Бїгінгі нґмірде:
Шыѕдалу
№240 (28463) 6 ЖЕЛТОҚСАН СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
4-бет Єасырлар мен мəдениеттер астасќан аймаќ 5-6-беттер Орындалєан ой 7-бет Бетпе-бет 12-бет
Еуропадаєы еѕселі ел
Ќазаќстанмен ќарым-ќатынасын жандандыруєа ўмтылады Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландпен кездесті. Ең алдымен қос тарап шағын құрамдағы кездесу аясында келіс сөз жүргізді. Онда қазақ-француз стратегиялық серіктестігінің негізгі бағыт тары талқыланып, сауда-экономикалық, инвестициялық, ғарыш, мұнай-газ жəне теміржол машиналарын жасау салаларындағы ынты мақтастық мəселелері қаралды. Мемлекет басшылары сондайақ халықаралық жəне өңірлік күн тəртібіндегі өзекті жайттар туралы да пікір алмасты. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Елдерді ортаќ мїдде жаќындастырады Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықтың негізін Франция Президенті Фран суа Миттеран қалағанын, ол еліміздің тəуелсіздігін Еуро пада алғашқылардың бірі болып танығанын жəне 1993 жылы Қазақстанға келгенін айтты. Содан бері дамып келе жатқан ынтымақтастық бүгінде стратегиялық серіктестік деңгейіне көте рілді. Қазақстанда 100-ден астам француз компаниясы жұмыс істейді. Көптеген бірлескен
кəсіпорын бар. Қазір ондаған бірлескен жобалар іске асырылуда. Сізбен бірге іскер топ өкілдерінің үлкен бір қауымы келгеніне қуаны ш тымын. Біздің кездесуіміз қа рым-қатынастарымызды əрі қарай ілгерілетуге ықпал етеді деп сенемін, – деді Қазақстан басшысы. Ф.Олланд өзінің бұл сапары Қазақстан Президентінің Францияға
2012 жылғы сапарында жасалған уағдаластықтың нəтижесі екенін жеткізді. Егер қазіргі кезге үңіліп, Қазақстанның Ф.Миттеранның сапарынан бергі жүріп өткен жолына қарайтын болсақ, бүгінде бұл – дамып, нығайып келе жатқан мүлдем бас қа ел. Біз Ресей мен Еуропа ел дерінің арасындағы қарымқатынастың ширығуы байқалып
отырған уақытта кездесіп отырмыз. Мен мұның түйіні шешілгенін қалаймын, ал бұл орайда, Сіздің ел айрықша рөл атқарады», деді Франция Президенті. Кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Франция Президентінің сапары еліміздің Тəуелсіздік күні қарсаңына
Іргелі мемлекеттерді іскерлік байланыстар ілгерілетеді Кеше Франция Пре зидентінің мемлекеттік сапары аясында Астанадағы Тəуел сіздік сарайында екі бірдей ірі форумның басын біріктірген ауқымды шара болып өтті. Олар – қазақфранцуз бизнес-форумы жəне Қазақстан-Франция жоғары оқу орындарының форумы. Шараға Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция Президенті Франсуа Олланд қатысты.
бірінші болып қолдады, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Қазақстан Пре зиденті Францияның біздің ел үшін жетекші сауда серіктесі екеніне жəне ірі инвестор болып табылатынына тоқталды. Біз білім беру саласында да ынтымақтастық орнатып келеміз. Астанада жоғары оқу орындарының V форумы
Телефон арќылы сґйлесті Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Əңгіме барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының негізгі бағыттары мен əрі қарайғы даму мəселелерін талқылады.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Украинада қалыптасқан дағдарыстық ахуалды реттеуге байланысты пікір алмасты.
өтеді, ал Алматыда Сорбонна университетінің Орталық Азиядағы тұңғыш филиалы ашылады. Сондай-ақ, елордамызда 1966 жылы Бай қоңыр ғарыш айлағында болған Шарль де Голльге ескерткіш ашылмақ, деді Қазақстан Президенті. (Соңы 2-бетте).
Хроника
Мемлекет басшысының Өкімімен Марат Мұратұлы Ахметжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындаєы сотталєан адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы 2013 жылғы 8 қарашада Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 4 желтоқсан. № 260-V ҚРЗ
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Талай ірі халықаралық жиындардың алаңына айналған, іші кең, зəулім Тəуелсіздік сарайында қос форум қатар басталды. Оған шамамен 350-ден астам адам жиналды. Бір залда бизнес өкілдері бас қосса, енді бір залда жоғары оқу орындарының басшылары, ғалымдар, оқытушылар жиналып, қазақ-француз қарымқатынасын одан əрі нығайту жайын жан-жақты талқылады. Ал түс ауа қос форумның делегаттары бір жерге жиналып, екі елдің Президенттерін күтіп алды. Өз сөзінде Қазақстан Президен ті форумға қатысушылар қатары ның молдығы тікелей байла ныстар орнатуға жəне өзара тиімді бірлескен жобаларды жүзеге асыруға деген қызығушылықтың өсіп келе жатқанын байқататынын айтты. Қазақстан басшысы Франциямен арадағы тауар айналымының өсіміне назар аударса, былтыр оның көлемі 6 миллиард доллардан асқан болатын. Соңғы 10 жылда француз бизнесінің біздің экономикаға салған инвестициялары 11 мил лиард долларды құрады.
орайлас келгеніне назар аударды. Қазақстандықтар Фран ция біздің егемендігімізді алғаш болып таныған мемлекеттің бірі екенін біледі. Осы жылдар бойы біз бірлесе жұмыс істеп келеміз, елдеріміздің арасында стратегиялық серіктестік туралы шарт бар. Париж Астанада ЕҚЫҰ Саммитін өткізу идеясын Еуропадағы астаналар ішінен ең
● Мəселенің мəнісі Өнеркəсіпте ғана емес, жаһандық экономикаға леп беретін жоғары техно логиялар саласында да бірлескен жобалар іске асырылуда, деді Н.Назарбаев. Қазақстан Президенті елімізде жүйелі дамуға бағытталған бірқатар маңызды бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанына да тоқталып өтті. Индустриялықинновациялық бағдарламаның екінші бесжылдығын бастау жоспарлануда, шетелдік инвесторлар үшін түрлі преференциялар мен ынталандырулар қарастырылған. Сондай-ақ, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты қабылданды, оның аясында маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған, деді Қазақстан басшысы. Н.Назарбаев француз кəсіпкерлерін индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығына белсенді қатысуға шақырды. Индустрияландыру бағдарламасының алғашқы төрт жылында біз жаңа 770 кəсіпорын мен өндіріс жəне 100 мыңға тарта жаңа жұмыс орнын құрдық.
Қазақстанда бұрын шығарылмаған 320 жаңа өнім түрі игерілді. 2015 жылдан индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыруды бастаймыз. Металлургия, химия, мұнай-химия, машина жасау, құрылыс, тамақ өнеркəсібіне басымдық беріледі. Инвестициялық портфельдің жалпы сомасы 30 млрд. долларды құрайды, деді Қазақстан Президенті. Қазақстан басшысының атап өтуінше, шетелдік инвесторларға жасалып жатқан қолайлы жағдайлардың нəтижесінде əлемнің 100ден астам компаниясы бүгінде Қазақстанда жұмыс істеп, капитал салуға дайын. Бізді əлемдік қаржы институттары қолдайды. Индустрияландыру нысандарының Қазақстан үшін маңызы аса үлкен. Француз компанияларын индустрияландырудың екінші бесжылдығына белсенді қатысуға шақырамын, деді Н.Назарбаев. Елбасы Қазақстан тарапынан шетелдік инвесторларға толыққанды инвестициялық қолдау көрсетілетінін қадап айтты.
Н.Назарбаев, сондай-ақ, Қазақстан бүкіл Орталық Азия өңіріндегі іскерлік, транзиттік жəне логистикалық хабқа айналуды мақсат етіп отырғанын атады. Білім мен ғылым саласындағы маңызды бағыттарға да тоқталған Қазақстан Президенті табысты жұмыс істеп жатқан «Болашақ» ха лық аралық стипендиясын, мемлекеттік академиялық мобильділік бағдарламасын, сон дайақ, Астанада құрылып жатқан интеллектуалдық-инновациялық кластерді айрықша атап өтті. Бүгінде Қазақстанның 10 жоғары оқу орны Францияның 15 университетімен қарым-қатынас орнатқан. Академиялық мобильділіктің мемлекеттік бағдарла масы бойынша Франция жоғары оқу орындарына 59 адам жібе рілген. Франциядан бізге 98 ғалым шақырылған. «Болашақ» бағдарламасы аясында 200-ге тарта қазақстандық Францияда оқыған, деді Қазақстан Президенті. (Соңы 2-бетте).
Жылу жетпей жатќан жоќ Пəтерден пəтерге ґтпей жатыр «Біреу көріп, біреу еріп айтадының» кері ме, қысқы маусым басталса болды Семей қаласында «жылу жетіспейді» деген дəйексіз пікірлерге ерік беріліп жатады. Ал, шындығына келсек, мəселе жылуды беруде емес, қабылдауда болып тұр. Қажетті жылу қазандықтардан
барлық тарапқа тиісті деңгейде жеткізілгенімен кейбір ғимараттар ішкі шаруашылықтың дұрыс қолға алынбағандығынан сол жылуды толық пайдалана алмай отыр. Оған себеп – ғимарат іші мен пəтераралық жылу жүйелерінің маусымға лайықты
əзірленбегендігінен. Бұл шаруа тұрғындар мен пəтер иелері кооперативінің (ПИК) тікелей міндеті бола тұра, көпшілік бар кінəні атқарушы билікке аудара салуға құмар. 2 желтоқсан күні республикалық «КТК» телеарнасынан көрсетілген «Семейде тоңған тұрғындар...» атты материал осылай сөз қозғауымызға түрткі болды. (Соңы 6-бетте).