07012014

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№2 (28226) 7 ҚАҢТАР СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Тау шаңғысы түсіретін табыс шаш-етектен

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы «Универсиада-2017» нысандарының дайындық барысымен жəне «Көкжайлау» тау шаңғысы курортының жобасымен танысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысына барлық маусымға арналған «Көкжайлау» тау шаңғысы курортын дамыту тұжырымдамасы таныстырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Жаңа жылмен тағы да құттықтап, көзделген барлық жоспарлардың табысты іске

асырылуына тілектестігін білдірді. Мемлекет басшысы Алматы облысы жəне жалпы еліміз үшін туризм индустриясының маңыздылығын атап өтті. – Бүгін мен тау туризмін дамыту саласындағы əлемнің көрнекті мамандарының ұсыныстарын қарап шықтым. Қазірдің өзінде Шымбұлақ тау

 Жазылған жайдың жаңғырығы Газетіміздің 2013 жылғы 26 желтоқсан күнгі нөмірінде жарық көрген журналист Жылқыбай Жағыпарұлының «ПИК – күрмеуі күрделі кооператив» атты мақаласы жер-жерде үлкен қоғамдық пікірлер туғызуда. Мақала жарық көрген күннің ертеңіне Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетов өзінің БАҚ өкілдерімен жыл аяғында өтетін дəстүрлі кездесуінде бұл өзекті мəселеге

Қарағанды қаласының тұрғыны.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы шалағай қызмет қарағандылықтардың да өкпе-ренішін өсіріп жүрген мəселе. «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы санында жарық көрген газет тілшісі Жылқыбай Жағыпарұлының «ПИК – күрмеуі күрделі кооператив» атты мақаласы осы саладағы қор даланған кемшіліктердің

-----------------------------------------

 Бəрекелді! ерекше тоқталып, ізінше қалалық газеттердің осы мақаланы көшіріп басуына мұрындық болды. Жаңа жылдың алғашқы күндерінде-ақ газет поштасына ағылып келіп жатқан оқырман хаттары да көпшілік мүддесіне тікелей қатысты бұл өзекті жайдың ешкімді бейжай қалдырмай отырғандығын көрсетеді. Төменде біз Қарағанды облысынан келген пікірлерді жариялап отырмыз.

Жарна жинаудан басқа жұмысы жоқ Күнім ИЛЯСОВА,

шаңғысы кешені мыңдаған қазақстандықтың саламатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді. Жаңа тау шаңғысы курортының жобасы бүкіл еліміз үшін маңызды болып саналады. Алматыда жəне облыста туризмді дамыту 100 мыңға жуық қосымша жұмыс орнымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қаланың қарқынды дамуы тауларымызды ұтымды пайдалануға байланысты болмақ. Еуропаның көптеген елінде адамдар кішкентайынан спорттың қысқы түрімен айналысады. Тау шаңғысы курортына баратын турист жылы жəне теңізі бар елдерге баратын туристерге қарағанда 6 есе көп кіріс əкеледі. Егер біз осы бағыттағы туристік саланы дамытатын болсақ, онда мыңдаған жұмыс орнын ашып, көп мөлшерде, соның ішінде табиғат қорғау саласына инвестицияны көбірек тартатын боламыз. Тек Шымбұлақ кешені ғана емес, облыстағы басқа да орындар пайдаланылатын болады жəне бұл ретте табиғат өз көрік-келбетін сақтап қала береді, – деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысында тау шаңғысы курорты жобаларын іске асырудың нəтижесінде оның қазақстандықтар демалатын жəне бүкіл əлем туристері баратын танымал көпшілік орынға айналатынын атап өтті. Бұған қоса, Мемлекет басшысына мұз айдыны мен Атлетикалық қалашықтың макеттерімен қоса, «Универсиада-2017» болашақ инфрақұрылымының бірқатар жобалық нысандары таныстырылды. Универсиадаға дайындық жөнінде баяндама жасаған Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімов екі нысанның – 3000 жəне 12 000 көрерменге арналған мұз айдыны құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін əзірлеу аяқталғаны туралы хабардар етті. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 439,9 млн. теңге бөлінген. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама əзірлемелері жасалып жатыр. Ал 5 000 орынға арналған Атлетикалық қалашықтың техникалықэкономикалық негіздемесінің жобасы əзірлену үстінде. Алматы қаласының əкімі бұл нысандардың құрылыс-монтаж жұмысының басталуы 2014 жылдың бірінші тоқсанына, ал аяқталуы 2016 жылдың шілдесіне жоспарланғанын атап өтті.

бетін ашып, көпшіліктің көңілін дегі мəселені тап басты. Жағ дайды реттеуге, қалпында сақтауға міндет артып, үлкен жауап кершілік жүктеуші пəтер иелері кооперативтерінің көбі сенімді ақтай алмай-ақ келе жатқаны бəрімізге аян. Олардың құрылғанына біраз жыл өтіп, күш те, тəжірибе де жинақталғандай уақыт болса да үйлер мен аулаларды талапқа сай ұстауға деген құлшыныс жоқ. Біздің осынау көше бойындағы 32-ші үйді мекен етуімізге 30

жылдан асты. Бертінгі жылдарда «Арман» атты ПИК қарауына енді. Басында оны құрушылардың уəдеуəжінен үлкен үміт күтілген еді. Уақыт өте келе бəрі алдарқатпа сөз болып шықты. Бесінші қабаттағы пəтеріміздің төбесінен қар, жаңбыр суы сыздықтайтындықтан бітеуге бірнеше жыл бойы өтініш жасап баққанымызбен орындалмады. Ақыры амал не, көршілер ақша қосып, жөндетуге мəжбүр болдық. Пəтерлеріміздің қыста салқын болуына байланысты жылу желісін жаңарту үшін талай арызшағымымызға да құлақ аспады. Тағы қаражат жинап, сырттан жөндеушілер шақыруға тура келді. (Соңы 2-бетте).

Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Рождество мерекесімен құттықтады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық тар ды Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Православие христиандарын жəне барша қазақстандықтарды шуақты мереке – Рождествомен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке көптеген ғасырлар бойы адамдардың жүрегін ең жарқын сезімдерге – жақыныңа деген сүйіспеншілік пен мейірімге толтырып, үнемі бейбітшілік пен жақсылыққа, ізгі ниет пен игі істерге жетелеп келеді. Бұл мəңгілік рухани құндылықтар барлық діндердің өкілдерін біріктіреді. Олар Қазақстанның бүкіл жетістіктері мен дамуының берік негізі болып саналады, делінген Президенттің құттықтауында. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, болашаққа бағыт ұстаған еліміздің қайталанбас келбетін қалыптастыра отырып, түрлі мəде ниеттер мен салт-дəстүрлер бір-бірін байытып жатқан біздің қоғамның күші бейбітшілік пен келісім іргетасына табан тірейтінін атап көрсетеді. Қазақстан барлық этностардың өзіндік жарқын болмысы мен бекем бірлігі арасындағы үйлесімділікті сақтап, əлеуметтік-экономикалық дамуды нығайта отырып, қарыштап алға басып келеді, дейді өзінің құттықтауында Президент. Рождествоны мерекелеу із гілікпен жəне игі істермен байланысты. Бұл өзара көмек дəстүрі мен өзара сый-құрметті əрдайым басты орынға қоятын барша халқымыз үшін маңызды. Тəуелсіздіктің алғашқы күн дерінен бастап толеранттылық пен конфессияаралық үнқатысу Қазақстанның негізгі басымдығы болып келеді. Біз православиені ұстанатын отандастарымыздың ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының əлеуметтік, экономикалық жəне рухани дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз, делінген Президенттің құттықтауында. Мемлекет басшысы құттық тауы ның соңында осы ізгі мерекеде баршаға татулық пен сүйіспеншілік, бақыт, игілік пен бақ-береке тілейді.

270 пәтер кілті берілді Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Өткен жыл Жетісу жері үшін жетістікке толы жыл болды. Адам өмірін қуанышымен, шаттығымен гүлдендіретін баспана мəселесі Алматы облысында мемлекеттік саясатқа сай оң шешімін табуда. Тек Талдықорған қаласында жылан жылы барлығы 270 пəтерден тұратын 6 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бағдарламасы аясында салынып, коммуналдық, несиелік болып бөлінетін баспаналар негізінен əлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларына, ҰОС жəне еңбек ардагерлеріне, Ауған соғысына қатысушыларға, мүгедектерге, əскерилер

АҚПАРАТТАР ағыны  Осы күндері «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме сіне дайындық қызу жүріп жатыр. Оған 5,5 миллионға жуық адам келеді делінуде. Осыған байланысты Астанада 2017 жылға қарай 38 қонақүй салу жоспарланып отыр. Бүгінде қалада 75 қонақүй ресми тіркеліп, жұмыс істеуде. Соның ішінде төртеуінде 150 жəне одан көп нөмір болса, қалған қонақүйлерде 4-30 нөмірден ғана бар.  Биыл Қызылорда облысында жетім балаларға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған отбасылық ауыл салынады. Балалар ауылы 10-12 отбасылық үйден құралатын болады. Əр үй 18 жасқа дейінгі 7-10 балаға дейін ұлы мен қызы аралас тұратын отбасына арналады.  Еліміз шекара қызметкерлері 2 кило алтынды заңсыз алып өтпек болған 33 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Қазақстандықты «Орал шекара отрядына қарасты «Жайық» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары Мəскеу – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде ұстаған. Мұны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Сырға, жүзік секілді алтыннан жасалған

Болашақ маманның зияткерлік әлеуеті 2-бет Біз – бір халықпыз 3-бет Еліме де, енелеріме де ризамын 5-бет Ванкувер – Сочи 8-бет

бұйымдардың жалпы құны 10 млн. теңгеге жуықтайды екен.  Ақмола облысы Кіндікқарағай ауылының тұрғыны Ақайдар Дайыров химиялық қоспасыз пима тігу ісін қолға алды. Ол үйінің жанынан ашылған шағын цехта күніне 2-3 жұп пима тігіп шығарады. Бұл азамат электр қуатын тиімді пайдаланады, яғни пима басуға арналған ыстық суды оны кептіруге қайта қолданады. Бұл отбасы алдағы уақытта жергілікті билік тарапынан қолдау көрсетілсе, пима зауытын ашуды көздеп отыр. Өйткені, солтүстік аймаққа аса қажетті осы жылы аяқ киімнің 85 пайызы қазір Ресейден тасымалдануда.  Елі міз аумағындағы жолдарда əртүрлі жағ дайлармен қалып қойған 120 жолаушыға көмек көрсетілді. Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Астана – Шідерті бағытындағы тас жолдың 118ші шақырымында автобус бұзылып, құтқарушылар 50 жолаушыны діттеген жеріне жеткізген. Олар сондай-ақ, Павлодарға қарай жолға шығып, Астана – Павлодар трассасында тоқтап қалған көліктегі 30 жолаушыға да көмек көрсеткен. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласынан Астанаға қарай бет алған үшінші автобус Ақмола облысының Целиноград ауданы маңында қатты аязға шыдас бермей, жарты

мен полицейлерге жəне бюджеттік сала қызметкерлеріне бөлінді. Ал өткен жылдың соңғы күні кілті тапсырылған 60 пəтер əлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларын, нақтылай түссек, 2 жыл заңды некеде тұрған 29 жасқа дейінгі жас отбасын баспаналы болу бақытына бөледі. Балаларын жетелеп, басым бөлігі көтеріп əкелген сол жастарға Алматы облысының əкімі Аңсар Мұсаханов пəтер кілтін тапсырумен шектелмей, бүлдіршіндеріне жаңа жылдық сыйлық ретінде қорабымен сан алуан конфеттер үлестіріп, шадыман-шаттық сыйлады. Мұндайда қазақ «Қуанса – бала қуансын» деп дөп басып айтқан ғой. Шыңылтыр аязды елемеген балалар күлкісі көңілдерге қуаныш нұрын құйды. Алматы облысы.

жолда бұзылып қалған. Осы автобуста болған 40 жолаушыға басқа көлік бөлінді.  Алматылық кəсіпкер Едіге Ибрайымов қазақтың киіз үйін жаңа технологиялармен жабдықтап, экологиялық тұрғыдан таза, əрі арзан қонақ үйге айналдыруды мақсат етіп отыр. Ол киіз үйді шетелдік туристерді тартатын табыс көзі деп біледі. «Қазақ үй» деп аталатын бұл қонақүй кешеніне жаңа жабдықтар орнатылады. Оның жасаған жобасы негізінде киіз үйде күн энергиясынан электр қуатын өндіретін шағын станса, байланыс пен компьютер желісі, басқару жəне қауіпсіздік жүйесі, ауа температурасын реттеу құралдары болады. Бұл қонақ үйлерді кəсіпкер Омбы – Майқапшағай, Алматы – Өскемен тас жолдары бойына орналастырмақ.  Каспий теңізіне аққулар келе бастады. Қазір теңіз жағалауына күн суықта жететін жыл құстарын тамашалауға жұртшы лық асығуда. Тұла бойына сұлулық тұнған құс патшасы – аққу кіршіксіз тазалықтың, қылаусыз пəктіктің символы. Аққудың салмағы – 7-13 кило. Қанатының құлашы – 1,5 метр. Ерекше ұзын да əсем мойнын тік ұстайды. Сарғыш қызыл тұмсығының ұшы қара түсті. Мұндай сұлулықты көру үшін ат арытып алыстан келетіндер көп. «ҚазАқпарат», Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
07012014 by Egemen - Issuu