07/03/2013

Page 1

ДЕРЕК пен дəйек 364 000 000 000 Алматы облысында үстіміздегі жылы осынша теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріледі деп күтілуде

№82 (28021) 7 НАУРЫЗ БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Бұл – Жетісу жерінде ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін əр жан басына шаққанда 5,5 мың АҚШ долларынан айналатынын білдіреді. Тұтастай алғанда, заман ағымына орай əрі халық сұранысын дер кезінде өтеу мақсатында биыл ауылшаруашылық өнімдерін əртараптандыру үшін барлық егіс көлемі 910,9 мың гектар жерге себіледі. «Салыстырмалы түрде алсақ, егіс көлемі былтырғыдан 21,200 мың гектарға артады. Нақтылай түссек, майбұршақ – 90 000 гектар жерге, картоп – 37 000, көкөніс – 32 200, азықтық дақылдар – 236 000, дəндік жүгері 67 300 гектар жерге себіледі. Суармалы жер былтыр 431,2 мың га. болса, биыл 438,4 мың гектарға дейін кеңейтіледі», деді Алматы облысы əкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков. Бүгінгі таңда диқандар қауымы көктемгі егіс жұмысына сақадай сай, ұрымтал сəтті ғана тосып отыр.

Астананың асқақтығы – мемлекеттің мерейі

Білім ордасыныѕ белесі

ПОЛИГРАФ

ќўќыќ ќорєау органдарына ќызметке тўрєысы келетіндерді тексеру тетігіне айналады

Алматы облысы.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

146 000 000 000

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға өзгеріс жəне толықтырулар қарастыратын заң жобасын Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель таныстырды. Оның сөзінен белгілі болғанындай, заң жобасында құқық қорғау органдарына қызметке тұруға кандидаттардың міндетті түрде полиграфологиялық зерттеуден өту тəртібі ұсынылып отыр екен. Бұл заң жобасы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқасында Мемлекет басшысының берген тапсырмасын орындау үшін əзірленген. Полиграфты пайдалану тəртібі, қандай құралды пайдалану мəселесі жөнінде Астана қалалық Ішкі істер департаментінде арнайы көшпелі отырыс та өткізілген. Талқылау барысында

Облыс орталығында 20102015 жылдар аралығында осыншама млрд. теңге тұратын 40 жоба іске асырылады Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Яғни, осы бағытта «Қолжетімді баспана-2020», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту», «Жұмыспен қамту-2020» жəне басқа да бағдарламалар қолға алынуда. Ал өткен жылы құны 4 млрд. теңге тұратын 11 инвестициялық жоба іске қосылды. Биыл 14 жоба кезек күтіп тұр. Мысалы, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы арқылы өткен жылы тұрғын үй құрылысына 4,9 млрд. теңге жұмсалған. Жыл қорытындысы бойынша жалпы ауданы 78 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй немесе 341 пəтер пайдалануға берілген. 320 орындық балабақша, өңірлік кардиохирургия орталығы іске қосылды. Бұл күні облыс орталығында 9 мыңнан астам адам тұрғын үй алу кезегінде тұр. Мамыр айында 720 орындық «Назарбаев зияткерлік мектебі», 500 адам қабылдайтын емхана құрылысы аяқталады.

Павлодар облысы.

2 831 500 000 Қарағанды облысының Кеден одағы елдерімен сауда айналымы былтыр осынша долларды құрады Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Алдымен атап өтерлігі сол, бұл көрсеткіш мұның алдындағы жылмен салыстырғанда 17,2 пайызға өскенін көрсетеді. Экономикалық кеңістіктегі өзара сауда жалпы көлемінің 59,3 пайызы, яғни 1 млрд. 157,2 миллион доллары экспорттың үлесінде. Аймақ экспорты туралы айтсақ, Ресей мен Беларусь тапсырыс берушілеріне негізінен металл, мыс, көмір, марганец өнімдері жөнелтілген. Ал импортта астықтан дайындалған азық-түлік түрлері, ұн жəне кондитер тағамдары, тау-кен, жүк көліктеріне арналған құралжабдықтар басым. Бүгінде облыс аумағында үш елдің 500-ге тарта бірлескен кəсіпорны жұмыс істейді. Биыл сауда айналымы одан əрі ұлғайғалы отыр.

Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі кезекті отырысында күн тəртібіне сəйкес он бір мəселе қаралды. Бұл жолы депутаттар құқық қорғау мен сот-сараптама қызметі, дербес деректер жəне мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты заң жобаларын талқыға салды.

Кеше «Қазақстан» Орталық концерт залында өткен Қазақ ұлттық өнер университетінің 15 жылдық мерейтойына арналған есепті концерт өнерпаздардың жоғары кəсіби шеберлігімен ерекшеленді. Халықаралық форум аясындағы шараны Мемлекеттік хатшы Марат Тəжин, сондай-ақ, Үкімет мүшелері мен Парламенттің ресми өкілдері, шетелдік қонақтар келіп тамашалады. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Мерекелік кешке С.Рах манинов атындағы Париж консерваториясының президенті жəне

Париждегі Ресей музыкалық қоғамының президенті граф Петр Шереметев, ТМД-ға мүше елдердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының атқарушы директоры Армен Смбатян

сынды белгілі тұлғалармен қатар, Əзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Латвия жəне Италияның танымал музыкалық жоғары оқу орындары ректорларының қатысуы тəуелсіздік жылдары қанаты қатайған еліміздегі бірден-бір білім ордасын бүгінде əлемдік деңгейдегі музыканттардың толық мойын дап үлгергенін аңғартса керек. Концерттік бағдарламаның

Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Боливар Венесуэла Рес пуб ликасының Вице-президенті Николас Мадуроға ел Президенті Уго Чавестің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев Боливар Венесуэла Респуб ли касының Президенті Уго Чавестің мезгілсіз қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды ерекше күйзеліспен

қабылдағанын атап өткен. «Уго Чавестің Вене суэ ланы жан-жақты дамытуға жəне халықтың жағдайын жақсартуға сіңірген ерен еңбегі тарихта өшпес

із қалдырды. Оның жарқын бейнесі біз дің есімізде əрқашан сақ талатынына сенімдімін», делінген жеделхатта. Соңында Мемлекет басшысы Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан Пре зидент У.Чавестің отбасына жəне достас Венесуэла хал қына терең күйзеліспен, шын ниетпен көңіл айтты.

Ґмірдіѕ гїлі, ґмірдіѕ нўры Адамзатқа əлемнің жарығын сыйлаған, өмірдің шамшырағы, күннің шуағы аналарымыздың, қызкеліншектер мен қарындастарымыздың төл мерекесі де келіп қалды. Бұл – жүректерді нұрға толтыратын, көктемдей құлпырған арулардың ажарына ажар қосатын ұлы мереке! Қоғамымыздың қарыштап алға басуына лайықты үлес қосуды мұрат тұтқан, сол жолда талмай ізденіп, аянбай еңбек етіп келе жатқан аяулы Аналар, айдай сұлу арулар өмірінен сыр шертетін мақалаларды газетіміздің 4-бетінен оқисыздар.

ҚАРАҒАНДЫ.

АҚПАРАТТАР аєыны

Астанада 8 наурыз құрметіне 6552 көп балалы ана қаржылай көмек алды. Аталмыш жəрдем «Алтын алқа» жəне «Күміс алқа» төсбелгілі көп балалы аналарға, төрттен көп баласы бар отбасыларына берілді. Арнайы ережелерге сай, астаналық көп балалы аналар қалалық қоғамдық көліктерде ақысыз жүріптұру, тістерін тегін протездеу секілді əлеуметтік қолдауларды да алып келеді. Биылғы жылы Қазақстанда жасанды жүрек салуға арналған 60 ота жасалады. «Жүрек жетімсіздігі дертіне ұшырағандарға жасалатын бұл операция ауадай қажет. Сондай-ақ, жасанды асқазан салып берудің де 60 отасын жүзеге асыру жобаланды», дейді «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ басқармасының төрағасы Юрий Пя осыған байланысты.

«ҚазАгро» егін егу науқанын қаржыландыруға 74,3 млрд. теңге бөлудің жолын қарастыруда. «2013 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру үш қаражат көздерінен жүзеге асырылады – 60 млрд. теңге сомасындағы тартылған бюджеттік несие, 600 млн. теңге көлеміндегі АШҚҚҚ меншікті қаражаты, 13,7 млрд. теңге «Азық-түлік корпорациясының» мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуға бөлінген қаражаты есебінен», делінген «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ мəлімдемесінде. Өскемендегі «Азия-Авто» көлік зауыты «KIA Cerato- 2014» седанын құрастыруға кірісті. Бұл модельдің əлемдік премьерасы 2012 жылдың аяғында ЛосАнджелесте авто-шоу кезінде өткен болатын. Ал қазақстандық зауыт модельдің үшінші буынын шығаруды қолға алған əлемдегі алғашқы көлік өндірушілердің бірі болып табылады.

Алматыда «Ғасыр əуені» атты көрме ашылды. Мемлекеттік Орталық музейде қанат жайған шара КСРО халық əртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына арналып отыр. Онда əйгілі композитордың өмірі туралы кітаптар, фотоматериалдар, құжаттар, өзіне тиесілі жеке заттары мен сыйлықтары қойылған. Батыс Қазақстанда «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша 502 жас маман ауылдық жерлерге аттанады. Өткен жылы аталмыш бағдарлама негізінде облыс аудандарына 358 жас түлек аттанса, соның ішінде 75 мұғалім, 21 дəрігер, 16 мəдениет қызметкері, 9 спорт, 35 əлеуметтік қамсыздандыру маманы болды. ҚазАқпарат, СА-NEWS (kz), Bnews.kz агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

шығармашылық жетекшісі ретінде сахна шымылдығын ашқан Қазақстанның халық əртісі Айман Мұсақожаеваның «Айгөлек» балалар скрипкашылар ансамблімен бірге Ф.Крейслердің «Г.Пуньяни стиліндегі Прелюдия мен Аллегро» шығармасын орындауы ұмытылмас əсер сыйлады. (Соңы 10-бетте). Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжин дипломатиялық қызметі аяқталып, отанына оралғалы отырған Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Валерий Брылевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Їлесі їшін – алєыс

В.Брылев Қазақстан басшы лы ғына жылы шыраймен қабылдағаны жəне толыққанды дипломатиялық қызмет атқаруға қолайлы жағдай жасағаны үшін шынайы алғысын білдірді. Ол өзінің Астанада жұ мыс істеген жылдары экономика, мəдениет жəне өнердің түрлі салаларындағы Беларусь-Қазақстан ынтымақтастығын дамыту тұрғы сынан жемісті болғанын атап өтті. Дипломат екі елдің мем лекетаралық қатынастары анағұрлым жоғары сапалы деңгейге көтерілгенін айтты. Мемлекеттік хатшы Беларусь дипломатиялық миссиясының басшысына ЕурАзЭҚ, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық үдерістерді тереңдетуге қосқан қомақты үлесі үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, оның бейбітшілік пен достықты нығайту ісінде одан əрі табысқа жетуіне тілектестік білдірді.

«полиграфологиялық зерттеу» ұғымы нақтыланып, құқық қорғау қызметіне кандидатты полиграфта тексеруді психофизиологиялық куəландырудың бір бөлігі ретінде тану жөн деп шешілді. Құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасы мəселесі, «құқық қорғау органының басшысы» жəне «уəкілетті басшы» ұғымдары нақтыланып отыр. Осы тапсырмаға сəйкес полиграфты тек қызметке қабылдау кезінде ғана емес, сонымен қатар, аттестаттау жəне қызметтік тергеу кезінде де пайдалану көзделген. Мұндай тексеріс түрі психофизиологиялық куəландырудың бір бөлігі ретінде ұсынылды жəне «поли графологиялық зерттеу» ұғымы нақтыланған. Дауыс берудің нəтижесінде заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. (Соңы 2-бетте).

Елді елең еткізген

Уго Чавес ќайтыс болды Венесуэланың Вице-президенті Николас Мадуро ұлтқа телеүндеуінде ел Президенті Уго Чавестің рак ауруынан қайтыс болғанын хабарлады. Мадуро, сондайақ, Чавестің сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 16 сағат 25 минутта көз жұмғанын жария етті. Бұдан бірнеше сағат бұрын Венесуэла басшылығы президенттің денсаулығы «жаңа ауыр инфекциядан» айтарлықтай нашарлап кеткенін мойындаған болатын. Желтоқсан айының ортасында Чавес қатерлі ісікті сылып тастау бойынша Гаванада төртінші мəрте ота үстеліне жатуға мəжбүр болған еді. Кейін оның ауруы асқынуына байланысты ұзақ уақыт бойы Куба астанасында қалуына тура келгені, Венесуэлаға тек ақпан айының ортасында ғана оралғаны белгілі болды. Сырқатына байланысты Чавес өзінің инаугурациясына да қатыса алмады. Тағы бір айта кететін жайт – соңғы отасынан соң Чавес бірдебір мəрте ел алдында, сондай-ақ, теледидардан көрінген жоқ. Венесуэла басшылығы бар болғаны оның отадан кейінгі суреттерін көрсетумен шектелді. Бұл жайт ел президенті төңірегінде түрлі

өсек-аяң туындауына себеп болды. Ресми мəлімет Чавес сырқатынан айығып келе жатыр десе, жұртшылық оның жағдайы аса ауыр екен деген сөздерге ерік берді. Чавестің қатерлі ісік ауруына ұшырағаны 2011 жылдың басында белгілі болған-тын. Содан кейін оған Кубада екі мəрте – 2011 жылдың басында жəне 2012 жылдың алғашқы жартысында оталар жасалды. Сондай-ақ, ол химиялық терапияның бірнеше курсынан өтті. Сырқатына қарамастан, Чавес өткен жылдың қазан айында кезекті рет президенттік сайлауда жеңіске жеткен еді. 59 жастағы Чавес 1999 жылдан бері Венесуэланың пре зиденті болатын.

Бїгінгі нґмірде: Экран диктатурасы 5-бет

Суда да саясат бар 6-бет

Ќаќаєан ќыс пен ќос мўѕлыќ 7-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.