Мəңгілік Ел болу – ата-бабамыздың арманы. Бұл арманды бабаларымыз көктасқа қашап жазып кеткен. Бүгін біз ең өскен, өнген, өрелі елдердің қатарына қосылуды мақсат тұтып отырмыз.
№26 (28250) 7 АҚПАН ЖҰМА 2014 ЖЫЛ
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. (Атырау. 06.02.2014)
Ќазаќ елініѕ ќазыналы ќиырында
Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев жўмыс сапарымен Атырау облысында болды
Елбасы Атырау облысына сапарын өзге мектептерден артықшылығы басым ерекше білім ордасы – Назарбаев зияткерлік мектебінің жұмысымен танысудан бастады. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Ерекше їлгідегі білім ордасы
Өткен жылдың қыркүйегінде ашылған бұл білім ордасын ерекше деуіміздің бірнеше себебі бар. Алдымен айтарымыз, мұнда «мыңнан – тұлпар, жүзден – жүйрік» дегендей, ең талантты шəкірттер оқиды. Алайда, өңірдің əр мектебінде, əр ұстаздан дəріс алған оқушылар Назарбаев зияткерлік мектебіне бірден қабылдана қойған жоқ. Осы оқу ордасына қабылдануға өтініш берген 2978 оқушының əрқайсысы əуелі екі
кезеңнен тұратын пəндік тестілеу сынағын тапсырды. Сол сыннан жоғары балл жинаған оқушылар арасында конкурстық іріктеу өткізілді. Сөйтіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Өркен» гранты барлық сыннан сүрінбей өткен 697 оқушыға берілді. «Бұл өтініш берушілердің 23 пайызын ғана құрайды», деді Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Табиля Акимова. Екіншіден, бұл білім ордасында дəріс беретін ұстаздар да конкурстық іріктеуден өткізіліпті. Ұстаздардың біліктілігін жете зерделеген конкурстық комиссия ұйғарымымен 74 ұстаз ерекше мектептің
дарынды шəкірттеріне дəріс беру құқын иеленді. Олардың арасынан 33 мұғалім үш деңгейлі білім жетілдіру курсынан өтті. Ал «Болашақ» бағдарламасының төрт түлегі Назарбаев Университетінің базасында бір жылдық курста білімін одан əрі шыңдапты. Үшіншіден, Елбасына ерекше үлгідегі білім ордасы туралы кеңінен баяндаған «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күлəш Шəмшиденованың айтуынша, мұндағы пəндік дəрістер тек қазақ жəне орыс тілінде ғана емес, сонымен бірге, ағылшын тілінде де жүргізіледі. Сол себептен, əр ұстаздың ағылшын тілін білуіне баса көңіл бөлініп, тіпті, АҚШ, Ұлыбритания, Румыния, Ирландия жəне Оңтүстік Африка Республикасы секілді шет мемлекеттерден
Ґндірісті ґрістету ќашанда ґзекті «Егемен Қазақстан».
Өткен жылда Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің күш-қуаты индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруға жəне экономикалық даму қарқынын сақтауға бағытталды. Барлық негізгі бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді. Энергия үнемдеу жөніндегі бағдарлама қабылданды, геология жəне жер қойнауын пайдалану саласында реформа басталды, 10 заң жобасы əзірленді дейді министрлік мəліметтері. Премьер-Министрдің орын басары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі
Əсет Исекешев негізінен алғанда өткен жыл бүкіл өнеркəсіп үшін оңай болмағанын атап өтті. Десе де, өнеркəсіптік өндірістің оң динамикасы сақталған. Мəселен, өсу 2,3 пайызды құрап, оның ішінде тау-кен өндіретін өнеркəсіп – 3,1 пайыз, өңдейтін өнеркəсіп 1,6 пайызға ұлғайды. Министр келтірген дəйектерге сүйенсек, машина жасау саласы 114,6 пайызға артып, өндіріс көлемі 850 млрд. теңгеден асқан, оған қоса 38 мыңға жуық жеңіл автокөлік, 922 автобус шығарылған. Ал ағымдағы жылы қазақстандық автокөлік өнеркəсібі 60 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отыр екен.
Жақында Ақтөбе облыстық телекоммуникация дирекциясы ғимаратында бес аудандық өндірістік телекоммуникация торабының өкілдеріне су жаңа автокөліктердің кілттері
Интеграция тақырыбындағы материалдар 3-бетте жарияланған.
Хроника
Мемлекет басшысының Өкімімен Владимир Николаевич Шепель Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының директоры қызметінен босатылды.
Оймақтай ой Ойлау таңданудан басталады. АРИСТОТЕЛЬ.
(Соңы 2-бетте).
Байланысшылар жаѕа автокґліктерге ие болды «Егемен Қазақстан».
«Осы бір жылдың ішінде-ақ мемлекет құрудың қандай қиын, қандай күрделі іс екеніне көзіміз анық жетті. Шүкіршілік етейік. Бүгінде Қазақстан əлемдік аяда экономикалық қуаты үлкен, болашағы зор республика ретінде ғана емес, қоғамдықсаяси ахуалы тұрақты, болашағы сенімді мемлекет ретінде сый-құрметке бөленіп отыр. Біз бұл құрметтің қадір-қасиетін бағалай білуіміз, ішкі-сыртқы саясаттағы əр қадамымызға ерекше жауапкершілікпен қарауымыз керек». Бұл сөздерді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осыдан 22 жыл бұрын, Дүниежүзі қазақтары бірінші құрылтайының салтанатты мəжілісінде айтқан еді. Содан бергі уақыт Елбасының саясаттағы əр қадамға ерекше жауапкершілікпен қарайтынын ұдайы дəлелдеп келеді. Президентіміз қазақтың «Адамның күні адаммен» деген даналығын мына жаһандану заманы «Халықтың күні халықпен» деп толықтырғанын кемелдікпен дер кезінде көре білді. Бүкіл əлем экономикасы алып бір базарға айналып бара жатқан бұл күнде өзімен-өзі томаға-тұйық өмір сүру – тығырыққа тірейтін жол. Əсіресе, Шығыс пен Батыстың арасындағы алтын көпірдей қазақ даласының жан-жағындағы елдермен, бірінші кезекте тарих табыстырған, тағдыр тоғыстырған Ресей мемлекетімен сан салалы ықпалдастыққа түсуі небəрі 17 миллион халқы бар Қазақстанға экспорттық мүмкіндіктерді молайту үшін де, ел экономикасын əлемдік нарыққа кіріктіру үшін де өте пайдалы екендігі талассыз. Осыдан 20 жыл бұрын Мəскеу мемлекеттік университетінде айтылған Еуразиялық одақ идеясы кезінде елестей көрінсе, жылдар өте келе алдымен Кеден одағының, одан кейін Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуы, сол арқылы елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың айрықша қарқын алуы Қазақстан басшысының алыстан ойлаған алымдылығының айқын айғағына айналды. Мұның даусыз дəлелі Кеден одағына қосылуға ниет етіп отырған елдердің қатары кейінгі кезде қалыңдай түскендігі. Көзіқарақты адамның бəрі де бұл интеграцияның тек экономикалық мүддеден туындағанын анық біледі. «Егемен Қазақстанның» бүгінгі арнаулы бетінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістерді кеңейту бағытында жасаған бастамаларының баяндылығы жайында əңгімеленеді. Газет алдағы кезде бұл тақырыпты бұрынғыдан да жүйелірек жазуды мақсат тұтып отыр. ---------------------------
Мемлекет басшысының Өкімімен Борис Əлікенұлы Жапаров Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының директоры қызметіне тағайындалды.
Жағымды жаңалық
Сатыбалды СƏУІРБАЙ,
(Соңы 2-бетте).
Ќазаќстанныѕ бїгінгі табыстары – интеграция игілігі
Таєайындау
Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің қатысуымен Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі мен «Бəйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тың кеңейтілген алқа отырысы болып өтті. Онда өткен жылдағы жұмыс қорытындылары жарияланып, осы жылға арналған міндеттер қаралды. Динара БІТІКОВА,
12 жоғары санатты ұстаздар шақыртылған. Сондай шетелдік маманның бірі Хасан Сабиг шəкірттерге биология пəнінен ағылшын тілінде дəріс жүргізеді. Ал енді Назарбаев зияткерлік мектебінің материалдық-техникалық базасының жарақтандырылуына тоқталсақ, өзге мектептерден оқ бойы озық тұратындығымен ерекшеленеді. Себебі, мұнда бір мезгілде 720 шəкірттің оқитындығы өз алдына, білім ордасындағы 60 кабинеттің барлығы да компьютер мен интерактивті тақтамен қамтылған. Бұдан өзге оқушылардың дербес жұмыс жасауы үшін 650 ноутбук орнатылып, 15 тілдік кабинеттің əрқайсысы он оқушының отыруына лайықталған.
АДАМНЫЅ КЇНІ АДАММЕН, ХАЛЫЌТЫЅ КЇНІ ХАЛЫЌПЕН
тапсырылды. Автокөліктер өндірістік үдерістің сапасын арттыру жəне абоненттерге жедел қызмет көрсету мақсатында сатып алынған. Ауылдар арасындағы ойқы-шойқы жолдарда жақсы жүретін «УАЗ» маркалы жеңіл автокөліктердің кілттері қолдарына тиген аудандардан келген торап
(Қоғамдық-саяси үдерістер Сарапшылық-жобалау бюросының сарапшылар тобы дайындаған өзге де мəліметтерімен 4-беттен таныса аласыздар)
Еңбегімен еленген
қызметкерлерінің қуаныштарында шек жоқ. Енді олар ауа райының қандай жағдайында да сапалы байланыс қызметін қамтамасыз ете алады. Ақтөбе облыстық телекоммуникация дирекциясының іс басқарушысы Данышпан Көпжасаровтың айтуынша, соңғы екі жыл ішінде кəсіпорынның автокөлік шаруашылығына қарқынды жаңарту жүргізілген, бұл дирекцияның өндірістік көрсеткіштеріне оң ықпал еткен көрінеді. Қазір барлық аудандық тораптар көліктермен толық қамтамасыз етілген. Дирекция біртіндеп барлық ескі автокөліктерді жаңасына ауыстырып жатыр. Мысалы, былтыр – 17, биыл 5 көлік сатып алынған екен. Үстіміздегі жылдың аяғына дейін тағы бірнеше көлік сатып алу көзделуде. Бұл кəсіпорынның тұрғындарға қызмет көрсету сапасын бұрынғыдан анағұрлым арттыруға ықпал етеді деп күтілуде. Ақтөбе облысы.
Жан жомарттыєы Көптен көкейде жүрген кəсіпкерлер туралы əңгімені жазудың реті ойда жоқта шешімін тапқандай болды. Осы бір əйел азаматтарымызға Қазақ еліне тəуелсіздіктің таңымен бірге келген кəсіп – саудагерлік еді. Сонау, өткен ғасырдың 90-жылдардың басында қазақ халқын экономикалық қиындықтардан алып шығып, халықтың басына түскен жұмыссыздықтың, Үкіметтің келеңсіздігі ауылдардың күйреуіне əкелгенде осы қыз-келіншектеріміз арысы Қытай, берісі Бішкек барып дорба-қапшығы, арбасын арқалап елді асырап шыққан жандар! Тығырықтан шығудың жолын, отбасын сақтап, бала-шағаның қамын ойлаған қаракөздеріміз ер-азаматтардан да асып түсіп, қиындыққа мойымай, жоқтан барды жасағаны орта буын өкілдеріне таныс дүние.
Міне, сол жандардың бірі Тамара Жəкенқызы Соколова – Қостанай облысы Арқалық қаласындағы «ОлВи» ЖШС президенті. Осы «ОлВи» серіктестігіне қаңтардың 31 жұлдызында құрылғанына 20 жыл толып, мерейтойларын атады. Тамара Жəкенқызына тоқталсақ, ол біріншіден екі ұлтты ұйыта білген ана, екі баланың
анасы. Немере інісі Олжас пен тұңғышы Виктордың есімдерінің алғы буындары фирмасының атауын құрап отыр. 1970 жылдары бір ауыз қазақша білмейтін, Ресейдің Чита қаласында туған Тамара «Бүкілодақтық комсомолдық құрылыс» атанған Торғай облысының орталығы Арқалық қаласына жастықтың қаны бойында ойнап келеді.
Торғай боксит кен басқармасында геолог болып қызметке тұрған көпшіл де іскер қыз сол кездің өзінде белсенділік танытып комсомол ұйымын басқарады, содан бері осы Торғайдың суығына тоңып, ыстығына күйген жан. Арқалықтан өмірлік серігі Леонид Пиманұлымен жарасым тауып отбасын құрған Тамара бүгіндері ұлағатты əже де болып үлгерді. Немересі Даниил қазір бір жаста. Немересіне қазақша əн айтып отырған Тамара бүгінде қазақ тілінің жанашыры, мүлтіксіз сөйлеу оның қазақи қасиетіне айналған. Жалпы, бұл отбасы туралы айтсақ, қаламызда интернационалдықтың туын көтеріп тұр дейміз жəне отбасылық бизнесте құр қалғаны жоқ. Келіні, қазақ қызы Гүлмира Биғалиқызы үйде дастарқанның берекесі болса, серіктестіктегі оң қолы, барлық есеп-қисаптың маманы. Жұбайы
Леонид Соколов-«ОлВи» ЖШС директорының орынбасары, мамандығы құрылысшы Леонид Пиманұлының Арқалықтың салынған үйлерінде алақан іздері мəңгіге қалды, отбасылық бизнесте Леонид Пиманұлының еңбегі зор болғанын біздер жақсы білеміз. (Соңы 10-бетте).