Бїгінгі нґмірде:
№46 (28270) 7 НАУРЫЗ ЖҰМА 2014 ЖЫЛ
Кəсіпкерлік кемелденер кез 3-бет Жўтќан ауаѕ, ішкен суыѕ таза ма? 4-бет Драмаєа айналєан поэма 7-бет Экрандаєы эпостыќ этюдтер 12-бет
Ґзара мїдделестік орайындаєы əѕгіме
Ќарулы Кїштер ќорєанысќа ќабілетті болуы тиіс
Кеше еліміздің Қорғаныс министрлігінде Мемлекет басшысы, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен кеңес өтіп, оған министрліктер мен Қазақстанның Қарулы Күштері Бас штабының жетекшілері, департаменттер мен бас басқармалардың басшылары, бас қолбасшылар мен əскер түрлерінің қолбасшылары қатысты. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
«Өздеріңіз білетіндей, біздің мемлекетіміз армияға əрдайым көңіл бөліп келеді. Қазақстанның қорғаныс қабілетін арттыру мəселесі де айрықша назарда тұр. Ел тұрғындары бізге, армияға, оның жарақтануына қаржы бөліп жатқан Қазақстан азаматтары біздің армиямыздың Жоғарғы Бас қолбасшысы жүктеген міндеттер мен кез келген тапсырманы орындаудағы əскери қабілетінің деңгейіне сенімді болуы керек», деді Мемлекет басшысы өзінің сөзінде. Елбасының айтуынша, соңғы уақытта армияны қаржыландыру
ұдайы жəне үздіксіз өсіп келеді. Мəселен, 3 жылдық бюджеттің жиынтығы 1 трлн. теңгеге жуықтаған. Бұл тиісінше, əлемдегі экономикалық конъюнктураның қалыптасқан қиын жағдайында болып отырған көрсеткіш. «Бүгінде Еуропаның бай елдері өздерінің тек əскери бағыттағы шығыстарын ғана емес, əлеуметтік бағдарламаларын да қысқартуға мəжбүр болып отыр. Мемлекет өзінің Қарулы Күштері, əскери қызметшілері үшін бар жағдайды жасауда. Тек өткен жылы ғана баспанамен 7 мыңға тарта əскерилер қамтамасыз етілді. 5430 азаматқа баспананы жалға алғаны үшін өтемақы төленді. Қарулы Күштерде қызмет ететін офицерлердің орташа жалақысы
170 мың теңгені құрайды», деді Елбасы. Н.Назарбаев əскери қызметшілерді зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейі де еліміз азаматтарының барлық категорияларынан өте жоғары екенін, демек, осыншалық қамқорлыққа сəйкес, Қазақстан азаматтары біздің армиядан, əскери қызметшілерден жоғары əскери дайындық пен қабілеттілікті, кіршіксіз тазалықты күтуге құқылы екенін жеткізді. Сондайақ, Президент: «Бүгінгі жиынға орталық аппарат пен өңірлік қолбасшылықтардан, бірқатар əскерлерден командирлер қатысып отыр. Сіздер халық алдында өз алдарыңызға қойған міндеттерге сəйкес жауапкершілікке иесіздер. Сол себепті, Мемлекет басшысы жəне Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде мені жəне еліміздің азаматтарын қорғаныс ведомствосында болған сыбайлас жемқорлыққа байланысты орын алған əрекеттер айрықша алаңдатады», дей келе, қазақстандық қоғам бұған
ұлттық қауіпсіздігімізге төніп тұрған қатер ретінде қарайтынын, сол себепті, Қарулы Күштерде мұндай жағдайлар мүлдем болмауы керектігін, заң мен құқыққа қайшы келетін кез келген сыбайлас жемқорлық əрекеттер тұтас армияға, əскери ұжымдарға көлеңке түсіруі мүмкін екенін атап өтті. «Өкінішке қарай, мұндай теріс əрекеттерге генералдардың өздері де қатысты болуда. Бүгінде құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізуде. Осыған сəйкес, барлық кінəлілерге шара қолданылып, олар өздеріне тиесілі жазаларын алатын болады. Барлық анықталған құқық бұзушылыққа қатысты мəліметті біз шара қолдану үшін министрге береміз. Əрине, сіздер экономистер, қаржы саласының қызметкерлері емессіздер, сіздер əскери салада жүрген азаматтарсыздар. Алайда, кез келген бөлінген қаржы тиісті бағыттар бойынша жұмсалуы тиіс.
Адал еңбектерінің арқасында елдің алғысына бөленген бұл серіктестік осы аптада нан зауытын іске қосып, ас атасының түр-түрін шығаруды қолға алды. Жобаның құны 2,5 млн. АҚШ долларын құрайды жəне 50 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп отыр. Зауыттағы барлық құрал-жабдықтар шведтер елінен əкелінген. Бұрын-соңды Оңтүстікте шетелдің мұндай озық үлгілі жабдықтары пайда ланылмаған. Жалпы алғанда,
кəсіп орын тұтынушылар үшін барлық жағдайды жасауда. Шырайлы қаланы нанмен қамтамасыз ету үшін 10 «Мерседес Спринтер» көлігі сақадай-сай тұр. Осы көліктер арқылы қаладағы азық-түлік дү кендерінің 50-60 пайызына нан жеткізіледі. «Бұл нан зауыты тəулігіне 50 тонна ұнды қажет етеді. Біздің басты мақсатымыздың бірі – əлеуметтік нанның бағасын тұрақты ұстап тұру. Бағаның аспандамауына көп септігіміз тиеді деп ойлаймын. Өйткені, ұн өзімізден шығады жəне оның тасымалдануына көп ақша кетпейді. Дəл қазір біздің зауыттан көтерме бағамен сатып аламын дегендер болса, əр бөлке нанды 25-28 теңге арасында беруге дайынбыз. Содан болар, күн сайын тапсырыстың саны артып келе жатыр», дейді «Атамекен корпорациясы» ЖШС-нің директоры Мұрат Төлтебаев. Ал, Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев зауыттың заманауи технологиясына тəнті болғанын жасыра алмады. «Зауыттың тəулігіне 150 мың дана нан шығаруға мүмкіндігі бар. Өте қымбат жабдықтармен жұмысын бастап отырған алғашқы кəсіпорын. Бұл шетелдік жабдықтардың ең басты ерекшелігі – энергияны үнемдейді. Бұл, əрине, шығынды азайтатыны анық. Зауыт нанды барлық талаптарға сай шығарып отыр, арнайы зертханасы бар», дейді Сапарбек Құрақбайұлы. Бір сөзбен айтқанда, барлық талапқа сай бұл зауыт əр үйге тоқшылық, береке сыйлай бермек.
(Соңы 2-бетте).
● Ел тынысы: мың бір мысал
АС АТАСЫ озыќ технологиямен əзірленеді Оралхан ДƏУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Нан – тоқшылық, баршылық белгісі. Дастарқанның төрінде тұрған нан, тіпті, нанның иісінің өзі адамның көңілін хош етеді
емес пе? Осы аптада Шым-қала тұрғындарының дастарқаны молшылыққа, берекеге кенеле түсті. «Атамекен корпорациясы» ЖШС-нің жер жыртып, егін егіп, диірмен тартумен айналысып келе жатқанына көп жылдың жүзі болды.
Оңтүстік Қазақстан облысы. –––––––––––––––– Суретті түсірген Арман ƏБДІРАШҰЛЫ.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чен Гопинді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мəселелері, сон дай-ақ, халықаралық күн тəртібінің өзекті жайттары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қытай арасындағы қа рым-қатынастардың тиімді дамып келе жатқанын, біздің
еліміз экономикалық жəне саяси серіктестіктің одан əрі нығаюына мүдделі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ҚХР-дың Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес қызметіне белсене қатысып келе жатқанына тоқталды, сондай-ақ, 2014 жылы мамырда Шанхайда
өтетін АӨСШК-нің алдағы саммитіне дайындықтың деңгейі жоғары екенін айтты. Чен Гопин өз кезегінде Нұр сұлтан Назарбаевқа ҚХР Тө р ағ асы С и Ц з и н ь п и н н ің сəлемін жеткізді жəне Қазақстан Президентінің Қытайға алдағы мемлекеттік сапарына дайындық барысы туралы хабарлады.
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
● Интеграция игілігі
Еуразиялыќ ґзен аралыєы
Оралдаєы ЌазИИТУ єылым-білім кешенінде интеграциялыќ бастамалар кґп Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Орал қаласындағы Қазақстанның инновациялық жəне телеком муникациялық жүйелер университеті (ҚазИИТУ) біраз жылдардан бері интеграциялық үдерістерге бастамашы болып келеді. Аталған ғылым-білім кешені ұжымы Ресейдегі Пенза мемле кеттік университетімен бірге интеллектуалдық жəне инновациялық идеялар трансфертін жүзеге асыруда. Сондай-ақ, бұл жұмыстарды бір жүйеге түсіруде көршілес мемлекеттегі «Дубна» халықаралық табиғат, қоғам жəне адам университетімен бірлесіп құрылған «Бірқалыпты инновациялық даму» атты консорциумдық жобаның да тигізген ықпалы мол. Осынау интеграциялық сипаттағы үрдіс ҚазИИТУ ғалымдарына Кеден одағына кіретін
мемлекеттер мен Еуропаның мəртебелі ғылыми орталықтары мен инновациялық көрмелеріне қаты суына мүмкіндік берді. Соның нəтижесінде қолданбалы ғы лым дағы жетістіктері үшін ше ка ра лық аймақ ғалымдары Ресей мен Еуропада өткізілген ғылыми-инновациялық көрме лердің жеңімпазы атанды. Батысқазақстандықтар ұсынған жаңғырмалы энергия, автоматтандыру мен телемеханика жəне радиоэлектроника сала ларын қамтитын жобаларға ресейліктер мен еуропалықтар үлкен қызығушылық танытып, жоғары баға берді. ҚазИИТУ ғылым-білім кешені базасында Қазақстан Республи касы Ұлттық инженерлік академиясының Батыс Қазақстан облысындағы филиалы, сондайақ, Қазақ экология жəне өмір қауіпсіздігі академиясының аймақ тағы өкілдігі орналасқан.
Бұған республиканың құрметті инженері, техника ғы лымдарының кандидаты Ақсерік Əй тімов жетекшілік жасайды. Аталған құрылым бірінші кезекте өңірдегі инженерлік ғылым ның өрісін көтеруге жəне техногендік нысандармен экология саласындағы жобаларды ғылыми-əдістемелік тұрғыдан шоғырландыруға ден қойып отыр. Сонымен бірге, аймақтық бөлімше мамандары Ресейдің көршілес облыстарындағы жоғары оқу орындары жəне ғылыми-зерттеу орталықтарымен тізе қосып, ғылымның іргелі жəне қолданбалы салалары бойынша көптеген бірлескен жобаларды іске асырды. Мұның арасында ІТ технологиясы мен ғарыштық технологиялар салалары бойынша жүзеге асқан ортақ жобалардың орны айрықша. (Соңы 8-бетте).
● Еңбегімен еленген
Темір жону
Майра Аманованыѕ сїйікті кəсібіне айналды Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».
Əдетте темір-терсектің айна ласындағы кəсіптерді ер-азаматтар ғана меңгереді деген түсінік бар. Алайда, жігіттерге ғана тəн кəсіп қазақ қыздарының қолынан келмейді деп кім айта алар. Бұған нақты дəлел ретінде Майра Аманованың темір жонушы мамандығын меңгергені дəлел. Нəзік жанды замандасымыз «Жылыоймұнайгаз» басқармасына қарасты өндірістік құралдарды жөндеу жəне пайдалану цехында 25 жылдан бері абыройлы еңбек етіп келеді. – Мектепте оқып жүргенімізде бізді өндірістікоқу комбинатына апарушы еді, – деп еске алады Майра өзі таңдаған мамандыққа қызығушылығына шегініс жасап. – Сонда станок жанында тұрған ағаларымыздың қолынан шиыршықталып жерге түсіп жататын темір жаңқаларына таңдана қараушы едік. Бірақ келешекте дəл осы темір жону менің де сүйікті кəсібіме айналады деп ойламаппын. Кенеттен əкем өмір ден өтіп, жоғары оқу ор нына баруға мүмкіндік бола қоймады. Бізді өмірге əкелген аяулы анаға қарайласу үшін мектепке жұмысқа орналастым. Кейін Атырау қаласындағы кəсіптік-техникалық училищеден темір жонушы мамандығын меңгеріп шықтым... Бір қызығы, Майрадан бұрын осы кəсіпті інісі Берік меңгеріп алыпты. Бұл да Майраның темір
жонушы болуына ықпал еткен секілді. Қазір екеуі де бір цехта жұмыс жасайды. Майрамен бірге осы цехта темір жонушылықты меңгерген жəне бір құрбысы бар. Ол – Айгүл Ермағанбетова. «Айгүл бұл цехқа менен үш жыл бұрын келген» деп Майра жұмыстас құрбысы туралы əңгімелегенді ұнататынын байқатып қалды. (Соңы 2-бетте).