арыстан» құбыр зауытының жұмысшылары түбегейлі қайта жаңарулар мен жаңғыртулардың дəйекті саясаты, орнықты жəне үйлесімді
экономиканы қамтамасыз ету жөніндегі ойластырылған жүйе бүкіл əлемде танымалдыққа ие болып отырғанына тоқталған. «Кəсіпорын ұжымы Қазақстанның заманауи өнеркəсіп өндірісін одан əрі дамытуға бағытталған жобаларға Сіздің Президент ретінде назар қойып жəне қолдау көрсетіп отырғаныңызды жоғары бағалайды», – делінген олардың хатында. «KSP Steel» сауда үйі» ЖШС басшысы М.Əбиев өз хатында Мемлекет басшысы Қазақстан мен оның халқының игілігі жолында қажырлылықпен еңбек етіп жатқанын ерекше атап көрсеткен.
Ақмола облысындағы «Есіл-Агро» ЖШС бас директоры А.Исмағамбетов Мемлекет басшысының ұдайы көңіл бөліп отырғанының арқасында бүгінде агроөнеркəсіп саласы əлемдік талаптарға сай дамып келе жатқанын айтқан. Өз кезегінде Астанадан хат жолдаған «Biomarket.kz» ЖШС ұжымы республикада биоегіншаруашылығы мен биомалшаруашылығын дамыту үшін барлық күштерін салатынына сендірген. Сонымен қатар, Қазақстан кəсіподақтары федерациясының ұжымы атынан оның төрағасы Ə.Құсайынов, Алматы қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінің ұжымы атынан А. Шəкенов құттықтау жолдаған.
Астанада ЭКСПО-2017 аясында əуежай мен вокзал салынады. Бұл туралы айтқан «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ермегияев көрме аяқталғаннан кейін салынған нысандар 8 айдан 1 жылға дейін халықтың игілігіне пайдаланылып жасалатынын жеткізді. Азық-түлік корпорациясы қытай нарығына азық-түлік бидайын жеткізуді бастады. Бұл елдің ірі астық трейдерімен жасаған бітімге сəйкес биылғы жылдың соңына дейін 10 мың тонна бидай жеткізу көзделіп отыр. Алдағы 5 жылда елорда мен оның төңірегінен жер телімдері бөлінбейді. Осыны мəлімдеген Астана қаласы əкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун бұл маңайда ауыл шаруашылығы мен коммерциялық нысандары үшін бөлінген 14 мың гектарлық 645 жер учаскесі бос жатқанын да баяндады. Семейде 38 отбасы жаңа пəтерлерге ие болды. Бұл жолы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша бой көтерген қоныстар кілттерін Шығыс Қазақстан облысының əкімі Бердібек Сапарбаев əлеуеті əлсіз деп танылған елді мекендерден қоныс аударушыларға табыс етті. Талдықорғанда Бикен Римованың 90 жылдығына арналған халық театрларының фестивалі басталды. Үш күндік өнер сайысында жергілікті халық театрлары көрермендермен жүздеседі. Алматы облысының əкімі бокстан əлем чемпионы Жəнібек Əлімханұлына пəтер кілтін сыйлады. Аймақ басшысы Аңсар Мұсаханов спортшыға, сонымен қатар 2 млн. 300 мың теңгенің сертификатын да тапсырды. Қостанай облыстық кітапханасы ескі газеттердің электрондық нұсқасын əзірледі. Сала қызметкерлерінің ерен еңбектері арқасында енді мұнда бірнеше айдан кейін электронды кітапхана жұмыс істей бастайды. Елдің бес аймағында ауыз су бағасы 40 пайызға көтерілді. Монополистердің еркімен осылайша қазір қымбатшылыққа Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы жəне Шығыс Қазақстан облыстарының жұрты ұшырағалы отыр. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.
(Соңы 2-бетте).
Кеѕестіѕ кезекті отырысы
Кеше Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Б.Бекназаровтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста 2013 жылғы 20 қарашада республика судьяларының VI съезінде берілген Мемлекет басшысының тапсырмалары талқыланды, олардың толық жəне сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету жөнінде Кеңестің бұдан арғы жұмыс бағыттары белгіленді. Сондай-ақ, сот жүйесінің ұйымдастыру-кадрлық мəселелері қарастырылды. Отырыс қорытындысы бойынша Жоғары Сот Кеңесінің тиісті шешімдері қабылданды жəне ұсынымдары берілді. Қазақстан Республикасының Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі.
Заманмен үндес заңғар басылым
Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы.
Тарихты тұлғалар жасайды. Ал мемлекет сол тұлғаларды құрметтеу, дəріптеу арқылы идеологиялық діңгегін бекемдейді. Қазақтың тарихында елі үшін туған ерлер көп. Ту түбінде тулап өткен батырларға, би-шешен, хан мен көсемге кенде емеспіз, шүкіршілік. Еліктеп өсер, өнеге алар тұлғаларымыз кеше де болған, қазір де бар. Əрине,
тұлғаға тарихтың өзі таңдау жасайды. Олар ерлік көрсетіп, елге сыйын арттырайын деп ойламайды, тағдырдың жазуымен, ел қамы үшін ел тізгінін қолға алады. Осындай тұлғалардың бірі де бірегейі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев. Бəріне Елбасының өткерген тағылымға толы өмір жолы куə. (Соңы 2-бетте).
Ўлттыќ баспасґзіміздіѕ биік бір шынары Асанəлі ƏШІМОВ,
КСРО халық əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Өмірдің қандай бір саласы болмасын, барлығын қамтып, ғылымға, өнерге, мəдениет пен əдебиетке толыққанды ұғым, табиғи сипатпен баға беріп отырған басылым – «Егемен Қазақстан». Ол – ұлттық баспасөзіміздің биік бір шынары. Газеттің əлемдік саяси қатынастардан бастап, ел ішіндегі жылт еткен жаңалықтарды қамтып, оқырманына үлкен-үлкен дүниелерді талдап беріп отыратын еңбегін атап өту лəзім.
Қазақтың арқалы ақыны да, сұңғыла саясаткері де, тіпті бұрын жауапты қызметтер атқарған қариясы да қазір кітап шығарып жатыр. Өнерде жүріп өткен жолымды саралап мен де уақыт аралатып деректі дүниелерімді шығарып тұрамын. Сонда таралымы аз ғана кітабымыз əрі кетсе 2-3 мың қазақтың қолына тиіп, соның көбісі еңбектерімізді тұшынып оқи да алмай қалады. Ал, «Егемен Қазақстанға» берген сұхбатыңнан 200 мыңнан аса оқырман хабардар болады. Жəне сол оқырмандар хабарласып, сұхбатта айтқан ойыңа, келтірген пікірің мен жалпы өзіңнің жеке
басыңа деген ниет-лепесін жеткізіп жатады. Бұл «Егемен Қазақстан» арқылы қазақтың қалың ішінде болу деген сөз. Мен əрдайым бұл басылымдағы мақалаларға көңіл аударып отырамын. Өзімнің тұстастарым, өнердегі, өмірдегі замандастарым туралы портреттер мен естеліктерді осы газеттен табамын. Қазір ақпараттың алысқа кеткен, жаңа технологияның алға озған заманы ғой. Өмірдің осындай зулап жатқан ағысында əдеп пен ғұрыпты сақтап, тұрақтылықты сездіріп келе жатқан «Егемен Қазақстан» деп білемін. Əр шаңырақтан осы басылымды кездестіргенде көңіліме міне, жоғарыдағыдай сезім ұялайды. АЛМАТЫ.